Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақстан Республикасының жер қорының жіктелуі...docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
46 Кб
Скачать
☆

Жер қорының категорияларға бөліну динамикасы

Жер категориялары

Аудандары, млн. га

1990ж

2002ж

1

2

3

1. Ауылшаруашылық мақсатындағы жер

220,7

86,2

2. Елді мекендердің жері

2,1

20,5

3. Өнеркәсіп, транспорт, байланыс, қорғаныс және өзге де ауылшаруашылық емес мақсаттағы жер

19,8

2,3

4. Айрықша қорғалатын территориялардың жері

0,8

1,4

5. Орман қорының жері

10,0

22,4

6. Су қорының жері

0,8

3,6

7. Босалқы жер

17,5

124,7

Барлығы

271,7

261,1

Республиканың сыртында пайдаланылатын жер

0,5

0,9

Басқа мемлекеттер пайдаланылатын жер

0,8

11,3

Республиканың территориясы

272,5

272,5

Ауылшаруашылық мақсатындағы жердің басым бөлігі мемлекеттік емес заң тұлғалары (ауылшаруашылық кәсіпорындар, серіктестіктер, кооперативтер) мен құқық иелерінің – шаруа (фермерлік) қожалықтарының қарамағында. Бүкіл жердің 64% біріншілерінің, ал 32% ШФҚ пайдалануында.

Елді мекендердің жері 2002-ші жылдың 1- қарашасында жер қорының 7,9% құрады. Бұл категорияның басым бөлігі (90%)- ауылшаруашылық алаптары.

Елді мекендер жерінің құрамы (мың га)

Елді мекендердің түрлері

Барлығы мың га

Соның ішінде

Ауылшаруашылық алаптары

Құрылыстар астында

Алаңдар, көшелер және жолдар

Саябақтар, гүл алаңдары және т.б.

Басқалары

1

2

3

4

5

6

7

Қалалар мен қалашықтар

2251

1665

124,5

103,8

8,9

348,9

Ауылды елді мекендер

17950

16511

290,9

270,7

7,9

869,6

Барлығы

20201

18176

415,4

374,5

16,8

1218,5

Соңғы мәліметтер бойынша көптеген ауылды елді мекендердегі мал азығы алаптары тым белсенді түрде пайдаланылуда. Шаруа қожалықтары мен басқа да ұсақ ауылшаруашылық кәсіпорындарының өндірістік орталықтары тұрғын үйлерімен бірге орналасқан. Осының салдарынан бұнда санитарлық- гигиеналық және басқа да жағдайлары күрт нашарлауда. Сонымен бірге ауыл әкімшліктерінің қарамағына берілген мал азығы алаптары дұрыс пайдаланылмай жатыр. Соған байланысты елді мекендер жерлерінің тиімді пайдалануын ұйымдастыру мақсатымен, бүкіл ауылды елді мекендердің территориясын аймақтау және жер шаруашылығын реттестіру қажеттілігі туып отыр.

Үшінші категорияның құрамында өнеркәсіп кәсіпорындары 5,2%, автомобиль көлігі- 2,6 %, темір жол транспорты-2,0% және байланыс кәсіпорындары-0,04% алады. Бұл категориядағы жердің басым бөлігі (90,1%) қорғаныс және басқа ауылшаруашылық емес ұйымдардың қарамағында.

Айрықша қорғалатын табиғи территориялардың аумағы 1378 мың га шамасында. Негізінен бұндағы жерлер қорықтар мен ұлттық саябақтардың құрамына кіреді. Қазіргі кезде Республикада 8 қорық және 5 ұлттық саябақ ұйымдастырылған. Солардың ішінде ең ірілері болып Қорғалжын (Ақмола облысы) менҮстірт (Маңғыстау облысы) қорықтары және Алтын Емел (Алматы облысы) ұлттық табиғи паркі саналады. Бұлардың әр бірі ең кемінде 200 мың гектардан астам территорияны алып жатыр. Қорықтық жерлердің 262,0 мың га орман қорында қамтылған.

Қазақстан Республикасының Ұлттық ғалымдар академиясының негізінде болашақта 2 млн. га шеңберіндегі территорияда 14 жаңа қорықтарды ұйымдастыру қажетті деп танылған.

Орман қоры жерінің бүкіл территорияның құрамындағы үлес салмағы- 8,6%. Ауылшаруашылық тауар- өндірушілердің орман қоры жеріндегі алаптарды пайдаланудан бас тартуына байланысты, соңғы 12 жылдың ішінде бұл категорияның көлемі 12,3 млн. га артты.