- •Мазмұны
- •І Жалпы ережелер
- •Іі. «5в011300 - Биология» мамандығы бойынша мемлекеттік емтиханға енгізілген пәндер тізімі:
- •Ііі. Пәндер және емтихан сұрақтары тізімі бағдарламасы
- •3.1 Ботаника
- •«Ботаника» пәні бойынша сұрақтар:
- •«Ботаника» пәні бойынша ұсынылатын әдебиеттер: Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •3.2 Зоология
- •«Зоология» пәні бойынша сұрақтар
- •«Зоология» пәні бойынша ұсынылатын әдебиеттер Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •3.3 Генетика
- •«Генетика» пәні бойынша сұрақтар:
- •«Генетика» пәні бойынша ұсынылатын әдебиеттер Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •3.4. Эволюция ілімі
- •«Эволюциялық ілім» пәні бойынша сұрақтар
- •«Эволюциялық ілім» пәні бойынша ұсынылатын әдебиеттер Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •3.5. Биохимия
- •«Биохимия» пәні бойынша сұрақтар:
- •«Биохимия» пәні бойынша ұсынылатын әдебиеттер Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •3.6. Адам мен жануарлар физиологиясы
- •«Адам мен жануарлар физиологиясы» пәні бойынша сұрақтар:
- •«Адам мен жануарлар физиологиясы» пәні бойынша ұсынылатын әдебиеттер Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
«Генетика» пәні бойынша сұрақтар:
Моногибридті будандастыру кезіндегі тұқым қуалау. Мендельдің заңдары
Жыныспен тіркесіп тұқым қуалау заңдылығы. Кроссинговер.
Молекулалық генетиканың жетістіктерін практикада қолдану. Мүмкіндіктері мен болашағы
Адам генетикасы, оны зерттеу әдістері мен ерекшеліктері
Аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуі кезіндегі тұқым қуалау (комплементарлы, эпистаз, полимерия).
Митоз және мейоздың генетикалық ролі.
Популяция генетикасы.
Мутациялық өзгергіштік (хромосомдық, геномдық, гендік)
Тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясы. Морган заңдары.
Өзгергіштік және оның классификатциясы. Генотиптік және фенотиптік өзгергіштіктер.
Медициналық генетика. Тұқым қуалайтын аурулар.
Нуклеин қышқылдарының құрылымы. Нәруыздың (белок) биосинтезі.
Селекция және оның генетикалық негіздері.
Модификациялық өзгергіштік.
Хромосоманың құрылымы, жіктелуі. Кариотип.
«Генетика» пәні бойынша ұсынылатын әдебиеттер Негізгі әдебиеттер:
1.Мұқамбетжанов К.Қ. Генетика. Оқулық. Алматы, 2005, -243 бет
2.Мұқамбетжанов К.Қ. Генетика және селекция негіздері. Алматы, 1996, -173 бет
3. Мұқамбетжанов К.Қ. Генетика. Оқулық. Алматы, 1994, -240 бет
4.Лобашев М.Е. Генетика. М., 1986, -250 бет
5.Берсімбаев Р.У., Мұқамбетжанов К.Қ. Жалпы және молекулалық генетика. Алматы, 2005, -167 бет
6.Бегімқұл Б.К. Генетика. Оқулық. Алматы, 2000, -201 бет
7. Әбилаев С. Молекулалық биология және генетика. Шымкент, 2008, -200 бет
8. Сартаев А. Адам генетикасы. Алматы, 2006, -243 бет
Қосымша әдебиеттер:
1. Берсімбаев Р.У., Мұқамбетжанов К.Қ. Генетика. Алматы, 2002, -167 бет
2.Гершкович И.Г. Генетика. М., 1988, -160 стр
3. Гершензон С.М. Основы современной генетики. Киев., 1983, -233 стр
4. Ватти К.В., Тихомирова М.М. Руководства к практическим занятиям по генетике. М., 1979, -150 стр
5. Мұқамбетжанов К.Қ., Аманжолова Л.Е. Генетика есептерінің жинағы. Алматы, 1993, -86 бет
6. Сартаев А., Жолымбетова С. Жалпы биология есептері.. Алматы, 2006, -90 бет
3.4. Эволюция ілімі
Эволюция ілімінің негізгі мәселелері биологиядан жүргізілетін мемлекеттік емтихан бағдарламасына енгізілген. Бағдарламада Дарвинге дейінгі және кейінгі кезеңге айтарлықтай келеңді орын берілген. Бұл кезеңдерді зерттеп-білу, эволюцияның синтетикалық теориясы деп аталатын қазіргі заман эволюция ілімі логикасының қалыптасуын түсінуге мүмкіндік береді. Тарихи принцип, ғылым салаларының негізін салушы ғұлама ғалымдардың еңбектерімен танысуға мүмкіндік жасайды. Бағдарламада қарастырылатын негізгі мәселелер: Дамудың тарихи жалпы заңдылықтары. Эволюцияның негізгі кезеңдері. Органикалық эволюцияның негізгі ерекшеліктері. Эволюция құбылысын зерттеу принциптері мен әдістері. Биология ғылымдары жүйесінде ілімнің алатын орны және оның философиясымен байланыстылығы. Эволюция ілімінің негізгі мәселелері.
Эволюциялық идеялардың даму тарихы. Дарвинге дейінгі кезеңдегі эволюциялық идеялардың қалыптасуы және дамуы. Антик дәуір философтарының /Гераклит, Эмпедокл, Аристотель Лукреций, Теофраст, Демокрит т.б./ еңбектеріндегі эволюциялық идеялар. Орта ғасырлар дәуірінде Европада ғылымның тоқырауы /ғылымның дамуындағы метафизикалық дәуір және креационистік көзқарастардың үстем болуы/. Тірі табиғаттың тұтастығы және дамуы жайлы көзқарастарды қалыптастыруда Д.Рей, К.Линней, Ж.Л.Бюффон, К.Вольф, М.В.Ломоносов т.б. ғалымдар еңбектерінің маңызы. Трансформизммен креационизмнің преформизим мен эпигенездің күресі.
Ж.Б.Ламарктің эволюциялық концепциясы. Ж.Б.Ламарктің дүниеге көзқарастарының философияның негізі. Табиғаттың эволюциялық жолмен даму идеясы. Эволюция себептерін баяндау: градация принципі, сыртқы орта факторларының әсері, тікелей, бірден бейімделу “Заңдары”, мүшелердің жаттығуы және жаттықпауы, жүре пайда болған белгілердің пайда болуы. Ламарктің түр және адамның пайда болуы жайлы көзқарасы. Ламарктің эволюциялық концепциясын талдау.
Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясы. Ч.Дарвинің өмірбаяны және еңбектері. “Түрлердің пайда болуы” еңбегіндегі /кітабындағы/ негізгі қағидалар. Мәдени формалардың эволюциясы. Дарвиннің өзгергіштік формалары, заңдылықтары және себептері жайлы көзқарастары. Табиғи сұрыптау принциптері. Табиғаттағы түрлердің өзгергіштігін дәлелдеу. Тіршілік үшін күрес және табиғи сұрыпталу ілімдері. Тіршірлік үшін күрестің алғы шарттары және формалары. Бейімділіктердің қалыптасуында және түрлердің пайда болуында табиғи сұрыптаудың шығармашылық рөлі.
Ч.Дарвиннен кейінгі кезеңдегі эволюция ілімінің дамуы. Эволюциялық палеонтологияның дамуы /В.О.Ковалевский, И.И. Мечников/ және морфологияның /Э.Геккель, Ф.Мюллер, А.Дорн/ қалыптасуы. Биогенетикалық заң. Үштік параллельділік принципі /әдісі/. Филогенетикалық шежірені құру.
Органикалық эволюция объективті процесс. Эволюцияны зерттеудің әдіс – тәсілдері. Тіршілік материя қозғалысының ерекше формасы. Тіршіліктің мәні туралы жалпы ұғымның дамуы. Тіршіліктің негізгі қасиеттері. Эволюциялық өзгеріс – жер бетіндегі тіршіліктің қажетті шарты. Тіршіліктің пайда болуы /биогенез/. С.Миллердің, С.Фокстың, Д.Оронның т.б. зерттеу жұмыстары. Көп жасушалылардың пайда болуы. Өсімдіктер және жануарлар эволюциясының негізгі ерекшеліктері мен кезеңдері. Эволюцияның дәлелдемелері және оны зерттеу әдістері. Палеонтологиялық, биогеографиялық, морфологиялық, эмбриологиялық, таксономиялық, генетикалық, молекулалы биологиялық, физиологиялық, селекциялық т.б. ғылым салаларындағы деректердің органикалық дүние эволюциясын дәлелдеудегі маңызы. Микроэволюциялық процестерді зерттеудегі қазіргі уақытта қолданылатын әдістер /генетикалық, морфологиялық, экологиялық/. Макроэволюцияны зерттеу әдістері: үштік параллельділік әдісі, экологиялық - морфологиялық әдіс.
Микроэволюция ілімі. Популяция-эволюцияның элементарлы құрылымы. Микроэволюция ұғымы. Микроэволюция ілімінің қалыптасуы, оның зерттейтін мәселелері және әдістері эволюция ілімінің дамытудағы маңызы. Тұқым қуалайтын өзгергіштік - эволюцияның элементарлы материалы. Өзгергіштік тірі ағзаға тән жалпы ерекшелік. Мутация-эволюция процесінің негізгі материалы. Мутацияның әртүрлі формаларының эволюциядағы маңызы. Популяция ұғымы. Популяцияның критерийлері. Популяцияның генетикалық құрылымының әртүрлілігі-эволюциялық өзгерістердің алғы шарты. Популяцияның генофонды жайлы ұғым.
Популяцияның генетикалық құрылымының өзгеруі - эволюцияның элементарлы құбылысы. Эволюцияның элементарлы құбылысы жайлы түсінік. Популяциялардағы генетикалық - анатомиялық процестер /гендердің дрейфі/. Популяцияның генофонды өзгертудегі олардың рөлі. Миграция.
Эволюцияның элементарлы факторлары. Элементарлы факторлар жайлы түсінік. Мутация процесін эволюцияның элементарлы факторлары ретінде талдау. Популяция толқынының типтері және олардың эволюциядағы рөлі. Оқшаулану популяциялардың арасындағы генетикалық айырмашылықтарды күшейтетін фактор. Оқшаулану типтері /кеңістік, биологиялық және т.б./, олардың сипаттамасы және маңызы.
Табиғи сұрыптау - эволюцияның қозғаушы және бағыттаушы факторы.
Табиғи сұрыптау ұғымы. Табиғи сұрыптаудың сандық сипаттамасы: сұрыптаудың коэффиценті, тиімділігі, жылдамдығы. Табиғи сұрыптаудың негізгі формалары: тұрақтандырушы, қозғаушы және дизруптивті (жіктеуші), жыныстық сұрыптау. Жеке және топтық сұрыптау. Табиғи сұрыптаудың эволюцияның басқа факторларының арасындағы орны.
Адаптациялардың пайда болуы. Адаптация ұғымы. Адаптациялардың классификациялары. Қарапайым қорғану құрылымдары (тас қабық немесе сауыт, қорғаныш рең, тікенек, шанышқы, мимикрия және т.б.) және олардың эволюция процесінде пайда болу, жақсару жолдары. Адаптациялардың салыстырмалы сипаты. Адаптациялардың классификациясы (пайда болу тегі, әртүрлі ортаға сәйкестілігі, эволюциялық масштабы және т.б.). Эволюция теориясының адаптация пайда болу проблемасын шешудегі методологиялық маңызы.
Түр – эволюция процесінің негізгі кезеңі. Түр концепциясының даму тарихы. Түр ұғымы жайлы Ч.Дарвин түсінігі. Қазіргі заман политипті түр концепциясы. Түр біртұтас генетикалық жүйе (Н.И.Вавилов). Түр критерийлері (морфологиялық, физиологиялық, биохимиялық, экологиялық, географиялық, генетикалық). Әртүрлі таксондардағы түрлердің құндылығы.
Түрдің пайда болу – микроэволюция нәтижесі. Жаңа түрлердің қалыптасу жолдары. Аллопатрикалық және симпатрикалық жолмен түрдің пайда болуы..
Макроэволюция мәселелері. Макроэволюция ұғымы. Макро- және микроэволюциялардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары. Макроэволюция және микроэволюция.
Филогенетикалық топтардың эволюциясы. Филогенездің негізгі формалары: Филетикалық эволюция, дивергенция, конвергенция және параллельдік. Бұл процестердің биологиялық маңызы.
Мүшелердің және функциялардың эволюциясы. Ағзаның біртұтастығы және оның мүшелерінің салыстырмалы автономдылығы. Филогенездегі мүшелермен жүйелер өзгеруінің өзара байланыстылығы (филетикалық эволюция). Мүшелерінің рудименттену және редукциялану себептері мен механизмдері. Атавизмдер.
Онтогенез эволюциясы. Онтогенез эволюциясы жайлы жалпы түсінік. Онтогенездің эмбриондануы. Автономдану – онтогенез эволюциясының негізгі бағыты. Неотения және фитализация. Метаморфозданып және тура даму. Онтогенез - филогенездің негізі. Филэмбриогенез ілімі ( А.Н.Сверцов). Рекапитуляция ілімі. Эволюциялық прогресс. Прогресс туралы түсінік. Биологиялық процестің басты бағыттары. А.Н.Северцов пен И.И.Шмальгаузеннің көз-қарастары. Биологиялық регресс. Эволюциядағы шектелу мен өлім. Антропогенез. Адамның пайда болуы жайлы түсініктің дамуы. Адамның жануардан пайда болғандығын дәлелдейтін зоологиялық, антропологиялық, генетикалық және басқа салалардағы деректер. Антропогенездің негізгі дәуірлері. (Дриопитектер, рамапитектер. Австралопитектер. Епті адам – Homo habilis, тік жүретін адам Homo erectus, архантроптар, неандерталь адамы полеонтроптар, кроманьон адамы, саналы адам, неонтроптар) және олардың сипаттамалары, ұқсастықтары мен айырмашылықтары. Саналы адам эволюциясының негізгі дәуірлері. Адам нәсілдері және олардың қалыптасу жолдары. Қазіргі заман адамның эволюциялану ерекшеліктері.
Эволюция ілімінің маңызы. Ғылымның практикалық бағытта дамуындағы эволюциялық теорияның атқаратын рөлі. Селекцияның ғылыми негізі. Эволюциялық теория және медицина. Эволюциялық теория тұрғысынан алғандағы табиғатты қорғау және үнемді пайдалану. Эволюция теориясындағы дискуссиялық мәселелер.
