- •Дәріс тақырыбы: Қылмыстық психология
- •Дәріс жоспары:
- •Қылмыскер адам қасиеттерінің психологиялық ерекшеліктері
- •Қылмыскерлер типологиясы
- •Қоғамға қарсы бағыттану белгісі бойынша типология негізінде адамның әртүрлі қоғамдық құндылықтарына деген қатысы жатады:
- •Әлеуметке қарсы бағыттану тереңділігі мен тұрақтылығы бойынша қылмыскерлер былай бөлінеді:
- •Қоғамқа деген қауыптілігі, қылмысты белсендігі бойынша қылмыскерлер мынадай типтерге бөлінеді:
- •Пайдақорлық қылмыскерлер :
- •Қосымша әдебиет
Пайдақорлық қылмыскерлер :
А) Өзін өзі бекітетін тип – қылмыс әрекет себебі болып өзін әлеуметтік, әлеуметтік-психологиялық, жекедара деңгейде бекітуде жатады. Сонымен қатар қосымша маңызы бірдей пайдақорлық мотив те бар. Бұл жағдайда жүріс-тұрыс көп себепті (полимотивный) болып келеді.
Ұрланған құнды мүлікке ие болу, оны билеу арқылы адам өз және өзге көзінде бекиді. Әсіресе жиі бұндай себебі бар қылмыстарды жастар жасайды. Әлеуметтік-психологиялық деңгейде бекіну үшін жасөспірімдер көп жағдайда өзіне деген референтты, жағымды топ мүшелері арасына кіру мақсатымен тонау немесе ұрлық жасайды.
Б) "Дезадаптивты" ("асоциальды"), икемі жоқ адамдар. Бұл тип әлеуметтік өмірге, қоршаған қоғамға бейімделе алмайды. Көбінесе үйі, мүлкі, жаұясы, кәсібі болмайды. Бұндай кісілер қайыр сұрап, ішімдікке салынып, қаңғыбастанып жүреді. Жиі сотталады, құжаттары, тұрақты мекенжайы жоқ болады. Оларды ештеңе де қызықтырмайды, өз тағдырына бұндай адамдар немқұрайлы қарап, еретңгісін ойламайды.
Бұндай бейімделмеген жүріс-тұрыс негізінде тұлғалық бағыттанудың жоқтығы, жалғыздық, жатырқаушылық, өмірдің белгісіздігі жатады. Басқа адамдармен, топпен, жалпы әлеуметтік ортамен эмоциялық байланыстар (үйірлер) жоқ болғандықтан адам жүріс-тұрыс себебі қылмыскердің басқа адам мен топқа тәрізденуден, ұқсаудан бас алып қашуға санасыз ұмтылуында жатады. Дезадаптивты адамдар қарым-қатынастары тұрақсыз болады. Бір жерде ұзақ уақыт жұмыс істей алмайды, еңбектен бас тартады, әлеуметтік жауапкершіліктен қашады . Бір сөзбен айтқанда осындай адамдар қоғамнан, әлеуметтен тыс жүруді жақтырады.
В)"Алкогольды" тип "дезадаптивты" типке жақын болады. Қылмысты әрекетті бұндай адамдар ішімдік табу үшін жасайды. Көбінесе олар хроникалық маскүнем болады. Тұлғалық терң түрде акогольдық бұзылысқа ұшырайды. Бар өмір мағынасы, негізгі құндылық олар үшін – ішімдік. Алкогольке тәуелділігі күшейген сайын ішімдік табу мотивінің күштілігі өсейіп келеді. Басқа мотивтер жоғала бастайды, әлеуметтік-псозитивті қажеттіліктер мағынасы жоғалып, жоққа шығарылады. Жанұя жағдайы, жұмыс – бәрі де олар үшін мәнсіз болады.
Қарым-қатынас сферасы өзгереді, жақын жолдастарды таңдағанда олар бірге арақ ішетін кісілерді іздейді. Сол кісілермен бірге алкогольды типке жататын қылмыскерлер ішімідк сатып алу үшін заңды бұзуға дейін барады. Осының бәрі дұрыс әлеуметтік ортадан алыстауға себеб болады, дезадаптациясын күшейтеді.
Алкогольды типке жататын адамдар ішімдікке деген бағыныштылығын қанағаттау үшін ұсақ ұрлыққа барады. Қылмысты әрекет ең қарапайым түрде жасаланады, алдын ала дайындық жоқ болады, қылмысты іздер жасырылынбайды. Ұрлаған заттарды бірден сатып, ақшасын ішімдікке жұмсайды.
Г) "Ойыншыл» типке жататын адамадарды психологиялық көзқарастан бағалау қыйынға түседі. Бұндай кісілер тәукелді, қауып-қатерді үнемі қажет етіп тұрады. Өз өміріне тәукел ететін әрекетті олар керемет жақтырады.
Олардың әрекетті полимотивті, көп себепті болып табылады. Қылмыс жасаған кезде пайдақорлық масатпен бірге олар ұшқар, шиеленіскен эмоцияларды сезіну мақсатын орындайды, тәуекелдік қажеттілігін қанағаттайды.
Д) "Семьялық" тип – қылмысты бұндай кісілер жанұя мүддесін орындау үшін жасайды. Әдетте осы ерекшелік ұрлаушыларда, парақорларда жиі кездеседі. Ұрлықты олар өзі үшін емес, өз жанұясының материальды қамтамасыздығы үшін жасайды.
Қолданылған әдебиет тізімі
Негізгі әдебиет:
Антонян Ю.М. , Еникеев М.И. , Эминов В.Е. Психология преступника и расследования преступлений. М. , 1996
2. Баев О. Я. Тактика следственных действий. - Воронеж, 1995.
3. Белкин Р. С. Моя профессия - следователь. - Гродно, 1995.
4. Белкин Р. С. (в соавт.) Тактика следственных действий. - М., 2007.
5. Васильев В. Л. Юридическая психология. - Спб., 1997.
6. Глоточкин А. Д., Пирожков В. Ф. Исправительно-трудовая психология. - Рязань, 1985.
7. Долгова А.И. Криминологические проблемы взаимодействия социальной среды и личности. М. , 1980
8. Еникеев М. И. Основы общей и юридической психологии. - М., 1997.
9. Еникеев М.И. , Эминов В.Е. Психологическая экспертиза при расследовании авиационных происшествий. М. , 2001
10. Еникеев М.И. Структура и система категорий юридической психологии. М. , 1996
11. Котов Д. П., Коновалова В.Е. Правовая психология. Харьков, 1997
Котов Д.П. , Шиханцов Г.Г. Психология следователя. Воронеж, 1977
Костицкий М.В. Судебно-психологическая экспертиза. Львов, 2000
Механизм преступного поведения. Под ред. Кудрявцева В.Н. М. , 1981
Ситковская О.Д. , Конышева Л.П. , Коченов М.М. Новые направления судебно-психологической экспертизы. М. , 2000
Смирнова Н.Н. Юридическая психология. Спб, Столяренко А.М. Проблемы и пути развития юридической психологии. Психологический журнал. 1988, Т.9, №5, 2000
17. Ярочкин В. И. Организованная преступность. - М., 1995.
18. Юридическая психология. Хрестоматия. Спб, 2001
