- •Мазмұны
- •1.Ұйымның қаржылық нәтижелерінің есебі, аудитінің талдауының негіздері
- •1.1 Қаржылық есеп беру нысандары
- •1.2 Ұйымның қаржылық – шаруашылық іс - әрекеттерінің нәтижелері және қорытынды есеп элементтері
- •2 «Семей электросантех монтаж» жшс қаржылық жағдайын талдау және аудиттеу
- •Ұйымның табыстары мен шығыстарының есебін талдау
- •2.3 «Семей электросантех монтаж» ақ-да аудиттің жүргізілу тәртібі және оның маңыздылығы
- •3. Ұйымның қаржылық жағдайын жетілдіру бойынша шаралар
- •3.1 Қаржылық қорытынды есеп үшін бухгалтерлік есеп қағидаларын унификациялауға өтудегі халықаралық стандарттар
- •3.2 Халықаралық стандарттардағы қаржылық қорытынды есеп берудің концепциясына көшу жолдары.
- •Пайдаланған әдебиеттер тізімі
2 «Семей электросантех монтаж» жшс қаржылық жағдайын талдау және аудиттеу
Ұйымның табыстары мен шығыстарының есебін талдау
Табыс - әр түрлі мағынада қолданылатын кең тараған, көп мағыналы ұғым. Кең мағынасында белгілі бір өнімді өндіру, жұмысты атқару нәтижесінде кәсіпорындар мен ұйымдар және жеке адамдарға түсетін қандай да болмасын ақшадай табыстар немесе материалдық игіліктер.
Шаруашылық субъектісінің табыстары – деп есепті кезеңдегі активтердің көбеюін (ақша қаражаттарының, басқа да мүліктердің келіп түсуін, кіріске алынуын) және міндеттемелердің азаюы (өтелінуі) негізінде капиталдың көбеюін (үлес қосушылардың қосқан жарналарынан басқа) яғни экономикалық пайда табуды айтамыз.
Мұндай табыстарға:
дайын бұйымдар мен тауарларды сатудан алынатын табыстар;
қызмет көрсетуден алынатын табыстар;
дивидендтер, ролятилер және пайыз (процент) түрінде алынатын және тағы да басқа табыстар жатады.
Бұл жоғарыда аталған табыстар қатарына шаруашылық субъектісіне келіп түскен, кіріс етілген және субъектінің төлеген сомалары мына жағдайларда жатқызылмайды:
алдын ала аванс ретінде алынған табыстар;
алынған несиелердің және қарыздың қайтарылуы.
Сондай – ақ, қызметтер көрсету жөніндегі мәміленің (келісімнің) нәтижесін барынша дұрыс бағалау мүмкін болмаған уақытта табыс жұмсалған шығындар мөлшерінде ғана танылады.
Алынған табыстар шаруашылық субъектісі қызметінің түріне және бағытына байланысты мынадай түрлерге бөлінеді:
негізгі қызметтен алынған табыстар;
негізгі емес қызметтен (жанама қызметтен) алынған табыыстар.
Субъектінің негізгі қызметтен алынған табыстары мен негізгі емес (жанама қызметтен) алынған табыстарының қосындысы оның жиынтық табысын құрайды. Ал бұл табыс сатылған өнімнен, көрсетілген қызметтен алынған немесе алынуға тиісті өткізу құны бойынша бағаланады. Өткізу құны шаруашылық субъектісімен активті сатып алушының немесе пайдаланушының арасындағы келісім – шарт бойынша анықталады.
Шаруашылық субъектісінің табыстары мынадай шарттар қанағаттандырылған кезде танылады:
табыс сомасы дұрыс бағаланған жағдайда;
субъектінің экономикалық пайдаларды алу ықтималдығы болған жағдайда;
субъекті сатып алушыға меншік құқығын берген жағдайда;
мәміле бойынша нақтылы жұмсалған немесе күтіліп отырған шығындар дұрыс бағаланған жағдайда.
Ұқсас тауарлар мен қызметтерді айрбастау кезінде табыс алынған тауарлар мен қызметтердің өткізу құны бойынша танылады және бағаланады. Егер алынған тауарлар мен қызметтердің өткізу құны дұрыс бағаланбайтын болса, табыс берілген тауарлардың немесе көрсетілген қызметтердің өткізу құны мөлшерінде танылады.
Қаржылық есеп беру кезінде шаруашылық субъектісі түсініктеме жазбахатында мыналарды ашып көрсетулері тиіс:
а) табысты тану үшін қабылданған есеп жүргізу саясатян, соның ішінде қызметтер көрсету жөніндегі келісімдердің аяқталу кезеңдерін айқындау тәсілін.
ә) есепті кезең үшін танылған табыстардың әрбір маңызды түрінің сомасын, соның ішінде:
- тауарлар өткізу;
- қызметтер көрсету;
- пайыздар(проценттер);
- роляти;
- дивидендтер нәтижесінде туындайтын табыстарды, олардың ішінде тауарлар немесе қызметтер алмасу нәтижесінде туындайтын, табыстардың әрбәр маңызды түріне енгізілген табыстар сомасын.
Кәсіпорындар мен ұйымдарда табыстардың есебі субъектілердің бухгалтерлік есебі мен қаржы шаруашылық қызметі есептерінің бас шоттар жоспарындағы жетінші «табыс» - деп аталатын бөлімінің шоттарында жүргізіледі. Бұл бөлімнің шоттары тауарларды және басқадай активтерді сатудан, қызмет көрсетуден тағы да басқа операциялардан алынған табыстарды, сонымен қатар сатылған тауарларды қайтару және тауарларға берілген сату жеңілдіктері мен баға жеңілдіктері туралы ақпараттарды жинақтап қорытындылауға арналған.
Шаруашылық субъектісінің негізгі қызметтен алатын табыстары – деп кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі өндірісі шығарған тауарларды сатудан, көрсеткен қызметтерден, сондай – ақ орындалған жұмыстардың барысында тапқан табыстары саналады.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі емес қызметінен түскен табыстары – деп субъектінің нақтылы негізгі қызметтерінен басқа жұмыстарды (қызметтерді) орындауы (атқаруы) барысында тапқан табыстарын айтады.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы оның сомаларымен мінезделіп, табысымен айқындалып және де рентабльділігімен анықталады. Кәсіпорынның табысының қайнар көзі болып, оның өнімді өткізу немесе қызмет көрсетуінен алынған табыс болып табылады.
Кесте 4- Табыстар мен шығындардың құрамын, құрылымын және динамикасын талдау.
Көрсеткіштер |
2007 ж |
2008 ж |
Ауытқу (+/-) |
Сатудан түскен табыс |
200253 |
215160 |
+14907 |
Сатылған өнімнің өзіндік құны |
169199 |
178583 |
+9384 |
Жиынтық табыс |
31054 |
36577 |
+5523 |
Кезен шығындары Оның ішінде: Сату шығындары Жалпы әкімшілік шығын Сыйақы төлеу шығыны |
2122
745 568 809 |
2854
890 743 1221 |
+732
+145 +175 +412
|
Негізгі қызметтен түскен табыс (шығын) |
25269,5 |
68530 |
+43260?5 |
Негізгі емес қызметтен түскен табыс (шығын) |
4768 |
4968 |
+200 |
Салық төлеуге дейінгі табыс (шығын) |
28932 |
33723 |
+4791 |
Корпаративтік табыс салығы бойынша шығындар |
6450 |
6780 |
+330 |
Салық төлегеннен кейінгі табыс (шығын) |
22482 |
26943 |
+4461 |
Төтенше жағдайлардағы табыс (шығын) |
- |
- |
- |
Таза табыс (шығын) |
22482 |
26943 |
+4461 |
Осы кесте деректері бойынша «Семей электросантех монтаж» ЖШС шығындары мен табысы 2 жылға берілген. Осыған қарап келесідей тұжырым жасауға болады: Жалпы сатудан түскен табыс 2008 жылы 2007 жылға қарағанда 14907 мың тг. өскен. Өнімнің өзіндік құны да соған сәйкес өзгерген. 2008 жылы 2007 жылға қарағанда, 9384 мың тг. көбейген. Жиынтық табыстың ең жоғарғы көрсеткіші 2008 жылы 2007 жылға қарағанда 5523 мың тг. көбейген. Кезең шығындары біраз өскен. Оның ішінде сату шығындарының ең жоғарғы сомасы 2008 жылы 145 мың теңгеге, ал әкімшілік шығын 175 мың тг. өскен. Басқа көрсеткіштер де 2008 жылы жоғары деңгейде. Кәсіпорынның таза табысы бүгінгі таңда 26943 мың теңгені құрайды.
«Семей электросантех монтаж» ЖШС қаржылық есеп беруді талдау үшін келесідей мақсаттары қояды:
- өз уақытында қаржылық қызметтің жетіспеушілігін іздеп, төлем қабілеттілігі жән оны шешудің алғы шарттары;
- қаржылық шешімдерді жоспарлап экономикалық рнтаблділігін анықтап, шаруашылыққа шешімдер қабылдау үшін
- кәсіпорынның қаржылық ресурстарын үнемді пайдаланып, қаржылық жағдайын нығайтып, керекті жетілдіру шараларын жүргізу.
Негізгі ақпарат көздері болып келесілер табылады: бухгалтерлік баланс, қаржылық шаруашылық қызметтің есебі, ақша қаражаттарының қозғалысының есебі, алғашқы құжаттар мен аналитикалық есептің мәліметтері.
