- •Мазмұны
- •1.Жалпы бөлім
- •2.Технологиялық бөлім
- •3.Конструкторлық бөлім
- •4.Еңбекті қорғау
- •5.Экологиялық бөлім
- •6.Экономикалық бөлім
- •Беларус – 3522 тракторының қозғалтқышына сипаттама:
- •1.2.Бұлғақтың қызметтік тағайындалуы мен техникалық сипаттамасы
- •1.Жалпы бөлім
- •1.1.Минск трактор зауыты және Беларус -3522 тракторы
- •1.3. Бөлшек материалына сипаттама
- •1.3. Шатунға қойылатын техникалық талаптар
- •2.Технологиялық бөлім
- •2.1.Бөлшек технологиясына анализ
- •2.3.Дайындама таңдау және оны есептеу
- •2.4. Технологиялық базаны таңдау
- •2.5.Операцияларды орындау реттілігі мен құрамын анықтау
2.Технологиялық бөлім
2.1.Бөлшек технологиясына анализ
1.Бұлғақ жұмыс жағдайларына байланысты құрылымы дәнекерленген немесе бекемдетілген дайындамны пайдалануға ұсынылмайды. Бөлшектің тағайындалуы арзан немесе оңай өңделетін материалға жеңілдетуге мүмкіндік бермейді;
2. ЧПУ станогын пайдалану бұлғақты жобалауда өнімділігі жоғары өңдеу әдістерін қолдануға мүмкіндік береді;
3.Бұлғаққа ішпекті бекітуге арналған тесікті өңдеуге қиындық тудырады, қосымша айлабұйымды талап етеді
4. Өңдеу кезінде жобалау және өлшеу базасын көбінесе біріктіруге болады;
5. бөлшектің дәлдігі мен кедір – бұдырлығына жоғары талап қойылған, сондықтан өңдеу дәлдігі жоғары жабдықтарды таңдау керек;
6. Сызбадағы барлық өлшемдер арнайы және әмбебап құралдармен өлшеуге мүмкіндік береді;
7. Бұлғақ қақпағы мен жоғары дәлдікті тесгінің қимасы негізгі база ретінде пайдаланады, жасанды база енгізу қажет емес;
8. Өңдеуді дәлдігі жоғары жабдықтарда жүзеге асырылуға тиіс, жеке беттеріне жоғары талап қойылады;
9. Дайындама: құю;
10. Өңделмеген беттерді жабу – төсеме бояу – 0119 МЕСТ 23343 – 78 жүргізеді.
Жалпы технологиялық құрылыс жеткілікті болып табылады және оның қабылдау мүмкін болады.
2.2.Өндіріс түрін анықтау
МЕСТ 3.1108 сәйкес - өндіріс түрі операцияларды бір жұмыс орынымен бекіту коэффицентімен сипатталады:
К б.о
=
мұндаQ – операция саны;
Ро- жұмыс орындар саны, қайсыларында осы операциялар орындалады.
Кб.о = 13/9 = 1,4
Өндіріс түрі келесі операцияларды бекіту коэффиценттерімен сипатталады:
- бұқаралық (жаппай) – 1;
- ірісериялы 1 – 10 дейін жоғары;
- орта (орташа) сериялы – 10- 20 дейін жоғары;
- шағын сериялы – 20- 40 дейін жоғары;
- жеке – 40.
Операциялардыбекітукоэффиценті:
Кб.о = 1,4
Демек, бұл ірі сериялы өндіріс түрі.
Ірі сериялы өндіріс –атау тізімі тар, үздіксіз әзірленетін немесе ұзақ уақыт ішінде жөнделетін бұйымдарды үлкен көлемде шығарумен сипатталады.
Ірі сериялы өндіріс зауыттары бір уақытта және паралельді (қатар) әзірленетін бір немесе бірнеше біркелкі бұйымдарды шығарумен мамандандырылады.
Ірі сериялы өндіріс келесі белгілермен сипатталады:
- әрбір жұмысшыға тұрақты қайта операцияларын бекіту.
- үздіксіз тасқынды әдіспен өңдеу және құрастыру.
- мамандандырылған және агрегаттық станоктардың автоматты желін қолдану.
- технологиялықпроцес бойыншажабдықтыорналастырыпқою.
- арнайықұралдармен, аспаптармен, автоматтандырылғанөлшеуқұрылғыларменжабдықталғандықбиікдәреже.
- жұмысшы мамандық дәрежесі орташа және жөндеушінің(реттеуші) мамандық дәрежесі жоғары.
2.3.Дайындама таңдау және оны есептеу
Бұлғақтар аз көміртекті және легірленген конструкторлық болаттардан дайындалады. Бұлғақтың дайындамаларын ірі сериялы және жаппай өндірістерде қалыптағыш штамптау балғалармен және иінді пресстер арқылы алады. Дайындаманы жеке қақпақ түрінде немесе қақпақпен бірге тұтас механикалық өңдеу кезінде кесіп дайындайды. Дайындаманы қақпақпен бірге тұтас дайындағанда материал шығыны және штамптаудың саны азаяды, бірақ жоғары қуатты штамптау жабдықтарды, неғұрлым күрделі штамтауды және қақпақты қосымша механикалық кесу операциясын талап етеді. Дайындаманы дайындау әдісі техникалық – және экономикалық есеппен шешіледі.Дайындаманың үлкен бастиегіндег тесікті әдіпті өңдеу арқылы алады.Бұлғақ дайындамсындағы кіші бастиектегі тесікті механикалық өңдеу арқылы алады.Штампталған бұлғақ дайындамалары және қақпақтары қалибрленуге және бедерлеуге ұшырауы мүмкін. Калибрлеу дайындаманың бет пішінінің дәлдігін жоғарлатады, дайындаманы бірінші механикалық өңдеу операциясына дайындап орнату қателігін төмендетеді, дайындамаға әртүрлі аз салмақ, жоғары сапалы бұлғақ алуға мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен қатар аз металл механикалық өңдеу арқылы еңбек сиымдылығын азайтады.Бедерлеу бұлғақ дайындамасы мен қапақтарының шет жақтарын алдын – ала кесу құралымен өңдеуді жоюға және оны тек ажарлау операциясына ауыстыруға мүміндік береді. Бұлғақ дайындамасы және қақпағы механикалық өңдеу операциясынан бұрын әдетте механикалық операциясына ұшырайды НВ 207 – 208.
Дайындамаларды алу үшін жоғарыда аталған нұсқалардың негізінде, қақпақсыз тұтас дайындаманы қабылдаймын, штамптау балғаларында және қосиінді престе штампталып алынған.
