Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
БМБ каз.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
577 Кб
Скачать
☆

Еңбек іс-әрекетінде баланың дамуы

Мақсаты: мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды еңбек әрекетіне жүйелі қатыстыру, еңбек етуге ынтасын тәрбиелеу.

Міндеттер:

1. Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың шамасы жететін еңбек түрлеріне дұрыс дағдыларын қалыптастыру.

2. Еңбек әрекеттерін, тапсырмаларды ыждағаттылықпен және ұқыпты орындауға үйрету. Айналасындағы адамдар үшін маңызды еңбекте нәтижеге жетуге ұмтылуға тәрбиелеу;

3. Материалдар мен еңбек құралдарына құнттап қарауды дағдыландыру.

4. Балаларға жұмысты дұрыс және жақсы бағалауға (өзінің және жолдастарының) көмектесу. Жолдастық өзара қарым-қатынастарды тәрбиелеуді жетілдіру.

5. Өзінің, ересектердің, жолдастарының еңбегін бағалай және сақтай білуді тәрбиелеу.

Мазмұны:

Өзіне-өзі қызмет көрсету

Өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын, тазалық пен тәртіп әдетін қалыптастыру.

Өзінің сыртқы түрін қадағалау қажеттілігін дамыту (өздігінен киіну және шешіну, киімді шкафқа дұрыс және ұқыпты жинау, аяқ қиімді орнына қою, су киімдерді уақытында кептіру).

Өзінің сыртқы түріндегі кейбір олқылықтарды байқауға және жөндеуге үйрету.

Өзара көмек сезімін, құрдасының киімі, аяқ киімі, сыртқы түріндегі олқылықтарды жөндеуге көмектесу ықыласын тәрбиелеу.

Үйде және мектепке дейінгі балалар ұйымында кейбір міндеттерді үнемі орындап отыруға үйрету: өзінің төсек-орнын, ойыншықтарды, кітаптарды, сурет салу құралдарын жинау, өсімдіктерді суару, ересектерге дастарқан мәзірін дайындауға көмектесу және т.б.

Тұрмыстық-шаруашылық еңбек

Мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды топ бөлмесін (ұйқыдан кейін төсек-орынды жинау, ойыннан кейін ойыншықтарды жинап, ұқыптап орнына қою, тәрбиешімен бірге кітаптар мен ойыншықтарды жөндеу) және балабақша ауласын (жолды сыпыру, құмға су құю, қыста жолды қардан тазалау) ретке келтіріп ұстауға үйрету.

Асханада кезекшілік міндетін орындау. Өз бетімен және жауапкершілікпен дастарқан мәзірін әзірлеуге, түскі ас кезінде үшінші тағам түрін таратып беруге, тәрбиеші көмекшісіне үстел үстін жинауға көмектесуге үйрету.

ҰОӘ кезекшілік міндетін орындау. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қажетті материалдар мен құралдарды таратуға, сабақтан кейін орнына қоюға, жапсыруда, сурет салуда қолданған қылқалам, стақан, шүберекті жууға, жұмыстан кейін үстел үстін сүртуге үйрету.

Балаларды апта сайын топ бөлмесін жинауға қатыстыру (жиһаздың, ойыншықтардың шаңын сүрту, өсімдіктердің жапырақтарын жуу).

Табиғаттағы еңбек

Табиғат бұрышындағы кезекшілік міндеттерін өз бетімен және жауапкершілікпен орындай білуді қалыптастыру (гүлдерді суару, топырақ қопсыту, қураған жапырақтарды алып тастау, тірі табиғат бұрышының мекендеушілеріне жем дайындау). Тірі табиғат бұрышындағы өсімдіктер мен жануарларға өз бетінше қамқорлық жасауға үйрету.

Балаларды төмендегі жұмыс түрлері:

- күзде ересектерге балабақша ауласын (жапырақтарды бір жерге жинауға), көкөністерді, тұқымдарды жинауға;

- қыста тәрбиешімен бірге құстарға жем салғыш жасауға, жолдағы, алаңдағы қарды күреуге, ағаштар мен бұталардың түбіне қарды үюге;

- көктемде гүлдер мен көкөністердің тұқымдарын себуге, олардың өсуін бақылауға, ауланы жинауға;

- жазда гүлзардағы топырақты қопсытуға, арам шөптерді жұлуға, өсімдіктерді шабықтауға, оларды суаруға қатыстыру.

Бау-бақшада өнім жинауға; кезекшілерді күнделікті табиғат бұрышындағы бөлме өсімдіктерін суаруға, қажет болғанда топырақты қопсытып, тыңайтуға, өсімдікті басқа ыдысқа көшіріп отырғызуға, жәшіктерге қысқы-көктемгі көшеттерді отырғызуға (жасыл пияз, түбірлі көкөністер, жануарларға жасыл шөп: сұлы, кендір, салат), көшет өсіруге, табиғат бұрышындағы жануарларға жем беруге, аквариумды, құстардың торын тазалауға көмектесуге қатыстыру.

Балаларды жыл мезгіліне байланысты жұмыс түрлерінде күрек, тырма, су сепкішті пайдалануға үйрету.

Жұмыс процесінде өсімдіктердің өсуі мен дамуын бақылауға, өсімдіктерді, жануарларды дұрыс күтіп-бағу мен олардың жай-күйі арасындағы байланысты белгілеуге үйрету.

Қол еңбегі

Қол еңбегімен айналысу ынтасын тәрбиелеу.

Табиғат материалымен, қағазбен және қатырма қағазбен жұмыста құрастыру мен қол еңбегі бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіндегі меңгерген дағдылар мен біліктерді қолдануға үйрету.

Сюжеттік-рөлдік ойындарға ойыншықтарды, ата-анасына, достарына, таныстарына базарлықтарды өзі дайындай білуін қалыптастыру. Еңбек процесінде материалдың қасиеттері жөніндегі білімдерді бекіту.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті үшін құрал әзірлеуге, кітап, ойыншықтарды жөндеуге қатыстыру. Материалдарды үнемді және орынды қолдануға үйрету.

Жыл соңында еңбекке тәрбиелеу бойынша бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар:

- өзіне-өзі қызмет көрсетудің, тазалық пен реттіліктің қарапайым дағдыларын;

- өзінің сырт-келбетіне ұқыптылықпен қарауды, түр-сипатындағы кейбір олқылықтарды байқап оны түзеуді;

- өзара көмектесу сезімін білдіруді, құрбысының киіміндегі, аяқ киіміндегі, сырт-келбетіндегі олқылықтарды түзетуге көмектесуге ниет білдіруді,

- асхана бойынша, ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті бойынша, табиғат бұрышы бойынша кезекші міндетін атқаруды;

- үйде және мектепке дейінгі ұйымда берілген тапсырмаларды өздігімен орындауды;

- табиғат бұрышының жануарлары мен өсімдіктерін күтуді;

- ауланы тазалауда ересектерге көмектесуді;

- табиғи материалмен, қағазбен, картонмен жұмыс істеу үшін құрастыру және қол еңбегі бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде меңгерген білік пен дағдыларын қолдануды;

- сюжеттік-рөлдік ойындарға өздігімен ойыншықтар, ата-аналарына, құрбыларына базарлық жасауды;

- тапсырмаларды ұжыммен орындауды, ынтымақтасуды;

- ауладағы, табиғат бұрышындағы заттармен және құралдармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды;

- тиімді әдістер мен тәсілдерді таңдай отыра, тапсырмалардың орындалу барысын жоспарлауды білуі тиіс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]