Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_osymsha_1_2_-_10.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
65 Кб
Скачать
☆

Орындалу алгоритмі Артериялық қысымды өлшеу.

№

Қадамдар

Орындау белгілері

1

Сол қолға манжетті орадым, манжетін тығыз бекітілгенін тексердім

Жүрек тұсына қарай орналасқан сол қолға манжетті орадым, манжетін тығыз бекітілгенін тексердім ( манжет астына 1 саусақ өту тиіс)

2

Шынтақ шұнқырына фонендоскоп орнықтырдым

Шынтақ шұнқырына фонендоскоп орнықтырдым

3

Вентильді жаптым, сосын манжетке тамыр соғуының жоқ болып кеткенше, ауаны қысып топтадым .

Вентильді жаптым, сосын манжетке тамыр соғуының жоқ болып кеткенше, тағы да 15- 20 мм с. б. ауаны қысып топтадым.

(тонометрдін көрсеткіші бойынша).

4

Вентильді аштым, сосын манжеттен ауаны босатып жібердім, манометрден көрсеткішті бақылап отырдым.

Вентильді аштым, сосын 2 мм/сек жылдамдығына манжеттен ауаны босатып жібердім, бір уақытта фонендоскоппен иық артериясынан тамыр соғуының тыңдадым, манометрден көрсеткішті бақылап отырдым.

5

Иық артериясының систолалық және диастолалық қысымының деңгейіне қорытынды бердім.

Иық артериясының систолалық және диастолалық қысымының деңгейіне қорытынды бердім.

Орындалу алгоритмі экг тіркеу техникасы және ережесі

№

Қадамдар

Орындау белгілері

1.

Емделушімен амандасып, сыртқы киімін белге дейін шешуді сұрадым, емшара мақсатын түсіндірдім. Кушеткаға емделушіні арқасына қаратып жатқыздым.

Амандастым, ЭКГ толтырып жазу үшін сыртқы киімін шешуді сұрадым. Кушеткаға емделушіні арқасына қаратып, аяғы иықтың еніне қарай, қолдары қабырғаларына және денесіне тигізбей жатқыздым. Білезік, аяқ асығын ашып қойдым .

2.

Электродтарды жөндедім.

Электродтарды ток жүргізуші гельмен қабаттап жақтым.

3.

Стандартты жалғамдарды толтырып жазу үшін электродтарды қойдым.

Электродтарды аяқ-қолға келесі ретпен қойдым :

- оң қол – қызыл электрод

- сол қол – сары электрод

- сол аяқ – жасыл электрод.

- оң аяқ (жерге қосу) – қара электрод.

4.

Кеуде жалғамдарын толтырып жазу үшін электродтарды қойдым.

Электродтарды кеудеге келесі ретпен қойдым :

- V1 –оң жақ төссүйектін 4-і қабыртқааралығына ;

- V2 – 4-і сол жақ төссүйектін қабыртқааралығына ;

- V3 - парастернальды сызығы бойынша 4-ші қабырға деңгейінде

- V4 –сол жақ ортабұғана сызығы бойынша 5-ші қабыртқааралығына ;

-V5 – сол жақ қолтық сызығы бойынша 5-ші қабыртқааралығына , V4 электрод жалғамдары сол көлденең деңгейінде

-V6 – – орташа қолтық сызығы бойынша 5-ші қабыртқааралығына , сол V4 және V5 электрод жалғамдарындай.

5.

Емделушіге ЭКГ жүргіздім.

Ақпарат беретін түймені қағазға бастым және емделушіге ЭКГ жүргіздім, әр жалғамдарда 4 жүректік цикл.