- •Шет ел салық жүйесінің ерекшелiгi
- •Ұлыбританияның салық жүйесі
- •1 Шет ел салық жүйесінің ерекшелiгi
- •1.1Салық жүйесіне қажетті негізгі талаптар
- •1.2 Қазақстан Республикасының салық жүйесі
- •1.3 Салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер
- •2 Ұлыбританияның салық жүйесі
- •1.1 Жергілікті салықтар
- •2) Жергілікті салықтар:
- •1.2 Қосымша салықтар
1.2 Қосымша салықтар
роялти, мөлшерлемесі 12,5%, бұл төлемдері 1982 жылдың
1 наурызына дейін мұнай өндіруге лицензия алған компа-
ниялар төлейді.
мұнайдан түскен табысқа салынатын салық 1975 жылы енгізілген. Бұл салықпен мұнай табыстарына салық салу басқармасы айналысады.
Ал, жергілікті деңгейдегі мүлік салығы 1990 жылға дейін жергілікті бюджетті калыптастырып келген негізгі нысан болатын. Салық жылжымайтын мүліктен жер, тұрғын үйлер, дүкендер, мекемелер, зауыттар мен фабрикалардан алынған, Салық базасы болып мүліктің таза жылдық құны саналған. Бірақ, 1990 жылдың наурыз айында М. Тэтчер үкіметі мүлік салығының жойылып, орнына жан басының салығы пайда болғанын хабарлады. Бүл салық жергілікті емес, ұлттық сипаттағы салық еді. Жасы 18-ге келген әрбір ағылшын азаматына қатысты бұл
салықты Ұлыбритания азаматтарының барлығы төлеуі тиіс бол-
ды. Нәтижесінде бұл реформа халықтың наразылығын тудырып,
жан салыгы біртіндеп жүйеден шыгарылып тастайды да, орнына
жылжымайтын мүлікке салынатын салық деген атпен алмасты-
рылды.
Қорыта айтқанда, Ұлыбританияның салык жүйесі түрлі реформаларды жүргізе отырып, жетілдірілу үстінде. Барлық салықтык түсімдер ішінде халықтан алынатын табыс салығының үлесі айтарлықтай, ол мемлекеттікбюджеткетікелей салық ретінде түсімдердің 64% қамтамасыз етеді, ал компания табысына салынатын салықтар үлесі шамамен 19% құрайды.
10
Қорытынды
Дамыған елдерінің салық жүйесінің тенденциясын және жалпы сипаттамасын қарастыру және талдау жасап отыру біздің міндетіміз.
Салық салу кезінде мемлекет белгілі бір принциптерді колданады. Салық салу принциптері салық теориясының басты элементі болып табылатынын ұмытпауымыз қажет.
Салықтар жөніндегі ілімнің тұңғыш қарлығаштары, саяси экономикалық, теорияның ең ірі классиктері Адам Смит, Вильям Питти және т.б. болатын.
Кезінде салық жүйесін құрудың төрт қағидасын Адам Смит ұсынған болатын. Олар күні бүгінге дейін (әрине дамыған елдерде) салық салуды ұйымдастыру принциптері ретінде қолданылады.
1.Біршіш қағида — салық әрбір салық төлеушінң тапқан табысына сәйкес алынуға тиісті;
2.Екінші қағида — салық мөлшері мен оны төлеу мерзімі заң жүзінде күні бұрын және дәл белгіленуі қажет;
3.Үшінші қағида — ыңғайлылық қағидасы, яғни әрбір салық төлеушіге қолайлы уақытта және осы салық төлеушіге ыңғайлы әдіспен алынуға тиісті;
4.Төртінші қағида — үнемділік қағидасы, яғни салық алу кезінде салық төлеушінің шығындары мейлінше аз болуға тиісті.
11
Қолданылдған әдебиеттер
1 Банк терминдері мен ұғымдарының қазақша-орысша сөздігі. / Ғ. Сейіткасымов, Б. Бейсенғалиев, Ж. Бекболатұлы — Алматы: Экономика, 2006
2 Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім жэне ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007
3 http://kk.wikipedia.org/wiki
4 Каможного Е. салык жүйесі Қазакстан экономикасы 1995ж
12
