Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мазмұны.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
288 Кб
Скачать
☆

6. Техникалық жоспарлау

5.1 Технологиялық үдеріс

Кеңсеге арналған жиһаз жиынын жасаудың үлгі технологиясы

1. Дайындамаларға арналған толық пішімді тақталарды пішімдеп кесу

Шпонмен қапталған немесе шекілуге жол берілмей ламинатталған АЖТ табақтарын тік сызықты пішімдеп кесу.

Шпонмен қапталған немесе шекілуге жол берілмей ламинатталған АЖТ табақтарын қисық сызықты пішімдеп кесу.

2. Дайындамалардың жиектерін қаптау

Дайындаманы механикалық жолмен беру кезінде жиектерін бір мезгілде өңдей отырып, тік сызықты жиекке жиекті қаптау материалдарын салу.

Дайындаманы қолмен беру кезінде материалдарды кесе отырып, қисық сызықты жиекке жиекті қаптау материалдарын салу.

Жиектік материалдың биіктігі және ұзындығы бойынша артығын алып тастау.

3. Дайындамаларда тесіктер бұрғылау

Шкантқа және шеттерінің фурнитуралары мен пластикті дайындамаларға тесіктерді көп шпиндельді бұрғылау.

4. Бұйымдарды құрастыру

Электрлендірілген аспапты қолдана отырып қолмен құрастыру.

7. Ғимараттар мен құрылыстар

Көзделіп отырған цехты алаңы 100 шаршы метрге жуық тұрғын үй емес жалға алынған үй-жайда орналастыру жоспарланып отыр. Өндірістік үдерістің ерекшелігіне байланысты үй-жай өртке қарсы қауіпсіздік жүйесімен жабдықталған. Үй-жай 2 бөлінген кеңселік жиһаз өндіретін цехтан тұрады, оның бірінде материалдарды пішімдеп кесу, ал екіншісінде – жиһазды құрастыру жүзеге асырылады.

Жабдық және мүкәммал (техника)

Жабдықтардың тізбесі және оларды сатып алуға арналған шығындар төмендегі кестеде көрсетілген.

Цехқа арналған жабдықтар тізбесі

Атауы

Саны

Баға, мың теңге

Сома

Форматты-пішімді САС-2500

1

607

607

Бұрғылау-шегендеу П700

1

531

531

Жиекті қаптамалы EB30 Virutex

1

873

873

Тозаң ұстайтын агрегат ПУА-3000

1

57

57

Кесетін аспап жиынтығы

2

94

187

Тозаң ұстайтын агрегаттарға арналған ауа шығарғыштар (20 м)

1

15

15

Ағаш шебері аспабының жиыны

6

30

178

Көмекші аспап

2

30

59

Кеңселік жиһазды жасауға арналған өнеркәсіптік жабдықтардың бірқатар артықшылықтары болады - олар функционалды, сенімді және бірегей. Оларда керек емес қосымша функциялар болмайды, бұл тапсырыс беруші мәлімдеген талаптарға сәйкес жеке жасалған жабдықтардың өзіндік құнын елеулі төмендетеді.

Өнеркәсіптік жабдық меншік иесіне жаңа өнімді шығаруға арналған өз қуаттарын жаңғыртуға, қайта жаңартуға және қажет болған кезде қайта бейімдеуге, жұмыс істеп тұрған технологияларды қосымша жиынтықтауға мүмкіндік береді.

Жабдықтар «КАМИ» компаниясының (РФ, Мәскеу қаласы) бағалық ұсыныстары негізінде таңдалды, ол Virutex (Испания) өндіруші компанияның өкілі болып табылады.

8. Коммуникациялық инфрақұрылым

Жобада қажетті коммуникациялық инфрақұрылым, атап айтқанда, электр, жылу және сумен жабдықтау, сондай-ақ телефон байланысы қазірдің өзінде болатын үй-жайды жалдау көзделген. Қажет болған кезде цех жағдайында жұмыс істеуге қажетті бейімдеу жүргізілетін болады.