Тергеу әрекетінің қолданбалы салалары
Күнделікті жұмысында тергеуші көптеген кәсіби тапсырмаларды шешеді. Олар тергеудің қолданбалы мәселелері деп аталынады. Оған бірқатар құқықтық сұрақтар, міндеттер, тергеу жағдайлары жатады. Осы жағдайлардың психологиялық ерекшіліктерін, заңдылықтарын, оған қатысатын адамдардың психологиялық өзгешеліктерін, арақатынастарын психолог толығынан игергені жөн. Ең маңыздылары болып табылатындарының психололгиялық негізін қарастырайық. :
І. Оқиға болған жерду қарау психологиясы.
Оқиға болған жерді қарау – оны кәсіби, мақсатталынған түрде қабылдау. Қарау оқиғаның мән-жайын жобалап, болжам құрастыруға мүмкіндік береді.Бұл міндетті орныдау үшін келесі шарттар орындалуы керек:
тергеушіде ізденіс қабілеті жоғары болуы керек, яғни қабылдау, зейін, ойлау, ес, қиял жоғары дамығаны қажет.
Тергеу тобының сипаты лайықты болуы қажет;
Толғаныс, қақтығыс, асығыс күйлерін тергеуші болдыртпауға тырысуы қажет;оқиға болған жерде көптеген физикалық факторлар (ауа райы, климат, қабылдау уақыты) бірқалыпты түрде сақталынуы керек;
Тргеуші жағымсыз психологиялық күйде болмауы керек.
Тергеушінің ізденіс қабілеті оның зерделік, шығармашылық қабілетіне, кәсіби байқағыштығына, жігеріне, бағдарларына, кәсіби тәжрибелілігіне байланысты болады. трегеуші іөзденіс қабілеьін үнемі жаттықтыруы қажет. Оған психолог жәрдемші бола алады. Танымдық қасиеттерін дамыту, ес пен ойлау қабілеттерін жоғарлату, байқағыштықты күшейту, психиканы белсендіру, жігерлі жұмыс пен демалыс уақытын кезектестіру мәселелері бойынша психолг тергеушіге кеңес береді.
Оқиғаны қарау кезінде тергеуші көптеген қыйыншылықтарға кез болады. Осы кедергілердің біреуі – тергеуші мен тергеуді жалған жолға салу мақсатымен қылмыскердің оқиға болған жерді теріс, жалған түрде көрсетуі (инсцентировка). Оның мақсаттары:
іздерді жою үшін болған оқиғаны (қылмыс фактісін) жасыру;
бір қылмысты екіншісімен жабу үшін (мысалы кісі өлтіруден кейін өлікті көлікке салып, жол апатын ұйымдастыру);
келесіде басқа қылмысты дайындау үшін;
өтірік дәлелдемелерді ұсыну үшін;
тәжрибелі қылмыскер оқиғаны басқаша көрсетіп, тергеушіні шатыстыруы мүмкін. Дегенмен, жалған көрсетідің бірқатар белгілері болады. Оған жататындары:
оқиға белгілерінің айрықша, ерекше айқындылығы, көрнектілігі;
бірден бірнеше қылмыс іздерінің көрінуі;
қарастырылатын орында табылған белгілердің жасалған қылмысқа, оның механизмына байланыссыздығы, сәйкесісіздігі;
оқиғаға қатысты адамдардың берген көрсетпелерінің қайшылықтары, анықсыздығы, бірі біріне сәйкессіздігі.
Қылмысты ашу кезінде тергеуші қылмыскердің ішкі дүниесі туралы болжамы болуы керек. Қылмыскердің психологиялық ерекшеліктерін, қылмысты жасау себептерін, құралыдар мен тәсілдерілн бңілген терегуші жұмысы тиімді, жемісті болады.
Психолог осы мәселелег байланысты терегушіге күрделі кеңес беруге міндетті. Қылмыстың субъективты компонеттерін аныйқтау үішн психолог мынадай мәселелерге назар ацудырағна жөн:
қылмыскердің жасаған ісіне қатысты психологиялық сипаттамалары (психологиялық бейнесі, суреті);
қылмыстық тәжрибе деңгейі, қылмыстық топ ішіндегі күйі,
қылмыс жасау кезіндегі пихологиялық күйі.
Оқиға өткен жерді қарау кезінде тергеушіге өзте жоғрй талап қойылады. Тиімді әрекет атқару үшін ойлау әрекетін дамытуы қажет. Осыған арналған беірнеше психотехникалық тәсілдер қолданылуы мүмкін:
Ойлауды бағыттау – күрделі ақпаратты бөлшектеу, себеп-салдар байланыстарын табу;
Ойлауды психологизациялау – эмпатия мен рефлексия көмегімен ойлау қорытындысын жасау;
Іске мағыналы ақпараттын жетіспейтін фрагменттерін толықтыру, оқиғаны қайта құрастыру (реконструкция);
өзінің ойлау қабілеттеріне сын көзбен қарай алу;
топ ішінде синэргетикалық әрекет жасау, топтық дискуссия, бірігіп ойлау, т.б. тәсілдерді қолдану.
Сонымен, оқиға болған жерді қарау – қылмысты ашу үшін мағыналы қылмыс орнында табылған материальді объектілерді іздеу, олардың белгілері мен арақатынасын табу және зерттеу болып табылады.
Барлық табылған мәліметтер ақпаратты кешен деп аталынады. Мәліметтер қылмыс механизмы, қылмыскер тұлғасы, оның жәбірленушімен арақатынасы туралы ақпараттың қайнар көзі ретінде пайдаланады.
Әрбір табылған зат айғақтық заттар санына (вещественные доказательства) қосылуы үшін мынадай критерийлерге сай болулары керек:
Затта, оның құрамында, құрылымында, күйінде зерттелінетін оқиғамен байланысты белгілі өзгерістері бар ма?
Заттың оқиғаға байланысты адамдарға қатысы бар ма?
Объекттің қандай белгісі нақты адам туралы ақпарат бере алады ма?
Объекттің қандай белгісі қылмысты жасау уақыты туралы қандай болмасын ақпарат бере алады ма?
Объекттің қандай белгісі қылмыс жасау жағдайы туралы ақпарат бере алады ма?
Осы сұрақтарға жауап берілгеннен кейін осы талаптарға сай табылған зат дәлелдемелер санына жатқызылады.
