- •2.Әрекет етсең-ұтыласың:
- •3.Болжам
- •7.Сәтсіздік қорқынышы
- •43.Айқындық заңы
- •9.Ойлау деңгейі
- •42.Кері байланыс
- •10.Қоршаған орта
- •11.Табыс командасы
- •39.Сәтсіздікке апаратын з сөз
- •38.Күн тәртібін жоспарлау
- •15.Байлық жасау формуласы
- •36.Әрекет ету
- •18.Мен дұрыс жолдамын ба?
- •19.Тартылыс заңы
- •31.Елестен өткізу
- •21.Сұрақтар торы
- •29.Қалыптасқан пікір
- •22.Өз бейнең
- •28.Оптимизм себебтері
- •Өмірден алынған бір мысал
- •Команда туралы бір тарих
- •Өмірден алынған бір мысал
- •Николай Латанский «Табысқа жетудің 50 құпиясы» сіз кім боласыз
18.Мен дұрыс жолдамын ба?
Кейбір кездері сіз бағытыңыздан жаңылып,адасып қайда барарыңызды,не істеріңізді,мақсатыңызға қалай жетуіңізді білмей қалғандай күй кешуіңіз мүмкін,тіпті жасап жатқан тірлігіңіз ұнамай өмір қызықсыз көрінеді.Өмір дегеніміз адам одан ләззәт алып қанағаттанып,күн сайын қуанышқа бөленуіне арналып жасалған Алланың бір сыйы емес пе! Мен сізге өмірден жаңадан ләззәт алып,өмірдегі өз орныңды тауып алуыңа көмектесетін бір қарапайым әдісті айтайын,біздің дұрыс бұрыс бағытта екенімізді ескертіп тұратын бұл нәрсе ол- ішкі әлемімізде баяғыдан орнатылып қойған –ішкі сезіміміз! Ол бағытың өзгергенде ысылдап белгі беріп тұратын автокөліктегі GPS навигатор сияқты! Міне,біздің ішкі әлемімізде осы сияқты жүйе өз бағытымыз-жазмышымыздағыдан басқа іспен айналыса бастасақ өміріміздегі қуанышты сәттер жоғала бастауымен ескертіп белгі береді. Статистика бойынша адамдардың 80 пайызы өз жұмыс орнын жек көреді, бірақта күн сайын солай баруға өздерін мәжбүрлейді. Сонда қалай істеу керек? Бір қызықтысы,әрбірімізде айналысатын сүйікті ісіміз-хоббиміз бар,сонымен айналыссақ күн түніне қарамаймыз, жалықпаймыз,демек сүйікті ісіңіз сіздің өмірдегі шын мәнінде айналысуға тиісті кәсібіңіз болуы қажет! Осы ісіңізден ғана сіз ләззәт алып қанағаттанып,өмірдегі орныңызды тапқан бақытты адам екеніңізді сезінесіз. Британиялық атақты гитарист Джим Саливан «Мен өте бақытты адаммын,мен өз хоббиім болған сүйікті ісім мамандығыммен өмір сүремін» депті. Көптеген адамдардың проблемалары олардың өздеріне ләззәт,қуаныш әкелетін істен ақша табуына мүмкіндік бермей керісінше ләззәт бермейтін істен ақша табуында болады. Егер сіз өз тірлігіңізге разы,бақытты адам болғыңыз келсе сүйікті ісіңіз- хоббиіңізді қалайша табыс көзіне-кәсібіңізге айналдыруға болатыны туралы ойланып көріңіз. Осы істеп жүргенімді еш жалақысыз істер ме едім? деген сұрақты өзіңізге қойып көріңіз,егер жоқ деген жауапты тез алсаңыз онда сіз өз қалаған ісіңізбен шұғылданбайсыз,бұл айдан анық! Әлемдегі бақытты адамдар- өздерінің сүйікті ісімен айналысатындар,олар тіпті сол істі жалақысыз да істей береді. Өмір-сіз одан ләззәт алып күн сайын қуанышқа толы тіршілік ету үшін жаратылған ғажайып екенін мұқият түсініңіз,өз ішкі түйсікіңізді тыңдап көріңіз,сіз міндетті түрде сүйікті ісіңізді табасыз!
19.Тартылыс заңы
Сіздің өміріңізде мынадай жағдайлар кейде болып тұрады ғой,әлдебіреуді ойлаған кезіңізде ол дереу қоңырау шалады немесе
бір сұрақтың жауабын табалмай неше күн сенделіп жүргеніңізде
дүкенде кездейсоқ бір кітап қолыңызға іліне кетеді,қарасаңыз
сіздің жауабыңыз ішінде екен, осылардың себебін білесіз бе? Сіздің миыңыз элекрмагнитті толқынды қабылдағыш-таратқыш
өте күшті құрал,ал сіздің ойларыңыз болса электрмагнитті толқын ретінде жан жаққа тарайды.Адамның ойы 400000 км қашықтыққа тарайтыны ғылымда дәлелденген,бұл жердің эквадорын Ондаған
рет айналғанмен тең келеді.Ғарыш кеңістігіндегі ойлар қандай құбылыста болады,оған тартылыс күші нендей әсер ететінін екі камертонның /Орта мектепте физика пәнінде көрсететін бір ішекті домбыра тәрізді аспап т.б ./ мысалымен оңай түсінуге болады. Егер сіз бір камертонды ақырын шертіп қалсаңыз ол тербеліске
түсіп дыбыс шығарады,ал оның алдына тағы бір камертонды қой-
саңыз олда тербеліске түсіп дыбыс шығарады,бұл құбылыс резонанс
деп аталады. Сол сияқты сіздің жақсы болсын мейлі жаман болсын ойларыңыз ғарыш кеңістігінде 400000 км алыста шарықтап сондағы басқа адамдардың ойларымен ұштасып резонансқа түседі.Осылайша
сіз өз ойларыңызбен басқа адамдарды өзіңізге тартып тұрасыз, ойыңыздың осындай «қасиетті» екеніне сенбеуіңізге болады. Егер сіз
дәл қазір радио қабылдағышты қосып қалсаңыз әр түрлі елдің ондаған радиостанциясын қабылдай аласыз,ал толқындары бізге көріндейді. Сіздің ойларыңыз дәл сондай толқындар,сіз оларды көрмейсіз бірақ
олар айналаңызда толып жүреді,сіздің миыңыз өзіңіздің алдын ала тарылтып дәлдеп жіберген ой-толқындарыңызға сай басқа адамдар-
дың ойымен ұштасқан резонанстарды қабылдағыш құрал екенін ұмытпаңыз! Міне,сондықтанда ойларыңызға мұқият болыңыз,сіздің ойларыңыз болашақтағы оқиғаларды құрастырады,болашақ өміріңіздің сапасын анықтайды!!!
32.МЕДИТАЦИЯ Аса табысты адамдардың тағыда бір жақсы әдеті туралы айтайын,бұл әдеттің атауы медитация.(Медитация сөзінің қазақша атауы жоқ ол туралы қазақтар біле бермейді тек «ойға шому» деген мағанамен түсінген жөн,мысалы бір нәрсеге аса маңыз беріп бар назарын соған аударып ойлап отырған адам айналасындағы нәрселерді естімейді,көрмейді.) Ең бай,бақуатты,атақты,бақытты және зор денсаулықты адамдар неге осы бір аса күшті құрал-әдісті қолданатынының себебім түсіндіріп көрейін.Мен өз басым алғашында медитация деген не деген сұрақтың жауабын көп іздедім,бірақ түсіне алмай жүрдім.Егер интернеттен медитация деген сөздің мағанасын іздесеңіз алуан түрлі медитациялық әдістерді табасыз бірақта барлығының нәтижесі бірдей.Медитация жасайтын адамдардың басқалардан ерекшелігі,олардың бір нәрсеге жете қадалып назар сала алатындығымен анықталады. Ондай адамдар сабырлы,өздерін бақытты сезінетін түсініктері өте мол жандар,олар өздерінің не қалайтындығын біледі,өздерін және өз іс әрекеттерін,ойлары мен сезімін жақсы түсінеді. Медитация жасайтын адамдар үйлесімділікте өмір сүру және жекетұлғалық даму биіктігімен көзге түседі. Сонда бұл медитацияның құпиясы неде?Қайсыбір медитацияның нәтижесі мидың тепетеңдікте қызмет етуімен,анығырақ айтқанда мидың сол жақ және оң жақ екі жартысының тең дәрежеде жұмыстауымен оның құпиясы сақталады. Қарапайым адамның миының тепетеңдігі сақтала бермейді,оны тепетеңдігі жоғалған автокөліктің дөңгелегімен салыстырып түсінуге болады,сондай дөңгелегі бар көлік жан жаққа теңселіп кейде екі жағына алып қашыпта жүреді.Мидың бұлай ету себебі оның оң жақ және сол жақ жартылары өз ара қатынаспай жеке дара «өмір сүруінде» болып табылады.Мидың оң және сол жақ жартысы өз ара байланыссыз жұмыстаған кезде адам өзін сыртқы әлемнен шектетілгендей,күйзелісте, үрей қорқынышта жападан жалғыз қалғандай күйде сезінеді. Қандай тәсілмен болмасын сіз медитация жасағанда миыңыздың оң және сол жақ жартысы өз ара үйлесіп жұмыстай бастайды,медитацияны көп жасаған сайын адам күллі әлемнің құрылымы туралы біліп адамдар арасындағы,өмірде болып жатқан оқиғалар арасындағы байланысты көреді, оның түсінігі тереңдей береді. Күніне бір сағаттан медитация жасай бастаған кезден мен өмірімдегі өзгерістерді тез байқадым,қандайда бір ауыр күйзелісті жағдайларда мен сабырлы болып,алдыма қойған мақсатым басымда үнемі айқын көрініп,бір нәрсеге қадала назар салу қабылетім күшейді. Бұрындары мен кітап оқыған кезде бір сөйлемге шатасып ойым сан жаққа кетіп сол сөйлемді қайта қайта оқыйтын болсам енді ондай жағдайлар ешқашан болмайды.Сонымен,медитация жасау сіздің өміріңіз үйлесімділікте болып қанағатты бақытты өмір сүріп,күйзелістен құтылып,назарыңыз жинақталып,түсігіңіз молайатын тегін,қол жетімді оңай ең жақсы әдіс екенін түсініңіз!!!
