- •Мазмұны
- •Кен орындарды аудандастыру
- •Теңіз мұнай кен орны
- •Қарашығанақ мұнай-газ конденсаттық кеніші
- •Жанажол Мұнай-Газ-Конденсат Кені
- •Толқын мұнай газ конденсат кені
- •Кенбай газ мұнай кеніші
- •Арыстанов кен орны
- •Қаламқас мұнай-газ кені
- •Шағырлы-шөмішті газ кені
- •Каражанбас мұнай кен орны
- •Қолданылған әдебиеттер:
Каражанбас мұнай кен орны
Қаражамбас - Тұран тақтасының Оңтүстік Бозащы ойысымының солтүстік-батыс шетіндегі ірі газ-мұнай кенорны. Маңғыстау облысында, Қаламқас мұнай кәсіпшілігінен оңтүстік батыста 40 км жерде орналасқан. Кенорын 1974 ж. ашылды. Белгілі болған өнімді горизонттардың 5-уі неоком (А, Б, В, Г, Д горизонттары) 2-уі ортаңғы юраның бат жікқабатының шөгінділерінде (Ю-1 және Ю-2 горизонттары) орналасқан. Олардың жатыс тереңдіктері 228-466 м-де. Жатындар қойнаукаттық күмбездік, тектоникалық тұрғыдан қалқаланған, юра жатындары қойнауқаттық, стратиграфиялық тұрғыдан қалқаланған. Жатындардың, бәрі мұнайлы, тек бір блокта ғана газ-мұнай жатыны бар. Жинауыштар құмтастар мен алевролиттерден құралған, бұлардың ашық кеуектілігі 27- 29%, өтімділігі 0,0136-0,351 мкм2. Қалыңдығы 2-126 м-ге дейінгі сазды таужыныстар жапқыш рөлін атқарады. Мұнайдың тығыздығы 939-944 кг/м3,1,6- 2,2% күкірт, 0,7-1,4% парафины бар, шайыры мол. Блоктардағы бастапқы қойнауқаттық қысымдар 3-5,75 МПа аралығында, температура 25°С-тан 37°С-қа дейін өзгереді. Мұнайлардың шығымы 1,2-76,8 м3/тәу-кедейінгі шаманы құрайды. Құрамында ванадий мен никельдің болуы осындағы мұнайлардың өзіндік ерекшелігі болып табылады.
Қаламқас мұнай-газ кені
Ақтау қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 280 км жерде Бозашы жарты аралында орналасқан. Солтүстік Бозашы мұнай бассейніне жатады.
Кен ортаңғы юра қабатының беті бойынша амплитудасы 100 м-ге жуық ендік бойымен созылған брахиантиклинальдық қатпардан орын алған. Кеннің мұнай сыйыстырушы қимасы триас, юра және бордың терригендік шөгінділерінен құралған, бұлардың ең қалың тұсы 2395 м. Апт шөгінділерінде 2 газды қабат, неокомда 6, ортаңғы юра шөгінділерінің қабатында 2 газды-мұнайлы, 5 мұнайлы қабат анықталды.
Коллекторларының кеуектілігі 23 – 29%-ға, өткізгіштігі 0,105-тен 1,468 мкм2-ге жететін құмтастар мен алевролиттерден құралған. Жаппасы қалыңд. 4 – 53 м-ге дейінгі сазды жыныстардан тұрады.
Мұнайға қаныққандық коэфф. 0,66 – 0,72, газға қаныққандығы 0,32 – 0,69. Мұнайдың тығызд. 0,902 – 0,914 г/см3, күкіртті, парафинді, шайырлылығы жоғары, газға қаныққандығы 25 м3/т.
Қаламқас мұнайы ванадий және никельдің өнеркәсіптік шоғырларымен ерекшеленеді. Бастапқы қабаттық қысым 6,5 – 9,6 МПа, темп-ра 39 – 44С, 7 мм-лік штуцерде мұнайдың бастапқы шығымдары 26,4 – 62,1 м3/тәулік болды. Аз мөлшерде азот пен көмір қышқыл газы кездеседі.
Шағырлы-шөмішті газ кені
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Үстірт-Бозащы шөгінді алабында орналасқан. 1966 ж. ашылған. . Газ шоғыры палеоген түзілімдерінде 350-360 м тереңдікте ашылған. Тиімді кеуектілігі 25%. Өнімді қабат палеоген жүйесінің эоцен шөгінділерінде 360 м тереңдікте жатыр. Қимасы алевролиттермен және тығыз сазбен кезектесе қабаттасып, әлсіз цементтелген құмтастар мен құмнан құралған. Горизонт қатты саздалған. газдың шығымы тәулігіне 92,4 мың м^3. Газдың абсолютті шығымдары тәулігіне 167 мың м3 жетеді. Газдар құрғақ (меншікті салмағы 0,5736), басым түрде метанды, орташа 95,82%. Газда сондай-ақ ауадан шыққан этан (орт 3%) (орт 0,15 азот) және көміртегінің қос тотығы (орт 0,19) бар.
