Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
саяси.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
117 Кб
Скачать
☆

1.Саяси мәдениет ұғымы

2. Саяси мәдениет түрлері

3. Саяси мәдениетті тәрбиелеу жолдары

Саяси мәдениет туралы ұғым, оның мәні мен қызметтері Саяси мәдениеттің қоғамның саяси жүйесінің негізгі құрамдас бөліктері  есебіндегі мән - мағынасы, орны, атқаратын қызметі қандай деген мәселелер осы тақырыптың мазмұны болып табыладгүқ  Саяси идеология және осы заманғы саяси - идеялық ағымдар.  Саяси мәдениет және саяси әлеуметтену. Саяси мәдениет нақты әлеуметтік және саяси практика негізінде қалыптасады және олардың бейнесі, көрінісі болып табылады. Саяси өмірге қатысушылардың түсінігі, мәнділік бағдарлары мен ұмтылыс - мақсаттары, сондай - ақ, олардың сезім - күйлері, наным пиғылдары мен мінез - құлықтары саяси сана мен саяси мәдениеттің мазмұның құрайды. Ол нақтылы саяси жүйенің сипатын, қазіргі саяси тәртіптің мәнін, қоғамдық топтардың саяси санасы мен іс-әрекеттерінің ерекшеліктерін, саяси процестердің даму жолын және бағытын түсінуге мүмкіндік береді. Саяси мәдениет адамдардың жүріс-тұрысы мен әр түрлі ұйымдардың қызметіне, олардың ішкі және сыртқы саясат құбылыстарын ұғынуға, саяси болжам жасауына тікелей әсер етеді. Бұл ұғымның саясаттануға енгеніне көп болған жоқ. XX ғасырдың 50 жылдарының екінші жартысы — 60 жылдардың басында Г. Алмонд, С. Верба, Л. Пай деген Американың зерттеушілері мен олардың шәкірттері саясатқа да, мәдениетке де қатысы бар өзгеше қоғамдық құбылыс жөнінде бірнеше жұмыстар бастырып шығарды. Олар кейін “саяси мәдениет” деген атпен кең тарап кетті. Бірақ бұдан саяси мәдениет жөнінде бұрын еш қандай ой-пікір болмаған екен деген ой тұрмауы керек. Себебі, антикалык ойшылдар, атап айтқанда, Платон (“Мемлекет”, “Заңдар” деген еңбектерінде), Аристотель (“Саясат” деген еңбегінде), кеңірек Н. Макиавелли, Ф. Бэкон, Ш. Монтескье және бас­қа ойшылдар да бұл мәселеге көңіл аударған. Олар әр түрлі салт-дәстүрлерде тәрбиеленген, әрқилы әлеуметтік және саяси тәжірибе алған адамдар бірыңғай, біртектес жағдайды әр түрлі сезіп, оған сан қилы жауап қайтаратындығын байқаған. Бұл неліктен, неге байланысты болатындығын білгілері келген. Сол сұрақтарға жауап іздеген.

Қазіргі саяси әдебиетте оның 30-дан астам анықтамасы кездеседі. Бұл мәселенің күрделілігімен әлі жете тексерілмегендігін білдірсе керек. Саяси мәдениеттің мағынасын айқындау үшін ең алдымен оның құрылымын жақсы білген жөн. Бұл жөнінде де ғалымдар арасында келіспеушілік бар. Америкалық саясатшылар Г. Алмонд пен С. Верба саяси мәдениетті адамдардың психологиялық бағдарларының жиынтығы деп түсінеді. Бірталай саясат­шылар оны саяси қазыналардың, нанымдардың, нұсқаулардың жиынтығы деп санайды. Сонымен қатар басқа да көзқарастар бар. Мысалы, ағылшын саясатшылары  Р. Карр мен М. Бернстейн саяси мәдениетке са­яси  идеялар мен әлеуметтік тәжірибе, адамдардың саяси өзін-өзі ұстауы да кіреді дейді. Олардың ойынша, саяси мәдениетке әлеуметтік топтардын саяси іс-әрекеттеріндегі тәсілдерді, саяси нанымның табиғаты және оның мүшелерінің қазыналары  жатады. Кеңес өкіметі кезінде бұл пікірге Ф. Бурлацкий мен А. Гал­кин қарсы шықты. Олар адамдардың саяси іс-әрекеттері саяси мәдениет ұғымынан кең, оны өз алдына бөлек зерттеу керек деп пайымдайды. Бірақ бұл көзқараспен келісу қиын. Себебі, біріншіден, саяси мәдениеттен саяси іс-әрекет пайда болады. Екіншіден, егер адамдардың саяси өзін-өзі ұстауын саяси мәдениеттен бөліп алсақ, оның іс-әрекеттік жағы ескерілмей қалады

. Ал қандай мәдениет болмасын ол сананың элеметтерімен бірге нақтылы іс-әрекеттің бірлігін білдіреді. Сондықтан біз саяси мәдениетке саяси санамен қатар іс-әрекеттер де кіреді дейміз. Саяси мәдениет қоғамдағы саяси өмірдің барлық салаларын қамтиды. Оған ең алдымен саяси сананың мәдениеті, адамдардың, топтардың, ұлттардың өзін-өзі мәдени ұстауы, осы саяси жүйенің шеңберінде жұмыс істейтін саяси мекемелердің мәдениеті, өкімет пен азаматтардың өзара қатынастарына байланысты тарихи қалыптасқан саяси нұсқаулар, қазыналар жа­тады. Сонымен, саяси мәдениет деп белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен іс-әрекеттердің ұқсастық жиынтығын айтады.

Саяси мәдениеттін өзіндік міндеттері, қызметтері бар. Оларға танымдық, реттеушілік, тәрбиелік, біріктірушілік, қорғау, сабақтастық қызметтері жатады.

Танымдық қызметі — қоғам мен саясаттың дамуын айқындайтын заңдылықтар мен принциптерді танып  білуге, субъектіні саяси салада табысты жұмыс істеуге керекті біліммен, қоғамды басқарудың әдіс-тәсілдерімен қаруландыру. Реттеушілік қызметі — саяси жүйенің қалыпты жұмысын, дамуын, саналы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, әлеуметтік-таптық, ұлттық қатынастарды реттеу.

Тәрбиелік қызметі — әркімді коғамдық-саяси қызметке, әрекетке, саяси белсенділікке ынталандыру, табандылыққа, кеңшілікке, төзімділікке, қоғам алдында жауапкершілікке баулу. Біріктірушілік қызметі — қазіргі өмір сүріп отырған саяси жүйені қолдау арқылы әлеуметтік топтар, таптарды біріктіру, бұқараны мемлекет пен қоғам жұмыстарын баскаруға жұмылдыру.

Қорғау қызметі — қоғамның қарыштап алға дамуына сәйкес келетін саяси құндылықтарды, қазыналарды сақтау. Сабақтастық қызметі — саяси тәжірибені бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жалғастырып, саяси процестің тоқтаусыз ұласып  дамуын  қамтамасыз ететін тарихи сабақтастық.

Саяси мәдениеттің құрылымы және оны қалыптастыратын қоғамдық күштер. Жоғарыда біз саяси мәдениетке саяси сана мен саяси іс-әрекеттер жатады дедік. Кең мағынасында бұл дұрыс. Сонымен бірге ол — күрделі мәселе. Сондықтан өз кезегінде олар нені қамтитынын тереңірек білген жөн. Енді соған келейік. Саяси сананың ішінде саяси мәдениетке ең алдымен қоғамның саяси өмірінің әр түрлі жақтарын бейнелейтін әдеттегі қалыптасқан түсініктері жатады. Ол  саяси жүйе  мен оның институттары, саяси тәртіп, билік тетіктері мен басқару, шешімдерді қабылдау мен іске асыру, билік өкілеттігінің иелері, саяси өмірдегі өз орны, саяси қызметке қатысудың құдіреттілігі мен тиімділігі жөніндегі және т. с. с. түсініктерді қамтиды. Саяси мәдениеттің келесі құрамдас бөлігіне саяси қазыналар мен құндылықтар жатады. Ол «еркіндік», «тендік», «әділдік», «әлеуметтік қорғанушылық», «автономия», «төзімділік» және т. б. сияқты байлықтардың қайсысына басымдық, артықшылык беруінен байқалады. Мысалы, біріншісі — кейбір адамдар, топтар, тіпті тұтас ұлттар тендікті қастерлеп, соған тұрақты бет бұрады. Екіншісі — еркіндікті, бостандықты аңсайды, ең басты байлық  деп санайды. Үшіншісі — әлеуметтік қорғанушылықты (тіпті, ол тоталитарлық тәртіптің  күшімен орнаса да) бәрінен артық көреді. Төртіншісі — автономияны қалайды  және т. с. с.. Саяси мәдениеттің ерекше белгісіне саяси рәміздер жатады. Әр халық өздерінің ғасырлар бойғы дәстүрлеріне сай ұлттық-мемлекеттік рәміздерін жасайды. Оған ең алдымен Жалау, Елтаңба, Әнұран, Ата Заң, ақша белгілері және т. б. енеді. Саяси мәдениетке жалпы саяси жүйенің және оның институттарының қызмет етуі кіреді. Ол мемлекеттің, партиялардың және т. б. сайлауды қалай ұйымдастырудын, әр түрлі деңгейде қабылданған саяси шешімдердің, саяси-әлеуметтік шиеленістерді ұғыну және зерттеудің мәдениеттілігін қамтиды. Әр түрлі елдерде бұл әрекеттердің үлгілері біркелкі емес. Мәселен, саяси шиеленістерді алайық. АҚШ-та әлеуметтік саяси кикілжіңдерге қалыпты жағдай, тіпті, қоғамның ілгері дамуы үшін керек нәрсе деп қарайды. Сондықтан онда саясатшы даудамайдан қашпайды. Ол шиеленісті шешуге, саяси қопарылысқа жеткізбеуге, оны басқара білуге үйренеді. Саяси мәдениеттің негізгі құрылымы осындай.

Енді оны қалыптастыратын қоғамдық күштер қандай, оның мазмұны мен түрін кімдер айқындайды деген сұрақ туады. Соған келейік. Саяси мәдениетті қалыптастыруға ең бірінші мемлекет қатысады. Ол бұл міндетін заң шығару, атқару және сот органдары арқылы атқарады. Мемлекет ұлттың саяси рәміздерін (Туын, Елтаңбасын, Әнұранын және т. б.), адамның саяси өзін-өзі ұстау үлгілерін (мысалы, Кенес екіметі кезінде Павлик Морозовтың әкесін ұстап беру «ерлігі») қалыптастырады. Егер мемлекет тоталитарлық сипат алса, онда оның рөлі тіпті жоғарылай түседі. Себебі, ол демократиялық жағдайда азаматтық коғамның қолында болатын міндеттердің бәрін жеке өз қолына жинап алады. Мемлекетпен қатар (көп жағдайда сонымен тығыз байланыса отырып) саяси мәдениетті қалыптастыруға қоғамдық ұйымдар, әсіресе партиялар қатысады. Олар азаматтарды өз партиясының бағдарламаларымен таныстырады, партияларға және партиялық системаларға белгілі бір көзқарасты, қатынасты қалыптастырады, партия мен мемлекеттің қатынасы жөнінде мағлұмат береді. Партияның рөлі әсіресе мемлекетпен сіңісіп, тұтасып партиялық-мемлекеттік құрылыс құрған елдерде өте биік келеді. Мұндай жағдай көбіне партия бүкіл билікті қолы­на алған бірпартиялық системада орнайды. Саяси мәдениетті қалыптастырушы күштерге зерттеушілер әрдайым діни ұйымдарды (шіркеу, мешіттерді) қосады. Олар мынау дұрыс, мынау бұрыс деген түсінік тудырып, бағыт беріп, адамдарға саяси сана мен өзін-өзі ұстаудың негізгі үлгі-өнегесін жасайды. Мысалы, олардың көбі қазір зорлық-зомбылыққа, озбырлыққа, күш көрсетуге қарсы. Мұндай жағдайларды олар көпшілік алдында айыптап, бетке басады. Сондықтан біраз ел­дерде олармен мемлекет басшылары санасуына тура келеді

Саяси мәдениет түрлері

Саяси мәдениеттің құрылымы мен функциясы

Адамзаттың саяси мәдениеті – ерте дәуірден біздің заманымызға дейінгі адамзаттың саяси қызметінің бар байлығын бойына жинақтаған күрделі құрылым. Аталмыш қызметтің ұйымдастырушы өзегі субъект-субъектілік қатынастарда билікті қалыптастыру мен пайдалану болады. Бірақ,адамның барлық саяси қызметінің тарихи дамитын негізі, стихиясы мен шынайылығы саяси мәдениет болады.Саяси қызмет үшін қажетті теориялық идеяларды, көзқарастарды, ұйымдастыру формаларын, принциптер, әдістер, құралдар, жүріс-тұрыс актілерін адамзат саяси мәдениеттен алған және алып та жатыр.

Саяси мәдениет туралы барынша кең мағлұмат алу  мақсатында оның құрылымы мен функциональдық мәнін қарастыру қажет. Осы ретте әртүрлі тарихи, әлеуметтік-таптық, аймақтық, этникалық, функционалдық және т.б.критериилерді басшылыққа ала отырып, адамзаттың қалыптасқан саяси мәдениетін құрылымдау мүмкін болады.

Ең алдымен, ескеретін жайт, саяси мәдениет – көп қатпарлы құбылыс, онда әрқилы тарихи қабаттар бар. Сондықтан құрылымдаудың тарихи принципінің маңыздылығы сөзсіз. Ол әрбір тарихи кезеңнің саяси мәдениетінің фундаментальды ерекшеліктерін қамтиды. Осы тұрғыдан саяси мәдениетті дәстүрлі саяси мәдениет, құл иеленушілік кезеңдегі, ортағасырдағы, жаңа дәуірдегі, қазіргі кездегі саяси мәдениет деп құрылымдық қабаттарға бөлуге болады. Бұл қабаттар – саяси мәдениеттің терең қойнауында жатқан жарамсыз, қатып қалған құрылымдар емес, әрине олардың ішінде терең қорда жатқандары да және қызмет етіп отырған саяси мәдениетке ықпалын тигізетін, қазіргі саяси жағдайға сай өзектендірілген және оларда белгілі бір саяси ізденіс жүзеге асатындары да бар.

 «Саяси практиканың процесс ретіндегі» ұғымы кең мағынада, тұтастай алғанда қоғамдық организмнің шеңберіндегі ұзақ уақыттар бойы саяси қатынастардың негізгі субъектілерінің өзара әрекеттесулерінің сипаты мен ерекшеліктерін қамтиды. Тар мағынасында, жекелеген әлеуметтік жағдайларда, акцияларда саяси қатынастар субъектілерінің мүделерінің жүзеге асуын көрсетеді.

Саяси практиканың ерекшелігінің өзі сонда, ол субъектілердің әрекетінің негізінде өтеді, өйткені олардың мүдделері саясат сферасында айтарлықтай айқын белгіленген. Осы мүдделерді саяси түсінуде, оларды саяси шынайылық сферасына ауыстыруда саяси мәдениет шешуші рөлге ие болады. Саяси мәдениеттің барлық құрылымдық элементтері, яғни идеялар, принциптер, теориялық концепциялар, саяси қызметтің ұйымдастыру формалары, әдістері, құралдары өздерінің шынайы мәні мен көрінісін саяси практикада табады.

Сайланбалы өкілдік шешуші мәнге ие болатын демократиялық қоғамда бұқара өзінің саяси процестерге қатысуы негізінен электорат ретінде жүзеге асырады. Электораттың қалыптасуы – саяси процестің қалыптасуының мәнді аспектісі. Саяси партиялардың. сайланбалы мемлекеттік құрылымдардың электоратқа тәуелділігі – саяси шынайылық. Сондықтан үкіметтің қалыптасуына, олардың шешім қабылдауына, ол шешімдердің жүзеге асуына ықпал етуге қабілетті барлық күштердің сайлау процесіне қатысуын қамтамасыз ететін сайлау туралы заңды жетілдіре түсу қажет.

Осы жағдайда, сайлауларға азаматтардың саналы қатынасу деңгейін ескерген жөн, өйткені сайлау – саяси қатынастардың барлық субъектілері үшін сайлау туралы заңмен шектелген ерікті қызмет алаңы болып табылады.

Саяси әлеуметтену кезеңдері, түрлері және агенттері

Саяси әлеуметтену адам өмірінде маңызды орын алады. Оның басты кезеңдері:

Саясилану;

Персонификация;

Идеологизация;

Институционализация.

Саяси әлеуметтену агенттеріне жататындар:

отбасы;

дос, жолдастар;

мектеп;

саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар.

Саяси әлеуметтенудің екі түрі бар: тікелей әлеуметтену және қосалқы әлеуметтену.

Тікелей әлеуметтену дегеніміз, мемлекеттің өзі мүдделі болып келеді. Ол өз азаматтарын өзі тәрбиелеп, олардың саяси әлеуметтенуін өзі қадағалайды.

Ал қосалық саяси әлеуметтенуде, бұған мемлекет араласпайды, тұлға өз қабылеті мен тілегі бойынша сол қоғамына бейімделіп, сол мемлекеттің құндылықтарын меңгереді.

3.саяси мәдениетті тәрбиелеу жолдары

Саяси тәрбие - тұрғындардың саяси санасы мен мінез-құлқына жүйелі және бағытталған ықпал ету үрдісі, жеке тұлғаның санасы мен өзін-өзі тану санасын, топтық саяси сана мен қоғамдық сананы қалыптастыру.

Саяси тәрбие мақсаттары, мазмұны мен оны ұйымдастыру қоғам саяси жүйесінің сипатымен анықталады және оны сақтау мен дамыту мүдделеріне қызмет жасайды. Саяси тәрбиенің негізгі міндеті жүйедегі үстемдік етуші саяси құндылықтар, саяси мінез-құлық ережелері мен нормативтік үлгілерін сақтау мен жаппай ендіру. Бұл жүйеде үстемдік етуші саяси мәдениет түрінің таралуымен байланысты.

Саяси тәрбие екі негізгі бөліктен түрады: раңионалды, тиімді, яғни қажетті саяси ақпаратты тарату; эмоциялық, яғни саяси қатынастар жүйесін дайындау. Бірінші бөлік - қоғам мүшелерін жүйеге тиімді саяси білімдермен қамтамасыз ететін саяси ақпарат (білім) жүйесі. Мұндай жүйе қатаң (тоталитарлық вариант) немесе қатаң емес (демократиялық вариант) болуы мүмкін. Мысалы, кезінде КСРО-да саяси білім жүйесі кеңінен тараған еді.

Саяси тәрбиеде саяси білім жиынтығынан басқа саяси саладағы адамдардың тұрақты эмоциялық таңдауларын қалыптастыруға бағытталады. Бұл бөліктің рөлі мен сипаты саяси жүйемен анықталады. Саяси тәрбие білім мен сенім ортақтығын қалыптастыруға бағытталады.

Саяси тәрбие әдістері тікелей және жанама болып бөлінеді.

  • Тікелей әдістерге: қажетті ақпаратпен бекітілген дәлелдеу; нәубетшіл санкциялармен бекітілген мәжбүрлеу жатады.

  • Жанама әдістерге: саяси белгілер мен салт-жораларды пайдалану; ұйымдастырылған қызықтырушылық (мектеп оқушылары болса мақтау, мақтау қағаздарын табыстау); әңгімелесу, қоғамдық-саяси аттестация сияқты арнайы бағытталған жағдайлар жүйесін қалыптастыру.

Саяси тәрбие құралдары сан алуан. Жеке тұлғалық деңгейде саяси тәрбие қоғам мүшелеріне саяси жүйемен арнайы бөлінген адамдардың (насихатшылар,комиссарлар, саяси қызметкерлер, тәрбиешілер) жеке ықпалы маңызды рөл атқарады.

Олар арнайы жағдайларды қалыптастыру арқылы сөзбен және жеке үлгімен ықпал етуді қамтамасыз етеді. Әлеуметтік топтар деңгейінде топ мүшелерін саяси өзара тәрбиелеудің ұжымдық жиналыстар мен басқа да топтық акциялар түріндегі жолдары қалыптасады. Үлкен әлеуметтік қауымдастықтар деңгейінде саяси тәрбие құралдары: митингілер мен шерулер. Саяси тәрбиенің барлық деңгейінде БАҚ және саяси коммуникация маңызды құралдар болып есептеледі.

Саяси тәрбие барлық құралдары мен әдістерінің тиімділік өлшемі саяси жүйеге сай жеке тұлғаның мінез-құлық тәсілі, жеке тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуі. Саяси өзін-өзі тәрбиелеу - әлем, қоғам және оның дамуы туралы әдебиеттерді адамның өзі ізденіп зерттеуі.

Саяси тәрбие саяси әлеументтендірудің жеке жағдайы. Әлеументтендірудің ұйымдасқан тәсілі ретінде саяси тәрбие жеке тұлғаны қалыптастырудың барлық сатыларында атсалысады. Саяси тәрбиенің жылдамдық деңгейі қоғамдағы идеология мен саясат салмағына тәуелді. Ол жоғары болған сайын саяси жүйе өзін-өзі сақтау мәселелеріне де көп көңіл бөледі, сол саяси тәрбие ауқымдырақ және жылдамырақ жүреді. Саяси тәрбие нәтижелеріне бақылау жасау деңгейі жүйенің демократиялық деңгейімен, оның сан алуандылығымен, саяси тәрбиенің басқа модельдеріне шыдамдылық танытуымен анықталады.

Астанада өткен Қазақстан халқының Ассамблеясының 15-ші сессиясында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қоғамда білім беру жүйесі мен тәрбие арқылы азаматтық сәйкестендіру, толеранттылықты дамыту қажеттілігі жайында сөз айтып республикамыздың мектептеріне толеранттылық негіздері атты курстар енгізуді ұсынды.

Саяси мәдениеті жаңа қалыптасып келе жатқан біздің мемлекетімізде саяси толеранттылық орнығып болды деу қиын. “Бізде демократиялық мәдениеттің терең дәстүрлерінің жоқтығы, еркіндікті ойыңа келгенді істеуге болады деп түйсіну елді тұрақсыздыққа ұрындыруы, біздің болашаққа арналған барлық жоспарларымызды белінен басып, өзімізді алысқа кері серпіп тастауы әбден мүмкін екенін мойындауымыз керек”, – деді Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында .

Толеранттылыққа тәрбиелеу әрбір отбасында өз бастауын алуы бүгінде басты мәселеге айналуы тиіс.

Толеранттылыққа тәрбиелеу ең бірінші отбасынан басталады. Отбасы жас ұрпақтарды жеке тұлға ретінде қалыптастырудың қайнар бастауы. Бала үшін отбасы бір жағынан – тіршілік қоршауы болса, екінші жағынан – тәрбиелік орта.

Отбасында толеранттылыққа тәрбиелеу жолдарына келетін болсақ, М.И.Рожков пен М.А Ковальчук толеранттылыққа тәрбиелеуде оқушылармен ата-аналардың өзара қарым-қатынасының сәтті шешу үшін педагог-психологқа субъектілік, тепе-теңдік, жекелеу, рефлексивтік көзқарас, толерантты орта жасау принциптерін ұсынды.

Отбасындағы қарым-қатынастың дұрыс болып қалыптаспауы мұғалімдерді де, ата-аналарды да ойландыратын ортақ мәселелер.

Толерантты парасаттың үлгісі қазақ билерінде көп кездеседі. Мысалы, Қазыбек бидің қалмақ ханы Қоңтайшыға айтқан “біз қазақ деген мал баққан елміз” деп басталып, “досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзды ақтай білген елміз, асқақтаған хан болса, хан ордасын таптай білген елміз”, “…берсең жөндеп бітіміңді айт, не тұрысатын жеріңді айт!” деп аяқталатын сөздері өзара сыйластыққа шақырады.

Қарама-қарсы беталыс, бағыт, пікір, идеялар қай мемлекет пен қоғамда да бар. Халықтың даналығы, ел басқарудың өнері осы үрдістерді белгілі мәмілеге келтіріп, асауға тұсау салып, үйлесім, жарасым таптыруда. Толеранттылық, келісім тарихтың мәңгілік сыйы емес, себебі күнделікті дамудан туып отыратын қайшылықтар біржола шешілмейді: күніге, ай сайын, жылдар бойы, үздіксіз, ешкімге бұра тартпай, шынайы жанашырлықпен, халықпен ақылдаса отырып, олардың шешімін табуды талап етеді. Сондықтан “толеранттылы”, “тұрақты қоғам” деген ұғымдар шартты түрде ғана қолданылып, жайбарақаттылыққа жол берілмеуге тиіс.

Мемлекет басшысы – Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың: «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласы мен «Қазақстан білім қоғамы жолында» интерактивті дәрісі қазіргі уақытта барша қазақстандықтардың басты назарында болып отыр. Елбасы аталмыш мақалаларында тәуелсіздік жылдары мен бейбіт кезеңдегі еліміздің әлеуметтік-экономикалық қайта түрленуіне толыққанды талдау жасаған болатын. Сондай-ақ, Елбасы ХХI ғасырдың реалийлеріне сәйкес әрекет етудің тактикалық жоспарларын нақтылай отырып көрсеткен. Әсіресе, Президенттің қазақстандық табысқа қол жеткізудің үш кілті туралы ережені шығармашылық көзқараспен қарастыра келе, оны байыпты да терең тұрғыдан мазмұндауында да үлкен теориялық және практикалық мән жатыр. Бұл, біріншіден, 135 этностың басын біріктіруші бүкіл қазақстандықтардың ынтымақтастығы. Екіншісі – толерант­тылық болса, ал үшіншісі – тарихи тағдырлардың қауымдастығы.

Саяси дағдарыстар мен шиеленістер

1 Саяси дағдарыстар мен шиеленістер ұғымы

2. Саяси дағдарыстар мен шиеленістер түрлері

3. Саяси дағдарыстар мен шиеленістерді шешу жолдары

1. 1. Саяси шиеленістер демократикалық қоғамдағы қалыпты құбылыс. Шиеленістің бұл түрі билік, ықпал, белдел сияқты мәселелерге байланысты туады. Саяси шиеленістер ашық немесе жасырын сипатта болуы мүмкін. Кей жағдайда шиеленістер өрбіп, көтеріліс, жаппай қозғалыс немесе азамат соғысы сияқты кең көлемді қоғамдық оқиғаларға ұласуы да мүмкін.

іздің елдің болсын, шетелдердің қоғамтану ғылымдарында болсын ұзақ жылдар бойы үлкен саяси қопарылыстар тұрсын, өткір қайшылықтар, терең дағдарыстар болса, мемлекеттің қалыпты, ойдағыдай дамымағандығы, жетілмегендігі, ауруы болып саналды. Ол үшін мемлекет тұрақты, тепе-теңдік жағдайында бірқалыпты дамуы керек сияқты болып көрінді. Сондықтан тұрақтылық қоғамның негізгі мақсаттарының, құндылықтарының бірі саналатын.

Ал, шын мәнінде, бұл дұрыс түсінік емес еді. Себебі, қоғамда әр түрлі топтар, таптар, жіктер болатындығы туралы өткен тарауларда айтқан болатынбыз. Олардың өзіндік мақсат-мүдделері, талап-тілектері, арман-аңсарлары, мұқтаж-қажеттіктері болады. Олар, сөз жоқ, сәйкес келе бермейді. Осыдан келіп араларында айырмашылықтар пайда болады. Олар дер кезінде шешілмесе, шиеленістерге, жанжалдарға айналады. Шиеленіс деп әрбір қарсы жақты қолайсыздыққа ұшыратып, істі насырға шаптыратын қарама-қарсы мүдделердің, пікірлердің, көзқарастардың қайшы келуін, елеулі келіспеушілікті, өткір таласты айтады.

Шиеленіске адамзат өте ертеден-ақ көңіл аударған. Мысалы, б. з. б. VII—VI ғасырларда қытай фәлсафашылары дүниедегі нәрселердің бәрінің қозғалыс көзі оң (ян) және теріс (инь) бастаулардан тұрады деп есептеді. Ежелгі грек фәлсафашысы Герак- лит заттар мен құбылыстардың дамуы қарама-қарсылықтардың күресінен туады деді. Макиавелли қоғамдық процестердің дамуыңда қайшылықтардың пайдалылығын атап көрсетті. Гегель қарама-қарсылықтардың қайшылықтары мен күресін жоғары бағалады.

Саяси шиеленістер теориясына әсіресе көп көңіл бөлген — марксизм. Маркс пен Энгельс «Коммунистік партияның манифесінде»: «Ерікті мен құл, патриций мен плебей, помещик пен крепостной, мастер мен кіші мастер, қысқасы, езуші мен езілуші бірімен-бірі ылғи антатонист болып, бірде жасырын, бірде айқын түрде үздіксіз күресіп келді, бұл күрес әрқашан бүкіл қоғам тұрмысын революциялық түрде қайта құрумен немесе күресуші таптардың жалпы жойылуымен тынып отыратын» деген. Олар тап күресі таптық қоғамдардың дамуының зандылығы және қозғаушы күші деп есептеді.

Осы ғасырдың 50 жылдарында американдық Льюис Козер әлеуметтік шиеленістерге құндылықтар, мәртебе, билік, қаржы-қаражат үшін күресті жатқызды. Мұндай көзқарас Батыс саясаттарында кең тараған.

60 жылдары немістің әлеуметтанушысы Ральф Дарендорф «қоғамның дау-дамайлық үлгісін» алға тартты. Ол «Индустриалдық қоғамдағы таптар мен таптық шиеленістер» деген еңбегінде билікті бөлуге байланысты адамдар арасында теңсіздік пайда болады, олар кикілжіңге әкеледі. Соның нәтижесінде қоғамда құры- лымдық өзгерістер жасалады. Капитализм біртіндеп терең өзгерістерге ұшырайды. Оларды өздері жүзеге асырады, сондықтан К. Маркс айтқан революциялық төңкеріске жол берілмейді делінген.

Американың әлеуметтанушысы Кеннет Баулдинг «шиеленістің жалпы теориясын» жасады. Оның ойынша, әлеуметтік шиеленістің мәні адамның қалыптық реакциясына байланысты. Қандай кикілжің болмасын, тітіркендіргіштер, қоздырғыштардың әрекеттері арқылы реакцияларды, құндылықтарды, жеке адамдардың құштарлықтарын өзгертуге болады. Соның арқасында қоғамдық құрылыс түбірімен өзгеріске ұшырайды.

Қазіргі кезде қоғамдағы шиеленістер көптеген ғалымдардың назарын аударуда. Сондықтан осы мәселемен арнайы айналысатын конфликтология деген ғылым пайда болды. Ол мейірімсіздікке, төзімсіздікке, озбырлыққа әкелетін, қоғамды бүліндіріп, тығырық қатірейтін саяси шиеленістердің шығу зандылықтарын біліп, реттеу жолдарын іздестіріп, оның алдын алуға бағытталады. Соған орай, ол саяси және қоғамдық қатынастарды жетілдіруді де қарастырады.

Әлеуметтік шиеленістердің бірнеше себептері бар. Ең бірінші, жалпы себебіне адамдардың теңсіздігі жатады. Себебі әркімнің қоғамдағы мәртебесі, қызметі, билікке қатынасы әр-түрлі. Біреулер билік етеді, екіншілері оларға бағынады, дегендерін істейді. Дарендорф: «Бұл қайшылық әрқашан болған және бола бермек, сондықтан Маркстің коммунистік қоғамда таптар, дау-дамайлар болмайды деуі бекер сөз» дейді.

Шиеленістің екінші себебіне кажеттілік, мұктаждыктың, талап-тілектің өтелмеуі немесе канағатгандырғысыз өтелуі жатады.

Үшіншіден, адамдар өздерін белгілі бір әлеуметтік, этникалық, діни, т. б. бірлестіктердің мүшесіміз деп санайды. Бұл олардың өмірдегі орнын айқындайды және өздерінің жағдайын басқалардан төмен сезініп, мүдделеріне қысым жасалды деп ұғады. Мысалы, Ресейдің кейбір халықтары, Солтүстік Ирландиядағы католиктер, Канададағы Квебек провинциясы, Испаниядағы баскілер және т. с. с.

Батыстың көптеген саясатшылары шиеленістер (төртінші) себебін адамның санасынан іздейді. Мысалы, жеке адам мен қоғамдық құндылықтар туралы түсініктері сәйкес келмеуі, өмірден адам бір нәтижені күтуі, шындығында басқаша шығуы, адамдардың өзара түсініспеушілігі, олардың ішкі сезімдерінің жетілмегендігі, т. т. с

Шиеленістер қоғам өмірінде маңызды рөл атқарады. Әлеуметтік бақылауға алынған шиеленіс адамдар, топтар арасында пайда болған дау-дамайлардьі уақытында ушықтырмай, асқындырмай шешуге септігін тигізеді.

Әлеуметтік шиеленістер сан алуан келеді. Олар мемлекеттер, ұлттар, ұйымдар, жұмысшылар мен әкімшілік басшылары, ері мен әйелі және т. с. с. арасында кездеседі. Олар әр түрлі топтастырылады, жіктеледі. Мысалы, оларға қатынасатын субъектілерге байланысты мемлекеттер, ұлттар, діндер, нәсілдер арасындағы; қатынасатын жақтарға байланысты саяси, экономикалық, идеологиялық, экологиялық, сауда, қаржы, әскери, мәдени; қамтыған шеңберіне қарай халықаралық, аумақтық, жергілікті болып бөлінеді. Оларды антагонистік және антагонистік емес, негізгі және негізгі емес, шындыққа жататын және жатпайтын, ұзақ уақыттық және қыска мерзімді, т. т. етіп те бөліп жүр.

2. Адамзат қоғамында шиеленістердің сан алуан түрлері кездеседі. Сол себепті бұл құбылысты түрліше жіктеу бар. Мәселен, Р. ДАрендорф шиеленістерді жіктеуде әлеуметтік қауымдастықтың көлемі мен субъектілердің әлеуметтік рөлдерін негіз етіп алады. Бұл критерийлер бойынша автор шиеліністерді жанұядағы ұрыс-таластан бастап әлемдік көлемдегі саяси шиеленістерге дейінгі 15-ке жуық түрлерін атап көрсетеді.

Ю. Запрудский деген автор төмендегідей жіктеуді ұсынады:

1.шиеленістердің себептеріне қарай:

а)объективті себептерден пайда болатын шиеленіс

б) субъективті себептерден пайда болатын шиеленіс

2. Қайшылықтардың сипатына қарай:

а)Антогонистік

б) Антогонистік емес

3.Уақытына қарай:

а)Ұзақ мерзімге созылатын шиеленістер

б) Қысқа мерзімді шиеленістер

4.Қоғамдағы ықпалына қарай.

а) нәтижелі шиеленістер

б) нәтижесіз шиеленістер

Автордың шиеленістерді осылайша топтастыруы жан-жақты болғанымен, оның бұл жіктеуі күрделі және икемсіз екенін айтқанымыз жөн.

Бірқатар әдебиеттерде бұл қоғамдық құбылысты субъектілеріне қарай жіктеу ұсынылады:

Жеке адамның өзімен өзінің келіспеуі. Яғни, бұл адамның психологиялық көңіл күйі. Мұндай адамның белгілі бір рөлді атқарудағы қинылуынан, сол сияқты басқа біреуге шамадан тыс тәуелді болуынан келіп шығады. Адамның мұндай көңіл-күйде болуы басқаларға да әсерін туғызады. өйткені кейде жекелеген адамдар өз бастарындағы қиындықтың себебін басқалардан себебін басқалардан деп түсінуі кездеседі.

Жеке тұлғалар арасындағы шиеленістер екі немесе одан да көп адамдар арасында болады. Мұндай шиеленістер өмірде жиі кездеседі.

Топаралық шиеленістер – мүдделері қарама-қарсы әлеуметтік топтар арасында орын алады.

Сыртқы ортамен шиеленіс белгілі бір топты құрайтын индивидтерге сырттан қысым жасалатын кезде пайда болады.

Яғни, жоғары жақтан берілетін бұйрықтар, қабылданған ережелр әлгі топтың мүдделірене қарама-қайшы болатын жағдайдағы шиеленіс. Мұндай жағдайда топ адамдары әлгі бұйрықтар мен ережелерді қолдайтын институттармен шиеленіске түседі.

Ресей шиеленістанушысы А.Г. Здравомыслов әлеуметтік шиеленістерді орын алу салаларына қарай жіктеуді ұсынады. Біздің ойымызша,осылайша жіктеу икемді де ыңғайлы, әрі түсінікті болады. Автор әлеуметтік шиеленістерді экономикалық, саяси, ұлтаралық және шиеленістер деп жіктейді.

1. Саяси шиеленістер демократикалық қоғамдағы қалыпты құбылыс. Шиеленістің бұл түрі билік, ықпал, белдел сияқты мәселелерге байланысты туады. Саяси шиеленістер ашық немесе жасырын сипатта болуы мүмкін. Кей жағдайда шиеленістер өрбіп, көтеріліс, жаппай қозғалыс немесе азамат соғысы сияқты кең көлемді қоғамдық оқиғаларға ұласуы да мүмкін.

2. Ұлтаралық шиеленістер көпұлтты мемлекеттердегі ұлттық, этникалық топтардың өз құқықтары мен бостандықтарына қол жеткізуге бағытталған күрес негізінде болады. Көпшілік жағдайда ұлттардың мәртебесіне, сол сияқты территория мәселесіне байланысты да болады. Ұлтаралық шиеленістердің саяси сипатта болуы әбден мүмкін. Мәселен, 1986-шы жылғы Алматыда болған «Желтоқсан оқиғасы» қазақ ұлтының тәуелсіздігі , құқықығыүшін ғана емес, сол кезднгі саяси жүйеге қарсы бағытталған қозғалыс еді.

3. Экономикалық шиеленістер жекеленген индивидтер мен әлеуметтік топтардың өмір сүру жағдайларына, атап айтқанда, еңбекақы тұрмысқа қажетзаттардың бағасы, қоғамдағы байлық пен ресурстарды бөлу мәселелерінен келіп шығады. Шиеленістің бұл түріне біз кейінірек арнайы тоқталамыз.

Шиеленістерді басқа да жіктеудің жолдары бар. Мәселен, мерзіміне қарай: қысқа мерзімді және ұзаққа созылатын шиеленістер деп жіктеу; және ресурстарына қарай материалдық, рухани және әлеуметтік деп жіктеу бар.

Қорыта айтқанда, әлеуметтік шиеленістерді жіктеудің жолдары сан алуан. Шиеленістерді жіктеуде ең бастысы-оның дұрыс шешімін табуды басты мақсат ету қажет.

Енді, әлеуметтік шиеленістерлдің функцияларына келсек, ғылыми әдебиеттерде бұл құбылысқа екі түрлі көзқарас тұрғысынан қарау бар. Біріншеісі – шиеленісті қоғам үшін пайдалы, жағымды құбылыс деп бағалау; ал, екіншісі – шиеленісті кері, жағымсыз құбылыс ретінде бағалау. Бірінші аталған парадигма шиеленістің қоғам дамуындағы заңды құбылыс екендгін мойындаудан келіп шықса, екіншісі – оны қоғам өміріндегі аномалия ретінде қабылдаудан туындайды.

ХХ ғасырдың 50-ші жылдан бастап Батыс Еуропа мен АҚШ-тың ғалымдары әлеуметтік шиеленістердің атқаратын қызметін жағымды, қоғам үшін пайдалыдеп атап көрсетті. Мәселен, Л. Козер (АҚШ) шиеленістер әлеуметтік жүйені тоқыраудан сақтайды деген. Бұл құбылыс қоғамның тазаруына, ілгерілеп дамуына ықпал етеді, соның нәтижесінде қоғамның өміршеңдігі қамтамасыз метіледі дейді. Шын мәнісінде, әлеуметтік шиеленістер жағымды қызмет атқарады.

Олар мыналар:

Ақпараттақ-танымдық қызметі. Яғни әлеуметтік шиеленістер қоғам өміріндегі шешілуі қажет түйсінді мәселелер туралы, қалыптасқан қайшылықтар. Туралы ақпарат беред. Сонымен қатар шеиленістіжағдайдаәр жақтың адамдары өздерініңжәне қарсы жақтың мүдделеріне айқын сезінуге мүмкінділік алады. өзара пікір –талас, қызу айтыс кезінде айқындыққа қол жеткізу мүмкіндігі туады.

әлеуметтік шиеленістердің келесі біржағымды қызметіинтегративтік деп аталады. Бұл қызметтің мәні – шиеленістің пайда болуы, дамуы және оның дұрыс шешімін табуы барысында адамдардың белгілі бір әлеуметтік тобының тығыз топтала түсумен түсіндіріледі. Соның нәтижесінде қоғамдық қатынастар үйлесімге келіп, қоғамда белгілі бір деңгейде тепе-теңдіктің орнауы қамтамасыз етіледі.

3. Саяси жанжалдарды шешудің бірнеше түрі бар. 1. Дау-жанжалга бармау, одан қашқақтау әдісі. Мысалы, саяси қайраткер қарсы жақпен жанжалға түспеу үшін саяси сахнадан кетеді немесе кейбіреулер бастығымен істесе алмаса, істі насырға шаптырмау үшін өз еркімен жұмыстан кетеді. 2. Кейінге қалдыру әдісі. Қарсыласпен ерегіске бармай, "не істесең соны істе" деген сияқты, бәріне көніп жүре береді. 3. Саяси жанжалды мәмілеге келу арқыльі бейбіт жолмен шешу. Мәміле деп дау-жанжалға қатысушы жақтардың өзара кешірімділік білдіріп, ымыраға келуін айтады. Онда екі жак бірін-бірі ұғынысып, өзара кешірімділік жасап, ортақ келісімге келуге ты- рысады. 4. Зорлық негізінде бітістіру, келістіру. Мұндай жағдай бір жақтың күші айтарлықтай басым болғанда, екінші жақ жеңілгенде немесе оны толық жойып жібергенде туады. Аралық сот немесе арбитраждық сараптау әдісі. Мұнда қарсы жақтар дау, талас тудырған мәселені тексеруге өз еріктерімен үшінші жаққа береді. Оның шығарған шешімін екі жақта мойындайды. Мұндай жағдайда төрелік етуші қазы халыкаралық құқықтың жалпыға бірдей ережелерін, елдің конституциялық тәртібін және т.с.с. шарт талаптарын басшылыққа алады.

Сондықтан қазір көбіне шиеленістерді дер кезінде шешуге тырысады. Оның екі жолы бар:

Шиеленісті мәмілеге келу арқылы бейбіт жолмен шешу. Мәміле деп дау-жанжалға қатысушы жақтардың өзара кешірімділік білдіріп, ымыраға келуін айтады. Онда екі жақ бірін-бірі ұғынысып, өзара кешірімділік жасасып, ортақ келісімге келеді.

Зорлық негізінде бітістіру, келістіру. Мұндай жағдай бір жақтың күші айтарлықтай басым болғанда, екінші жақ жеңілгенде немесе оны толық жойып жібергенде туады.

Екі жақты татуластырудың кең тараған түрі – кліссөздер. Ол арқылы қарсы жақтың пікірі, дәлелдері белгілі болады, күштің арақатынасы айқындалады, келісімнің шарттары анықталады.

Этносаяси жанжал тудыратын мәселелердің бірі – этникалық ұлтшылдық. Ол идеология немесе қозғалыс ретінде көрініс беруі мүмкін. Ондай этнос негізгі үш мақсатты алға қояды:

автономия мен өзін-өзі басқаруды қамтамасыз ету;

белгілі бір жерге, аумаққа иелік ету құқығын алу;

өз мәдениетін жалпымемлекеттік мәдениетпен бірдей мәртебеге жеткізу.

Халықаралық қатынастар және сыртқы саясат

  1. Халықаралық қатынастар және сыртқы саясаттағы обьект пен субьект

  2. Халыкаралық қатынастар мәселесі

Бұл тақырыпта жиі кездесетін, мағына жағынан жақын үш ұғым бар. Олар — сьіртқы саясат, халықаралық саясат, халықаралық қатьінастарЛСондьікхан алдымен соларға түсініктеме беріп алайық. Жалпы, бұл ұғымдар саясаттануда жете зерттелмеген. Бірақ олардың арасында айтарлықгай айырма бар. Сыртқы саясатқа жеке мемлекеттердің дүниежүзілік дәрежеде жүргізген іс-әрекеттері жатады. Халықаралық саясатад мем-лекеттік не топтық мүдделерді жүзеге асыруға бағытгалған мемлекеттер, жеке адамдар және т.б. арасындағы қоғамдық қатынастар кіреді. Халықаралық қатынастар деп халықтар, мемлекеттер, мемлекеттік жүйелер арасындағы дүниежүзілік деңгейде жүргізілген саяси, экономикалық, қққыктық, дапломатиялық, әскери, мәдени байланыстар және оларды ісқе асырушы әлеуметтік, экономикалық, саяси күштер мен ұйымдардың өзара қатьшастарының жиынтығын айтады. Бұл айырмашылықтар, біріншіден, халықаралыққатынастар-ға қатысушылардың, оларды іске асырушылардың (субъектілердің) көбеюіне байланысты. Мысалы, сыртқы саясатты жеке мемлекеттер жүргізеді. Ал халықаралық саясатқа мемлекеттік ұйымдар мен қатар саяси партиялар мен қозғалыстар, әлеуметтік топтар мен жеке адамдар және т.б. мемлекеттік емес ұйымдар қатысуы мүмкін. Екіншіден, халықаралық қатынастарда сыртқы жәнехалықаралық саясаттардыңнегізгі, түпкі бастамасы, принциптері қаланады. Бұл бағыт, бағдарламалар сыртқы және ха-лықаралық саясаттар арқылы нақтыланады және жүзеге асырылады. Қазіргі кезде әлемдік саясатты жүргізуде қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстардың белсеңділігі артьш келе жатыр дедік. Бірақ халыңаралық қатынастарда негізгі рөлді мемлекет атқарады. Себебі, ол белгілі бір әлеуметгік топтың немесе саяси ұйымның емес, жалпы қоғамның мүддесін қорғайды Сондық-тан оған басқа елдермен сыртқы саясатты жүргізгенде келісім-шарттар жасау, соғыс ашу және т.б. занды түрде іске асыруға мүмкіндіктер беріледі

Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты 

белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймақтық біртұтастығын құрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді. Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап, біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Көптеген себептерге байланысты Орталық Азия мен Қазақстан аймағы әлем саясатында қазіргі кезде ерекше назарға ие. Қазақстан екпінді даму қарқынының арқасында ipi трансұлттық корпорациялардың, өзге мемлекеттердің үлкен қызығушылығына ие. Бұл түсінікті де, Қазақстан Орталық Азиядағы географиялық сипаты бойынша ең ipi мемлекет болып табылады, оған қоса экономикалық даму қарқыны бойынша біздің мемлекет аймақтағы көшбасшы. Осы ретте еліміздің болашақта даму мүмкіндіктерінің мол екендігін ескере кету керек. Бүгінгі күні қазақстандық сыртқы саясат басымдылығы ең алдымен Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО, Орталық Азия аймағындағы көршілес мемлекеттермен, ислам әлемімен тең құқылы қарым-қатынас құруга бағытталып отыр. Бұл тұрғыда 2006 — 2007 жылдары аталмыш мемлекеттермен және аймақтармен екі жақты байланыс едәуір алға басты. Ел мүддeciнe қатысты бірталай маңызды құжатқа қол қойылған мемлекет басшылығының Вашингтон, Мәскеу, Брюссель, Лондон, Бейжің, Каир, Тегеран, Ташкент, Бішкек және тағы да басқа мемлекеттердің астаналарына ресми сапарларының қорытындылары да осыны айғақтай түсуде. Осылайша мeмлeкeтiмiздiң әлемнің жетекшi державалары мен көршілес ТМДмемлекеттepi арасындағы стратегиялық серіктестігі жаңа деңгейге көтерілді деуге болады.

Саясаттағы субъект және объект:

Саясаттағы субъект және объект — саясат субъектілері — іс- әрекет жасаушы адам немесе әлеуметтік топ.

Саясаттың субъектісі:

Саясаттың субъектісі деп өз мүдделеріне байланысты саяси өмірге белсене араласып, басқалардың санасына, іс-әрекетіне, жағдайына ықпал ететін, саяси қатынастарға белгілі өзгерістер енгізетін, саясатты жасайтын адам, ұйым не әлеуметтік топты айтады. Саясат субъектісінің құрамы, іс-әрекеттерінің түрлері, тәсілдері, көздеген мақсат-мүдделері және т.б. қоғамның нақты, тарихи жағдайымен айқындалады. Оған азаматтар, әлеуметтік топтар, ұлттар, қоғамдық-саяси ұйымдар, мемлекет жатады.

саясат объектісі:

Саясат объектісі көп түрлі саясат дүниесі болып табылады, бұған мемлекетті, саяси институттарды, билік нысандарын және олардың қоғамдық жүйедегі рөлін зерттеуді жатқызуға болады, бүл оның саяси қозғалыстардың, партиялардың, сайлау жүйелерінің маңызы мен рөлін талдау, сайлаушылардың саяси мінез-құлқының әртүрлі нысандарын және олардың мотивациясын, бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін және олардың қоғамдық пікір қалыптастыруға тигізетін әсерін зерттеу.

Биліктің объектілері:

1. Мемлекет.                                6. Әкімшілік.

2.Ел.                                            7. Ведомстволар.

3.Аймақ.                                      8. Ұйымдар.

4.Штат.                                        9. Өндірістер.

5.Республика.                            10. Жеке тұлға.

Биліктің субъектілері:

1. Мемлекет.

2.Әлеуметтік топ, тап.

3.Әлеуметтік топтар жүйесі.

4.Әлеуметтік топтарға сүйенген шағын адамдар тобы.

 

4. Қоғамның әлеуметтік саласындағы билік

1. Институционалдық белгілі құқықтардың өзгелердің сұранымына байланыссыз ықпал жасауы.

2. Субъектінің қызметі мен қоғамдық міндеттерді орындайтын қызмет әдістері.

3. Қоғамдық пікірлердің даму динамикасына ықпал ету мүмкіндігі.

4. Әлеуметтік жағдайларға қол жеткізетін басты критерийлер.

5. Белгілі әлеуметтік жағдайдың иелерін көтермелеу.

.2 Солтүстік пен Оңтүстік мәселесі". Солтүстік" пен "Оңтүстік" елдерінің бірқалыпты дамымау параметрі. Бай және кедей мемлекеттер. Олардың арасындағы халықтың жан басына шаққандағы өндірістегі алшақтық. Оңтүстік Азия, Африканың оңтүстік бөлігі және Латын Америкасының дамушы елдері. Оңтүстік Африка елдеріндегі экономикалық мүмкіндіктер. Аштықтың, кедейшіліктің, аурулардың себептері. Кедейшілік және СПИД.

"Жалпы Солтүстік" пен "Жалпы Оңтүстік" арасындағы айырмашылықтың себептері.Дамуға әсер ететін ішкі факторлар. Экономикалық дамудың неоклассикалық ілімі, "бай Солтүстік" пен "кедей Оңтүстік" арасындағы әлеуметтік-экономикалық айырмашылық мәселесін зерттеудегі неомарксизм және неореализм ілімдері.

Дамыған және дамушы елдер арасындағы айырмашылықты жүзеге асырудағы халықаралық ұйымдардың ролі. Гуманитарлық көмек. БҰҰ-ның өндіргіш күштерді дамытуды ұзақ мерзімді қолдау бағдарламасы. Дамыған елдердің (АҚШ, Германия, Франция, Жапония және т.б.) дамушы елдерге көмек көрсетуінің сыртқы саяси бағдарламалары. Әлемнің аймақтарында ауылшаруашылық өнімділігінің жоғарылауы. Қызыл Крест пен Қызыл Жарты айдың қызметі. Қайырымдылық.

5. Демографиялық және экологиялық мәселелер. Қазіргі қоғамның демографиялық құрылымындағы жалпы өзгерістер. Жершары халқы санының өсуі динамикасындағы айырмашылықтар. Жершары халқының өсіп-өнуі мен таралуы динамикасындағы ерекшеліктер. Африка, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия аймақтары пайдасына территориялық ойысулар ағымдары. Дамушы елдердегі “демографиялық жарылыс”. Жоғары дамыған және өтпелі экономикалы елдердегі халық өсімі динамикасының құлдырауы.

Халықтың жасы құрамының өзгеруі. Миграция және қалалардың өсуі.

Қазіргі өркениеттің экологиялық мәселелері. Адамның социобиологиялық түр ретінде өмір сүруіне қажетті жағдайлардың бұзылуы. ҒТР мен индустриалды қоғамның табиғи ортаға әсері. Адамзат тұрақтылық шегінен шығу жағдайында.

“Экологиялық қауіпсіздік” ұғымы. Орталық және Шығыс Еуропа, Латын Америкасы, ТМД елдері, Тынық мұхиты аймағы және т.б. елдердегі кешенді экономикалық жаңартулардың экологиялық салдарлары.

6. Қазіргі әлемдегі этносаяси үрдістер. Этнос, ұлт, ұлтшылдық, сепаратизм, патриотизм, регионализм түсініктері. Ұлт және ұлттық мүдде, ұлттық қажеттілік. Этникалық және ұлттық сана сезім. Ұлт және мемлекет.

7. Адам құқығын қорғау мәселесі. Адам құқығы халықаралық құқықтың негізін қалаушы ұстанымы ретінде. Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы. Адам құқығы туралы халықаралық пактілер. Экономикалық, азаматтық және мәдени құқықтар туралы пакт. Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық құқық.

Пактіге қатысушы елдердің адам құқығының сақталуына бақылау орнатуы. Адам құқығын қорғаудағы БҰҰ-ның қызметі. Адам құқығы бойынша комиссия. Омбудсман. Еуропа Кеңесі, ЕҚЫҰ, Еуропалық Одақ қызметіндегі адам құқығы мен негізгі бостандықтарын қорғау бойынша таласты мәселелер.

Демократиялық мемлекеттегі өлім жазасын қолдану мәселесі.

Бейүкіметтік ұйымдардың адам құқығы мен бостандықтарын қорғау ісіндегі қызметі. Интернационализация процесінің адамның негізгі құқықтарына тигізер әсері. Адам құқығын қорғау жүйесінің күштілігі мен шектеулігі. Адам құқығы және халықаралық гуманитарлық құқық.

8. Мораль және саясат. Халықаралық қатынастардағы моральдың ролі. Тәртіпті сақтаудың халықаралық саясаты. Жетекші саяси күштердің іргелі мүдделерінің мотивациясы. Даулы мәселелерді бейбіт жолмен реттеу және адам құқығын құрметтеу. АҚШ-тың және еуропалық елдердің сыртқы саяси доктриналары.

“Гуманитарлық интервенция” мәселесі. Саяси интервенция. Гуманитарлық көмек және гуманитарлық ұйымдар. Халықаралық масштабта белгілі әмбебап стандарттарды сақтауға және ғаламдану мен фрагментация арасындағы шиеленісті алдын алуға қабілетті азаматтық қоғам құру.

9. Халықаралық қатынастарды құқықты қ реттеудің мәселелері. Құқықтық және моральдық нормалар қоғамдық қатынастарды реттеуші ретінде.

Халықаралық құқықтың субъектілері. БҰҰ-ның Жарғысындағы, 1970 ж. халықаралық құқықтың ұстанымдары туралы Декларациядағы, ЕҚЫК-нің 1975 ж. Қорытынды актісіндегі халықаралық құқықтың негізгіі ұстанымдары.

Халықаралық құқық ұстанымдарының үш тобы. Мемлекеттердің өзара қатынасын реттейтін халықаралық-құқық нормалары. Құқық пен моральдың халықаралық қатынастардағы өзара ықпалдастығы. Құқықтық нормалардың белгіленген сипаты.

Құқықтың институциональды сипаты. Құқықты қолданудың шектелген ауқымы. Құқықтық реттеудің күштеу құралдарын қолдану.

Халықаралық қатынастарды реттеудегі халықаралық-құқықтық және моральдық нормалардың бірлігі мен өзара ықпалдастығы.

10. Ұлттық мүдделер және саяси шынайылық. Адамның өмірлік қызметінің әртүрлі саласындағы мүдделер көрінісінің өзіне тән ерекшеліктері. Ұлттық мүдденің экономикалық, социомәдени, геосаяси факторлары. Діни факторлардың әсері. Ұлттық-мемлекеттік мүдделердің негізгі компоненттері. Ұлттық-мемлекеттік мүдделер жүйесіндегі басымдылықтар. Негізгі және екінші дәрежелі мүдделер, түпкілікті ұлттық мүдделер.

Қазіргі мемлекеттердің ұлттық-мемлекеттік жүйесіндегі ұлттық қауіпсіздік. Қазіргі әлемдегі ұлттық мүдделер саясаты. Сыртқы саясатты қалыптастырудағы концептуальды модельдер. Ішкі, сыртқы және әлемдік саясаттың өзара байланысы. АҚШ-тың, Ресйдің азиялық және арап мемлекеттері сыртқы саясатында ұлттық-мемлекеттік мүдде көріністерінің түрлері.

11. Нарықтық экономиканың құқықтық негіздері. Нарықтық экономика жағдайындағы құқықтың ролі. Экономикалық процестерді реттеу. Экономикалық және құқықтық бостандықтарды қамтамасыз ету. Сыртқы экономикалық байланыстар мен экономикалық ұйымдар әрекетінің халықаралық-шарттық тәжірибесі.

Экономикалық құқықтар хартиясы мен мемлекеттердің міндеттері және оның маңызы.

Экономикалық ынтымақтастық саласындағы заңшығарушылықтың бірегейлік мәселесі. Заңнамаларды унификациялау мен жақындастыру саласындағы халықаралық ұйымдар: ЮНСИТРАЛ, УНИДРУА, ИМО.

Ұлттық нарықтық заңнамалардың халықаралық стандарттармен сәйкестендірілу мәселесі.

Еуропадағы экономикалық ынтымақтастық туралы Бонн конференциясы (наурыз-сәуір 1990 ж.). Бұрынғы КСРО республикалары -мемлекеттерінің экономикасын әлемдік шаруашылық жүйеге интеграциялау туралы шешім. Олардың ГАТТ, ХВҚ, ЕО және т.б. экономикалық ұйымдармен жақындасу мүмкіндіктері.

Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Қазақстан

  1. Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Қазақстанның орны

  2. ҚР басқа елдермен қарым- қатынасы

  3. Әлемдік ұйымдар

1. Қысқа мерзім ішінде Қазақстанды егеменді тәуелсіз мемлекет ретінде дүниежүзінің 160-тан астам елі мойындады. Минералды ресурстарға бай Қазақстан шетел капиталын өзіне тартып, 250-дей біріккен кәсіпорын құрылды. Соңғы үш жылда (2002, 2003, 2004) инвестицияның келуі өсіп, 182 доллардан асып отыр, адам басына шаққанда.

Өнеркәсібі дамыған елдермен (АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея т.б.) халықаралық экономикалық қатынастарды дамыту жүзеге асуда. Осындай игі істер АСЕАН елдерімен, әсіресе – Индонезия, Малайзия, Сингапурмен жасалуда. Ынтымақтастық Таяу және Орта Шығыс елдерімен дамуда. Оларға: Түркия, Иран, Сауд Аравиясын жатқызамыз. Ресей, Өзбек, Қырғыз елдерімен, экономикалық одақ елдерімен Қазақстанның экономикалық қатынаста болуы үлкен стратегиялық мүдделілікті байқатады.

Дәстүрлі экономикалық қатынастарды Қзақстан барлық ТМД елдерімен және Шығыс Еуропамен жалғастыруда.

Қытаймен өзара ұзақ мерзімді қатынас жаңа деңгейге көтерілді. Қазақстан қазіргі кезде дүниежүзіндегі 60-тан астам елдермен сауда қатынастарын жүргізуде.

Қазақстан экономиканы реформалауда шетел капиталын бәсекелестік негізде тартуды алға қоюда. Ол экономиканың күрделі мәселесін шешіп қана қоймайды, жаңа технологияны әкелуді, экпорттық өнімнің өзімізде шығарылған тауар мен толтырылуын мақсат етеді.

Жоғарыда атап өткеніміздей, экспорттық өндірісті дамыту Қазақстанда басым бағыттарға ие болуда. Қазақстан Республикасы ТМД елдерімен кең көлемде экономикалық байланыстар жасап келеді. Демек, республика үшін ТМД елдері негізгі серіктес болып саналады, оның ішінде біріншісі-Ресей. Республикадағы экспорттық құрылымның негізін ірі-тонналық өнімдер – мұнай, астық, көмір, руда және концентраттар, қара металл прокаты, мыс, мырыш, қорғасын құрайды. Осы өнімдерді алыс жаққа тасу экономикалық жағынан тиімсіз, себебі оларды қымбаттатып жібереді. Сондықтан, Қазақстан үшін таяу көршілермен сауда-саттық жасау пайдалы.

Тұжырымдамада интеграциялық процесті дамытудың мынандай қағидалары қаралған: кеден кедергілерін жоюуы, салық, акциз алымын төмендету, отандық тауар өндірушілерді қорғау шараларын жасау. Осы процестерге – “микродеңгейдегі интеграция” деген айдар тағылды.

Шаруашылық субьектісінің әр түрлі осы аталған негізінде “микродеңгейдегі интеграцияны” жүзеге асы-рады. Бұл Ресей мен Қазақстан жобасында тәп-тәуір ескерілмек. Біріккен кәсіпорындар мен қаржы — өнеркәсіп топтары құрылып, керек жобаларды мұнай өндіру және газ салаларында, көмір өндіру, машина құрылысында өткеру жүзеге асырылуды.

Қазақстанның егемен ел ретінде БҰҰ – ны және басқа да көптеген халықаралық ұйымдарға мүше болуы, ел экономикасын халықаралық сауда қарым-қатынасына интеграциялауға обьективті жағдайлар жасады.

Қысқа мерзім ішінде Қазақстанды егеменді тәуелсіз мемлекет ретінде дүниежүзінің 160-тан астам елі мойындады. Минералды ресурстарға бай Қазақстан шетел капиталын өзіне тартып, 250-дей біріккен кәсіпорын құрылды. Соңғы үш жылда (2002, 2003, 2004) инвестицияның келуі өсіп, 182 доллардан асып отыр, адам басына шаққанда.

Өнеркәсібі дамыған елдермен (АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея т.б.) халықаралық экономикалық қатынастарды дамыту жүзеге асуда. Осындай игі істер АСЕАН елдерімен, әсіресе – Индонезия, Малайзия, Сингапурмен жасалуда. Ынтымақтастық Таяу және Орта Шығыс елдерімен дамуда. Оларға: Түркия, Иран, Сауд Аравиясын жатқызамыз. Ресей, Өзбек, Қырғыз елдерімен, экономикалық одақ елдерімен Қазақстанның экономикалық қатынаста болуы үлкен стратегиялық мүдделілікті байқатады.

Дәстүрлі экономикалық қатынастарды Қзақстан барлық ТМД елдерімен және Шығыс Еуропамен жалғастыруда.

Қытаймен өзара ұзақ мерзімді қатынас жаңа деңгейге көтерілді. Қазақстан қазіргі кезде дүниежүзіндегі 60-тан астам елдермен сауда қатынастарын жүргізуде.

Қазақстан экономиканы реформалауда шетел капиталын бәсекелестік негізде тартуды алға қоюда. Ол экономиканың күрделі мәселесін шешіп қана қоймайды, жаңа технологияны әкелуді, экпорттық өнімнің өзімізде шығарылған тауар мен толтырылуын мақсат етеді.

Жоғарыда атап өткеніміздей, экспорттық өндірісті дамыту Қазақстанда басым бағыттарға ие болуда. Қазақстан Республикасы ТМД елдерімен кең көлемде экономикалық байланыстар жасап келеді. Демек, республика үшін ТМД елдері негізгі серіктес болып саналады, оның ішінде біріншісі-Ресей. Республикадағы экспорттық құрылымның негізін ірі-тонналық өнімдер – мұнай, астық, көмір, руда және концентраттар, қара металл прокаты, мыс, мырыш, қорғасын құрайды. Осы өнімдерді алыс жаққа тасу экономикалық жағынан тиімсіз, себебі оларды қымбаттатып жібереді. Сондықтан, Қазақстан үшін таяу көршілермен сауда-саттық жасау пайдалы.

Тұжырымдамада интеграциялық процесті дамытудың мынандай қағидалары қаралған: кеден кедергілерін жоюуы, салық, акциз алымын төмендету, отандық тауар өндірушілерді қорғау шараларын жасау. Осы процестерге – “микродеңгейдегі интеграция” деген айдар тағылды.

Шаруашылық субьектісінің әр түрлі осы аталған негізінде “микродеңгейдегі интеграцияны” жүзеге асы-рады. Бұл Ресей мен Қазақстан жобасында тәп-тәуір ескерілмек. Біріккен кәсіпорындар мен қаржы — өнеркәсіп топтары құрылып, керек жобаларды мұнай өндіру және газ салаларында, көмір өндіру, машина құрылысында өткеру жүзеге асырылуды.

Қазақстанның егемен ел ретінде БҰҰ – ны және басқа да көптеген халықаралық ұйымдарға мүше болуы, ел экономикасын халықаралық сауда қарым-қатынасына интеграциялауға обьективті жағдайлар жасады.

2

Қазақстан іргелес елдермен әлемдегі ең ұзақ құрлық шекараларын халық­ара­лық шарттармен бекітіп, көршілес және әлемнің жетекші елдерімен достық және өзара пайдалы ынтымақтастық қат­ы­нас­тарын құрды. Бүгін еліміз 138 мемлекетпен дипломатиялық қарым-қатынас ор­нат­ты. Қазақстанның шетелдерде 70-тен астам дипломатиялық миссиялары, кәсі­би дипломаттарының жеткілікті саны бар. Шетелдермен белсенді ынтымақ­тас­тықтың нәтижесінде мемлекетаралық, үкі­­метаралық және ведомствоаралық дең­гейде 3 мыңнан астам әртүрлі салалардағы халықаралық шарттар жасалды.

Қазақстанның өңірдегі және әлемдегі өсе түсіп отырған беделі тұтастай ал­ған­да бірқатар сыртқы саяси бастамалардың сәтті іске асырылуымен айшықталса, әлемнің жетекші елдерімен стратегиялық әріптестіктің қалыптастырылуымен, ха­лық­аралық ұйымдардағы белсенді қыз­метімен қамтамасыз етілуде және Қа­зақ­станның экономикалық қуатының қар­қын­ды өсіміне, сыртқы әлеммен сауда-экономикалық, сондай-ақ инвестициялық байланыстарды үдемелі кеңейтуге негізделуде. Осы жылдар ішінде Елбасының жүздеген жұмыс және ресми сапарлары, сондай-ақ шетелдердің мемлекеттер, үкі­меттер, халықаралық ұйымдар мен сырт­қы саясат ведомстволары басшыларының Қазақстанға сапарлары өткізілді.

Қытаймен арадағы қатынас жоғары деңгейде болуы шарт, себебі қазіргі кезеңдегі тұрмыстық және күнделікті тұтынатын тауарлардын барлығы дерлік аталған елден келеді.Семестрлік жұмыстың өзектілігі қазақ қытай қатынасының жетістігі мен болашығы жайлы болуында. Семестрлік жұмысты жазу барысында тек сауда саттық қана емес ұлттық қауіпсіздікті де ескеру қажеттілігін ескердім. Себебі қазіргі таңдағы еліміздегі пайдалы қазбалардың көп бөлігі аталған елдің меншігінде… Бас қатырарлық жағдай арине.

Қазіргі Қазақстан шет елдерде 30-дан астам диплоамтиялық және консулдық өкілдіктер ашты. Алматы мен Астанада 50-ден астам шетелдік елшілік және халыаралық, ұлтаралық ұйымдардың 16 өкілдігі жұмыс істейді. Республикамыздың сыртқы саясат ведомствосы ұлттық мүддемен жалпы адамзаттық мүдделерді үйлестіріп жүргізетін дипломатиялық саясатқа кірісті.