- •Студенттерге арналған пәннің бағдарламасы (силлабус)
- •Жалпы мәлімет
- •Оқытушы туралы мәліметтер
- •Пән туралы мәліметтер
- •Пәннің пререквизиттері
- •Пәннің постреквизиттері
- •Пәннің сипаттамасы
- •2. Курсты ұйымдастыру және жоспарлау
- •2.1 Дәріс сабақтарының курсы
- •2.2 Практикалық (семинар) сабақтарының курсы
- •2.3 Зертханалық сабақтардың курсы
- •2.4 Студенттің оқытушының жетекшілігімен орындайтын өзіндік жұмысы (соөж)
- •2.5 Студенттің өзіндік жұмысы (сөж)
- •3. Пәннің оқу-әдістемелік қамсыздандырылу картасы (поәқк)
- •4. Әдебиет (негізгі және қосымша)
- •5. Курстық жұмыстар (жобалар), рефераттар
- •6. Дәріс тезистері
- •7. Практикалық (семинар) сабақтардың тақырыбы мен мазмұны
- •8. Бағалау бойынша ақпарат
- •9. Бағаларды қою саясаты
- •Бағалау баламасы
- •11. Оқу пәні мен академиялық этиканың саясаты
3. Пәннің оқу-әдістемелік қамсыздандырылу картасы (поәқк)
№ |
Оқулықтар, оқу кешендері |
Дереккөздердің тілі |
Авторы, басылған жылы |
1 |
2 |
4 |
6 |
1 |
Прововая охрана детства |
ҚР Парламенті |
«Заң» МБ 6 нұсқа ҚР ӘМ ҚАРО |
2 |
Права человека. Учебное пособие |
ҚР Парламенті |
«Заң» МБ 6 нұсқа ҚР ӘМ ҚАРО |
3 |
Комментарий к кодексу об административных правонаршениях |
ҚР Парламенті |
«Заң» МБ 6 нұсқа ҚР ӘМ ҚАРО |
4 |
Молодежь о семье и о правах членов семьи |
ҚР Парламенті |
«Заң» МБ 6 нұсқа ҚР ӘМ ҚАРО |
5 |
Брачный договор. |
ҚР Парламенті |
«Заң» МБ 6 нұсқа ҚР ӘМ ҚАРО |
6 |
Имущественные отношения в россиской семье |
ҚР Парламенті |
«Заң» МБ 6 нұсқа ҚР ӘМ ҚАРО |
7 |
Юридические факты в семейном праве |
ҚР Парламенті |
«Заң» МБ 6 нұсқа ҚР ӘМ ҚАРО |
4. Әдебиет (негізгі және қосымша)
Негізгі
ҚР Конститутциясы 30.08.1995 жыл
Указ Президента РК от 2 апреля 1996 года «О порядке решения вопросов, связанных с написанием фамилий и отчеств лиц казахской национальности »
Указ Президента, имеющий силу закона от 1970571998 «О порядке рассмотрения обращений граждан»
«Отбасы және неке» туралы заң 1998 жылдың 17 желтоқсаны
«Азаматтығы» туралы заң 2000 жылдың 20 желтоқсаны
«Нотариат» туралы заң 1997 жылдың 14 шілде
Беспалова А.И. Отбасы құқығы Алматы, 1984 жыл
Уварова В.Н Әкімшілік құқық Алматы 2000 жыл
5. Курстық жұмыстар (жобалар), рефераттар
5.1 Курстық жұмыстардың (рефераттардың) тақырыптары
5.2 Курстық жұмыстарды жазу және тапсыру кестесі
-
№ р/р
Негізгі бөлімдері
Тапсыратын аптаның №
1
2
6
1
Әдеби бейне
1 апта
2
Курстық жұмыстың жоспары (мазмұны)
2 апта
3
Кіріспе
2 апта
4
1 бөлім
4 апта
5
2 бөлім
8 апта
6
3 бөлім
11 апта
7
Қорытынды
13 апта
8
Рәсімделуі
14 апта
9
Курстық жұмысты қорғау
15 апта
Барлығы
6. Дәріс тезистері
1-тақырып. Отбасы құқығы пәні, түсінігі және әдісі. Отбасылық қатынастар ұғымы.
Заңдық мағынасында отбасы дегеніміз – бұл некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың өзге де нысандарынан туындайтын және отбасылық қатынастарды нығайту мен дамытуға септігін тигізетін, мүліктік және мүікке қатысты емес жекебастың құқықтарымен байланысқан адамдар тобы. Отбасылық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы отбасылық құқық деп аталады. Отбасы – неке қатынастарын реттейтін негізгі нормативтік құқықтық акт Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңы болып абылады.
2-тақырып. Некеге тұрудың шарттары мен тәртібі.
Некеге тұру некеге тұрушы ері мен әйелдің өзара ерікті келісімі және олардың неке жасына жету болып табылады.
Егер неке күш көрсету, алдау, қорқыту жолымен қиылған болса, онда ол жарамсыз деп танылуы мүмкін. Некеге тұру келісімін некені тіркеу рәсімінің барысында некеге тұрушы адамның тікелей өзі ауызша білдіреді және оның қолын қойғызу арқылы расталады. Соның өзінде ата – аналарының немесе туыстарының келісімі талап етілмейді. Дей тұрғанмен, қай жағынан алып қарағанда да ата – анасының құптауы болашақ отбасы үшін өте маңызды екендігі күәмнсіз.
Отбасын құру үшін неке жасына жетудің үлкен маңызы бар. Некеге тұрушылар белгілі бір рухани және күш – қуат кемелділігіне ие болуы керек, ол белгілі бір жаспен байланысты. Біздің заңымызға сәйкес неке жасы – 18 жас.
3-тақырып. Некенің тоқтатылуы.
Ерлі – зайыптылардың жәке және мүліктік құқытық қатынастарының тоқтатылуын некенің тоқтатылуы деп түсінеді. Неке заңда айқындалған білгілі бір оқиғаардың тууына байланысты немесе ерлі – зайыптылардың біреуінің не екеуінің бірдей қалауымен тоқтатылады.
Некені тоқтататын оқиғалар қатарына мыналар жатады:
- ерінің қайтыс болуы;
- соттың ерлі – зайыптылардың біреуін өлді деп жариялауы;
- некенің бұзылуы (ажырасу).
Некенің тоқтату негіздерінің тізімі толық болып табылады.
Ері қайтыс болған немесе ерлі – зайыптылардың біреуі өлді деп жарияланған жағдайда неке өздігінен тоқтатылады. Егер артында қалған адам жаңадан некеге тұрғысы келсе, бұрынғы неке бойынша ерінің өлгені бойынша АХАТ органдары берген куәлікті көрсетсе де жеткілікті.
Соттың азаматты (ерлі – зайыптылардың бірін) өлді деп жариялау жөніндегі шешімі долбараға ғана негізделеді. Ол адамның өлгені туралы нақты ақиқат дәлелдер жоқ.
4-тақырып. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері.
Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттерінің туындауы. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркелген күннен бастап туындайды.
Ерлі-зайыптылардың отбасындағы теңдігі
1. Ерлі-зайыптылар тең құқықтар пайдаланады және тең міндеттер атқарады.
2. Ерлі-зайыптылардың әрқайсысы қызмет түрін, кәсібін және діни сенімін таңдауға ерікті.
3. Ерлі-зайыптылар ана болу, әке болу, балаларды тәрбиелеу, оларға білім беру, ерлі-зайыптылардың тұрғылықты, болатын жерлері мәселелерін және отбасы өмірінің басқа да мәселелерін бірлесіп шешеді.
4. Ерлі-зайыптылар отбасындағы өз қатынастарын өзара сыйластық пен өзара көмек негізінде құруға, отбасының игілігі мен нығаюына жәрдемдесуге, өз балаларының денсаулығына, өсіп-жетілуіне және олардың әл-ауқат жағдайына қамқорлық жасауға міндетті.
5-тақырып. Ата-ананың және баланың құқықтары мен міндеттері.
Ата-аналардың және баланың құқықтары мен міндеттерінің туындауы үшін негіздер
1. Бала туғаннан кейін бірден тіркеледі және туылған кезінен бастап атын алуға және азаматтық алуға құқығы, сондай-ақ мүмкіндігіне қарай, өз ата-аналарын білуге құқығы және олардың қамқорлығына құқығы болады.
2. Ата-аналардың және баланың құқықтары мен міндеттері баланың Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен куәландырылған тегіне негізделеді.
3. Бала асырап алушылар мен асырап алынған балалардың құқықтары мен міндеттері асырап алу туралы заңды күшіне енген сот шешіміне негізделеді. Баланың туу тегін анықтау
6-тақырып. Ата-аналар мен балалардың алименттік міндеттемелері.
Алимент төлеу туралы келісім жасау. Алимент төлеу (алименттің мөлшері, оны төлеудің шарттары мен тәртібі) туралы келісім алиментті төлеуге міндетті адам мен оны алушының арасында, ал алиментті төлеуге міндетті адам және (немесе) алимент алушы әрекетке қабілетсіз болған кезде, осы адамдардың заңды өкілдерінің арасында жасалады. Алимент төлеу туралы келісімнің нысаны. Алимент төлеу туралы келісім жазбаша нысанда жасалады және ол нотариатта куәландырылуға тиіс. Алимент төлеу туралы келісімнің заңда белгіленген нысанын сақтамау Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің нормаларында көзделген салдарларға әкеп соғады.
Алимент төлеу туралы келісімді жасау, орындау, өзгерту, бұзу және жарамсыз деп тану тәртібі
7-тақырып. Ерлі-зайыптылардың және бұрынғы ерлі-зайыптылардың алименттік міндеттемелері.
Ерлі-зайыптылардың және бұрынғы ерлі-зайыптылардың алименттік міндеттемелері
Ерлі-зайыптылардың бірін-бірі күтіп-бағу жөніндегі міндеттері
1. Ерлі-зайыптылар бірін-бірі материалдық жағынан қолдауға міндетті.
2. Мұндай қолдаудан бас тартқан және ерлі-зайыптылардың арасында алимент төлеу туралы келісім болмаған жағдайда, алимент төлеуге қажетті қаражаты бар екінші жұбайдан:
1) еңбекке жарамсыз мұқтаж жұбайының;
2) жүктілігі кезеңінде және ортақ баласы туған күннен бастап үш жыл бойы зайыбының;
3) ортақ мүгедек баланы он сегіз жасқа толғанға дейін бағып-күтуді жүзеге асырып отырған, сондай-ақ он сегіз жасқа толған соң ортақ мүгедек балаға I-II топтағы мүгедектік белгіленген жағдайда көмекке мұқтаж жұбайының алимент төлеуді сот тәртібімен талап етуге құқығы бар. Бұрынғы жұбайдың неке (ерлі-зайыптылық) бұзылғаннан кейін алимент алуға құқығы
8-тақырып. Алимент міндеттемелерін жүзеге асыру.
Алимент төлеу туралы келісім жасау. Алимент төлеу (алименттің мөлшері, оны төлеудің шарттары мен тәртібі) туралы келісім алиментті төлеуге міндетті адам мен оны алушының арасында, ал алиментті төлеуге міндетті адам және (немесе) алимент алушы әрекетке қабілетсіз болған кезде, осы адамдардың заңды өкілдерінің арасында жасалады. Алимент төлеу туралы келісімнің нысаны. Алимент төлеу туралы келісім жазбаша нысанда жасалады және ол нотариатта куәландырылуға тиіс. Алимент төлеу туралы келісімнің заңда белгіленген нысанын сақтамау Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің нормаларында көзделген салдарларға әкеп соғады.
Алимент төлеу туралы келісімді жасау, орындау, өзгерту, бұзу және жарамсыз деп тану тәртібі
9-тақырып. Бала асырап алу тәртібі.
Асырап алуға жол берілетін балалар.
1.Тууы осы Кодексте белгіленген тәртіппен тіркелген және толық тән саулығы, психикалық, рухани және адамгершілік жағынан дамуын қамтамасыз ету мүмкіндіктері ескеріле отырып, кәмелетке толмаған балаларға қатысты тек қана солардың мүддесінде асырап алуға жол беріледі.
Бұл ретте баланың жас мөлшері, естиярлық дәрежесі және өзін асырап алуға келісімі ескеріледі.
2. Жалғыз ата-анасы немесе екеуі де:
1) қайтыс болған;
2) баладан бас тартқан;
3) ата-ана құқықтарынан айрылған және олар қалпына келтірілмеген;
4) баланы асырап алуға келісім берген;
5) сот тәртібімен әрекетке қабілетсіз, хабар-ошарсыз кеткен деп танылған немесе қайтыс болған деп жарияланған;
6) белгісіз болған жағдайда, балалар асырап алуға жатады.
10-тақырып. Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасы нормаларының шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға қолданылуы.
Ерлі-зайыптылардың мүліктік емес және мүліктік жеке құқықтары мен міндеттері
Ерлі-зайыптылардың мүліктік емес және мүліктік жеке құқықтары мен міндеттері аумағында өздері бірге тұратын тұрғылықты жері бар мемлекеттің заңнамасымен, ал бірге тұратын тұрғылықты жері болмаған кезде аумағында олардың соңғы бірге тұратын тұрғылықты жері болған мемлекеттің заңнамасымен айқындалады. Бұрын бірге тұратын тұрғылықты жері болмаған ерлі-зайыптылардың мүліктік емес және мүліктік жеке құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады. Әке (ана) болуды анықтау және оны даулау. Әке (ана) болуды анықтау және оған дау айту бала туған кезде азаматы болған мемлекеттің заңнамасымен айқындалады. Әке (ана) болуды анықтаудың және оған дау айтудың тәртібі Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында тіркеуші органдарда әке (ана) болуды анықтауға жол берілсе, баланың Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде тұратын ең болмаса біреуі Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын ата-аналары әке (ана) болуды анықтау туралы Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерiне өтініш беруге құқылы.
11-тақырып. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды тірбиелеу формасы.
Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау оларды - отбасына (асырап алуға, қамқоршылыққа немесе қорғаншылыққа, патронатқа) тәрбиелеуге, ал мұндай мүмкіндік болмаған кезде жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін барлық үлгідегі ұйымдарға беру арқылы жүзеге асырылады.
Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтау және есепке алу
12-тақырып. Қорғаншылықты немесе қамқоршылықты белгілеу тәртібі.
Қорғаншылық немесе қамқоршылық белгіленетін адамдар
1. Жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды күтіп-бағу, тәрбиелеу және оқыту мақсатында, сондай-ақ олардың мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтары мен мүдделерiн қорғау үшiн оларға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгiленедi.
2. Сондай-ақ, әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулі кәмелетке толған адамдардың мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтары мен мүдделерiн қорғау үшiн қорғаншылық немесе қамқоршылық белгiленедi.
3. Бұл мән-жайлар балалардың мүдделеріне сай келетін жағдайларды қоспағанда, бір отбасында тәрбиеленген бірге туған ағалы-інілер мен апалы-сіңлілерді әртүрлі адамдардың қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа алуына жол берілмейді.
13-тақырып. Қорғаншылардың немесе қамқоршылардың және қамқорлыққа алынғандардың құқықтық жағдайы.
Қорғаншылықтағы немесе қамқоршылықтағы адамдардың құқықтары: өздерінің адамдық қадыр-қасиеттерінің құрметтелуіне; қорғаншы немесе қамқоршы тарапынан қамқорлық жасалуына; өздеріне тиесілі алиментке, жәрдемақыға және басқа да әлеуметтік төлемдерге; тұрғын үйге меншік құқығын немесе тұрғын үйді пайдалану құқығын сақтауға; қорғаншы немесе қамқоршы тарапынан жасалатын қиянаттан қорғалуға; қорғаншының немесе қамқоршының отбасында тәрбиеленуге; өздеріне күтіп-бағу, тәрбиелеу, білім алу және жан-жақты даму үшін жағдайлардың қамтамасыз етілуіне; тұрғын үйі болмаған жағдайда оны Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес алуға құқықтары бар.
14-тақырып. Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасы нормаларының шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға қолданылуы.
Ерлі-зайыптылардың мүліктік емес және мүліктік жеке құқықтары мен міндеттері
Ерлі-зайыптылардың мүліктік емес және мүліктік жеке құқықтары мен міндеттері аумағында өздері бірге тұратын тұрғылықты жері бар мемлекеттің заңнамасымен, ал бірге тұратын тұрғылықты жері болмаған кезде аумағында олардың соңғы бірге тұратын тұрғылықты жері болған мемлекеттің заңнамасымен айқындалады. Бұрын бірге тұратын тұрғылықты жері болмаған ерлі-зайыптылардың мүліктік емес және мүліктік жеке құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады. Әке (ана) болуды анықтау және оны даулау.
15-тақырып. Халықаралық жеке құқықта неке және отбасы катынастарындағы коллизиялық сұрақтар.
Қазақстан Республикасының отбасы және неке заңында, сондай-ақ халықаралық жеке құқықтағы отбасы және неке қатынастарын реттейтін нормаларда отбасы құқығы, некелеу, туыстық, бала асырап алу және баланы отбасы тәрбиесінеқабылдаудың басқа да нысандарына орай пайда болатын, яғни отбасы қатынастарын өзіндік және соған байланысты мүліктік қатынастарды, яғни отбасы қатынастарын зерттейтін құқық саласы болып табылады.
