Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kopia_vorosy_gos_kaz_s_otvetami.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
210 Кб
Скачать
☆

68. Құжаттық зерттеу

Құжаттық зерттеу. Бұл әдістің негізгі белгісі материалдарды кабинеттік жағдайларда зерттеу болып табылады, сондықтан бұл әдісті кейде камералық деп те атайды. Құжаттамалық зерттеуді арнайы жинақталған мағлұматтар негізінде, сондай-ақ іс жүзіндегі және өзге мақсаттарда қолданылатын мағлұматтар негізінде де жүзеге асыруға болады. Осылайша, ұсынылып отырған ірі құрылыс аймағындағы күтілген көлік ағындары туралы жеткілікті зерттелген мағлұматтар сәйкес келетін ұйымдардағы жобалық және жоспарлық материалдарды оқып-үйрену негізінде құрастырылуы мүмкін. Өзге мысал ретінде сәйкес келетін көлік кәсіпорнында алынуы мүмкін бағытжолдың жолаушы көлігінің жұмысын сипаттайтын құжаттардың талдамасын алуға болады.

69. Жаяу жүргіншілер қозғалысын ұйымдастыру келесідей түрде жүргізіледі

Жаяу жүргіншілер қозғалысын ұйымдастыру келесідей түрде жүргізіледі:

адамдардың көше және жол бойымен жүру үшін өз алдына көшелер салу;

көше мен жолдардың өту бөлігі арқылы өтетін жаяу жүргіншілер өткелін ұйымдастыру және жабдықтау;

көлік құралдары үшін жабық арнайы жаяу жүргіншілер аймағын ұйымдастыру;

аялдама орындарын жабдықтау және жолаушылар көлігінің қозғалысын кешенді түрде ұйымдастыру.

70. Магистральдан бөлек жаяу жүргіншілер қозғалысын қамтамасыз етудің негізгі тапсырмасы

Магистральдан бөлек жаяу жүргіншілер қозғалысын қамтамасыз етудің негізгі тапсырмасы болып оны көлік ағынынан бөлу болып табылады.

Бұған керекті негізгі шаралар келесідей:

жаяу жүргіншілердің ағынына сәйкес өту бөлігі бар тротуарларды қолдану;

жаяу жүргіншілер ағынының қозғалысына кедергі келтіретін барлық заттарды жою (тротуар бойындағы сауда нүктелерін , телефон будкаларын орнатпау);

жолдың өту бөлігіне жаяу жүргіншілер шықпас үшін кедергілер орнату;

тротуардың ені жеткіліксіз болған жағдайда жаяу жүргіншілер қозғалысын өту бөлігінен қосымша орын қалдыру қажет;

қауіпті жерлерде жаяу жүргінші жолдарына автомомбильдердің шығып кетпеуі үшін кедергілер орнату;

жаяу жүргінші жолдары бар жерлерге хабарлама-көрсеткіштер ілінуі қажет.

Автомобиль көлігі

71. Меншіктігі бойынша авто тасымалдар кеслесіге бөлінеді

Жекеменшік және мемлекеттік.

Көліктің жалпы пайдалану және жеке пайдалану түрлері болады.

Жолаушы көлігінің көліктердің басқа түрлерінен бірқатар артықшылық ерекшеліктері бар: жоғары маневрлік, жолаушыларды тікелей еңбек қолданысы орнына жеткізу мүмкіндігі, бұл көлік түрін қалалық, сондай-ақ қаламаңдық, халықаралық тасымалдауда пайдалануға мүмкіндік береді.

Көліктік жүйе деп қалалық тасымалдауда жүзеге асырылатын көліктік байланыстар жиынтығын атайды. Қалалық көлік жүйесін әр түрлі қалалық жолаушы көлігі түрлерімен қызмет көрсетілетін көшелердің көліктік өткелдерінің жиынтығы, сондай-ақ көше желісімен жартылай немесе мүлдем байланыспаған көліктік жерасты жолдары (метро жолдары) құрайды.

72. Жол регламентациясы бойынша барлық автомобильдер негізгі үш топқа бөлінеді

Жол регламентациясы бойынша барлық автомобильдер негізгі үш топқа бөлінеді:

«А» тобы - жол қабаты жетілдірілген жамылғыда бір оське 10 т. дейін немесе толық салмағы 52 т. дейінгі бір оське түсетін рұқсатты автомобильдер мен автопоездар жатады.

«Б» тобы - бір оське 6 т. дейін немесе толық салмағы 34 т. дейінгі бір оське түсетін рұқсатты автомобильдер мен автопоездар жатады.

«Внедорожник» тобы - бір оське 10 т. артық салмақ түсіретіндер жатады. Жүк тасымалдауда арнайы анықталған маршруттарда қозғалыс жасайтын немесе жол ғимараттарында әсері шектеулі.

73. Жолаушы автомобилі тасымалының форма бойынша ұйымдастырылуы

Жолаушы автомобилі тасымалының классификациясы. Барлық орындалатын жолаушылар автомобилі тасымалы келесі белгілерімен классификацияланады.

Жылжымалы құрамның жолаушы автомобилі тасымалы бойынша автобус және жеңіл автомобиль тасымалы болып бөлінеді.

Тасымал түрі бойынша қалалық, қала маңы, жергілікті, қалааралық, халықаралық қатынасы болып бөлінеді.

Қалалық тасымал автобустармен және жеңіл автомобильдермен жүзеге асады.

Қала маңы тасымалы қала маңы аудандарымен және қала маңы елді-мекендерімен байланыстырады.

Жергілікті тасымал селолық елді-мекендерде жолаушыларға қызмет көрсету.

Қалааралық тасымал жолаушыларды қала шетінен 50 км қашықтықтағы қалалармен байланыстырады.

Халықаралық автомобиль тасымалы екі немесе одан да көп мемлекетпен байланыстыратын тасымалды айтады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]