Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қарқаралы ауданындағы өндірістік өнеркәсіптің қ...doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

2. Қызметі:

Қазақмыс – Қазақстандағы ірі мыс өндіруші компания, ол осы саладағы аса ірі он әлемдік өндірушілер қатарына кіреді. Мыс өндіру бөлімшесінің өндірістік алаңқайлары Қазақстанның барлық аймақтарында орналасқан, оның ішінде 15 карьер мен жерасты кендері, 10 кен байыту фабрикасы және 2 мыс балқыту кешені де бар. Мыс болімшесінің иелігінде көмір шахталары мен электр станциялары бар. Олар кәсепорындардың қызметін жүзеге асыру үшін қажетті көлемдегі электр қуатын жеткізеді, ал артық көлемдегі электр қуаты сатылады. Қарағайлы кен-байыту комбинаты 2004 жылдан бастап «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС-нің филиалы. Негізгі қызмет түрі түсті металдардың кенін өндіріп, өңдеп концентрат ретінде шығару. Шығарылған өнім Жезқазған және Балқаш қаласындағы "Қазақмыс" корпорациясы ЖШС-нің басты кәсіпорындарына жіберіледі. «Кентөбе» кен орнындағы «Өркен» ЖШС-гі 2001 жылы құрылған, негізгі қызмет түрі темір кенін өндіру. «Алтай Полиметаллы» - геологиялық зерттеуге қаржы инвесттейтін, сонымен қатар геологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізетін санаулы жеке кәсіпкерліктердің бірі. 2015 жылы іске қосылған Көктасжал кен орнында зерттеу жұмыстары жүргізіліп, мыс кенін өңдеудің рационалды технологиялары қарастырылуда.

3. Зияны:

Өнеркәсіп – еліміздің   экономикалық  тұрақтылығын   қамтып  қана қоймайды,  сонымен  бірге  қоршаған  ортаны   күшті  ластаушы. Өнеркәсіптің  әр  түрлі   салаларын   қоршаған   ортаға  әсер  ету   бағытына   қарай - өндіруші  және  өңдеуші   өнеркәсіп  салалары   деп  екі  топқа біріктіруге  болады. Көмір,  темір   рудаларын,  минералды  тұздар  және  басқа  да  қазба   байлықтарын   өндіретін  кен  орындарының  жұмысы,  әсіресе  кенді өндіру   ашық  әдіспен  жүргізілетін  болса,  үлкен  аумақтық   ландшафтың бұзылуына  әкеп  соқтырады.  Бұл  жерде   антропогендік  ландшафт қалыптасады. Антропогендік  ландшафт  дегеніміз – адамның  іс-әрекетінің   нәтижесі. Қазіргі  кезде  атмосферада   метанның,  көмірқышқыл  газының,  азот,  күкірт  және  бірнеше   ауыр  металдардың  жинақталуы  ұлғайып  отыр. Бұл  адамдардың  денсаулығына,  ауыл  шаруашылығына  кері  әсерін тигізеді.

Сурет 1. Көктасжал кен орны

Сурет 2. Көктасжал кен орнының құрылысы

Сурет 3. Абыз карьері

Сурет 4. Кентөбе кен орны

Сурет 5. Қарағайлы кентіндегі кен байыту фабрикасы

ІІ бөлім

Өнеркәсіптің топырақ, су, ауа және адам денсаулығына әсерін анықтау үшін зерттеу объектісі болып Қарағайлы кенті алынды. Қарағайлы кентінде тау жыныстары толық өңделген шикізат болып шығарылады. Бұл позитивті факторге қарама-қарсы факторлер бар.

Топыраққа әсері: Қарағайлыдағы кен байыту фабрикасы кенттен 1 шақырым жерде орналасқан. Мұнда жоғарыда айтылған Абыз кен орнының ғана емес, ШҚО-ның Аягөз ауданындағы Құсмұрын, Ақбастау кен орындарынан теміржол және автомобиль жолымен тасымалданатын мыс, мырыш кені байытылады. Фабриканың аймағында сонымен қатар карьер де бар. Топыраққа тиетін зиянының басым бөлігі карьердің пайда болу кезеңінде іске асырылады. Атап айтсақ: карьерді қазбас бұрын жердің бетінен сыдырылатын құнарлы топырақ қабаты карьердің қолданылуынан соң қайта жабылмаған, сондықтан тау жыныстарының қалдықтары қараусыз қалуда; фабрикадан шығатын лас су егістік алқабына төгіліп, құнарлы топырақ қолдануға жарамсыз болып қалған; Қарағайлы атауын дәлелдеп тұрған жасыл қарағайлар қопару кезінде жойылған; копарғыш заттардың қалдықтары жер асты суы арқылы топыраққа еніп, оны кұнарсыздаған (бірақ кент ішінде топырақ эрозиясы байқалмаған).

Суға әсері: фабрикадан шығатын лас су жерге еніп, артезиян суымен (аз мөлшерде) араласып, бастау суымен жер бетіне қайта шығады. Халық бұл суды амалсыздан қолдануда, себебі тазартқыш қонырдырғылар орнатылмаған. Осылай жалғаса берсе, ауыз суының, бұлақ суының мүлдем жойылып кету қаупі бар.

Ауаға әсері: қараусыз қалған тау жыныстарының қалдықтары мен басқа да кен орындарынан тасымалданатын тау жыныстарынан бөлінентін шаң-тозаң, радияция, автокөлік түтіні ауаны ластайды. Тасымалдау жолдарын кенттен тысқары өткізу қарастырылмағандықтан, тау жыныстары тікелей кент ішімен өтеді.

Адам организміне әсері: кент радияция аймағында орналасқандыңтан, адамдардың денсаулығы қуантарлықтай емес. Адам бойында шаш пен тістің түсуі (кальцийдің жойылуынан), тыныс алу жолдарының қабынуы байқалған.