- •1.6. Параллакстық үшбұрыш және аспан координаттарын өзара түрлендіру
- •1.16 Сурет – Параллакстық үшбұрыш
- •1.11. Уақытты санау жүйелері
- •1.11.1. Жұлдыздық және күн уақыты
- •1.11.2. Жұлдыздық тәуліктер және жұлдыздық уақыт.
- •1.23 Сурет – Жұлдыздық уақыттың шырақтың тік шарықтауы мен сағаттық бұрышымен байланысы
- •1.11.3. Шын күн тәуліктері мен шын күн уақыты
- •1.19 Сурет - Шын күн тәулігінің бірқалыпсыздығын түсіндіруге
- •1.11.4. Орташа күн тәуліктері және орташа күн уақыты
- •1.20 Сурет – Уақыт теңдеуінің графигі: 1 – уақыт теңдеуі, 2 – центр теңдеуі, 3 – эклиптика көлбеулігінің теңдеуі.
- •1.11.6. Әлемдік уақыт
- •1.21 Сурет - ut1-utc айырмасы; mjd - модификацияланған юлиан күні
- •1.11.7. Жергілікті уақыт және бойлық
- •1.11.8. Белдеулік және декреттік уақыттар
- •1.11.9. Динамикалық уақыт шкалалары
- •1.11.10. Атомдық уақыт шкалалары
1.11.1. Жұлдыздық және күн уақыты
Жұлдыздық және күн уақыты Жердің айналуын бақылаудан анықталады. Жердің өз осі бойымен айналуының салдарынан жұлдыздар, Күн, аспан сферасының нүктелері аспан меридианы арқылы периодты түрде өтіп тұрады. Жұлдыздық немесе күн уақытын өлшеу аспан меридиан жазықтығы мен қалап алынған аспан денесінің (немесе аспан сферасы нүктеснің) еңкею шеңберінің жазықтығы арасындағы бұрышты өлшеу де негізделген. Егер уақыт көктемгі күн мен түннің теңелу нүктесінің сағаттық бұрышын өлшеу арқылы анықталса, мұндай шкала жұлдыздық деп аталады. Егер уақыт Күнді бақылаудан анықталса, ол күн уақыты деп аталады. Күн уақытының екі түрі бар – ол ақиқат (шын) күн уақыты (шын күн дискінің центрі бақыланады) және орташа күн уақыты (орташа экваторлық күн деп аталатын ойдағы нүкте бақыланады).
1.11.2. Жұлдыздық тәуліктер және жұлдыздық уақыт.
Көктемгі күн мен түннің теңесу нүктесінің бір географиялық меридианындағы екі аттас бірінен соң бірі болатын кульминациясы арасындағы уақыт аралығы жұлдыздық тәулік деп аталады.
Берілген меридиандағы жұлдыздық тәуліктің басы болып көктемгі күн мен түннің теңесу нүктесінің жоғарғы кульминация моменті алынады.
Көктемгі күн мен түннің теңелу нүктесінің жоғарғы кульминациясынан оның кез-келген келесі орнына дейін өткен жұлдыздық тәулік бөліктері түрінде (жұлдыздық сағаттар, минуттар мен секундтар түрінде) көрсетілген уақыт жұлдыздық уақыт (s) деп аталады.
Берілген меридиандағы жұлдыздық уақыт көктемгі күн мен түннің теңелу нүктесінің сағаттық бұрышына тең, яғни:
s = t. (1.11.1)
Бұл
нүкте аспанда белгіленбегендіктен,
жұлдыздық тәуліктің басын немесе
жұлдыздық уақытты анықтау үшін кейбір
шырақтың сағаттық бұрышын өлшеу керек.
Шырақтың тік шарықтауы белгілі болса,
онда,
t
= Qm,
=
m,
ал көктемгі
күн мен түннің теңелу нүктесінің сағаттық
бұрышы t
= Q
болғандықтан,
s = t = + t, (1.11.2)
яғни жұлдыздық уақыт кез-келген мезетте кейбір шырақтың тік шарықтауының оның сағаттық бұрышымен қосындысына тең (1.23 сурет).
t=0 болған кезде (шырақтың жоғарғы кульминациясы кезінде) s = болады.
t=12h болғанда (шырақтың төменгі кульминациясы кезінде): s = + 12h.
1.23 Сурет – Жұлдыздық уақыттың шырақтың тік шарықтауы мен сағаттық бұрышымен байланысы
Уақытты
жұлдыздық тәуліктер мен оның бөліктері
көмегімен өлшеу ең оңай тәсіл, сол
себепті ол көптеген астрономиялық
есептерді шешу кезінде өте тиімді тәсіл
болып табылады. Бірақ адамның күнделікті
өмірі Күннің көкжиекке қатысты
орналасуымен байланысты болғандықтан,
жұлдыздық уақытты күнделікті өмірде
қолдану өте ыңғайсыз: Күннің және күн
мен түннің теңелу нүктесінің өзара
орналасуы жыл ішінде үздіксіз өзгеріп
отырады да (әр жұлдыздық тәулік ішінде
Күн көктемгі күн мен түннің теңелу
нүктесіне қытысты шығысқа қарай ~1о-қа
ығысады), Күннің, мысалы, жоғарғы
кульминациясы (тал түс) жылдың әр күнінде
жұлдыздық тәуліктің әр түрлі мезеттеріне
сәйкес келеді (әр тәулік сайын Күннің
жоғарғы кульминация мезеті көктемгі
күн мен түннің теңелу нүктесінің
кульминация мезетіне қатысты 24
сағат
1о/360
о
≈ 4 минутқа (мұндай уақыт ішінде Күн
өзінің тәуліктік парллелі бойымен 1о-ты
өтеді) кешігіп қалады).
