- •Воуд бойынша 5 курс тесттік бақылау
- •10. Үшжармалы қақпақшаның тарылуының клиникалық белгілері:
- •18. Бронхылық демікпенің персистирлеуші орташа ағымына тән:
- •19. Бронхылық демікпенің персистирлеуші ауыр ағымын емдеу принциптері:
- •20. Емінде плазмаферез әдісін қолданатын аурулар:
- •9. Митральды стеноздың клиникалық белгілері:
- •10. Остеоартроздың рентгенологиялық белгілері:
- •12. Науқаста 2 ай бұрын жүйелі склеродермия ауруы анықталған. Осы жолы клиникаға шынайы склеродермиялық бүйректің клиникасымен келіп түсті. Науқаста анықталған өзгерістер:
- •Воуд бойынша 5 курс тесттердің жауап эталондары
12. Науқаста 2 ай бұрын жүйелі склеродермия ауруы анықталған. Осы жолы клиникаға шынайы склеродермиялық бүйректің клиникасымен келіп түсті. Науқаста анықталған өзгерістер:
A) Олигоанурия
B) Полиурия
C) Артериалді гипертензия
D) Аздаған протеинурия
E) Айқын протеинурия
F) Глюкозурия
G) Лейкоцитурия
H) Бактериурия
13. Диффузды токсикалық зобпен ауыратын науқаста кенеттен қатты қозу, беттің қызаруы, айқын экзофтальм, дене қызуының 400С жоғарлауы, жүректің айнуы, тоқтаусыз құсу пайда болды. Жағдайының нашарлауы қатты күйзелістен кейін дамыған. АҚ – 180/80 мм сын. бағ., аускультацияда жыбыр аритмиясы, ЖЖЖ –минутына 145, пульсі – минутына 124 рет, жүрек ұшында систолалық шу естіледі. Науқаста дамыған патологиялар:
A) Тиреотоксикалық кома
B) І типті гипертониялық криз
C) Феохромоцитомалық криз
D) Тиреотоксикалық криз
E) ІІ типті гипертеониялық криз
F) Гипоталамиялық криз
G) Тиреотоксикалық кардиомиопатия
H) Диффузды токсинді зобтың асқынуы
14. Науқас 45 жаста, жалпы әлсіздікке, тез шаршауға, тәбеттің болмауына, арықтауға, іштегі ауырсынуларға шағымданады. Объективті қарағанда: тері қабаттары қола түстес, АҚ - 90/50 мм сын. бағ. бойынша. Науқаста анықталған синдромдар:
A) Артериалық гипотензия синдромы
B) Артериалық гипертензия синдромы
C) Асқазан диспепсиялық синдромы
D) Ішек диспепсиялық синдромы
E) Асқорыту жүйесінің зақымдану синдромы
F) Тері қабаттарының зақымдану синдромы
G) Эктодермальды дерматопатия синдромы
H) Цереброваскулярлы синдром
15. Науқас 60 жаста, салмағы - 103 кг, бойы - 160 см. Қантты диабеттің ІІ типімен аурады, кейінгі уақытта 24 ЕД инсулин қабылдайды. Қандағы қант мөлшері - 22.2 ммоль/л. Науқаста ІІ типті қантты диабеттің дамуына әкелген себептерге жатады:
A) Инсулин секрециясының бұзылысы
B) Инсулинге қарсы антиденелер
C) Проинсулинге қарсы антиденелер
D) Тіндердің инсулинге резистентілігі
E) Макрофактардың антигенді жасушаға айналуы
F) Цитотоксикалық антиденелер
G) Бауырдағы глюкоза өндірілуінің жоғарлауы
H) Цитоплазмасына қарсы антиденелер
16. Науқасты жүрек маңындағы ауырсыну, жүректің қағуы, қозу, тез шаршау, тершеңдік мазалайды. ЖЖЖ минутына 134 рет. Емханада нейроциркуляторлық дистонияның кардиальды түрімен емделген, жағдайы жақсармаған. Науқасқа жасалатын зерттеулер:
A) Кеуде клеткасының рентгенографиясы
B) Т3, Т4, ТТГ деңгейлерін анықтау
C) Са, Na, Cl, K деңгейлерін анықтау
D) Электрокардиография
E) Кортикотропин деңгейін анықтау
F) Гонадотропиндер деңгейін анықтау
G) АҚ тәуліктік мониторлау
H) Қалқанша безін УДЗ
17. Науқас басының ауруына, басының айналуына, бастағы пульсациялық сезімге, қозуға шағымданады. Қарағанда: мойын тері қабаттарында қызғылт дақтар, жүректің қағуы, АҚ 220/110 мм сынап бағанасына дейін жоғарлауы байқалады. Жалпы қан анализінде: лейкоциттер - 9,6 х 10х9/л, қандағы қант мөлшері - 8,4 ммоль/л. Науқаста анықталған синдромдар:
A) Нейропсихикалық синдром
B) Артериалді гипертензия синдромы
C) Инсипидарлы синдром
D) Интоксикация синдромы
E) Гипергликемия синдромы
F) Гипертиреоз синдромы
G) Тиреотоксикалық жүрек синдромы
H) Цереброваскулярлы синдром
18. Науқас 25 жылдан бері кеңші болып жұмыс істейді, күніне 1-1,5 қорап темекі шегеді. Кейінгі уақытта жүргенде ентігу, дем шығарудың қиындауы, аздаған клегейлі-іріңді қақырық пайда болғанына шағымданады. Науқасқа тағайындлатын зерттеулер:
A) Плевра қуыстарын УДЗ
B) Бронхография
C) Рентгенография
D) Плевральды пункция
E) Бронхоскопия
F) Спирография
G) Пикфлоуметрия
H) Пневмотахометрия
19. Науқас 5 жылдан бері бронхылық демікпе анықталған. Осы жолы бронхылық демікпе ұстамасы дамып стационарға келіп түсті. Ұстаманы басу үшін тағайындалатын препараттар:
A) Преднизолон
B) Беротек
C) Ингакорт
D) Морфин
E) Кодеин
F) Эфедрин
G) Фуросемид
H) Гепарин
20. Науқас шаңғымен жорыққа шықанан кейін суық тиіп, сол жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің пневмониясы диагностикаланды. Науқасқа тағайындалатын ем:
A) Антибиотиктер
B) Муколитиктер
C) Метилксантиндер
D) Диуретиктер
E) Глюкокортикоидтар
F) Бронхолитиктер
G) Пролонгирленген β2-агонистерді
H) Дезинтоксикациялық терапия
21. Науқас анамнезінде ұзақ уақыт бойы тұншығу ұстамасымен жөтел мазалайды. Суық тигенен соң тұншығу ұстамасы жиілеп, беротек ингаляцияларымен басылмады. Қарағанда: дене қызуы 380С, терісі ылғалды, ТАЖ минутына 24 рет, тыныс қатқыл, дем шығаруы ұзарған, өкпенің жоғарғы бөліктерінде құрғақ сырылдар, сол жақ қолтық асты аймағында ылғалды ұсақкөпіршікті сырылдар естіледі. Науқаста анықталған синдромдар:
A) Бронхиттік синдром
B) Өкпенің ауаға толығу синдромы
C) Бронхообструктивті синдром
D) Плевра қуысында сұйықтық жиналу синдромы
E) Плевра қуысының ауаға толығу синдромы
F) Өкпенің инфильтративті қабыну синдромы
G) Өкпедегі қуыстың болуы синдромы
H) Интоксикациялық синдром
22. Тромбоцитопатияға әкелетін препаратар:
Ацетилсалицил қышқылы
Но-шпа
Фуросемид
Баралгин
Нитроглицерин
Индометацин
Верашпирон
Хофитол
23. Анамнезінде ойық жара ауруы бар наукаста гипохромды анемия, сидеропения анықталған. Науқасқа тағайындалатын зерттеулер:
ФГДС
Құрсақ қуысы ағзаларын УДЗ
Бүйректерді УДЗ
Қандағы ферритин мөлшерін анықтау
Нәжісті жасырын қанға зерттеу
Нәжісті құрт жұмырқасына тексеру
Стернальды пункция жасау
Копрологиялық зерттеу
24. Бүйрек веналарының жедел тромбозының белгілері:
A) Бүйректің бүрсуі
B) Дене қызуының жоғарлауы
C) Бүйректің орналасуының өзгеруі
D) Артериальді қысымның жоғарлауы
E) Жүректің жиырылу жиілігінің артуы
F) Диспепсиялық бұзылыстар
G) Бүйректің көлемінің ұлғаюы
H) Бүйректің көлемінің кішірейюі
25. Қандай зерттеулер бүйрек тромбозының диагностикасында қолданылады:
A) УДЗ әдісі
B) Венаішілік урография
C) Реберг-Тареев сынамасы
D) Зимницкий сынамасы
E) Ретроградты пиелография
F) Нечипоренко сынамасы
G) Жалпы несеп анализі
H) Тәуліктік диурез
№ 12 вариант
1. Науқаста жоғары және тұрақты диастолалық гипертензия, кіндіктен жоғары аймақта іштің оң жақ бөлігіне тарайтын систолалық шу анықталды. Науқасқа диагнозды анықтау үшін тағайындалатын зерттеулер:
A) Бүйрек артерияларының компьютерлік томограммасы
B) Бүйрек артерияларының артериографиясы
C) Бүйрек үсті безінің компьютерлік томографиясы
D) Бүйректі УДЗ
E) Эхокардиография
F) Құрсақ ағзаларын УДЗ
G) Реновазография
H) Экскреторлық урография
2. Миокард инфарктісімен науқаста жүрек тұсындағы ауырсыну синдромының күшеюі, тахикардия, артериалық қысымның кенет төмендеуі, тамыр соғысының жіп тәрізді әлсіреуі, тері жамылғысының бозаруы, суық тер байқалған. Науқаста дамыған патологиялар:
A) Өкпе сусіңділенуі
B) Кардиогенді шок
C) Жүрек аневризмасы
D) Дресслер синдромы
E) Қайталамалы миокард инфарктісі
F) Миокард инфарктісінің асқынуы
G) Жедел сол жақ қарынша шамасыздығы
H) Жүректің жыртылуы
3. Науқаста жыбыр аритмиясы анықталған. Қазіргі жағдайының нашарлауы 3 сағат бұрын жүрегінің қатты қағуымен, шалыс соғуымен, инспираторлық ентігумен байланысты. ЭКГ-да Р тісшесі жоқ, QRS комплекстері өзгеріссіз, ЖСЖ минутына 210 рет, R-R аралықтары әртүрлі. Науқасқа тағайындалатын препараттар:
A) Лидокаин
B) Строфантин
C) Изоптин
D) Нифедипин
E) Эфедрин
F) Амиокордин
G) Гепарин
H) Изокет
4. Жедел трансмуральды миокард инфарктісімен науқаста аурудың 2-ші күні жүректің абсолютті тұйық аймағында шу пайда болды. Шу стетоскопты басқада күшейеді. Науқаста дамыған патологиялар:
A) Перикардит
B) Кардиогенді шок
C) Жүрек аневризмасы
D) Жүректік демікпе
E) Жүректің жыртылуы
F) Миокард инфарктісінің асқынуы
G) Перикард үйкеліс шуы
H) Пневмонит
5. Науқас миокард инфарктісімен клиникада емделуде. Аурудың 11 күні науқастың жағдайы күрт нашарлап, ентігу, ауа жетпеу сезімі пайда болды. Жүректің ұшында бұрын анықталмаған дөрекі систолалық шу естіледі. АҚ 110/60 мм сын.бағ., ЖСЖ минутына 102 рет. Өкпесінде әртүрлі калибрлі ылғалды сырылдар естіледі. ЭКГ-да динамика жоқ, «қатып қалған» белгілер анықталды. Науқаста дамыған патологиялар:
A) Өкпе сусіңділенуі
B) Кардиогенді шок
C) Жүрек аневризмасы
D) Дресслер синдромы
E) Жүрек демікпесі
F) Перикардит
G) Қолқаның аневризмасы
H) Жүректің жыртылуы
6. Науқас клиникаға сол жақ қарыншаның алдынғы бетінің трансмуральды миокард инфарктісімен келіп түсті. Екінші күні науқаста ЭКГ-да жиі қарыншалық экстарсистолиялар анықталды. Науқасқа тағайындалатын антиаритмиялық препараттар:
A) Строфантин
B) Лидокаин
C) Обзидан
D) Финоптин
E) Дигоксин
F) Кордарон
G) Корглюкон
H) Калий препараттары
7. Стационарға эпигатр аймағындағы ашқарынға ауырсынумен, қыжылдаумен және қышқылмен кекірумен науқас келіп түсті. Анамнезінде науқастың айтуы боынша 8 жыл бұрын созылмалы гастрит анықталған. Объективті қарағанда: эпигастр аймағында жайылмалы ауырсыну байқалады. Диагнозды нақтылау үшін ажыратпалы диагноз жүргізілетін аурулар:
A) Асқазан қатерлі ісігімен
B) Созылмалы гастритпен
C) Созылмалы панкреатитпен
D) Асқазан мен ұлтабардың ойық жара ауруымен
E) Созылмалы холециститпен
F) Ойық жарала колитпен
G) Созылмалы энтеритпен
H) Крон ауруымен
8. Қабылдау бөліміне созылмалы панкреатиттің клиникалық көрінісімен науқас әкелінді. Науқаста эпигастр аймағындағы белді айналдыра ауырсыну, жеңілдік әкелмейтін құсу науқастың айтуы бойынша алкогольдік ішімдікті қабылдағанан кейін пайда болған. Диагнозды нақтылау үшін тағайындалатын зерттеулер:
A) Қандағы амилазаны анықтау
B) Креатинин мен мочевинаны анықтау
C) Бауырлық ферменттерді анықтау
D) Құрсақ қуысы ағзаларын удз
E) Қандағы жалпы белокты анықтау
F) Сілтілі фосфатазаны анықтау
G) Қансарысуындағы билирубинді анықтау
H) Несептегі диастазаны анықтау
9. Көп жылдардан бері өттік тас ауруымен ауратын науқаста кейінгі стационарда емделу барысында мальабсорбция синдромының дамуымен екінші ретті созылмалы панкреатит диагностикаланды. Осы синдромға тән белгілер:
A) Тенезмдер, іштің шұрылдауы
B) Панкреатогенді диарея
C) Нәжісте қанның, кілегейдің болуы
D) Анорексия және сарғаюдың болуы
E) Дене салмағының азаюы
F) Гипоальбуминемия, гиповитаминоз
G) Гипергаммаглобулинемия, ацидоз
H) Қалтыраудың болуымен қызба
10. Нашақорлықпен зардап шегетін науқаста кейінгі уақытта арықтау, жүректің айнуы, ауыздағы кермек дәмнің болу сезімі, оң жақ қабырға астындағы ауырсыну, дене қызуының субфебрильді жоғарлауы, терінің қышуы, несебінің түсінің сыра түстес болуы, нәжісінің түссізденуі пайда болды. Науқаста анықталған синдромдар:
A) Холестаз синдромы
B) Бауырлық диспепсия синдромы
C) Цитолиз синдромы
D) Портальды гипертензия синдромы
E) Гастрогенді диспепсия синдромы
F) Ішек диспепсиялық синдромы
G) Гепатолиенальды синдром
H) Мезенхимальды-қабыну синдромы
11. Науқас көп жылдан бері алкогольдік ішімдіктерді шамадан тыс пайдаланады. Кейінгі уақытта анорексия, жүректің айнуы, құсу, арықтау, жалпы әлсіздік, аздаған сарғаю мазалайды. Стационарда тексеру барсында алкогольдік гепатит диагностикаланды. Осы науқаста бауырдан биоптат алып зерттегенде, бауырда анықталатын морфологиялық өзгерістер:
A) Гепатоциттердің дегенерациясы мен некрозы
B) Холангиолдардың пролиферациясы
C) Полиморфты жасушалардың болуы
D) Маллори денешіктерінің болуы
E) Өт жолдарының қабыну және некрозы
F) Интралобулярлы дегенерация
G) Бауыр паренхимасының фиброзы
H) Гоше жасушаларының анықталуы
12. Науқас 30 жаста, 3 жылдан бері асқазан ойық жара ауруымен жылына 1-2 рет емделіп тұрады. Осы жолы кофе қойыртпағымен құсу, жалпы әлсіздік, бастың айналуы пайда болды. Қарағанда: тері қабаттары бозарған, АҚ - 90/50 мм сын. бағ. бойынша, ЖЖЖ – минутына 110 рет. Науқаста дамыған патологиялар:
A) Золлингер-Эллисон синдромы
B) Маллори-Вейс синдромы
C) Ойық жараның асқынуы
D) Ойық жараның мальгнизациясы
E) Геморрагиялық шок
F) Ойық жарадан қанкету
G) Ойық жараның перфорациясы
H) Ойық жараның пенетрациясы
13. Науқаста Рейно синдромы анықталған. Соған байланысты жүйелі склеродермия ауруына деген күдік бар. Науқаста анықталған осы ауруға тән тері жағынан клиникалық өзгерістер:
A) Эритема
B) Гиперемия
C) Гиперпигментация
D) Іріңдіктер
E) Телеангиэктазия
F) Қасыған іздер
G) Терінің сарғаюы
H) Терінің ісінуі, индурациясы
14. Науқаста 2 жыл бұрын жүйелі қызыл жегі ауруы диагностикаланған. Соған сәйкес емдеу жүргізілуде. Кейінгі уақытта науқаста бауырдың зақымдануы анықталып «жегілік-гепатит» диагностикаланды. Науқаста анықталған синдромдар:
A) Сарғаю синдромы
B) Гепатолиенальды синдром
C) Гиперспленизм
D) Гепатомегалия
E) Геморрагиялық синдром
F) Цитолиз синдромы
G) Бауырлық энцефалопатия
H) Майлы гепатоз
15. Науқас 62 жаста. Клиникада зерттеу барысында тізе буындарының басым зақымдануымен остеоартроз (полиостеоартроз) анықталды. Науқасқа тағайындалатын ем:
A) Стероидты емес қабынуға қарсы препраттар
B) Преднизолонды таблетка түрінде тағайындау
C) Хондропротекторларды тағайындау
D) Алтын препараттарынмен емдеу
E) Цитостатиктерді тағайындау
F) Фитопрепараттарды тағайындау
G) Буын ішіне преднизолон енгізу
H) Жасанды синовиальды сұйықтықты енгізу
16. Науқаста феохромоцитоманың пароксизмальды түрі диагностикаланған. Ұстама кезінде бастың ауруы, жүрек маңындағы ауырсыну, несеп бөлінуінің жиілеуі мазалайды. Жағдайының нашарлауы көбінесе күйзелістерден кейін дамиды. Науқаста феохромацитомалық гипертониялық криз кезінде тән лабораторлық өзгерістер:
A) Лейкоцитоз
B) Лейкопения
C) Эозинофилия
D) Ретикулоцитоз
E) Нейтрофилез
F) Гипергликемия
G) Эритроцитоз
H) Глюкозурия
17. Науқас І типті қантты диабетпен аурады. Суық тиюмен байланысты жағдайының нашарлауы, ұйқышылдық, тәбеттің төмендеуі, жүректің айнуы, шөлдеу пайда болды. Гипергликемия – 25 ммоль/л құрады. Несепте ацетон оң мәнді. Науқаста гипергликемиялық гиперкетонемиялық команың І кезеңі диагностикаланды. Науқасқа тағайындалатын емдеу шаралары:
A) Қысқа әсерлі инсулиндер
B) Ұзақ әсерлі инсулиндер
C) Преднизолонды пульс терапия
D) Сұйықтық қабылдауды 800-1000 мл шектеу
E) Электролиттік балансты қалпына келтіру
F) Кетонды денелерді шығару үшін диуретиктер беру
G) Антибактериальды терапия жүргізу
H) Сусызданумен күресу
18. Науқас гипергликемиялық гиперосмолярлық комамен стационарға жеткізілді. Гипергликемия - 32 ммоль/л құрады. Науқас ес-түссіз, көз алмасы жұмсарған, бірнеше рет тырысу ұстамасы болған. Кенеттен науқаста АҚ күрт төмендеп, нистагм, салдану дамып, науқас қайтыс болды. Науқаста өлімге әкелген себептер:
A) Артериялар мен веналардың тромбозы
B) Геморрагиялық инсульттің дамуы
C) Транзиторлық ишемиялық шабуылдың дамуы
D) Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің дамуы
E) Олигурия және азотемиямен бүйрек шамасыздығы
F) Мидың сусыздануы
G) Мидың ісінуі
H) Кетоацитоз
19. Науқас инсипидарлы синдромның клиникасымен емханаға тексеріліп, алғаш рет ІІ типті қантты диабеті анықталды. Гипергликемия 8,5 ммоль/л құрады. Анамнезінде 30 жасынан бастап семіздік байқалған, кейінгі 5 жылда артериалық гиепертензия дамыған. Науқастың әкесі ІІ типті қантты диабетімен ауырып, 55 жасында миокард инфарктісінен қайтыс болған. Науқаста қантты диабеттің дамуына әкелген факторлар:
A) Аутоиммунды үрдістер
B) Инсулингерезистенттілік
C) Атеросклероздың дамуы
D) Тұқымқулаушылық бейімділік
E) Климакстық жағдайлар
F) Артериалық гиепртензия
G) Жүректің ишемиялық ауруы
H) Метаболизмдік синдром
20. Науқас 34 жаста, нейровегетативті бұзылыстармен артериалді гипертензияның дамуына байланысты емханада қаралған. УДЗ-де сол жақ бүйрекүсті безінің ұлғайғаны анықталды. Науқаста феохромоцитома ауруына деген күдік туындады. Диагнозды нақтылау үшін науқасқа жасалатын сынамалар:
A) Гистаминді сынама
B) Верошпиронмен сынама
C) Тропафенмен сынама
D) Фурасемидпен сынама
E) Натрий хлоридімен сынама
F) -адреноблокаторлармен сынама
G) Дипиридомолмен сынама
H) Курантилмен сынама
21. Науқас жасынан темекі тартады. Суық тигенен кейін жағдайы нашарлап, жөтел күшейіп, қақырықтың көбеюі, дене қызуының 38,40С жоғарлауы, қалтырау пайда болған. Қарағанда: тері жамылғысы ылғалды, кеуде клеткасы «бөшке» тәрізді, тыныс қатқыл, өкпенің жоғарғы бөліктерінде құрғақ сырылдар, оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде ылғалды ұсақкөпіршікті сырылар естіледі, дем шығаруы ұзарған. ТАЖ минутына 25-26 рет. Науқаста анықталған патологиялар:
A) Бронхылық демікпе
B) Ауруханадан тыс пневония
C) Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы
D) Аурухана ішілік пневмония
E) Созылмалы өкпелік жүрек
F) Өкпенің қатерлі ісігі
G) Созылмалы бронхит
H) Өкпе эфиземасы
22. Науқас ұзақ жылдар бойы бронхылық демікпенің гормонға тәуелді түрімен дәрігердің бақылауында. Осы жолы стационарға басының ауруы, басының айналуы, АҚ-240/120 мм сын. бағ. жоғарлауымен жеткізілді. Науқаста дамыған патологиялар:
A) Симтоматикалық гипертензия
B) Иценко – Кушинг синдромы
C) Гипертониялық криздің І типті
D) Гипертониялық криздің ІІ типті
E) Созылмалы өкпелік жүрек
F) Өкпенің қатерлі ісігі
G) Эссенциальды артериалды гипертензия
H) Феохромацитомалық криз
23. Анамнезінде көп жыл бойы созылмалы пиелонефритпен ауратын науқаста созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі анықталған. Осы науқаста анемияның ең жиі себебі:
Эритропоэтин тапшылығы
Бүйректің зақымдануы
Темір тапшылығы
В12-витамин тапшылығы
Фоли-тапшылығы
Гемолиз
Бүйректің ұлғаюы
Эритропоэтин түзілуінің төмендеуі
24. Науқастың анамнезінде темір тапшылық анемия анықталған. Осы науқасқа тән симптомдар:
Спленомегалия
Оң жақ қабырға астындағы ауырсыну
Сол жақ қабырға астындағы ауырсыну
Дәм сезудің бұрмалануы
Иіс сезудің бұрмалануы
Тіл бүршіктерінің атрофиясы
Гепатомегалия
Бел аймағындағы ауырсыну
25. Науқас ұзақ жылдар бойы алкогольдік ішімдікті шамадан тыс пайдаланады. Тексеру барысында анемия белгілері анықталды. Науқаста фолий-тапшылық анемияға деген күдік бар. Фолий-тапшылық анемияға тән клиникалық көріністер:
Бастың айналуы
Парестезиялар
Әлсіздік
Фуникулярлы миелоз белгілері
Сарғаю
Дәм сезудің бұрмалану
Иіс сезудің бұрмалануы
Ұйқының бұзылыстары
26. Жедел бүйрек жеткіліксізідгінің олигуриялық кезеңіне тән белгілер:
A) Гипокалиемия
B) Гипонатриемия
C) Анорексия
D) Гиперхолестеринемия
E) Булемия
F) Азотемия
G) Гиперурикемия
H) Гиперкалиемия
