- •Оқу әдістемелік материалдар
- •1 Глоссарий
- •2 Дәрістер
- •1 Тақырып: Жас ерекшелік психологиясының пәні
- •2 Тақырып: Даму факторлары
- •3 Тақырып: Нәрестелік кезеңдегі баланың психикалық дамуы.
- •4 Тақырып: Ерте сәбилік шақтағы баланың психологиялық даму ерекшеліктері
- •Үлкендерді бағаламау.
- •6 Тақырып: Бастауыш сынып оқушыларының психикалық дамуының жалпы сипаттамасы
- •7 Тақырып: Жеткіншектік кезеңнің психофизиологиялық даму ерекшеліктері
- •Жеткіншектік кезеңнің психологиялық ерекшеліктері:
- •8 Тақырып: Жас -өспірімдік кезең психологиясы.
- •9 Тақырып. Ересектер психологиясы
- •4 Студенттің өздік жұмысы
- •Студенттердің өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер (нұсқаулар)
- •Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар.
- •4.2. Сөж тақырыптарының тізімі мен аралық бақылау сұрақтары
4 Тақырып: Ерте сәбилік шақтағы баланың психологиялық даму ерекшеліктері
Сәбилік кезеңге жалпы сипаттама.
3 жас дағдарысы.
Бұл кезеңде бала өзбеттіліктің кейбір деңгейлерін меңгере бастайды: алғашқы сөздер пайда болады, сәби жүре бастайды, заттармен әрекеті дами түседі.
Ерте балалық шақтағы әлеуметтік жағдайдың дамуы «Бала- заттар- ересектер» ретінде көрінеді.
Сәбилік кезеңде негізгі іс-әрекет болып- заттық әрекеттер табылады (алғашында ересектердің көмегімен, соңынан өзбетінше).
Бұл кезеңнің жалпы психологиялық сипаттамасы:
сенсомоторлық даму қарқынды жүреді: тік жүру негізінде кеңістікте бағдарлана алады; қолдарын заттармен әрекет жасау үшін, оларды зерттеу үшін босатады;
тіл арқылы қарым-қатынас дамиды, үлкендердің сөзін түсінеді, сөздік қоры байи түседі, сөйлем құрудың лингвистикалық және грамматикалық нормаларын меңгереді (2 жасында сөйлем құрайды, 3 жаста сөйлемдердің жалғауын дұрыс қолдана біледі);
сөйлеу арқылы жалпылауды үйренеді, тіл ойлау процесінің дамуына және өзінің мінез-құлқын басқаруға әкеледі;
балада түрлі жағдайларды білуге құмарлық пайда болады (Бұл не? Неге? Не үшін? деген сұрақтарды жиі қояды), ертегі, тақпақ, өлеңдерге қызығушылық танытады;
ойындық әрекеттер дамиды (үлкендерге еліктеушілік пайда болады);
заттардың түрін, түсін, формасын қабылдау, олардың тұрақты белгілерін ажырату- қабылдау, еске сақтау, ойлау процестерін дамытады;
қарапайым өзіндік санасы қалыптасады («Мен-өзім»);
ырықты өзіндік басқару қабілеттері дами түседі;
тазалықты, өзінің физиологиялық функцияларын меңгере бастайды;
ұялу, ренжу сезімдерін меңгереді.
Үш жас кризисі туралы ең алғаш Эльза Келер өзінің «Үш жасар баланың жеке тұлғасы жайлы» еңбегінде суреттеген болатын. Эльза Келер осы жастағы кризистің бірнеше маңызды симптомдарын атап көрсетті:
Негативизм. Бір адамның екінші адаммен қарым-қатынасындағы жағымсыз реакция. Бала үлкендердің қойған талаптарына мүлдем бағынбайды. Негативизмді тіл алмаушылықпен алмастыруға болмайды. Тіл алмаушылық кез-келген шақта болады.
Қырсықтық. Өз шешімінде тұру. Қырсықтықты табандылықпен шатастыруға болмайды. Қырсықтық баланың өзінің тілегін орындауды талап етуден көрінеді. Бұл жерде баланың талабымен санасу көрінс береді.
Еріктік. Бала өз еркімен бір нәрсе істеуге ұмтылады (Мен-өзім).
Үлкендерді бағаламау.
Қайсарлылық (строптивость). Негативизм мен қырсықтыққа жақын, бірақ өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл үйдегі тәртіпке қарсылық көрсетумен байқалады.
Қарсылық көрсету. Бұл ата-аналарымен жиі ұрсысудан көрінеді.
Деспотизм (жауыздық). Егер отбасында жалғыз бала тәрбиеленсе, сол балада бұндай әрекет көрінуі мүмкін. Бала айналасындағыларға үстемдік көрсетуге тырысады және бұған көптеген амалдар ойлап табады.
Үш жас кризисінде болатын ерекшеліктер баланың өзбетімен іс-әрекет жасау тенденциясына әкеледі. Олар үлкендердің әрекетіне ұқсас қимылдар жасайды. Өйткені, ересектер өз әрекет-қылықтарымен балаға үлгі ретінде болады. Бала ересектерге қарап, еліктейді. Ересектерше өмір сүру бүкіл балалық шақта қалыптаса береді. Сәби ересектерден алшақтай отырып, олармен терең қарым-қатынас орнатады.
5 тақырып: Мектеп жасына дейінгі баланың психологиялық даму ерекшеліктері.
Ойын негізгі іс-әрекет ретінде.
Мектепке дейінгі кезеңнің психологиялық ерекшеліктері.
Мектепке дейінгі кезеңде балалрда рөлдік немесе шығармашылық ойын негізгі әрекет болып табылады. Ол баланың дамуына елеулі үлес қосады. Ойын кезінде балалар қарым-қатынас жасауға үйренеді.
Сондықтан, ойын процесі кезінде еңбек етудің нормалары мен тәсілдері қалыптасады. Бұл баланың жеке тұлғасының қалыптасуына үлкен мән береді.
Мектепке дейінгі балалар ойыны бірнеше сипаттаулардан тұрады:
Ойын сюжеті шексіз болады. Бірақта жалпы дамуы- ойыннан-тұрмыстық әрекеттерді көруге болады. Бала қоғамдағы әртүрлі мамандықтардың іс-әрекеттерімен танысады (дәрігер, мұғалім, сатушы, комонавт және т.б.).
Белгілі ережелерді сақтау.
Бір затты екінші затпен алмастыру. Алғашында ойыншық пен шынайы заттың сыртқы ұқсастықтары талап етіледі, соңынан ұқсастық біртіндер өзінің маңыздылығын жояды.
Баланың әрекеттері біртіндеп қысқарып, белгілерге айналады.
К. Оталора ойынның бірнеше түрін атап көрсетті:
- алданыш-ойындар- оның мақсатықатысушыларды алдандыру;
- ойын-жаттығулар- сюжет болмайды, қимылдық әрекеттер басым болады, олар бірнеше рет қайталанады;
- сюжеттік ойындар- белгілі бір жағдайдағы ойын әрекеттері;
- еліктеу ойындары- бала шынайы өмірде байқаған әрекеттерін немесе жағдайын қайталауы;
- дәстүрлік ойындар- ұрпақтан ұрпаққа берілетін ойындар.
Балалар ойыны тарихи және әлеуметтік табиғатқа ие. Әртүрлі мәдениет пен қоғамдарда ойын өз мазмұны мен формасына ие.
Мектепке дейінгі кезеңдегі 3-4 жас аралығы - өзін танумен ерекшеленеді. Мүмкін болатын реакциялар: тіл алмаушылық, қырсықтық, негативизм, қайсарлық, нарциссизм-өзін мақтау. 3-4 жасар балалар ойынды жалғыз ойнай береді (заттық, конструкторлық, сюжетті-рөлдік).
жаста:
ересектермен қарым-қатынасы үйлесімді, ата-аналар тарапынан еркелету, жақсы көруді талап ету, басқа адамды жақсы көру сезімі дамиды;
балалрмен қатынасы дамиды, бірлескен ойындар ойнайды, лидерлік, бағынушылық қабілеттері қалыптасады;
конструкторлық ойындары дамиды, практикалық ойлау қалыптасады;
сурет салу, музыкалық, шығармашылық қабілеттері дамиды;
даралық ойлауы қалыптасады;
ертегілерді қабылдауы баланың жеке тұлғасының қалыптасуына эмоционалдық және ақпараттық әсер етеді;
білуге құмарлық;
басқа адамдармен диалогтық әңгімеге араласа алуы (6 жасқа таман баланың сөздік қоры 14000 сөзді құрайды, тілдің грамматикалық ережелерін толық меңгереді);
жыныстық ерекшеліктерге назар аударады, балалардың дүниеге қалай келетініне қызығушылық тудырады, іштей ұялу, бақылаушылық сезімдері дамиды.
