Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Makro kursovaya Doni.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
158 Кб
Скачать
☆

1.1 Бюджет тапшылығының түрлері, сипаты

Бюджеттік процесс мемлекеттің кірістері мен шығыстарын баланстайды, теңестіреді. Бірақ қазіргі кезде барлық елдерде дерлік мемлекеттің шығыстары оның кірістері мен табыстарына қарағаида тез өсуде. Оның се-бептері көп, олардың ішівдегі ең бастылары емірдің сан түрлі салаларьшда ғы мемлекет Грөлінің үздіксіз артуы, оның экономикалмқ және әлеумеғтік қызметінің кеңеюі, мемлекет аппараты келемінің өсуі және т. б. себептер. Бюджеттік шығьщдардын көбеюі салық түсімдерімен сәйкес келмейді, сондықтан бюджеттің тапшылығы үздіксіз өсіп, оның келемі ұлғаяды. Бюджеттің тапшылығы барлық мемлекеттерде оның абсолютті мөлшері бойынша да және ЖҮӨ-ге қатынасынан да анық көрінеді. Мемлекеттік бюджеттердің түрақты тапшылығының негізінде көптеген себептер жатыр. Оның қатарына жоғарыда көрсетілген қүрылымдық факторларды да жатқызуға болады. Ол мемлекетгің экономикалық және әлеуметтік қызметінің ұлгаюы және осы мақсатқа шығынның көбеюіне байлаиысты. Артық өндірудің цикл- дық дагдарыстары кезінде бюджетке түсетін салықтар азаяды. Ал, мемлекет болса әлеуметтік мұқтаждықтарға шығындарды көбейтуге таіс (жүмыссыздарға көмек және т. б.), сонымен қатар экономиканың белгілі секторларын қолдауға, жалпымемлекеттік маңызы бар салаларға инве- стиция көлемін сақтауға да қаражат керек.

Бюджеттік тапшылық мемлекеттік қаржылардың терең сәйкес-сіздігінің салдары. Сонымен қатар олар ақша айналысының айтарлықтай берекетсіздігімен де байланысты. Бюджеттік тапшылықтарды реттеу қазіргі мемлекеттің экономика саласындағы ең күрделі проблемасына айналды. Әр бюджетте оның кіріс және шығыс бөлігін теңдестірген, яғни баланстаңдырған дұрыс. Баланс — бұл тепе-теңдік, бюджетті жасаған кезде негізгі мәселе мемлекеттің ақшалай түсімдері мен шығыстарының осындай жай-күйіне жету болып табылады. Кірістердің шығыстардан, яғни бюджетке түсетін түсімдердің жалпы сомасының шығыстардың және қайтарымды негізде бөлінетін кірістердін ауқымынан асып түсуі бюджет артыгын — профицитті құрайды. Ол мемлекеттік борышты өтеуге бағытталады немесе бюджеттік қаражаттардың (республикалық және жергілікті бюджеттегі) бос қалдығын құрауы мүмкін. Аяқталған бюджет жылы бойынша бюджет кезеңінің аяғында қалыптасқан бюджеттік қаражаттардың бос қалдықтары үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың арнайы шоттарына есептеледі және кассаның айналымдағы нақты ақшасының өсіміне және биліктің тиісті органынын мемлекеттік борышын жабуға пайдаланылады. Мұндай қажеттік болмаған жағдайда бұл қаражаттарды пайдалану туралы шешімдерді тиісті әкімшіліктер қабыддайды. Шығыстардың кірістерден (шығыстар мен бюджеттен қайтарымды негізде бөлінген кредиттер ауқымының бюджетке түсетін түсімдердің жалпы сомасынан) асып түсуі мемлекеттік бюджеттің тапшылыгын тудырады. Тапшылықтың едәуір әрі тұрақты болуы қаржының дағдарыстық жай-күйін сипаттайды.

Тапшылықтың ұйғарымды деңгейі деп еддің жалпы ішкі өнімге қатысты 2-3% мөлшері саналады. Мұндай жағдайда тапшылық мемлекеттік қарыздар шығарудың немесе қағаз ақшалар эмиссиясының көмегімен біршама жеңіл жабылуы мүмкін. Бюджеттің едәуір және созылмалы тапшылығы кезінде қарыздар мемлекеттің қажеттіліктерін жаппайды, олар ақшаның қосымша (яғни тауар айналымының қажеттіліктерінен тыс) эмиссиясымен қамтамасыз етіледі, бұл инфляцияның дамуына, ақша айналысы заңының бұзылуына, ақшаның құнсыздануына, нақтылы табыстардың және халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуіне апарып соғады.

Бюджет тапшылығы экономиканың жай-күйін қамтып көрсетеді, ал оның болуы мына себептерге байланысты:

  1. елдің экономикасында ендірістің жалпы құлдырауы;

  2. қоғамдық өңдіріс шығындарының өсуі;

  3. айналысқа тауар жиынымен жабылмайтын ақшаны шектен тыс

шығару;

  1. бюджеттің шығыстарыңда экономиканың даму деңгейіне сәйкес

келмейтін едәуір әлеуметтік шығыстардың басымдығы;

  1. әскери-өнеркәсіп кешенін ұстауға жұмсалатын әскери шығыстарды,

басқару шығыстарын қаржыландырудың қомақты ауқымы;

  1. "көлеңкелі" экономиканың ірі ауқымды айналымы;

7) ұлттық шаруашылықтағы өнімсіз шығыстар мен ысыраптар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]