- •3.Глиноземды күйежентектеу әдісімен өндіру технологиясы.
- •15.Магнийді алудың термиялық әдістері.
- •16.Магнийді силикотермиялық әдіспен өндіру технологиясы.
- •18.Ильменит конц-рын кендітермиялық балқыту. (технологиялық сұлбасы, негізгі реакциялары, пеш сұлбасы).
- •24 Сурақ Титан тетрахлоридін магний-термиялық тотықсыздандыру процесінің технологиясы
- •25.Титан металлургиясында реакциялық массаны вакуумдық дистилляция әдісімен өндеу технологиясы.
24 Сурақ Титан тетрахлоридін магний-термиялық тотықсыздандыру процесінің технологиясы
TiCl4-ті магнимен тотықсыздандыруды болатттан жасалған тығыздалып жабылған реторталық апаратта, инертті газдар атмасферада жүргізеді. Ретортаға алдын-ала Mg салып қажетті температураға дейін қыздырады, соңынан реттелген жылдамдықпен TiCl4 ,береді, нәтижесінде келесі реакциялар журеді
TiCl4(газ) + 2Mg(сүйық) = Ti(қатты) + 2MgCl4(сұйық)
TiCl4(газ) + 2Mg(газ) = Ti(қатты) + 2MgCl2
Реакциялар өте экзотермиялық ( жылу бөле жүреді) қарқынды жүреді кей жерлерінде температура 9250С-қа көтеріледі. Процестің температурасын 800-9000С ұстап отырады. Температураның төменгі шегі 7140С, жоғарғы температурасы 9750С. Одан жоғарғы температурада түзілген Ti реторта материалы реакцияға түсу мүмкін, ал температураны төменгі шектен төмендеді. Ti-ның хлоридтерінің төмендеуі тотықсыздану реакциясы келесі жүреді:
TiCl4 + TiCl2 = TiCl3
2 TiCl3 + Mg = 2 TiCl2 + MgCl2
Түзілу мүмкін TiCl4 балқыма немесе қатты бетте конденсациялайды, соңынан металдық Ti-ға дейін тотықсызданады. MgCl2 2 кезеңдеде сұйық күйде түзіледі. Ол негізгі жылу көзі . жылу қатты Ti алуға жұмсалады. Түзілген металдық Ti дендриттер түрінде болады. Реактордың төменгі жағына түсіп, онда кезекті масса түзеді. Түзілген MgCl2 конденсацияланып реактордың түбінде жиналады. Оны мезгіл-мезгіл құйып алып Mg-ның электролизына бағыттайды. Жұмсалған Mg-ның 1 литрне 3,68л MgCl2 түзеді. Ретортадағы MgCl2 деңгейі өсіп кетсе процесті тежиді. Процес кезінде Ti-ның төменгі TiCl3 , TiCl2 түзу мүмкін.Оның себептері:
1. Реакция зонасындағы температураның төменділігі
2. Ретортада суық зонасының болуы
3. Реакция зонасындағы температураның төменділігі
4. Реакция зонасында беттің жетіспеді
Ti-ның төменгі хлоридтердің түзілуі қажетсіз, ол Ti жогалғанын тудырады. Ретортаны ашқан кезде ауадағы ылғылмен жалын түтіндейді.Ретортада кеуектің өсуі барысында тотықсыздану сұйық Mg-ның кеуек капилярлар арқылы жоғары көтерілуі нәтижесінде жүреді. Кеуек ретортаның орта бөлігінде жоғары өседі, онда температура жоғарғы және TiCl4 концентрациясы жоғары. Процесс Mg 50-60% пайдалаған кезде аяқталған болып есптеледі. Бірақ ол кезде Mg-дың басым бөлігі кеуектің саңылауларында болады TiCl4 –пен әрекеттесуі қиындайды, процестің жылдамдығы баяулайды, сондықтан TiCl4 –ті беруді тоқтатып, ретортаны 9000 С –та біршама уақыт барысында ұстайды. Нәтижесінде Ti-ның төменгі хлоридтері толық тотықсыздандыралады. Түзілген MgCl2 85-90% ағызылып, Mg электролизге жіберіледі.
Тотықсыздандыруды өндірісте никель ыстыққа төзімді ретортада жүреді. Периодтық жұмыс өнімділігі 1-3 тонна Ti кеуегі қазіргі кезде 5-10 т реторта бар, d-1-2м, h-2-3м. Процесс аяқталған соң ретортаны пештен шығарып алып, монтаждау стендінде вакуумдық сепорация аппаратын жинайды. Тотықсыздандыру процестің нәтижесінде Mg және MgCl2 біршама мөлшері сіңірілген реакциялық масса алынады, оның құрамы 55-60%. Ti , 25-35% Mg, 9-12% MgCl2 Ti, кеуегінің сапасы бастапқы материалдың тазалығына байланысты. 1 кг Ti кеуегін алу үшін 4 кг 4 есе өседі, сондықтан барлық қоспаларының мөлшері қатаң шектелетін отырады. Сапасы тексеріледі TiCl4 әр түрлі газдарды жақсы сіңіретіндіктен процесті инерттік газдар атмосферада жүргізеді негізінен аргон қолданады. Аргонды 800-8500С-та арнайы пештерде тазартып береді.
Металлдық Ti алудың бірнеше жолы бар.
TiCl4 –ті Mg мен Na-мен тотықсыздандыру
TiО2 –ді Са және кальций гидридімен тотықсыздандыру
Электролиттік әдіс
Алынатын әдіске байланысты байланысты Ti, кеуек немесе ұнтақ түрінде алынады. Натрий термиялық әдіс.
