Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор 20-35.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
39 Кб
Скачать
☆

2.Қабаттыққысымды ұстаудың ең таралған адистери

3.Газ корын колемдик адиспен есептеу

30– БИЛЕТ

1.Суарынды режим - Суарынды тәртіп. Суарынды тәртіп мұнайды қабат бойымен пайдалану ұңғымаларының түбіне қозғайтын негізгі энергия түрі – қабаттың пен контурсырттық сулар болып табылады.Игерудің бастапқы сатыларында пайдалануға берілетін ұңғыма санының көбеюімен болжамды жобалық деңгейге дейін мұнай өндірудің өсуі байқалады. Кейінгі өндіруді сол деңгейде ұстаса, қабат қысымының тұрақталуы байқалады, бірақ соған сәйкес мұнай өндіру де төмендейді.Суарынды тәртіп екіге бөлінеді:1.қатты суарынды тәртіп;2.серпімді суарынды тәртіп.Қатты суарынды тәртіп. Қатты суарынды тәртіп қабат суларының сұйықтық алынған қабаттың өнімді бөлігін басып отырған жағдайда байқалады. Бұндай тәртіп литологиялық өзгеріске ұшырамаған үлкен қалыңдықты қабаттарда жоғары коллекторлық қасиеттері мен тектоникалық бұзылыстар мен литологиялық ауысулары жоқ, ауданы мен қимасы бойынша аз өзгерісті күшті суарынды кешенде қалыптасады.Қатты суарынды тәртіп кезінде таужыныстардың коллекторлық қасиеттері мен басқа факторларға байланысты мұнайбергіштік коэффициенті 0,65-0,80 аралығында болады.Серпімді суарынды тәртіп. Серпімді суарынды тәртіп шоғырда қабаттан сұйықтың алудан қабаттың суларының орын басуы аздап немесе елеулі қалып бара жатқанда білінеді. Серпімді суарынды тәртіп мұнайлылық ауданы жүзден және одан көп км2 ауданды ірі кенорындарға тән. Өнімді қабатттар коллекторлық қасиеттерінің өзгергіштігімен, тектоникалық бұзылыстардың болуымен, литологиялық ауысулармен және өткізгіштік күрт түсіп өзгеретін аймақтармен сипатталады.Бұл фазаның біліну кезеңінің негізгі энергиясы сұйықтық(су мен мұнай) пен таужыныстың серпімділігі болып табылады.Серпімді суарынды тәртіп көбіне мұнай шоғыры мен қоректену аймағының қатынасы нашар, не мұнай шоғыры қоректену аймағынан аса айтарлықтай алшақтықта(50-100 км) болғанда анық білінеді. Серпімді суарынды тәртіп суарындыға ұқсас қасиеттер тән, бірақ тиімді суарынды тәртіпте өзгермейтін сұйықтақ алуда қабаттағы динамикалық қысым тұрақты болып қалады, ал серпімді суарынды тәртіпте тұрақты қабаттан сұйықтық алған жағдайда да үзіліссіз төмендейді.Сурарынды тәртіппен салыстырғанда серпімді суарынды тәртіп тиімсіз: мұнайбергіштік коэффициент – 0,5-0,7 аралығында болады.

2.Есептеу планы - қор есептеу үшін бірінші есептеу планы құрылады. Есептеу планы барлық бұрғыланған ұңғымалардың есептеу мерзіміне сай сынамалау нәтижелері шатты белгілерін көрсетілген өнімді горизонттық жабыны бойынша құрылымдық карта болып табылады. Есептеу планы қор категориялары кенорындарын негіздеумен жүргізу және ауданын анықтау үшін жасалынады. Жалпы алғанда қор есептеу кенорынды есептеу сатысында мүмкін болады.Нақты есептеу үшін:1) Қабаттың литологиялық сипаттамасын айқындау керек.2) Өткізетін және өткізбейтін қабатшаларды айқындау және алаң бойынша оларды коррелияциялау.3) Горизонттың жабыны мен табаны бойынша құрылымдық карта құру.4) СМЖ жатысы мен контурлерді негіздеу, яғни мұнайлылықтың ішкі және сыртқы контурларын айқындау керек.5) Қабаттың физикалық және коллекторлық қасиеттерін айқындау.6) Мұнайлы, газды, сулы қабаттың физикалық қасиеттерін анықтау.7) Шоғырдың жұмыс режимін анықтау.8) Жалпы және тиімді мұнайға қаныққан карталарын изопахит(бірдей қалыңдық) карта құрастыру.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]