- •2014 – 2015 Оқу жылындағы жтд бағытында дайындау үшін 6 курс интерндерінің Қорытынды бақылауға арналған медициналық симуляцияның сценариі (2 этап – клиникалық дағдыларды бағалау)
- •«Жанұялық амбулатория жағдайында аяқ веналарының варикозды ауруымен сырқаттанған науқасты диагностикалау және жүргізу тактикасы» клиникалық жағдайы бойынша
- •Бағалау парағы (check-list)
- •45 Жасар науқас әйел.
- •Зерттеу жоспары:
- •Жалпы зәр анализі
- •«Жанұялық амбулатория жағдайында аяқ веналарының варикозды ауруымен сырқаттанған науқасты диагностикалау және жүргізу тактикасы» клиникалық жағдайы бойынша жауаптар эталоны
45 Жасар науқас әйел.
Шағымдары: оң аяғындағы тері асты түйіндердің кеңеюі, кеште балтырларының ісінуі, аяғында ауырлық сезімі және кернелу сезімі.
Сұрақтың мәні |
Актер үшін сұрақ құрастыру |
Актердің жауабы |
Аурудың басталған уақытын нақтылау |
Ауыру сезімі қанша уақыттан бері мазалайды? |
Срңғы 2-3 жыл бойы, оң жақ аяғының, балтырдың алдыңғы және медиальды бетінде |
Ауыру сезімінің сипатын нақтылау |
Ауыру сезімінің сипаты қандай? |
ауырлық сезімі және кернелу сезімі |
Ауыру сезімінің локализациясын нақтылау |
Ауыру сезімі қай жерде орналасқан? |
Сол жақ балтырымның веналарының бойымен, бүйір және ішкі жақтан ауырады |
Ауыру сезімінің себебін нақтылау |
Ауыру сезімі немен байланысты пайда болады? |
Ауыру сезімі көп жүрген соң, жұмыс күнінің соңында пайда болады |
Ауыру сезімінің таралуы |
Ауыру сезімі таралады ма? |
Жоқ |
Ісіну сипатын нақтылау |
Ісінулер қашан пайда болады? Қайтады ма? |
Ісінулер ұзақ жүрген соң? Жиі кешке пайда болады. Таңертең ісінулер азаяды, бірақ толығымен жоғалып кетпейді. |
Косметикалық дефекттың пайда болу уақытын нақтылау |
Тері ішілік түйіндерді қашан байқадыңыз? |
Тері ішілік түйіндерді 2-3 жыл бұрын байқадым, ал веналардың кеңеюін босанғанс оң бірден байқадым (15 жыл бұрын). |
Анамнезінде: өзін 15 жылдан бері ауырамын деп есептейді, сол кезде босанған соң оң аяғында кеңейген веналар пайда болған. медициналық көмекке жүгінбеген. Әкесінде аяқ веналарының варикозды кеңеюі болған.
Объективті: науқас қалпы белсенді. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық, есі анық. Дене бітімі нормостеникалық, тамақтануы жасына және жынысына сәйкес келеді, бойы 164см, салмағы 63кг. Тері жабындылары таза, жылы, құрғақ, тіндер тургоры қанағаттанарлық. Көрінетін шырышты қабаттары қалыпты жағдайда. ТЖ минутына 17 рет, ЖЖЖ минутына 74 рет. АҚҚ 110/70 мм сын. бағ. Пальпацияда – іші жұмсақ, ауыру сезімінсіз. Курлов бойынша бауыры 12 х 10 х 9 см. Көк бауыры пальпацияланбайды.
Status localis: Қарағанда оң балтыры сол жағымен салыстырғанда жіңішкелеу. Балтырының ортаңғы және төменгі 1/3 бөлігінде, аяқ басында ісіну бар. Балтырының төменгі 1/3 бөлігінің терісі жылтыраған, түзі бозғылт, түктері жоқ, құрғақ, тығыз, жиналмайды. Балтырының алдыңғы және медиалды бетінде кішігірім тері ішілік түйіндер түрінде веналардың варикозды кеңеюі анықталады. Пальпацияда: веналардың консистенциясы тығыз эластикалық, оңай басылады, түйіндер үстіндегі температура басқа ошақтарға қарағанжа жоғары.
Зерттеу жоспары:
Жалпы қан аналізі
Көрсеткіштер |
Нәтижелер |
Қалпы/ Референтті көрсеткіштер |
Гемоглобин, г/л |
126 |
120-140 |
Эритроцит х1012/л |
4,3 |
3-4 x1012 |
ЦП |
0,9 |
0.9-1.1 |
Лейкоцит, х109/л |
6,0 |
3,9-10,6 |
Тромбоцит, х109/л |
260 |
180-320 |
Нейтрофил % |
||
с\я % |
63 |
47-72 |
т\я % |
4 |
1-6 |
Эозинофил |
3 |
До 5% |
Базофил |
1 |
|
Моноцит% |
3 |
3-11 |
Лимфоцит % |
27 |
27-30 |
ЭТЖ мм/сағ |
15 |
6-9 |
