Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
111111111111111112.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
244 Кб
Скачать
☆

Қазақстанның қорықтары

Қорық - ғылыми немесе мэдени жағынан айрықша бағалы табигат нысаналары (типтік немесе сирек кездесетін ландшаф-тар, өсімдік және жануарлар организмдерінің тұқымдас топта-ры, сирек кездесетін геологиялық жасалымдар, өсімдіктердің, жануарлардың түрлері бар) белгіленген тэртіп бойынша бөлінген жер жэне су кеңістігі. Қазақстанда мынадай мемлекеттік қорықтар бар: Ақсу-Жабағылы, Алматы, Қорғалжын, Барсакелмес, Науры-зым. Қорықтардың құрылу тэртібі, қызметі мен режимі арнайы ере-жеде белгіленген. Табиғатты қорғау шараларын жүзеге асырғанда ғана табиғат байлықтарын қорғау жөніндегі алға қойған үлкен міндеттерді орындап шығамыз. Табиғатты қорғауда қолдан келген шараларды жүзеге асыру - ардақты міндет, элеуметтік маңызы бар келелі мэселе.

Қорғалжын қорығы - құстар мен жануарлардың кейбір түрлерін сақтау жэне олардың табиғат өзгерісіне бейімделуін зерттеу үшін құрылған Сарыарқадағы корық. Қаз. ССР Мин. Кеңесінің 1968 жылғы 16 сәуіріндегі қаулысы бойынша ұйымдастырылды. Қорғалжын жэне Теңіз көлдерінің айдынын жэне олардың қамысты, нулы жағалауларындағы 2 мың км2 аумақты алып жатыр. Көлдердің тереңдігі Нұра мен Құланөтпес өзендері ағызып экелген жыныстардың шөгуіне байланысты жылына 0,5 - 2,5 м-ге дейін өзгеріп отырады. Қорықтың климаты құстар мен жануарлардың тіршілік етіп, өсіп-өнуіне өте қолайлы келеді. Жазда 40° С ыстық, қыста (қаңтарда) - 40° С-қа дейін аяз болады; жылына 200 мм шама-сында жауын-шашын түседі. Жаз айларында мұнда Африка, Оңтүстік Еуропа жэне Үндістаннан млн-нан астам қаз, үйрек, 2 млн-дай балықшы, аққу, қызыл қаз, ақ шіл, шағала, көгілдір үйрек, бірқазан, жапалақ, қарлығаш, тырна, көкқұтан т.б. құстар келеді. Көктем айларында бұларга арналып көл жағалаулары мен шөпті, ағашты алаңдарға мыңдаған ұя салынады, жабайы күріш сияқты дэнді өсімдіктер себіледі. Қорықта жануарлардан ақ қоян, көртышқан, борсық, сайғақ, жабайы шошқа т.б. кездеседі. Шортан, қызыл қанат, сазан, тұқы т.б. балықтардың өсіп-өнуіне толық мүмкіндік жасалған. Қорық - туристер мен әлкетану әуесқойларының саяхат орны («Қазацстан энциклопедиясы»).

"1 ■ -- 6. Берілген сүрақтарға жауап беріңіз 1-сүрақ. Қорық қандай кеңістік?

2-сүрақ. Қазақстанда кандай мемлекеттік қорықтар бар? 3-сүрақ. Қорғалжын қорығы қандай мақсатпен кұрылған? 4-сүрақ. Жаз айларында мұнда Африка, Оңтүстік Еуропа жэне Үндістаннан қандай құстар келеді?

Қазақтың ұлттық дастарқаны

Еш2 1. Сөз тіркестерін оқыңыз, түсініңіз. Жатқа қайталап айтыңыз

• Қазақтың ұлттық дастарканы Үлылық керуені

Үлттық адамгершілік рухы Дала даналығы Асқақ рухани байлық

  • Өмірлік ұстанымдар Қонақжайлык қасиет

  • Ерекше ықылас

  • Үлттық ұстаным Қайтпас қайраттылық

2. Аудиоқүралдан берілген мәтінді зейін қойып тыңдаңыз.

Оқыңыз. Түсініңіз

Қазақтың үлттық дастарқаны

Әрбір халықтың өзіне тэн ұлттық дастарканы болады. Әр ұлт асханасының өзіндік ерекшелігін сақтап қалады. Қазақ дастарқаны ежелден өзіндік болмысымен ерекшеленеді.

Үлылық керуенінде қазақ үшін жұлдыз болып тұратын Әбу Насыр Әл-Фараби: «Парасаттылық - кала халқына. қалаларға, қауымдарға тікелей қатынасты іс-эрекеттер барысында жинақталған өмірлік тэжірибелер арқылы сипатталатын ерекше күш. ГІарасаттылық эрбір қауымның, эрбір қаланың, халықтың белгілі бір қысқа, шектелген ұзак уақыт шеңберіне, ерекше бір дэуірге катысты катынасты іс-эрекеттерді, өмір салтын, қабілеттерді айқындауға мүмкіндік беретін ізденістердін нэтижелігіне жол ашып береді. Сонымен қатар ол қалаға, халыққа, қауымға не болмаса кездейсоқ туындаған жагдайларға тікелей катысты

112 ШШЖШ

іске асырылуға тиісті эрекеттерді де айкындап береді»,- деген. Осы пікірдің дэлелі ретінде қазақ халқы үшін үлкен маңызға ие болатын «қазақ дастарқаны» ұғымын атауға болады.

«Қазақ дастарқаны» деген ұғымда тек тамақ түрлерінің атауы ғана берілмейді. Мұнда тұтас ұлттық адамгершілік рухы танылады. «Қазақ дастарқаны»-ұлтымыздың«Конақкелсе-құт»принципіненегізделген, Әз Тэукенің «Жеті Жарғысында» бекітілген, дала даншіығында:

Қонац келсе есікке,

Жүгіре шыц кешікпе.

Жүгіре шыкпасаң есікке,

Кесір болар несіпке,-деп пайымдалған өмірлік ұстанымдар жүйесін танытады.

«Қазақтың ұлттық дастарқаны» - керемет материалдық, асқақ рухани байлықтың, адамгершіліктің нэзік те терең тамырларынан сусындаған танымның жинақталған бейнесі. Ұлттық қонақжайлық қасиеті, қонағын қастерлісіндей күтіп, барын сақтап алдына қоятын ұлттық тағамы, дастарқан басындағы адамдық, шығыстық, еуразиялық, қазақтың эдет-ғұрып, салт-дэстүрі де бір ғана «Қазақтың ұлттық дастарқаны» ұғымының мазмұнына сыйғыздырылған.

«Төрге шық, дастарқаннан дэм тат!» деген сөзді қазақ ерекше ықыласпен айтуға қалыптасқан. «Төрге шық!» - түптеп келгенде, ұлттық ұстаным. Екінің бірі танымайтын қонағын төріне шығармайды. Бірақ қазақтың дастарқанынан дэм татқан ешкім оған қастық жасауға жолы болмайды. Бұл - ұлттық рухтың қайтпас қайраттылығының көрінісі.

/ 3. Берілген сөйлемнің жалгасын мәтінді қолдана отырып, толықтырып жазыңыз

1-сөйлем. Қазақ дастарқаны ежелден ....

2-сөйлем. «Қазақтың ұлттық дастарқаны» - керемет материалдық, асқақ рухани байлықтың, адамгершіліктің нэзік те терең тамырлары-нан ....

3-сөйлем. «Төрге шык, дастарқаннан дэм тат!» деген сөзді қазақ....

і,л

~! І 4. Берілген сұрақтарға жауап беріціз

1-сұрақ. «Қазақ дастарқаны» деген түсінік ұлтымыздың қандай принципіне негізделген?

2-сұрақ. «Қазақтың ұлттық дастарқаны» қандай танымның жинақталған бейнесі?

3-сұрақ. «Қазақтың ұлттық дастарқаны» ұғымының мазмұнына қандай қасиеттер сыйғыздырылған?

4-сұрақ. Дастарқакга байланысты қандай сөзді казақ ерекше ықыласпен айтуға қалыгітасқан?

ЕЗ 5. Мәтінді мэнерлеп оқыңыз. Түсініңіз

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]