Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УКЭ АРМ.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
732 Кб
Скачать
☆

Перефериялық прцесті операциялық жүйе (pros).

PROS DTS-3100- бұл осы уақыттағы операциялық жүйе. Ол кіші деңгейдегі жұмыс аясындағы процесті қамтамасыз етеді. PROS-та бар қосымша программалар осы уақыттағы жұмысты атқарады. Бұл жұмыстар абоненттік желіні, жалғастырушы линияны, әр түрлі сигналды қондырғыларды және тестілеу қондырғыларын басқарады. PROS-тың негізгі функциялары ядрода қателікке тұрақты функцияға және келесіге қалтыру функциясы болып екіге бөлінеді. Ядро- қазіргі уақыттағы тапсырмаларды орындау функциясын, таймер функциясын, қосу және еске сақтау функциясын атқара алады.

Қатеге тұрақты функция- екі еселік процесті, процестің статусын, тексеру және қатені анықтау функциясын басқарады. Келесі ретке қалтыру функциясы анықталмаған жүйедегі программаны тексереді.

Деректер базасын басқару жүйесі.

Деректерді систематикалық түрдегі бақылау келесі үлкен сыйымдылықты станцияның ажырамас бөлігі.DTS-3100-дің DMBS-ті қолданудың негізгі себебі, ортақтандыру. Оның біреуі-деректер базасының топтық ядросы. Ол деректерді бақылайды және тізбектелуді тексереді. Келесісі-деректер базасын қолдау тобы (DBSG). Ол интерфейсті оператормен байланыстырады. Және соңғысы-деректер базасын резервтеу мен қалпына келтіруді басқарады. Байланысты және деректер базасын6 қосымша программа мен DMBS арасында өңдеу үшін алты түр қарастырылады.

И нтелектуалды желілердің негіздері.

Этап 1 Этап 2 Этап 3

Этап 4

Сурет1. Желілер мен байланыс қызметінің қалыптасу этаптары.

Бірінші этап- ортақ қолдануға арналған телефон желісінің құрылуы (PSTN)

Екінші этап- телефон желісін сандандыру.

Үшінші этап-қызметтерді интеграциялау.

Байланыс желілерін сандандыру қызметтердің сапалығын жоғарлатты және интеграция негізінде оның санын көбейтуге мүмкіндік берді. осылайша ISDN қызметі пайда болды.

Төртінші этап- IN интелектуалды желісі.

ҚАУ жанындағы АБК

HAND –OUTS

Электрбайланысының басқару кешендері

3 кредит

Лекция №12. Интелектуалды желінің қызметі,олардың негізгі сипаттамалары-1 сағат

Мұғалім - Нурахметова Ж.С.

3 курс

2014-2015 оқу жылы

Топ 12-РЭ и С-609-3к

13-РЭ и С-609-3к

Қызметтің құрамына 25 түрлі қызмет көрсету кіреді. Олар PSTN, ISDN және PLMN желілері. Қызметтің құрамын анықтау ИС-тің құрылуының бірінші этап болып саналады.

Тегін телефондық қызмет көрсетуді қарастырайық (Free phone,FPN)- тегін телефондық қызмет көрсету немесе «бос телефон»Сөйлесудің бұл түрінде шақырылушы абонент ақы төлеуге келісім бергенде ғана бір-бірімен сөйлесе алады. (АҚШ –та бұл қызметтің түрі «Қызмет 800»деп аталады.). Шақыруға қызмет көрсету моделдері ТФОП және ИЖ арасында концептуалды желі модельдерін қолдануға негізделген ерекшеліктері бар.

Әрбір жаңа қосымша қызмет көрсету еңгізілгенде коммутациялық станцияның(КС) аппараттық- бағдарламалық құралдары белгілі бір жағдайда жетілдіріледі. Жалпы жүйелік қызмет көрсетуді жүзеге асыру үшін барлық жүйенің аппараттық-бағдарлама модернизациясын жүргізу керек. Бұл әрекет жалпы жүйелік қызмет көрсетудегі алгоритмнің өзгеруіне байланысты қолданылады.

ИЖ концепциясы қойылған мәселені шешудегі тиімді шешім болып табылады.

ИЖ-дегі шақыру қызмет көрсетуінің моделі 2-сур.көрсетілген.

Оның құрамына шақыруды анықтағыш кіреді.Шет ел әдебиетінде ол «Hook» «крюк» деп аталады.Бұл сөз техникада белгілі бір жүйеге өзгеріс ендіретін қосымша бағдарлама немесе аппараттық құрылғыны білдіреді.

ИЖ-дағы қызмет көрсету моделінің құрамына үш негізгі компонент кіреді:

- Негізгі шақыруларды өңдейтін техникалық құралдар. Олар бірқатар стандартты процестерді орындайды.

- Шақыруды анықтайтын «Hook»,ол ИЖ-ға жіберілген сұраныстарды анықтайды.

- ИЖ-нің логикалық бөлігі.Оның құрамына аппараттық құралдар және бағдарламаны қамтамасыз ету (ПО) кіреді,ол қосымша қызмет көрсетуді құрайды және ақпарат беру үшін қолданылады.

ИЖ-да шақыруға қызмет көрсету функцияларының ерекшеліктері бар:

Біріншіден ИЖ-да негізгі шақыруды өңдеу үшін кәдімгі телефон станциялары қоланылады.

Екіншіден шақыруды анықтау функциясын орындау үшін коммутациялық жүйелерін біршама түзету ғана қажет,ол ПО көмегімен жасалады.

Ең негізгісі – ИЖ қызметін орталықтанған логикалық қызмет,ол операторға ИУ қызметін еңгізу және түзету процесстерін жеделдетуге және ықшамдауға мүмкіндік береді.

И нтелектуалды желілердің негіздері.

Этап 1 Этап 2 Этап 3

Этап 4

Сурет1. Желілер мен байланыс қызметінің қалыптасу этаптары.

Бірінші этап- ортақ қолдануға арналған телефон желісінің құрылуы (PSTN)

Екінші этап- телефон желісін сандандыру.

Үшінші этап-қызметтерді интеграциялау.

Байланыс желілерін сандандыру қызметтердің сапалығын жоғарлатты және интеграция негізінде оның санын көбейтуге мүмкіндік берді. осылайша ISDN қызметі пайда болды.

Төртінші этап- IN интелектуалды желісі.

Тест сұрақтары

1. Желілер мен байланыс қызметінің қалыптасу этаптары нешеге бөлінеді?

А. 2

В. 6

С. 4

Д. 5

2.Жеке, коммерциялық болып саналатын қызмет?

А.Қызмет

В. Интелектуалды желі

С.Дұрыс жауап жоқ

Д.Қызмет интеграциясы

3.ИЖ-нің логикалық бөлігінің құрамына не кіреді ?

А. Аппараттық құралдар және бағдарламаны қамтамасыз ету (ПО)

В. Шақыруларды өңдейтін техникалық құралдар

С. Шақыруды анықтайтын «Hook»

Д. Тегін телефондық қызмет көрсету

4. Әрбір жаңа қосымша қызмет көрсету еңгізілгенде коммутациялық станцияның(КС) аппараттық- бағдарламалық құралдарында қандай өзгеріс болады?

А. өзгеріс болмайды

В. аппараттық құрал өзгереді

С. жетілдіріледі

Д. ондай ұғым жоқ

5. ИЖ-дағы қызмет көрсету моделінің құрамына үш негізгі компоненттерді ата

6. ИЖ-да шақыруға қызмет көрсету функцияларының ерекшеліктері

Глоссарий.

Қазақша

Орысша

Ағылшнша

1

Тегін шақыру

Терминал

Бесплатный вызов

2

Логикалық нөмір

Логический номер

3

Сөйлесу

Разговор

4

Аппаратық құрал

Аппаратные средства

5

Қосымша қызмет көрсету

Дополнительные услуги

Студенттің өздік жұмыс тақырыбы (СӨЖ)

Электрбайланысының жаңа қызметтері. ҚР байланыстағы жаңа қызметтер және желоінің даму этапы [Интернет сайт АО «Казахтелеком»]; конспект

Студенттің оқытушымен өздік жұмыс тақырыбы (СОӨЖ)

SCP есептеу жүйесінде интеллектуальді қызметке сұрауды өңдеу [ МУ]

Қолданылатын әдебиеттер

1.Р.А. Аваков «Управляющие системы электросвязи и их программное обеспечение» М.Р.С., 1991

2. М.А.Баркун, О.Р.Ходасевич «Цифровые системы синхронной коммутации» ЭКОТРЕНДЗ М. 2001

3. А.В. Шмалько «Цифровые сети связи», » ЭКО-Тренз М., 2001 г.

4. Б.И.Крук и др «Телекоммуникационные системы и сети» Новосибирск, Наука 1998

5. Н.П.Запорожченко и др. «Цифровая коммутационная система AXE 10»М.Р.С. 2000

6. В.Г.Карташевский и др. «Цифровая коммутационная система DRX 4» М.Р.С. 2001

ҚАУ жанындағы АБК

HAND –OUTS

Электрбайланысының басқару кешендері

3 кредит

Лекция №13 Интеллектуалды желі архитектурасы. ИС архитектурасына қойылатын негізгі талаптар -1 сағат

Мұғалім - Нурахметова Ж.С.

3 курс

2014-2015 оқу жылы

Топ 12-РЭ и С-609-3к

13-РЭ и С-609-3к

Интеллектуалды желі-жаңа байланыс қызметтерін көрсететін архитектуралық концепция,олардың негізгі сипаттамалары .

Ақпаратты өңдеудің жаңа әдістерін кеңінен қолдану,желілік ресурстарды тиімді қолдану, желілік функциялардың модульдігі , стандартты өзара әсерлері.

ИЖ концепциясы – телефон желісінде (PSTN )

қозғалмалы жүйемен байланыс PLMN

тар және кең жолақты сандық желілер .

Қызмет көрсету – коммерциялық ұсыныс ,ол бір немесе бірнеше негізін қалаушы қасететтерін сипаттайды. Мысалы қызмет 800 бос телефон қызметі екі негізін қалаушы қасиеттен тұрады. Шақырылушы абонент есебінен төлеу және шақырылушы абонент нөмірін переадресациялау және 16 қосымша қасиеттері болады олардың ішінен төртеуін атауға болады:

Интеллектуалды желі оперпторы

Қызмет көрсетуді қамту- ИЖ операторымен контртакт бекітетін жеке немесе заңды тұлға

Қызмет көрсету абоненті –қызмет көрсетуді қолданатын заңды немесе жеке тұлға

Мысалы : Қызмет 800 –ді алады да , өздерінің товарларына жарнама жасайды.

Қызметті тұтынушы – абонент ретінде қызметті қолданатын тұтынушы (техникалық қондырғы ).

ИЖ архитектурасына қойылатын жалпы функцияналды талаптар :

Коммутация функциясы барлық желідегі сияқты негізгісі болып табылады .

Басқару функциясы, қызмет көрсетуді шығару және іске асыру ,негізгі желіден бөлек интеллектуалды баптағышта болады, стандартты интерфейс арқылы тікелей байланысады.

Жалпы ұсыну процесінде интеллектуалдық қызметтерді келесі түрде көрсетуге болады.

• А абонентімен номерді теру.

• А абонентін SSР байланысын қосу.

• ІР функционалдау (А абонентімен ақпараттық мәтінмен ауысу).

• ОКС №7 SSР - дан SСР-ға INAР протоколымен желімен қызметін ақпарат арқылы беру.

• SСР басқару әрекетін қалыптастыру және ақпаратты интеллектуалды түрде беру.

• Абонент А – абонент В сөйлесу тұрақтыда қосылу.

• ІР функционалдау.

• Абоненттердің сөйлесуі.

• Сөйлесуді аяқтау. SSР-дан SCР-ға ОКС №7 желісі арқылы сөйлесудің аяқталағаны жайлы ақпарат беру.

•Абоненттердің ажыратылуы. Қызметтің орындалуының аяқталуы. SSР –ң басталуы.

Бұндай жалғасу тек қана белсенді немесе «ортақ қызметке» тән. Негізінде өңдеу процесінің қызметі тек осы этаптардың бөлігін ғана қоса алады. Сол үшін кешігуді қарастыру керек, ИУ кешігуінің орындалу нәтижесін қалыптастырып осыған берілген этаптың орындалу процесін енгізуге мүмкіндік алу.

Бақылау сұрақтары.

1. ИУ жұмыс принципі

2. Байланысты орнату кезіндегі тежелу жүйедегі SСР санына тәуелді болады ма?

3. SСР – ға бақылау әрекетінің қалыптасуы кезінде кешігудің қандай түрлері мүмкін ?

4. Абоненттің сөйлесу этапында кешігу немен анықталады

5. Интеллектуалдық қызметтің жалпы процесіндегі уақыттылық тежеу алгоритмін құру.

Глоссарий.

Қазақша

Орысша

Ағылшнша

1

Интеллектуалды желі

Терминал

Интеллектуальная сеть

2

Қызмет көрсетуді қамту

Поставщик услуг

Service Provider

3

Қызмет көрсету абоненті

Абонент услуг

Service Subscrider

4

Қызметті тұтынушы

Пользоватоль услуг

User

5

Мәлімет торабы

Узел база данных

Service Data Point

Студенттің өздік жұмыс тақырыбы (СӨЖ)

ИС және жалпы желінің шақыруға қызмет ету моделінің салыстырмалы сипаттамасы.

[Интернет сайт]; конспект

Студенттің оқытушымен өздік жұмыс тақырыбы (СОӨЖ)

SCP есептеу жүйесінде интеллектуальді қызметке сұрауды өңдеу [ МУ]

Қолданылатын әдебиет (Н.Ә. 8.76-78 бет).

ҚАУ жанындағы АБК

HAND –OUTS

Электрбайланысының басқару кешендері

3 кредит

Лекция № 14-15. АХЕ-10 қондырғы базасындағы ISDNқұру -2с

Мұғалім - Нурахметова Ж.С.

3 курс

2014-2015 оқу жылы

Топ 12-РЭ и С-609-3к

13-РЭ и С-609-3к

Бұл бөлімде әртүрлі станцияға қосылған базалық енуі (2B-D) бар екі абоненттің арасындағы байланыс сипатталады. Сөз және берілу бір уақытта В каналы бойынша беріле алады, ал сигнализация D каналы бойынша беріледі. Шақыруға қызмет етуге тартылған барлық жүйе асты және функционалды блок сипатталады:

ISDN абоненті ISDN терминалындағы В абонент номерін тереді. SETUP хабары абоненттік желі бойынша ISDN терминалынан желілік терминал (NT1) арқылы станцияға беріледі. DLB2U платасы (базалы ену үшін желілі интерфейстің функционалдық блогының аппараттық құралы) SETUP-тан хабар алады және оны уақыттық коммутаторға (TSW) жібереді. Хабарды ұстап тұратын SETUP D-каналы TSW-ғы В-каналынан ерекшеленеді және ST641 платасына бағытталады. SETUP хабарын ары қарай өңдеу үшін базаға енуге (MHBA) арналған функционалды блогы болып табылады.

Жалғануды басқару MHBA-дан хабар базалық ену (PHABA) үшін хаттаманы анализатор функционалды блогына жіберіледі. PHABA хабарды декодтайды және жеке параметрлерді анықтайды. Әрі қарай өңдеу үшін параметрлер басқа функционалды блоктарға AXE ішкі сигнал түрінде беріледі. Негізінен хабар хаттамасы дұрыс болса, онда шақыруды басқару(LICH) үшін жеке желілі интерфейс құрылады. LICH LIBA-ға В каналын құруға сигнал береді.

Жадыны тарату LICH жеке құрамдастырылған жалғағыш ISDN (CJI) қалыптастырады. Абоненттік категориядан (SC) CJI информация алады және сақтайды. CJI регистрдан (RE) жеке RE жазуды және шақыруды бақылауды өзіне қабылдауды сұрайды. Функция координаты (CLCOF) және шақыруды басқару функционалды блогы жеке регистр қалыптасқаннан кейін регистрмен сұрайды

Нөмір теру санының анализі және алынуы ISDN-ғы шақыру түрін анықтау үшін байланыс қызмет анализаторы (TECA) жұмысқа қосылады. TECA SETUP хабарынан информацияны шығарады, мысалы, қажетті теле қызмет түрі және шақыруға байланыс қызмет кодын (TSC) иемденеді. Маршрутты анализ уақытынан керекті маршрутты таңдағанға шейін салыстырмалы тексеру үшін TSC қолданылады. RE CJI-дан В номерін сұрайды. В номері туралы информация алу үшін коммутатор алдын (PREA) жібереді және одан кейін сандарды анализдеуші (DA) іске қосылады.DA-да әрбір сан жеке анализделеді және әрбір анализ шешімі RE-ге жіберіледі. (DA) RE В нөмірінің анализінің шешімі болып:

- Кездейсоқ маршрут-В абонент станциясы үшін шығыс маршрутты қамтамасыз етеді.

- Кездейсоқ тарификация- алғашқы тарификациялық анализді жібереді. Координатты тарификация функционалды блогынан сигнал жібереді. Егер тарификацияда орын болса, онда CHCOOR шақыру мониторингін (CHMON) шақыруға қосылуды бұйырады.

Маршрутты таңдау Керекті станцияға бағыт бойынша маршрут кіріс маршруты таңдалғаннан және шешім анализі алынғаннан кейін таңдалады. RA TSC-ны қолдана отырып салыстырмалы сынақ өткізуді TECA-дан сұрайды. Осыдан кейін таңдалған маршрут беру құралы мен байланыс қызметіне сәйкес келетінін анықтайды. RA-дан регистрмен шешім анализі алынғаннан кейін керекті бағытта бос желі таңдайды.

RE командасы бойынша коммутациялық өріс арқылы абоненттік енуден жалғағыш желіге дейінгі сандық ағын таңдалады. Бұл ағын регистр В станциясынан маршрутты таңдау аяқталу сигналын алғанда ғана активтеледі.

Байланысты орнатудың аяқталуы ALERT хабары регистрге В абоненті идентифицирленгенді және соңғы маршрутты таңдау болды сигналын береді. Регистр беруге жіне сөзді қосуға дайындалады. Мұнда келесі іс әрекет кіреді:

CHS-гі тарифті анализдеудің соңғы берілуі

  • GSS арқылы ағынды қосу

  • Хабарды бақылау CLCOF блогына беріледі

  • Регистр өшіріледі.

  • В абонентінің жауабынан кейін шақырылушы абонентке CONNECT хабары жіберіледі. Акустикалық сигнал беріледі, коммутациялық өрістегі канал активтеледі және хабарды тарифтеу басталады.

ISDN шақырылушы терминалына растау туралы (CONNECT ACK) хабар беріледі және В каналы қосылады. Осыдан кейін абонент бір-бірімен

сөйлесе алады. Сөйлесудің жалғасуындағы хабарды CLCOF блогы бақылайды.

Бақылау сұрақтары

1. Шақыру кезінде қандай функционалдық блоктар кіреді.

2. Жадыны тарату құрамы

3. Уақыттық коммутация (TSW) қызметі

4. PHABA функциясы

Глоссарий.

Қазақша

Орысша

Ағылшнша

1

Уақыттық коммутатор

Временной коммутатор

TSW

2

Маршрутты таңдау

Выбор маршрута

3

Жадыны тарату

Распределение памяти

4

Қызмет анализаторы

Анализатор услуг

ТСЕА

5

Байланыс қызмет коды

Код услуг связи

TSC

6

Санды анализдеуші

Анализатор цифр

DA

Студенттің өздік жұмыс тақырыбы (СӨЖ)

Электрбайланысының жаңа қызметтері. ҚР байланыстағы жаңа қызметтер және желоінің даму этапы [Интернет сайт АО «Казахтелеком»]; конспект

Студенттің оқытушымен өздік жұмыс тақырыбы (СОӨЖ)

SCP есептеу жүйесінде интеллектуальді қызметке сұрауды өңдеу [ МУ]

Қолданылатын әдебиеттер

1.Р.А. Аваков «Управляющие системы электросвязи и их программное обеспечение» М.Р.С., 1991

2. М.А.Баркун, О.Р.Ходасевич «Цифровые системы синхронной коммутации» ЭКОТРЕНДЗ М. 2001

3. А.В. Шмалько «Цифровые сети связи», » ЭКО-Тренз М., 2001 г.

4. Б.И.Крук и др «Телекоммуникационные системы и сети» Новосибирск, Наука 1998

5. Н.П.Запорожченко и др. «Цифровая коммутационная система AXE 10»М.Р.С. 2000

6. В.Г.Карташевский и др. «Цифровая коммутационная система DRX 4» М.Р.С. 2001

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]