Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кіріспе.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
433 Кб
Скачать
☆

15. Тұқым шаруашылығын ұйымдастыру

Ғылыми-зерттеу мекемелері-жаңа сорттардың оригинаторлары-егуге рұқсат етілген сорттардың бастапқы тұқымдық материалымен ғылыми-зерттеу мекемелердің тәжірибе шаруашылықтарын және тәжірибе станцияларын қамтамасыз етеді.

Тәжірибе шаруашылықтары мен тәжірибе станциялары арнайы тұқым шаруашылықтарын оларға керек мөлшерде элита және бірінші көбейтілген тұқыммен қамтамасыз етеді (сурет).

Ғылыми-зерттеу мекемелер-жаңа сорттардың оригинаторлары

Өндірген тұқымдары

1 -звено Суперэлита

ҒЗИ тәжірибе шаруашылықтары және тәжірибе станциялары

Элита

2-звено

1-ші көбейтілген тұқым

Арнайы тұқымдар өндіретін шаруашылықтар

3-звено 2-ші көбейтілген тұқым

3-ші көбейтілген тұқым

Шаруашылықтардың егістіктері

4-ші көбейтілген тұқым

Сурет. Астық дақылдарының тұқым шаруашылығының жүйесі

Ал арнайы шаруашылықтар қатардағы шаруашылықтарды, сорттық тұқымдармен, оларға керек мөлшерде қамтамасыз етеді.

Арнайы шаруашылықтар сорттық тұқымдарды өндірген үшін, үкімет тарапынан, қосымша қаржылық көмек алады.

Шаруашылықтарда сақтандырғыш қорлары болуы керек: астық, майлы дақылдарға және шөптерге жалпы керек мөлшерден 15% дейін.

Тәжірибе шаруашылықтары мен станцияларында астық дақылдарына сақтандырғыш және ауыспалы қорлар болу керек: бастапқы тұқымдар өндіретін звеноларда -100%, суперэлитаға-50%, элитаға және 1-ші көбейтілгенге-25-30%.

Күздік дақылдарда элита мен 1-ші көбейтілген тұқымдарға аспалы қорлар барлық керек мөлшерден 100%.

Бастапқы тұқым шаруашылығын ұйымдастыру

Ауыл шаруашылық дақылдары сорттарына шаруашылықта пайдалы сапалары тән екені белгілі, сондықтан көбейту жұмыстары уақытында оларды сақтап қалу ең басты мәселе. Оны шешуде бастапқы тұқым шаруашылығының маңызы зор, яғни элиталық тұқымдарды өсірудің ұйымдастыруы, әдістемесі және жүргізу жолдары.

Тұқым шаруашылығы жүйесінде жоғары сапалы тұқымдар өсірудің әртүрлі әдістерін қолданады. Бұл жағдайда элитаны өндірудің дұрыс сызба-нұсқасын талдау көп мағналы (сурет).

Мекеме-оригинатор сорт егуге рұқсат етілген соң, оның бастапқы тұқым шаруашылығын жүргізу ұсыныстарын, жаңа сорттың сипаттамасын дайындау керек, өйткені ол көрсеткіштермен сұрыптау жүргізіледі. Дайындалған құжаттар, жаңа сорттың бастапқы, тұқым шаруашылығын ұйымдастыратын мекемелерге жіберіледі.

Элиталық тұқымдарды өсіру тұқым шаруашылығының бастапқы звеноларында басталады, онда ұрпақтарды маңызды белгілері және қасиеттерімен бағалайды, жақсыларын қалдырып нашарларын жояды, сорттың ерекшеліктерін сақтау үшін. Өздігінен және айқас тозаңданатын астық дақылдарының сорттарында негізінде жеке-семьялық әдіс қолданады, сосын екі жыл ұрпақтарын бағалайды.

Бастапқы тұқым шаруашылығының сұлба-нұсқасы, негізінде, келесі звенолардан құрастырылады.

Сұрыптау көшеттігі. Өздігінен тозаңданатын дақылдар сорттарының 1-ші жылғы ұрпақтарын сынау көшеттігін, көбейту көшеттігінен, суперэлита, элита немесе арнайы сұрыптау көшеттігінен алынған осы сортқа тән және аурулармен зақымдалмаған өсімдіктердің дәндерімен салады.

Ұрпақтарды сынау көшеттігін салуға керек жоспарланған бастауыш өсімдіктер санын алу үшін, оларды 3-4 есе көп алу керек, өйткені зертханалық жағдайда ең жақсы ұрпақ бастаушы өсімдіктер қалады. Бұл жағдайда, өсімдіктердің, масақтардың, дәндердің тәнділігіне, аурулармен зақымданғаны жоқтығына және басқа белгілеріне көңіл бөледі.

1-ші жылғы ұрпақтарды сынау көшеттігі. Оны сұрыпталған элиталық өсімдіктердің дәндерімен салады. Бұл көшеттіктегі ұрпақтар саны дақылдардың дәндерінің көбею саны мен элитаға сұраныспен байланысты, бірақта 300-ден кем болмау керек. Ұрпақтар қолмен жүргізетін селекциялық сепкіштермен 30см ара қатарлықпен себіледі.

Бұл көрсеткіштегі ұрпақтарды танаптық және зертханалық бағалау, шаруашылықта маңызды белгілердің негізінде, жүргізіледі. Өнімділік түптенуімен, линия немесе семья маңындағы өсімдіктер біркелкілігімен, аурулар және зиянкестермен зақымдалумен, масақтың (шашақгүлдің) дәнденуімен, дәндердің ірілігімен, жалпы өніммен, ал ең бастысы-осы сортқа тәнділігімен. Керек болса өнім сапасына зертханалық талдау жүргізеді. Алдыңғы жылғы суперэлитаның тұқымы стандарт ретінде қолданады, оны көшеттікте 20-30 ұрпақтан кейін егеді. Ұрпақтарды бір-бірімен және стандартпен салыстырады. Байқау және бағалау барысында анықталған нашар ұрпақтарды көшеттіктен алып тастайды: өздігінен тозаңданатын дақылдарда егін жинарда, айқас тозаңданатындарда-гүлдегенше. Қалған ең жақсы ұрпақтарды қолмен жинап, баулап, этикеткалайды, онда көшеттікті, сортты, нөмірін, қай жылғы өнімін көрсетеді. Әр нөмірдің дәндерін қапшықтарға салып сырты мен ішіне этикетка салады. Зертханада оның массасы мен сапасын анықтайды. Өнімділігі мен стандарттың орта көрсеткішінен төмен және басқа көрсеткіштерімен сәйкес келмейтін ұрпақтарды жояды.

Қалған ең жақсы ұрпақтардың дәндерін 2-ші жылғы ұрпақтар сынау көшеттігін салуға қолданады.

2-ші жылғы ұрпақтарды сынау көшеттігі. Ең жақсыларын сұрыптауға және нашар ұрпақтарды жоюға арналған. Механикалық ластануды болдыртпайтын, осы дақылға ең жақсы алғы дақылдан кейін орналастырады. Тұқымдарды сепкіштен кеңқатарлы егеді: әр ұрпақты бөлек қатарға. Егістік қысқа үш-төрт қатарлы болуы мүмкін. Бақылауға 20-30 ұрпақтардан кейін ақырғы суперэлитаны егеді.

Егістіктерді күту жұмыстарын, ұрпақтарды белгілерімен бағалауларды алдыңғы көшеттіктегідей жүргізеді.

Қалған ең жақсы ұрпақтар мен бақылау қатарларын бөлек орып, бөлек бастырып зертханалық қарастырудан, бағалаудан және талдаудан өткен соң өнімдерін біріктіреді. Ол тұқымдарды 1-ші жылғы көбейту көшеттігін салуға қолданады.

1-4-ші жылдардың көбейту көшеттігі. 1-ші жылғы көбейту көшеттігінен басталатын тұқымдарды көбейту мәселесі-жоғары сорттық тазалығы мен өнімділік сапаларын сақтай отырып тездетіп тұқымдарды көбейту. Ол үшін тұқымдарды залалсыздандырады, өсімдіктерді жоғары агротехникалық жағдайда өсіреді, яғни жақсы алғы дақылдан кейін, тыңайтқыштарды орынды қолданумен, өсімдіктерді уақытында және дұрыс күтумен. Дәндердің көбею коэффициентін көбейту үшін себу мөлшерін төмендетеді. Бастапқы тұқым шаруашылығының барлық кезеңдерінде басқа сорттармен ластанбауды байқайды; өсіп-даму кезінде түрлік және сорттық отаулар және егістіктерде апробация жүргізіп сорттық тазалығын анықтайды. Биологиялық толық бағалы тұқымдар алу үшін алынған өнімді тазалап сорттайды.

Бастапқы тұқым шаруашылығының көбейту көшеттігіне, суперэлитаға, элитаға бөлінуі көп жағдайларға байланысты. Өйткені олар дақыл тұқымдарының көбею коэффициентіне, тұқымдарға сұранысқа және басқа факторларға қарай қысқартылуы мүмкін. Мысалы, бастапқы тұқым шаруашылығының сызба-нұсқасы үш звеноға дейін қысқартылуы мүмкін: 1-ші және 2-ші жылғы ұрпақтарды сынау көшеттіктері, элита көшеттігі.

Айқас тозаңданатын дақылдардың бастапқы тұқым шаруашылығын элита тұқымын алу үшін ұйымдастырғанда жалпы сұрыптау қолданып, келесі звеноларды қолданады: 1) 1-3 жылдардағы көбейту көшеттігі; 2) суперэлита; 3)элита. 1-ші жылғы көбейту көшеттігін салуға қалдыратын өсімдіктердің саны, көбею коэффициенті мен элиталық тұқымдарға сұранысқа байланысты, бірақта олардың саны 2000 төмен балмау керек.

Жұмыстардың сапасын байқау, құжаттандыру, тұқымдарды буып-түю. Бастапқы тұқым шаруашылығы үрдісінде жүргізілетін барлық жұмыстарға қатал бақылау жасалады. Ұрпақтарды сынау көшеттіктеріндегі егістіктерге, ұрпақтарды брактап және жинағанға актілер құрастырылады, онда егілген, бракталған және жиналған ұрпақтардың саны, сонымен қатар өсірілген тұқымның саны мен сапасы көрсетіледі. Элиталық тұқымдарды өсіретін келесі этаптардағы жүргізілетін жұмыстар арнайы журналға жазылады.

Көбейту көшеттігінен бастап, барлық тұқымдық егістіктерде, егістік апробация жүргізіліп егістіктің сорттық тазалығы анықталады.

Бастапқы тұқым шаруашылығының әр звеноларындағы тұқымдардың өз атаулары болады:

а) аталық-аналық өсімдіктердің тұқымы-оларды сұрыптау көшеттігіндегі ең жақсы өсімдіктерден алады;

б) 1-ші жылғы ұрпақтарды сынау көшеттігінің тұқымдары (осы көшеттікте алады);

в) 2-ші жылғы ұрпақтарды сынау көшеттігінің тұқымдары (осы көшеттікте алады);

г) 1-4-ші жылдардағы көбейту көшеттіктерінің тұқымдары (осы көшеттіктерде алады);

д) суперэлита (алдыңғы көбейтулерден алады);

е) элита (суперэлита егістігінен алады).

Мемлекеттік стандарттың талаптарына сәйкес, сатуға арналған суперэлита, элита және 1-ші көбейтілген тұқымдар қапталады. Әр қап тігіліп пломбыланады. Қаптардың ішіне келесі көрсеткіштермен этикетка салынады: дақыл және сорт атауымен, сорттық тазалығы және репродукция, егістік сапаларының класы, өнім алынған жылы, партиясының нөмері, сорттық құжаттың атауы мен нөмірі, тұқымды өсірген шаруашылықтың атауы. Осы көрсеткіштер қаптың сыртында келтіріледі.

Егістікке арналған суперэлита және элита тұқымдары "Тұқымдарға аттестатпен", ол бірінші және басқа көбейтілген тұқымдар "Тұқымдарға куәлікпен" қамтамасыз етіледі.

Атаулардың қысқаша сөздігі

Аллополиплоидия - әртүрлі түрлердің хромосомдарының қосумен (мысалы, ААхВВ=Ғ1АВ) және ол хромосомаларды екі есе көбейтіп (АВ→ААВВ) немесе аутополиплоидтарды шағылыстырумен (ААААхВВВВ=Ғ1ААВВ) алынған полиплоидтар.

Алмастырылмайтын амин қышқылдары – жануарлар ағзасында түзілмейтін (не синтезируемые) экзогендермен алынатын. Мысалы, адамға 10 алмастырылмайтын амин қышқылдары белгілі: лизин, триптофан, лейцин, метионин т.б.

Амфидиплоидтар – соматикалық жасушаларында әр аталық-аналықтардан алынған диплоидтық хромосомалары бар түраралық будандар.

Талдаушылық селекция – бастауыш элиталық өсімдіктерді табиғи популяциялардан, жергілікті немесе басқа сорттан сұрыптаудан негізделген селекция.

Андрогенез – жыныс жасушасының цитоплазмасында аталық гаметаның ядросынан ұрпақ беретін ұрықтың дамуы.

Анеуплоидия (гетероплоидия) – түрдің негізгі хромосомдар санына еселі емес көбейіп немесе азаюы.

Апомиксис – жынысты көбеюнің жыныссызға алмасуы, ол кезде ұрпақ беретін ұрық пайда болады және аталық пен аналық гаметалар қосылмақ жаңа ағза дамиды.

Апробатор – сорттық егістіктердің сорттық тазалығын әлде сорттық тектілігін, ластануын, аурулар және зиянкестермен зақымдануын анықтайтын аттестатталған және арнайы тәртіппен тіркелген тұлға.

Сорттық егістіктерді апробациялау – тұқымдық егістіктердің, өнімін тұқым ретінде қолдану үшін, сорттық тазалығын бағалау.

Аутополиплоидия – бір түрдің жасушасындағы хромосомаларын еселеп көбейтіп алынған полиплоид (мысалы, АА→АААА).

Базистік тұқымдар – шет елде селекциялық элитаны егіп алған тұқымдар.

Биологиялық төзімділік - өсімдіктердің даму кезінде қолайсыз жағдайлардың әсеріне қарамай өміршеңдігі.

Сорттық биологиялық ластануы – сорттың басқа сорттар және дақылдармен табиғи айқай тозаңдану немесе мутациялар болу.

Өзінен көбею - өсімдіктердің вегетативтік органдардан көбеюі: тамырсабақ, түйнек, бадана(жуашық), сабақ бөлшектері, ұластыру т.б.

Түрлік отау – басқа түрлерге жататын өсімдіктерді егістіктен жою.

Түрішілік өзгергіштік – генетикалық гетерогендігіне байланысты түр ішіндегі өзгергіштік.

Қайтара шағылыстыру (беккросс) – буданды бір ата-аналықпен қайтадан шағылыстыру.

Фертильділікті орнына келтірушілер – ЦАС бар линиялар мен сорттарды шағылыстырғанда фертильділігін орнықтыратын формалар.

Гаплоидтар – бір түрдің жасушаларында соматикалық хромосомаларының жартысы болатын дарақтар.

Генетикалық инженерия – адамға қолайлы жаңа белгілері бар ағзаларды құрастыру үшін генетико-инженерлік әдістерді қолдану.

Гендік инженерия – генетикалық инженерияның бір түрі, яғни генетикалық-инженерлік істер ген немесе бөлшектерімен жүргізіледі.

Гендік аталық стерильділік – хромосомалардың гендерімен тудырылатын андростерильділік.

Генетиптік өзгергіштік – формалардың генетиптік әртүрлілігімен болатын өзгергіштік.

Гендік қор – популяция немесе сорттық үлгілердің дарақтарында болатын гендер.

Гетерозис – ата-аналықтарға қарағанда будандардың бірінші ұрпағында болатын күштілік пен өміршеңдік.

Будандастыру – бір немесе бірнеше белгілерімен қасиеттері бойынша бөлінетін бір немесе көптеген аналықтарды шағылыстыру.

Будандық көшеттік – будандық жадығатты егіп зерттейтін және селекциялық көшеттікке талдау жасайтын көшеттік.

Гомология – гүлде аналық пен аталықтың қатар пісуі.

Грунттық бақылау - өсімдіктер мен тұқымдардың бір сортқа жататынын және жерге егіп, одан соң өсімдіктерді талдай отырып анықтау.

Екі қатар линияаралық будандар – жәй екі линияаралық будандарды шағылыстырып алынған будандар.

Қос үйлі өсімдіктер – аналық гүлі бір өсімдікте, аталық гүлі екінші өсімдікте болатын болатын өсімдіктер тобы.

Диаллельдік шағылыстыру – бір топ сорттар немесе линиялар ішінде әртүрлі комбинацияларда будандар алу үшін жүргізілетін шағылыстырулар.

Стерильділікті бекітушілер – фертильді сорттар немесе линиялар андростерильді формалармен шағылыстырғанда аталық стерильді ұрпақ береді.

Өсімдіктер иммунитеті (фитоиммунитет) – қоздырғыштарға қолайлы жағдай туғанда өсімдіктердің зақымдалмауы.

Инбредтік линия – айқас тозаңданатын дақылдың линиясын бірнеше рет зорлап өздігінен тозаңдандыру.

Инбридинг – айқас тозаңданатын өсімдіктерді өздігінен тозаңдандырып алынған ұрпақ. Инцухт деуге болады.

Жеке сұрыптау – сұрыпталған элиталық өсімдіктерді ұрпақ бойынша жеке бағалауда негізделген сұрыптау.

Интродукция – бір елге немесе облысқа бұл жерде өспеген өсімдіктердің түрлері мен сорттарын әкелу.

Инцухт-депрессия – аллогамдық өсімдіктерді зорлап өздігінен тозаңдандыру негізінде ұрпақтардың өміршеңдігі мен өнімділігінің төмендеуі.

Инцухт-линия – инбредтік линия.

Бастапқы жадығат(материал) - өсімдіктердің жаңа сорттары мен будандарын алуға қолданылатын мәдени өсімдіктер және олардың жабайы туыстастары.

Гүлдерді піштіру – шағылыстырарда, тозаңдандырар алдында аналық гүлдерде піспеген тозаңдықты алып тастау.

Клон – аналық өсімдікті немесе бір бөлшектерін вегетативтік көбейтумен алынған генетикалық біркелкі ұрпақ.

Клондық сұрыптау – вегетативті көбейетін өсімдіктерде жеке сұрыптау.

Коллекциялық көшеттік – перспективалы формаларды бөлу үшін бастапқы материалды алғашқы зерттеу көшеттігі.

Конкурстық (негізгі) сортсынау – жаңа перспективалы сорттарды мемлекеттік сортсынауға берудің алдындағы ақырғы сынау.

Бақылау көшеттігі – селекцияның көшеттіктен кейінгі көшеттік. Бұл жерде бірінші рет өнімділікке бағалайды.

Көбею коэффициенті – өнімде кондициялық тұқымның массасының егілген тұқымның массасына қатынасы.

Ксенийлер – аналық өсімдікте дамыған будандық тұқымдарда аталықтың белгілері болуы.

Зертханалық сорттық бақылау – зертханалық талдау жүргізумен сорттық тазалығын және тұқымдардың белгілі сортқа жататынын анықтау.

Линиялық сорт – бір элиталық өсімдіктен басталатын және ұрпақ бойынша гомозиготтыққа тексерілген өздігінен тозаңдалатын дақылдың сорты.

Линия - өздігінен тозаңданатын дақылдарда гомозиготтық өсімдіктің ұрпағы.

Жалпы сұрыптау – сұрыпталған элиталық өсімдіктердің өнімін талдағаннан кейін біріктіріп ұрпақтарын бағаламай бір мөлдекте егіп сұрыптау.

Көп линиялық сорт – морфологиялық және шаруашылықта пайдалы белгілерімен біріңғай, бірақта аурулар қоздырғыштарының расаларына төзімділігімен айырмашылығы бар линиялар қоспаларынан біріктірілген сорт.

Мутант – жеке геннің мутациялануының немесе хромосомдардың қайта құрылуының әсерімен болған өзгерген белгісімен жаңа ағза.

Тұқым қуалаушылық – ағзалардың жалпы фенотиптік өзгергіштігіндегі генотиптікпен болған өзгергіштіктің мөлшері.

Негативтік сұрыптау – егістіктен нашар дарақтарды бөлу.

Жалпы комбинациялық мүмкіншілік – гетерозис селекциясын жүргізгенде будандық комбинациялардағы өздігінен тозаңдандырылған линиялар мен сорттардың орташа бағалылығы.

Тозаңдандыру – тозаңды аналық аузына салу.

Түр және туысаралық будандастыру - әртүрлі түрлер мен туыстарға жататын ағзаларды шағылыстыру.

Партенокарпия – тұқымсыз жемістер байлану.

Перспективті сорт – жаңа бағалы сорт, сынаудан өтіп жатқанда көбейтілетін, бірақ пайдалануға рұқсат етілмеген.

Қайталау – сыналатын сорттардың бір қайталамасы.

Қайталаулар – сортсынауда қайталамалар саны.

Поликросс – барлық бағалайтын үлгілерді еркін тозаңдандырып жалпы комбинациялық мүмкіншілігін анықтау әдісі.

Тұқымның егу сапалары – тұқымдардың егуге (отырғызуға) жарамдылық дәрежесін сипаттайтын сапа көрсеткіштерінің жиынтығы.

Алшақ оңашалау - әртүрлі сорттар мен дақылдардың бір-бірімен тозаңданбау үшін алшақ егу.

Егістіктерді тіркеу – апробацияға бау алмай сорттық егістікті байқап шығып оны құжаттама жасау.

Тұқымдар - өсімдіктердің сортын молықтыру үшін пайдаланылатын генеративтік және вегетативтік органдары: тұқымның өзі, жемістер, күрделі жемістердің бөлігі, қосалқы жеміс, масақтар, көшеттер, жуашық, түйнек, қалемшелер, түзуші ұлпалар және басқалар.

Аралығын алшақтату - әртүрлі сорттар мен дақылдардың егістіктері бір-бірімен тозаңданбау үшін белгілі арақашықта орналастыру.

Егістіктерді тіркеу – сорттық егістіктерден апробацияға бау алмай қарап шығып оны тиісті жөнінде құжаттау.

Көбейтілген тұқымдар – элитадан кейінгі көбейтілген тұқымдар.

Селекциялық жадығат – барлық сорттық және будандық жадығат селекционермен сұрыпталып және селекциялық жұмыстың үрдісінде қолданылатын.

Селекциялық көшеттік – селекциялық жадығаттың будандық, коллекциялық және арнайы көшеттіктерден алғашқы салыстырмалы бағалауға және ең жақсы ұрпақтарын сұрыптауға арналған көшеттік.

Элиталық тұқымдар – а.ш. өсімдіктерінің бірегей немесе суперэлиталық тұқымнан алынған және мемлекеттік стандарттар мен тұқым шаруашылығы саласындағы өзге де нормативтік құжаттардың талаптарына сай келетін тұқымдары.

Тұқымдық бақылау – тұқымның егу сапасын анықтау жөніндегі іс-шаралардың жүзеге асырылуын, тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік стандарттар мен өзге де нормативтік құжаттар талаптарының сақталуын бақылау.

Тұқым шаруашылығы – тұқымдарды өндіру, дайындау, өңдеу, сақтау, тасымалдау, сату және пайдалану жөніндегі іс-шаралар кешенін қамтитын қызмет, сондай-ақ мемлекеттік бақылау, оның ішінде сорттық және тұқымдық бақылау.

Семья – айқас тозаңданатын дақылдардың бір өсімдігінің ұрпағы.

Синтетикалық селекция – будандастыру әдісін қолдану негізінде әртүрлі сорттардың пайдалы гендерін генетикалық рекомбинациялау селекциясы.

Сорт-популяция – генотиптік айырмашылығы өсімдіктер сорты.

Сортқа тәнділік – айқас тозаңдандырылатын ауыл шаруашылық өсімдіктерінің сорттық тазалығының көрсеткіші.

Сорттық тазалық – негізгі сорт өсімдіктерінің немесе сабақтарының осы ауыл шаруашылық өсімдіктерінің немесе сабақтарының жалпы санына проценттік қатынасы.

Сорттық бақылау - ауыл шаруашылық өсімдіктері егістіктерінің сорттық тазалығын анықтау және тұқымдардың белгілі бір сортқа жататындығын белгілеу жөніндегі іс-шаралардың жүзеге асырылуын бақылау.

Тұқымдардың сорттық сапасы – тұқымдардың ауыл шаруашылық өсімдігінің белгілі бір сортына жататындығын сипаттайтын белгілер жиынтығы.

Сорт жаңарту - өндірісте пайдалану кезінде сорттық және биологиялық сапасы нашарлаған тұқымдарды сол сорттың жақсы тұқымдарымен ауыстыру.

Сорт ауыстыру – тұқым өсірушілердің өндірісте егіліп жүрген ескі сорттарды неғұрлым шығымды немесе ауыстырылатын сорттан шаруашылық-бағалылық белгілері мен қасиеттері жағынан артық жаңа, пайдалануға рұқсат етілген сорттармен ауыстыруы.

Спецификалық комбинациялық мүмкіншілік – бір комбинацияның гетерозис көлемімен анықталатын, линия немесе сорттың комбинациялық мүмкіншілігі. Диаллельдік шағылыстырумен анықталады.

Селекциялық жетістіктердің тұрақтылығы – бірнеше рет сортты көбейткеннен кейін негізгі белгілерінің өзгермеуі.

Суперэлиталық тұқымдар – бірегей тұқымдарға жататын, өсіріп-өндіру көшеттігінің өнімімен алынған, мемлекеттік стандарттар мен тұқым шаруашылығы саласындағы өзге де нормативтік құжаттардың талаптарына сай келетін және элиталық тұқымдарды өндіруге арналған тұқымдар.

Тестер - өздігінен тозаңдандырылған линиялардың жалпы комбинациялық мүмкіншілігін анықтауға қолданылатын сорт немесе будан, аталық ретінде қолданылатын.

Будандастыру мөлдектері – гетерозистік будандардың тұқымдарын өсіретін мөлдектер.

Таза линия – барлық гендерімен гомозиготты бір өздігінен тозаңдандырылған өсімдіктің ұрпағы.

Элиталық тұқымдар – ауыл шаруашылық өсімдіктерінің бірегей немесе суперэлиталық тұқымнан алынған және мемлекеттік стандарттар мен тұқым шаруашылығындағы саласындағы өзге де нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келетін тұқымдары.

Элиталық өсімдіктер – жаңа сорт құрастыруға, селекционермен сұрыпталып, алынатын өсімдіктер.

95