Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дых.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
243 Кб
Скачать
☆

4. Қақырықты шығаратын дәрілер.

Қазіргі кезде қақырықтың шығаруын жеңілдететін дәрілер екі топқа бөлінеді:

1/ Тыныс алу жолының секрециясын белсендіретін дәрілер, яғни жергілікті рефлекстік әсерімен қақырықты тебіндіріп сыртқа шығарып отырады (термопсис ( Herba Thermopsidis), алтей тамыры (Radices Althaeae), мия тамыры (Radices Glycyrrhizae), анис жемісі (Fructus Anisi vulgaris) және т.б. шөптен алынған дәрілер мен натрий бензоаты (Nаtrii bеnzoas) т.б. да химиялық заттар). Бұлар асқазанның шырышты қабықшасын тітіркендіріп, содан кейін тыныс алу жолдарының кілегейлі қабықшасын тітіркендіреді. Осы әрекеттердің тыныс және құсу орталықтарымен байланысы бар, сондықтан кейбір құстыратын дәрілер (апоморфин және т.б.) тым аз мөлшерімен қақырықты айдап шығаруға болады. Осы дәрілердің ішіндегі тез қанға сорылатын дәрілердің (натрий және калий йодидтері, натрий гидрокарбонаты және т.б.) кейін резорбтық (сорылу) әсері күшейеді. Олардың құрамындағы эфирлік майлар тыныс жолына шыға бастайды. Содан соң олар жергілікті жабысып қалған қықырықты жібітіп және сұйылтып сыртқа шығуға көмегін тигізеді. Қазіргі кезде бұл дәрілер жанама әсерлері болғандықтан және тиісті әсерінің жеткіліксіздігінен сирек қолданылады. Бұлардың орнына көбінесе муколитикалық заттар пайданылады.

2/ Жергілікті қақырықты сұйылтатын, яғни муколитикалық заттар. Бұған біріншіден, ертеден қолданып келе жатқан ферменттік дәрілер (кристалдық трипсин, хемотрипсин (Trypsinum crystallisatum), рибонуклеаза (Ribonucleasum) және т.б.), екіншісі қазіргі кездегі шығарылған жасанды заттар (ацетилцистеин (Acetylcysteinum), бромгексин (Bromhexinum), амброксол (Ambroxolum) және т.б.). Бұлардың ішіндегі ең тиімдісі жергілікті эндогендік сурфактантты белсендіретін амброксол болып табылады.

1. Жергілікті рефлекторлық әсерімен қақырықты шығаратын дәрілер.

Термопсис шөбі (Мышатник шөбі). Бұл шөптің құрамындағы алкалоидтар асқазан рецепторларын тітіркендіреді, тыныс алуды қоздырады, содан соң рефлексті жолмен кеңірдек бездерінің сөл бөлуі көбейеді. Қақырықтың сұйық болып және көп шығуы жеңілдейді. Егер мөлшерін біраз көбейтіп жіберсе құстырады. Бұл уланудың алғашқы белгілері. Термопсисті жас балаларға беру өте қауіпті.

Термопсис көбінесе тұндырма ретінде қолданылады және кепкен экстракты, ұнтағы, түймедағы бар.

Rp.: Herbae Thermopsidis 0,01

Natrii hydrocarbonatis 0,25

D.t.d. № 10 in tab.

S. 1 түймедақтан күніне 3-4 реттен.

#

Жалбызтікен (алтей) тамыры (алтей сиропы, кеуделік жинақтар, мукалтин т.б.). Бұлар көбінесе тыныс жолдарының созылмалы қабыну ауруларында қақырықты жылдам шығару үшін және жөтелді басу үшін қолданылады.

Мукалтин (Mucaltinum) - алтей шөбін кептіріп, үгіп ұнтақ және түймедақ түрінде мөлшері 50 мг күніне 1-2 рет ас алдында қолданылады.

Rp.: Inf.red. Аlthaeae 3,0-100 ml

Sir.Althaeae 20 ml

M.D.S. 1 шай қасықтан

#

Mия тамыры (Лакричн тамыры, Глицерам, кеуде элексирі және т.б.) - мия тамырынан жасалған дәрілері өкпе қабыну ауруларына қарсы, қақырық шығаруға және асқазанның жарасына тез жазуға ықпал етеді.

Глицерам (Glycyrramum) мия тамырынан алынған глицирриздық қышқыл. Бұл дәрі бүйрек үсті безінің гликокортикоидтық гормонын белсендіреді, сол арқылы қабынуға қарсы әсеріне және өкпеден қақырықты шығаруға ықпалын тигізеді.

Бұлардың мөлшері: 50 мг кептірген сығыны ас алдында 1-2 түймедақтан 2-4 рет күніне беріледі.

Rp.: Extracti Glycyrrhizae sicci 0,05

D.t.d. № 50 in tab.

S. 1-2 түймедақтан күніне 3-4 рет.

#

Aнис жемісі (анис майы, мүсәтір-анистік тамшы). Анис жемісінен жасалған дәрілер қақырықты шығарады және ішті босатады. Ішті босататын шай 1 ас қасықтан күніне 3 рет, қақырықты шығаратын – мүсәтір -анистік тамшысы – 10-15 тамшыдан (балаларға 3-4 тамшыдан) күніне 2-3 рет және анис майы – 2-3 тамшыдан күніне 4-5 рет беріледі.

Rp.: Liquor ammonii anisatus 100 ml

D.S. 10-15 тамшыдан күніне 2-3 рет.

#

Hатрий бензоаты – басқа қақырықты шығаратын дәрілермен бірге тыныс алу жолдарының қабынулары кезінде (бронхит т.б. созылмалы ауруларында) қолданылады.

2. Жергілікті қақырықты сұйылтатын (муколитикалық) дәрілер.

Кристаллдық трипсин (ұнтақ түрінде ампула мен флаконда мөлшері 0,005 және 0,01 г-нан егуге және бүрку (ингаляция) ретінде пайданылады; Дальцекс -трипсин және Пакс – трипсин іріңді жараға арналған сальфетка түрінде жапсыруға) - ірі малдың ұйқы безінен алынған белсенді ферменттік дәрі. Трипсиннің өліеттенген тінді ыдыратулық әсеріне байланысты баттасып қалған қақырықтың сұйылуына әкеледі.

Бұл дәріні деммен қабылдау ретінде пайдалынады. Ол үшін 5-10 мг дәріні 2-3 мл натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісіне қосып ингалятормен немесе эндотрахеалық зондпен беріледі.

Rp.: Trypcini cristallisati 0,01

D.t.d. № 6 in amp.

S. 2-3 мл-ден ингаляция ретінде.

#

Рибонуклеоза – ферменті дәрі ірі малдың ұйқы безінен алынған, РНҚ деполимеризация арқылы моно- және олигонуклеотидтерге дейін бұзады, сондықтан бұл іріңді, қою және жабысқақ - баттасты қақырықты сұйылтып, одан әрі қабыну үрдістерін де тоқтатады.

Бұл дәрінің бір жақсы қасиеті РНҚ-ы бар вирустардың көбеюін тоқтатады. Негізі трипсинге ұқсас болғандықтан, сол дәрі сияқты пайдаланып отырылады.

Бұның мөлшері 0,01; 0,025 және 0,05 г-нан жергілікті ұнтақ түрінде, аэрозоль және егу түрінде де қолданады.

Rp.: Ribonucleasae 0,01

D.t.d. № 6 in amp.

S. Ингаляция ретінде 5-10 мл.

Aцетилцистеин (Бронхолитин, Мукосольвин, Мукобене, Мукомист, Туссиком және т.б.). Бұл дәрі цистеин амин қышқылының туындысы – муколитикалық тиімді зат, қақырықтың сұйылтуға және шығаруға әсерін тигізеді.

Ацетилцестеин жергілікті қабыну жүрістеріне ықпалы күшті. Сондықтан бұл созылмалы іріңді жұқпа ауруларға және жұқпалы-аллергиялық, бактериялық ірің мен асқынған ауруларға да қолданып отырылады.

Бұны деммен қабылдауға болады, онда оны 2-5 мл 20 ерітіндісін күніне 3-4 рет беріп отырады, кейде кеңірдектің ішіне зондпен 1 мл-ден 10 ерітіндісін сағат сайын созып береді, ал бұлшық етке егу ретінде 10 ерітіндісін күніне 2-3 реттен.

Rp.: Sol. Acetylcysteini 10%-2 ml

D.t.d. № 10 in amp.

S. 2 мл-ден күніне 3 рет күніне 4-5 (2 жас балаларға).

#

Бромгексин (Бисольвон, Бронхотил, Муковин, Паксиразол, Сольвин, Флегамин және т.б.) түймедақ және драже түрінде мөлшері 4 және 8 мг-нан; сиропы және тамшысы 0,8% және 0,16% ерітіндісі 50 мл-ден 250 мл-ге дейін; 0,2% - 2 мл ампуласы бар.

Бұл дәрінің муколитикалық және қақырық айдайтын әсері бар. Бұның тағы бір қасиеті жергілікті сурфактанттың белсенділігін өндіріп отырады және аздап болса да жөтелді басады.

Сондықтан бұны қақырық шығару ретінде жедел және созылмалы бронхит кезінде, асқынған бронхоэктазада, жұқпалы-аллергиялық демікпеде, туберкулездің жеңіл түрінде, жедел және созылмалы пневмонияда қолданылады.

Бромгексинді көбірек қолданғанда аллергиялық және диспепсиялық бұзылыстар байқалуы мүмкін.

Бұны жүкті әйелдерге және бала емізіп жүргенде қолданбайды.

Rp.: Sir. Bromhexini 0,08% -250 ml

D.S. 2-3 шай қасықпен күніне 3-4 рет.

#

Aмброксол (Амбробене, Амброгексал, Амбролан, Лазолван, Ласольван, Мукосольван, Халиксол, Фервекс от кашля т.б.). Бұл дәрі бромгексинге өте ұқсас келеді, ал айырмашылығы шала туылған баланың және олардың тыныс алу жетіспеушілінде жергілікті сурфактантты жақсы белсендіріп отырады.

Бұны балаларға 5 мл (15 мг) келесі мөлшерлерді жасына қарап: 2 жасқа дейін 2,5 мл күніне 2 рет; 2 ден 5 жасқа дейін – 2,5 мл күніне 3 рет; 5 жастан бастап – 5 мл күніне 2-3 рет. Ингаляция ретінде 5 жасқа дейін 2 мл күніне 1-2 рет, ал 5 жастан әрі 2-3 мл күніне 1-2 рет тыныс жолымен беріліп отырылады.

Rp.: Sol.Ambroxoli 0,75% - 100 мл

D.S. 2-3 мл бүркуге күніне 2 рет.

#

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]