Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Айсулу дипломдык жумыс.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
97 Кб
Скачать
☆

Бақылау сұрақтары

  1. Кестелер арасындағы байланысты қалай орнату мүмкін?

  2. Аccess те байланыстың қандай типтерін жасау мүмкін.

  3. Бірі көбіне (один ко  многим) байланысты орнату?

 

Деректерді іріктеу және фильтрлеу

 

Жұмыстың мақсаты:       Деректер қорынан қажетті  деректерді (фильтрация) іріктеп алуды үйрену.

Теориялық мәлімет

         Сұрыптау, іздеу және фильтрлеу деректер қоры кестесінде қажетті ақпаратты табу үшін пайдаланылады.

         Кесте Кесте режимінде ашылған кезде ол кілттік өріс мәні бойынша реттеледі. Егер кесте үшін кілттік өріс анықталмаған болса, жазбалар кестеге енгізілу реті бойынша шығады.

         Сұрыптау ережелері:

  • жазбаларды өсу реті бойынша сұрыптау кезінде бос өрістер тізімде бірінші болып көрсетіледі.

  • Мәтіндік өрістердегі сандар символдар қатары болып сұрыпталады: егер оларды сандық рет бойынша сұрыптау керек болса, барлық мәтіндік қатарлардың символдар саны бірдей болуы керек; егер қатарда символ саны аз болса, онда қатар басына нөлдерді жазу керек.

  • Сұрыптауды орындау үшін курсорды сұрыптау орындалатын өрістің кез-келген жазбасына орналастыру қажет және Жазбалар-Сұрыптау-Өсу реті бойынша сұрыптау (Кему реті бойынша сұрыптау) командаларын орындау керек немесе пиктограммаларды пайдалануға болады.

  • Бірнеше өрістердің мәні бойынша сұрыптау үшін сұрыпталатын бағандарды бірінші болып шеткі сол жақтағы баған сұрыпталатынын ескере қатар орналастырып, сұрыпталатын бағандарды ерекшелеп Жазбалар-Сұрыптау-Өсу реті бойынша сұрыптау (Кему реті бойынша сұрыптау)  командаларын орындау керек.

Кестені сақтаған кезде оны сұрыптау реті де сақталып қалады. Бастапқы кілттік өріс мәні бойынша сұрыптау ретіне келтіру үшін Жазбалар-Фильтрді алып тастау командасын орындау керек.

Access-тің деректерді іздеу және алмастыру мүмкіндіктері бар. Осы операцияларды орындау үшін курсорды іздеу қаажет деректер жазылған өріске қою керек. Іздеу кестенің белсенді жерінен басталады (белсенді жазба, белсенді өріс). Кестенің барлығын көру үшін бірінші жазбаға ауысып одан кейін іздеуді бастау керек. Іздеуді орындау үшін Түзету-Табу командасын орындау керек. Алмастыруды орындау үшін Түзету-Алмастыру командасын орындау керек. Өрісте іздеу (Өрісте алмастыру) сұхбаттық терезесінде Үлгі мәтіндік өрісіне ізделінді мәнді енгізіңіз. Іздеуде регистрді және өріс форматын ескермесе де болады. Үлгі мәтіндік өрісінді ізделіп жатқан мәнді бөлшектеп немесе толық алмастыратын шаблондарды пайдалануға болады. Егер іздеу өрісі индекстелген болса іздеу жылдам орындалады.

Жұмыстың орындалу реті:

Access-те  фильтрдің 4 түрі бар: ерекшеленген фрагмент бойынша фильтр, қарапайым фильтр, фильтр өрісі, кеңейтілген фильтр. Фильтрді қолдану нәтижесінде кестеден берілген шартты қанағаттандыратын деректер ғана экранға шығады. Фильтрлеу процесі кезінде алынған жазбалар жиынтығы нәтижелік жиынтық деп аталады.

Ерекшеленген фрагмент бойынша фильтр:

  1. Кестені Кесте режимінде ашу.

  2. Кесте өрісінде нәтижелік жиынтық жазбасы бар мәнді табу керек.

  3. Осы мәнді ерекшелеп Аспаптар панелінде «Ерекшеленген фрагмент бойынша фильтр» батырмасын басыңыз немесе Жазбалар-Фильтр-Записи-Фильтр-Ерекшеленген фрагмент бойынша фильтр командасын орындаңыз.

Кесте бағанында іріктеу үлгісі жылдам табылмаса фильтр өрісі пайдаланылады:

  1. Кестені Кесте режимінде ашу.

  2. Фильтрленетін өрісте тышқанның оң батырмасын басу керек. Контексті-тәуелді мәзірдегі Фильтр үшін... өрісіне іріктеу шартын енгізу керек (өріске тек нақты мәндерді ғана енгізіп қоймай, есептеуді қажет ететін өрнектерді де енгізуге болады).

  3. Фильтрді қолдану үшін пернесін басу керек.

Қарапайым фильтрді қолдану үшін:

  1. Кестені Кесте режимінде ашу.

  2. Фильтрді өзгерту батырмасын басу керек немесе Жазбалр-Фильтр-Фильтрді өзгертукомандасын орындау керек. Фильтрді өзгерту терезесі пайда болады.

  3. Осы өрістің кез-келгеніне іріктеу шарты болып табылатын мәнді енгізуге немесе тізімнен таңдауға болады. Бірнеше өрістерге енгізілген шарттар «және» логикалық операторы көмегімен біріктіріледі. Шарттарды «немесе» операторымен біріктіру үшін форманың төменгі бөліміндегі «немесе» жарлығын шерту керек. Іріктеу шартын енгізу кезінде Access-те мүмкін болатын кез-келген өрнекті пайдалануға болады.

  4. Фильтрді қолдану (Применение фильтра) батырмасын басу керек немесе Фильтр-Фильтрді қолдану командасын орындау керек.

Кеңейтілген фильтрді қолдану келесі ретпен орындалады:

  1. Кестені Кесте режимінде ашу.

  2. Жазбалар-Фильтр-Кеңейтілген фильтр командасын орындау керек. Кестенің өрістер тізімі және төменгі жағында бірнеше қатарлы бос бланкісі бар кеңейтілген фильтр терезесі шығады.

  3. Фильтр бланкісінің өріс қатарына мәндері бойынша іріктеу жазбасы орындалатын өрісті жылжытып алып келіңіз.

  4. Нәтижелік жазбалар жиынтығында сұрыптау болмайды. Қажет болса фильтр бланкісінің Сұрыптау (Сортировка) қатарына баған мәндерін шығару тәсілін көрсетуге болады. Бірнеше өрістерде сұрыптау ретін көрсету кезінде шеткі сол жақтағы баған жазбалары содан кейін келесі солдан оңға қарай әр баған жазбалары сұрыпталады.

  5. Фильтр бланкісінде Іріктеу шарты (Условие отбора) қатарында және Немесе (Или, Or) қатарында кестеден таңдау шартын көрсету керек. Бір қатарда орналасқан іріктеу шарттарында And логикалық операциясы орындалады.

  6. Фильтрді қолдану батырмасын басу керек немесе Фильтр-Фильтрді қолдану командасын орындау керек. Кестеге қолданылған соңғы фильтр жүйеде сақьалып қалады. Кестені қайта ашу кезінде Аспаптар панеліндегі Фильтрді қолдану батырмасын басуға болады немесе сақталған фильтрді қолдануға арналған мәзір командаларын пайдалануға болады. Бір мезгілде бір кестемен фильтрдің тек бір түрі ғана байланысқан болуы мүмкін. Кез-келген фильтрді Жазбалар-Фильтрді алып тастау (Записи-Удалить фильтр) командасын орындап болдырмауға болад

Кіріспе ........................................................................................................ Негізгі бөлім I - тарау. Мәліметтер қоры туралы жалпы түсініктер...................... 1.1. Мәліметтер қоры және ақпараттық жүйелер..................................... 1.2. Бүгінгі күнгі мәліметтер қоры............................................................. 1.3. Access – ті автоматтандырылған жұмыс орны ретінде пайдаланудың  тиімді жолдары............................................................................................ 1.4. Мәліметтер базасын пайдаланушылар............................................... 1.5. MS Access реляциялық мәліметтер базасын басқару....................... II - тарау. Microsoft Access жүйесінде жұмыс істеу. Microsoft Access...... 2.1. Негізгі обьектілер..................................... 2.2. Сұрату обьектісі..................................................... 2.3. Қолданбалы обьектілер........................................................... 2.4. Есеп обьектісі.................................................... 2.5. Макрос обьектісі............................................................... 2.6. Модуль обьектісі.............................................................. III - тарау. Жаңа мәліметтер қорын құру....................... 3.1. Жаңа мәліметтер қорын және негізгі обьектілерді құру.... 3.2. Сұратуды құру......................... 3.3. Қолданбалы обьектілерді құру............ 3.4. Есептер беруді құру........................................ 3.5. Макростарды құру................................................................ Эксперименттік бөлім. Лабораториялық сабақтарға арналған есептер 4.1.Тестік сұрақтар................................ 4.2. Тестік сұрақтардың жауаптары....................... Қорытынды бөлім Әдеиеттер...................................

Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі – оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады. Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құруға еніп, көкейтесті мәселе ретінде күн тәртібінен түспей отырғандығы мәлім. Ақпарат мемлекеттің даму деңгейін анықтайтын стратегиялық ресурсқа (қорға) айналып, ақпарттық мәдениетті қалыптастыру, яғни мәлімет өңдеу мен оны тасымалдау ісін атқару өркениетті дамудың қажетті шарты болып табылады. Қазіргі кездегі қоғам индустриялдық кезеңнен кейінгі дамудың ақпараттық кезеңіне аяқ басты. Ақпарттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен-күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Оның басты сипаттарына – ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану адамдардың көптеген қызмет түрлерін компьютерлендіру, комьютерлік өңдеудің мүмкіндігін жоғарлату жүйелерін жасау істері жатады. Компьютерлік өңдеудің мүмкіндігін жоғарлату, ол адамзат қызметінің әртүрлі өрісінде қолданылатын ақпаратты іздеу, жинау, өңдеу және пайдалануға байланысты сұрақтарды зерттейді. Компьютерлік өңдеуде мәліметтер қорын оқытудың мүмкіндігін жоғарлатуда қолданушы ЭЕМ-нің көмегі арқылы қабылдайды және қолдана алады. Өзектілігі:  Әлемдік ақпараттық кеңістікке ену жағдайында компьютерлік өңдеудің мүмкіндігін жоғарлатуды меңгертудің тиімді әдіс-тәсілдерін таңдау;  Адамзат қызметінің әртүрлі өрісінде қолданылатын ақпаратты іздеу, өңдеу және пайдалануға байланысты сұрақтарды зерттеу. Ғылыми жаңашылдығы: бүгінгі күнгі мәліметтер қорын басқару жүйелері (МҚБЖ) өз құрылымында тек қана мәліметтерді ғана емес, сонымен қатар тұтынушылармен немесе басқа да программалық-ақпараттық кешендермен қарым-қатынас жүзеге асырылатын әдістерді (яғни, программалық код) орналастыруға мүмкіндік жасау. Жұмыстың практикалық маңыздылығы: Пайдаланушылардың теория жүзінде алған білімдерін лаборатория түрінде пысықтап, практика жүзінде іске асыру. Қазіргі ахуалы: Теориялық және әдістемелік тұрғыдан зерттеліп, жетілдіру үстінде. Жұмыстың мақсаты – мәліметтер қорын құру. Ол мәліметтерді кесте, форма, сұрату, есеп беруші және макростар көмегі арқылы құрып, мәліметтерді өңдеуге – есеп берушіні пайдалана білу.  Міндеті:  • компьютерлік өңдеудің мүмкіндіктерін үйрету арқылы қолданушылардың қызығушылығын арттыру. • компьютерлік өңдеудің мүмкіндіктерін жоғарлату және жұмыс істеу жолдары жөнінде қолданушылардың көзқарасын қалыптастыру. • компьютерлік өңдеудің мүмкіншілігін түсінуге, салыстыру арқылы оның артықшылығы мен кемшіліктерін білуге үйрету. • Microsoft Access жүйесінің жұмысымен таныстыру, оны күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету. • Microsoft Access жүйесінде жұмыс істеуді үйрету арқылы қолданушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Жұмыстың зерттеу обьектісі – қазіргі заманда программалауда және ақпаратты өңдеуде Мәліметтер қоры (Microsoft Access) бағдарламасы кең түрде қолданылады. Алғашқы кезде, яғни, мәліметтер қоры түсінігі қалыптаса бастаған жылдары, бұл қорларда тек қана мәліметтер сақталып жүрді. Бірақ бүгінгі күнгі мәліметтер қорын басқару жүйелері (МҚБЖ) өз құрылымында тек қана мәліметтерді ғана емес, сонымен қатар тұтынушылармен немесе басқа да программалық-ақпараттық кешендермен қарым-қатынас жүзеге асырылатын әдістерді (яғни, программалық код) де орналастыруға мүмкіндік береді. Теорилық және әдістемелік негізі: Кіріспе, 3 тараудан, эксперименттік бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған дерек көздерінен тұрады.  "Кіріспеде" зерттеуде таңдап алынған тақырыптың көкейкестілігі дәлелденген және нысаны, пәні, мақсаты, міндеттері мен теориялық-практикалық мәні айқындалған. І тарауда. Мәліметтер қоры туралы жалпы түсініктер және ақпараттық жүйелер.Бүгінгі күнгі мәліметтер қоры, және оны пайдаланушылар туралы бірер сөз. Access – ті автоматтандырылған жұмыс орны ретінде пайдаланудың тиімді жолдары. Яғни Мілметтер Қорын басқару.  ІІ тарауда. Бұл тарау толығымен Microsoft Access жүйесінде жұмыс істеу. Негізгі обьектілерді, яғни Сұрату обьектісі, Қолданбалы обьектілер, Есеп обьектісі, Макрос обьектісі, Модуль обьектісі туралы және олармен жұмыстарды ұйымдастыруға арналған. ІІІ тарауда. Бұл тарауда жаңа мәліметтер қорын құру және негізгі обьектілерді құру тәсілдері қарастырылған.  Сонымен бірге Қорытынды және пайдаланылған әдебиеттермен толықтырылған.

MS Access. 

MS Access  ең кең таралған деректер қорын басқару жүйелерінің (ДҚБЖ) бірі болып табылады.

MS Access ақпаратты көрсету және сақтау үшін пайдаланылатын жеке компоненттерден тұрады. Олар: кесте, форма, есеп беру, сұраныстар, деректерге мүмкіндік беретін беттер, макростар және модульдер. Формалар мен есептерді құру үшін конструкторлар қолданылады, сондықтан бұл компоненттер конструкторлық объектілер деп аталады. Конструкторлық объектілер басқару элементтері деп аталатын едәуір кіші объектілерден тұрады (олар: өріс, батырмалар, диаграммалар, жақтаулар, және т.б.).

Кесте деректер қорының негізі болып табылады. MS Access-те бүкіл ақпарат кестелерде беріледі.

Формалар- форма терезесінде кестелерді енгізу мен көру үшін қолданылады. Олар экранда бейнеленген ақпараттың көлемін шектеуге мүмкіндік береді және оны тиісті түрде көрсетеді. Шебердің көмегімен форманы, оған алдын-ала құрылған шаблонның біріне сәйкес орналастырып берілген кестенің өрістерін енгізе отырып, құруыңызға болады. Форманың конструкторы көмегімен кез-келген күрделі дәрежедегі формаларды құрасыз.

Есеп берулер деректер қорында бар ақпаратты бейнелеу үшін қолданылады. Есеп берулер конструкторының көмегімен деректер тобын, өрістер тобын және есептелінетін өрістерді, оларды сәйкес жасайтын өз есеп беруіңізді дайындайсыз.

Сұраныс деректер қорынан ақпаратты алады, әрі мұнда деректер бірнеше кесте арасында бөлінген болуы мүмкін. MS Access-те сұранысты пішімдеу үшін үлгі бойынша сұрату деген әдіс қолданылады. Визуалды ақпарат негізінде бұл әдісті қолдана отырып бір немесе бірнеше кестелерден қажетті деректерді аласыз.

Деректерге қатынау беті MS Access немесе Microsoft SQL Server деректер қорында сақталған Интернет немесе Интернет арқылы жұмыс істеуге және оларды көруге арналған Web парақтың арнайы түрін ұсынады.

Макростар жиі орындалатын операцияларды автоматтандыруға арналған. Әрбір макрос бір немесе бірнеше макрокомандалардан тұрады, олардың әрқайсысының белгілі бір қызметі бар, мысалы, формаларды немесе есептерді баспаға жібереді.

Біз MS Access 2000-мен жұмысты бастаймыз. Егер Windows ортасында жұмыс істеген болсаңыз, онда меню, саймандар тақтасы, диалог терезесі ұғымдарымен таныс боларсыз. MS Access-ті іске қосу үшін келесі тәсілдердің бірін қолдануға болады: