- •Психология ғылымының пәні мен міндеті.
- •Қазіргі психологияның негізгі салалары мен бағыттары.
- •Психология ғылымының негізгі даму кезеңдері.
- •Психиканың даму кезеңдері (а.Н. Леонтьев бойынша).
- •Бихевиоризм және необихевиоризм.
- •Жас ерекшелік дағдарысы және оның белгілері.
- •Гештальт психологияның негізгі түсініктері мен категориялары.
- •Л.С.Выготскийдің мәдени-тарихи теориясы.
- •П.Я. Гальпериннің ақыл-ой әрекетінің сатылы қалыптасу теориясы.
- •Шетелдік психологиядағы тұлғаның негізгі теориялары (психоаналитикалық, гуманистік, Кеттелл, Келли, Бандура).
- •Қарым-қатынас анықтамасы, қызметтері, құрылымы, түрлері, жақтары.
- •Түйсік – психиканың сенсорлық ұйымдасуының негізі ретінде.
- •Қабылдау – психиканың перцептивті ұйыдасушылық негізі ретінде.
- •Ес түрлері мен құрылымы
- •Ес теориялары (г. Эббингоуз, в.А. Зинченко, а.Р. Лурия).
- •Ойлау туралы түсінік.
- •Ойлаудың түрлері мен типтері.
- •Зейін түрлері.
- •Зейіннің негізгі қасиеттері.
- •Темперамент туралы түсінік.
- •Темперамент теориясы.
- •Қабілет және нышан.
- •Қабілеттің түрлері.
- •Сана: түсінік қызметі және құрылымы
Ес түрлері мен құрылымы
Ес үдерісінің жалпы мнемикалық мазмұнын суреттеп, баяндау үшін бес үдеріс түрін ескеру қажет. Олар: есте қалдыру, есте сақтау, ұмыту, тану және қайта жаңғырту.
Есте қалдыру – бұл санаға жаңадан түсіп жатқан ақпаратты ұйымдастыру (рәміздей, бекіту, «меншіктеу»). Есте қалдыру шартты түрде екіге бөлінеді: ақпараттың өзін тікелей жадта рәміздеп (кодировать) бекіту және ақпараттан алған әсерді ғана есте қалдыру (запечатление).
Есте сақтау – есте қалдырылған ақпаратты белсенді не енжар (ырықты не ырықсыз) қайта өңдеп, меншікті ақпаратқа айналдыру (трансформация).
Ұмыту – сақтауға кері үдеріс, есте қалдырылған материалды қайта жаңғырту не тану мүмкіндіктерінің кемеюі.
Қайта жаңғырту – бұрын есте қалдырылған материалды тіктеу (реконструкция). Қайта жаңғырту үдерісі «тіл ұшына келтіру» (припоминание) және еске түсіру әрекеттерін де қамтиды.
Тану – нысандар мен құбылыстарды олармен тікелей қатынасқа түскен сәтте бұрыннан белгілі қалпында қабылдау.
Есті есте қалдыру, сақтау, қайта жаңғырту мақсатындағы ақпаратты ұйымдастыру үдерістерінің жүйесі және сол ақпаратты өңдеу қызметін атқаратын тұлғаның танымдық қабілеттері мен ол меңгерген білімдердің жүйелі арақатынасқа келуін қамтамасыз ететін интеллекттік жүйеше деп те қарастыруға болады.
Егер есті уақыт- мерзімге орай топтастыратын болсақ, ендеше оның келесідей түрлерін ажырата білу қажет: қысқа мерзімді, нақты іс-әрекеттік (оперативті) және ұзақ мерзімді.
Қысқа мерзімді ес – қабылдау аймағына түскен нысандар мен жағдайлар тобын бір көргеннен тікелей байқау және бекіту қызметін атқарады. Мұндай мерзімді естің қызмет бабы 30 секундтық, қабылдау көлемі - 5-7 нысан.
Нақты іс-әрекеттік ес – қажетті әрі мезеттік іс-әрекет нәтижесіне жету үшін ғана жасалған ақпаратты іріктеп сақтау және іске асыру жұмысына бағытталады. Бұл ес үдерісінің жалғастығы орындалатын іс-әрекетке жұмсалған уақыт мөлшерімен сипатталады.
Ұзақ мерзімді ес – аса жоғары маңыздылыққа ие болған ақпаратты түбегейлі не ауқымды уақыт жадта сақтау қызметімен байланысты.
Сенсорлы (сезімдік) ес – сезімдік ықпалдарды тікелей байқау, яғни нысанның сезімдік әсерін көрнекі бейне түрінде анық әрі толықтай қабылдап, өте қысқа уақыт аралығында сақтап тұру (0,25сек.).
Іс-әрекет субъекті ақпаратты түрлі сезім ағзаларының: көру, есту, иіс сезу, дәм сезу, сипай сезу – арқасында қабылдайды.
Осыған орай көру есі, есту есі, иіс сезу есі, сипай сезу есі және дәм сезу есі ажыралады.
Бұлардың басқа ақпаратты жадта қалдыру сипатына байланысты вербалды (сөздік ес), бейнелі, моторлы (қозғалыс есі), эмоционалды (көңіл, сезім, толғаныс есі), сондай-ақ заттардың кеңістікте, уақыт аралығында жайғасу, сандық, аты-жөні, адамдарды жадта қалдыру ес түрлері бөліне қарастырылады.
Жадта қалдыру үдерісінің даму дәрежесін ескерумен есті тікелей нақты және жанама деп ажыратудың да үлкен маңызы бар.
Тікелей нақты естің ерекшелігі – есте қалдырылған материалдың өңдеуі кем, қалай қабылданса, сол күйінде бейнеленіп, психикалық бекімге түседі. Мұндай жағдайларда субъект материалды көп мәрте қайталаумен, ешқандай құрал, әдіс қолданбастан, өңдеусіз жаттап алады.
Жанама ес – материалды есте қалдырудың әдіс, жолдарын іздестіріп, мағынасын түсініп, талдау, салыстырумен орындалатын ес түрі.
Есте қалдыру әдісі бойынша ес механикалық және ассоциативті (мағыналы) ес-түрлеріне ажыралады.
Іс-әрекет мақсатына орай келесідей ес түрлерін айыра белгілеуге болады:
1) ырықсыз ес – ақпараттың өздігінен, қандай да арнайы жаттауды қажет етпестен іс-әрекет барысында есте қалу түрі. Мұндай ес балалық шақта аса күшті дамиды да жас ұлғайған сайын бәсеңдейді;
2) ырықты ес – ақпараттың жадта қалуы мақсатқа байланысты, арнайы тәсілдерді қолданумен орындалады.
Ырықты естің тиімділігі есте қалдыру мақсатына (қаншалықты берік, ұзақ уақыт жадта сақтау қажетіне орай); жаттау тәсілдеріне тәуелді.
