Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Трбие.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
22 Кб
Скачать
☆

3.Тәрбие жұмысының әдістемесі практиканың міндеттері:

  • Студенттерде оқушылармен сыныптан тыс тәрбие жұмысының теориясы, әдістемесі және техникасы саласында кәсіби- педагогтік білімдерді және біліктіліктерді меңгеруді дамыту;

  • Жалпы тәрбие теориясы бойынша білімдерін кеңейту және тереңдету;

  • Студенттерде оқушылардың сыныптан тыс тәрбие жұмысының теориясы, әдістемесі және техникасы саласынан кәсіби- педагогтік білімдерді қалыптастыру;

  • Студенттерді жалпы педагогтік және арнайы тәрбиелеу біліктілігімен қаруландыру; диагностикалық, мақсат қоюшылық, жобалаушылық, ұйымдастырушылық, коммуникативтік, аналитикалық;

  • Оқушылармен сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру және өткізуге жауапкершілік пен шығармашылық қарым- қатынысын, сонымен бірге баланың- субъектінің тұлғалық әлеметтенуі және жетілуінің бірден- бір факторы ретінде оның қажеттілігіне сенімділігін дамыту;

  • Оқушылардың практикалық сыныптан тыс тәрбие жұмысын студенттердің теориялық тұрғыдан жете ұғынуын қамтамасыз ету;

  • Студентерде кәсіби- педагогтік өзін-өзі дамыту қажеттілігін қамтамасыз ету.

3.Тәжірибе мазмұны

Тәрбиелеу дегеннің мәнісі не ?

«Жас бала – жаңа өркен жайған жасыл ағаш тәрізді» - дейді халқымыз.

Жерге отырғызған жас көшет те қашан тамыры тереңдеп, жапырағы жайқалып, саялы ағаш болып үлкейгенше мәпелеп күтіп, үзбей тәрбиелеуді керек етеді.

Тәрбие кездейсоқ оқиға емес, ол қоғамның пайда болуына тән қасиет.

Тәрбие жеке тұлғаның санасына, мінез-құлқының дұрыс қалыптасуына әсер ететін құрал.

Тәрбие – халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, олардың айналамен қарым-қатынасын, өмірге көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру құралы.

Тәрбиелеу – халықтар бойына білімге негізделген этикалық ізгіліктер мен өнерлері дарыту (Әл-Фараби).

«Тәрбие – біз кімдерді тәрбиелейміз, солардың жүрегіне ықпал ету...

Тәрбие – бізге мәлім адамгершілік әдет-ғұрыптарың меңгеруді мақсаткөздеп, бір адамның екінші адамға ықпал етуі» (Л.Н. Толстой).

«Тәрбие – кең мағынасында – бұл рухани жағынан үнемі жетілу және баюда көпсалалы процесс» (В.А. Сухомлинский).

«Тәрбие, кен мағынасымен алғанда, қандай да болса бір жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсіуне көмек көрсету деген сөз. Ал енді, адамзат туралы айтылғанда, адамның баласын кәміл жасқа толып, өзіне-өзі қожа болғанша тиісті азық беріп, өсіру деген мағынада жүргізіледі» (М.Жұмабаев).

4. Тәрбие жұмысының әдістемесі практикасын ұйымдастыру

Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы студенттерінің өлкетану (жергілікті жерде) практикасы 10 аптаға созылады. Оқу жоспарымен анықталған тәжірибенің өту мерзімі мен орны Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің ректоры бұйрығымен бекітіледі.

Тәжірибе басталмастан 1 жеті бұрын оқытушы–тәжірибе басшыларының міндетті түрде қатысуымен студенттердің жиналысы өткізіледі.

Тәжірибені өткізу орындары – жергілікті жер.

Студент-практиканттың тәжірибе кезіндегі игереуге тиісті біліктер мен шеберліктер:

  • әртүрлі өсімдіктер мен жануарларды практика жүзінде тану;

  • әдістемелік дағдыларды игеру

  • студент-практиканттарды табиғатты бақылауға және талдау жасауға үйрету;

  • әр түрлі кәсіби құжаттарды толтыра білуге, жүргізуге үйрету;

  • табиғатқа экскурсия жасау нәтижесінде жинақтаған материалды өңдеуге үйрету.