Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
FD_test.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
38 Кб
Скачать
☆

Тыныс алу жүйесі.

1. Рентген көрінісінен өкпе тінінің ашықтығының артуы қай синдромға тән?

A) өкпе эмфиземасы,пневмоторакс

B) бронхит,эксудативті плеврит

C) крупозды пневмония,ошақты пневмония

D) өкпе туберкулезі,өкпе инфаркты

E) гепатит,цирроз

2. Рентген көрінісінен өкпе тінінің ашықтығының төмендеуі қай синдромға тән?

A) өкпе эмфиземасы,пневмоторакс

B) бронхит,эксудативті плеврит

C) крупозды пневмония,ошақты пневмония

D) өкпе туберкулезі,өкпе инфаркты

E) гепатит,цирроз

3. Компьютерлік томография өкпенің қандай өзгерістерін анықтайды:

A) гистологиялық өзгерістер

B) кеуде сарайының өзгерістері

C) физиологиялық өзгерістер

D) анатомиялық өзгерістер

E) патологиялық өзгерістер

4. Бронхография әдісінде бронх саңылауларына қандай контрастты зат жіберіледі?

A) сергозин

B) йодолипол

C) верографин

D) сұйық барий сульфаты

E) кардиотраст

5. Пикфлоуметрия аспабының қалыпты жағдайындағы бронх өткізгіштігінің жиілігі:

A)80-100%

B) 60-80%

C) 100-120%

D) 120-150%

E) 40-60%

6. Өкпе қабы қуысына пункцияны кеуде сарайының қайсы шекараларына жасайды?

A) 5-ші мойын омыртқа

B) қолтық асты сыртқы сызығы бойына 7 немесе 8

C)7-ші мойын омыртқа

D)6-бел омыртқа

E) дауырыннан 3 см жоғары

7. Көрсетілген рентгенологиялық тексеру әдістерінен қайсы қосымша болып табылады?

A) флюорография

B) электрорентгенография

C) рентгенография

D) полиграфия

E) ренгеноскопия

8. Негізгі рентгенологиялық зерттеуге жатады:

A) бронхография

B) томография

C) флюорография

D) рентгенокимография

E) ангиография

9. Оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде неше сегмент бар?

A)1 сегмент

B) 2 сегмент

C) 3 сегмент

D) 4 сегмент

E) 5 сегмент

10. Өкпе ателектазының рентген суретінің көрінісі:

A) өкпенің үйлесімді бөліктерінде біркелкі қараю

B) өкпе көлемінің азаюы

C) көкіректің көлеңкесі қарайған жаққа қарай ығысуы

D) ателектазға ұшыраған бөлік қарайып,өлшемдері кішірейіп көрінеді

E) барлық жауап дұрыс

11. Пневмоторакс кезінде рентген суретінің көрінісі:

A) кішірейген

B) үлкейген

C) мүлдем болмайды

D) азайған

E) қоюланған

12. Өкпе түбірінен кеңеюі байқалады:

A) өкпе артериясы кеңеюі кезінде

B) бронх ісіктерінде

C) лимфа түйіндерінің ұлғаюында

D) пневмония кезінде

E) барлық жауаптары дұрыс

13. Өкпе және бронх тармақтары айналасында орналасқан лимфа түйіндері қандай белгі береді?

A) өкпе түбірінің патологиясы

B) сақина тәрізді жарықша

C) ошақты көлеңке

D) жарықшалану синдромы

E) өкпе суретінің өзгеруі

14. Ошақты пневмонияда ошақтар өкпенің қай бөлімінде жиі кездеседі:

A) төменгі бөлімінде

B) бөлімдерді таңдамайды

C) өкпе жазығында біркелкі шашырап жатады

D) жоғарғы бөлімінде

E) орта бөлімінде

15. Өкпе суреті қандай анатомиялық құрылымының көлеңкесі?

A) бронхтар

B) интерстициялық тіндер

C) өкпе тамырлары

D) лимфа тамырлары

E) лимфа түйіндері

16. Өкпе суретінің рентгенде өзгеруі қандай науқаста болуы мүмкін:

A) жүректің қақпалары өзгергенде

B) өкпе эмфиземасында

C) пневмосклерозда

D) циррозда

E) барлық жауап дұрыс

17. Кеуде қуысындағы мүшелерінің рентген суретіне таза техникалық дұрыс түсірілгенін қалай анықтаймыз?

A) аралық көлеңке кесінінің бойында барлық кеуде омыртқалары көрініп тұруы қажет

B) аралық көлеңкеде тек 3-4 жоғары кеуде омыртқасы көрінеді

C) орталық омыртқалар мүлдем көрінбейді

D) барлық омыртқалар көрініп тұрады

E) төменгі кеуде омыртқалары көрініп тұрады

18. Василов А.С. құлап жарақат алған.Рентгенограммада:оң жақ өкпеде IV-V-VI қабырғалары сынған,өкпе аймағында жарықшалану көрінеді,өкпе суреті осы аймақта жоғалған. Шеттері бір келкі,түзу.Сол жақ өкпеде өзгеріс жоқ.Жарықша синдромының сыртқы шеті қандай мүшенің көлеңкесі?

A) сынған қабырға көлеңкесі

B) сұйықтық деңгейі

C) өкпенің түбірі

D) жарақаттанған өкпенің шеті

E) аралық мүшелердің көлеңкесі

19. Рентгенограммада: бір келкі қою қарайған көлеңке оң жақ өкпенің 3 қабырға бойынан бастап диафрагмаға дейін,қисық деңгейі бар.Қандай дертке сәйкес көлеңке?

A) пневмоторакс

B) қабырғалы плеврит

C) экссудативті плеврит

D) өкпенің жоғарғы бөлігінің қабынуы

E) өкпенің астыңғы бөлігінің қабынуы

20. Өкпе ателектазы рентгенде қандай белгі береді?

A) қарайған көлеңке

B) ұшақтарға ұқсас көлеңке

C) үшбұрыш қарайған көлеңке

D) домалақ қарайған көлеңке

E) сақинаға ұқсас өзгеріс

21. Өкпе суреті пневмоторакс болғанда қалай өзгереді?

A) азайған

B) мүлдем көрінбейді

C) өзгермеген

D) қоюланған

E) көбейген

22. Өкпе суретінің өзгеруі қандай науқаста болуы мүмкін?

A) жүректің қақпалары өзгергенде

B) өкпе эмфиземасында

C) пневмосклерозда

D) циррозда

E) барлық жауап дұрыс

23. Пневмотахометрия зерттеу әдісі нені анықтайды?

A) ауа ағымының жылдам ауа жұтқан және жылдам ауа шығарған кезіндегі,ең биік жылдамдығын өлшеу

B) несеп жүйесінің жалпы рентгендік суретін түсіру

C) организмге бүйрек сіңіретін препараттарын пайдалануға негізделген

D) өкпенің рентгендік көрінісі

E) өкпе қабының висцералды және париеталды жапырақшаларын көруге,өкпе қабының жабысқанын ажырату үшін

24. Бронхоскопия зерттеу әдісі нені анықтайды?

A) бронхтар мен кеңірдектің шырыш қабатын қарап зерттейді

B) тыныс алу көлемін зерттейді

C) өкпенің әр түрлі теңдігінде орналасқан өзгерістерді зерттейді

D) физиологиялық өзгерістерді анықтайды

E) өкпедегі ошақтарды зерттейді

25. Рентген сәулесі арқылы тексергенде өкпеде тығыз гомогенді,бір немесе бірнеше бөліктерден тұратын инфильтрат анықталады.

A) тыныс демікпесі

B) бронхоэктаз

C) өкпе абсцесі

D) крупозды пневмония

E) ателектаз

26. Тырнағы томпайып,саусақтары «барабан таяқшалары» тәрізді өзгеруі қандай ауруға тән:

A) тыныс демікпесі

B) бронхоэктаз

C) өкпе абсцесі

D) крупозды пневмония

E) ателектаз

27. Рентген сәулесінде өкпенің сегментарлы немесе полисегментарлы,гомогенді қараю анықталады,ол өкпенің төменгі бөліктерінде орналасады:

A) ателектаз

B) тыныс демікпесі

C) бронхоэктаз

D) ошақты пневмония

E) өкпе абсцесі

28. Адам ауруларын диагностикалауға арналған иондаушы емес сәуле түрі:

A) рентген сәулесі

B) бетта-сәуле

C) гамма-сәуле

D) альфа-сәуле

E) ультрадыбыстық сәуле

29. Рентгендік сәуле дегеніміз не?

A) ультрадыбыстық сәуле

B) гамма-сәуле

C) электромагниттік толқындар

D) ұсақ ұшқындар

E) инфра қызыл сәуле

30. Өкпені жалпы тексеруде зерттеу әдісі:

A) томография

B) рентгеноскопия

C) рентгенография

D) флюорография

E) компьютерлі томография

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]