Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Программа ГЭК МЭ БАК КАЗ.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
42 Кб
Скачать
☆

3. Базалық пәндер бойынша кешенді емтиханға дайындыққа арналған сұрақтардың тізімі:

Пән I. Әлемдік экономика

«Әлемдік экономика» пәні барлық әлем елдерін біріктіретін әлемдік экономиканың жаһандық экономикалық жүйе ретіндегі ұйымдастырылуы жайлы, әсіресе, әлемдік шаруашылықтың ерекшеліктері, даму заңдылықтары мен қазіргі кездегі проблемалары жайлы білім береді. Берілген білім әлем елдерінің басым көпшілігінің экономикалары әлемдік шаруашылық байланыстарына қатысып, сол себепті оларға әсіресе сезімтал болып табылатын әлемдегі шаруашылық үдерістердің жаһандануы аясында ерекше өзекті.

«Әлемдік экономика» курсын оқып үйрену тез дамып келе жатқан қазіргі әлемдегі болып отырған экономикалық үдерістер мен құбылыстарын, олардың елдің ұлттық экономикасына, оның салаларына, сонымен қатар, жеке шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қызметіне тигізетін әсерін бағалау, талдау дағдысын дамытуға көмектеседі. Берілген пәнді оқып меңгерудегі алынған білім қазіргі кездегі әлемдік шаруашылықтағы жеке аймақтар мен елдердің, соның ішінде Қазақстанның, орны мен рөлін, сонымен қатар, олардың арасындағы әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлерін бағалауға мүмкіндік береді.

Курстың мазмұны: Әлемдік экономика: мәні, қалыптасуы және даму кезеңдері. Әлемдік экономиканың қазіргі кездегі даму үрдістері. Әлем елдерінің типологиясы. Елдердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлерінің арасындағы алшақтық және оны жеңудің жолдары. Әлемдік шаруашылықтың табиғи және еңбек ресурстары: қазіргі кездегі экономикадағы рөлі мен елдердің ауқаттылық (қамтамасыздық) деңгейлері. Әлемнің қаржы ресурстары және капиталдың әлемдік нарықтары. Әлемдік экономиканың кәсіпкерлік және ғылыми ресурстары. Ұлттық экономиканың әлемдік шаруашылыққа қатысуы. Әлемнің интеграциялық бірлестіктері. Әлемдік шаруашылық жүйесіндегі трансұлттық корпорациялар (ТҰК). Әлемдік экономикадағы дамыған елдер. Әлемдік экономикадағы дамушы елдер. Қазақстан және ДСҰ. Халықаралық экономикалық, валюталық-қаржылық және несиелік ұйымдар. Әлемдік шаруашылықтағы жаһандық проблемалар.

«Әлемдік экономика» пәні бойынша емтихан сұрақтары

  1. Экономикалық жүйе ретінде әлемдік экономика түсінігі мен ерекшеліктерінің мәнін ашыңыз. Әлемдік экономиканың негізгі субъектілерін атаңыз

  2. Халықаралық еңбек бөлінісінің заманауи үрдісін сипаттаңыз. Елдердің халықаралық мамандануының негізгі формаларын атаңыз

  3. Әлемдік нарық пен әлемдік шаруашылықтың қалыптасу үдерісінің мәнін ашыңыз. Әлемдік экономиканың негізгі даму кезеңдерін атаңыз және сипаттаңыз

  4. Әлемдік экономиканың постиндустриализациясы мен транснационализациясы үдерістеріне сипаттама беріп, олардың себептері мен салдарын атаңыз

  5. Қазіргі кезеңдегі әлемдік экономиканың аймақтануы мен интеграциялану үдерістерінің мәнін түсіндіріңіз, олардың себептері мен салдарын атаңыз

  6. Экономиканың жаһандануының мәнін ашып, даму факторларын анықтаңыз. Экономиканың жаһандануының әлеуметтік-экономикалық салдарын сипаттаңыз

  7. Әлем елдерін жіктеудің критерийлері мен негізгі типтерін анықтаңыз, халықаралық ұйымдар қолданатын жіктемелерді (классификация) келтіріңіз

  8. Бүкіләлемдік банктің әлем елдерін жіктеу критерийлерін атаңыз. ЖІӨ-ді есептеу әдістерін, оның ЖІӨ көлемі бойынша әлем елдерінің рейтингіндегі мағынасын түсіндіріңіз

  9. Өнеркәсібі дамыған елдер тобын түсіндіріңіз, олардың саны мен негізгі топтарын атаңыз және олардың әлемдік экономикадағы рөлін сипаттаңыз

  10. Дамушы елдер тобын түсіндіріңіз, олардың саны мен негізгі топтарын атаңыз және олардың әлемдік экономикадағы рөлін сипаттаңыз

  11. Өтпелі экономикалы елдер тобының негізгі белгілерін түсіндіріңіз, олардың саны мен негізгі топтарын атаңыз және олардың әлемдік экономикадағы рөлін сипаттаңыз

  12. Елдер арасындағы әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің алшақтығын түсіндіріңіз және оны еңсеру жолдарын көрсетіңіз. Қуып жетіп даму моделінің мазмұнын ашыңыз

  13. Адам әлеуетінің даму индексін түсіндіріңіз, оның әлем елдерінің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлерін бағалаудағы рөлін анықтаңыз

  14. Әлемдік экономиканың табиғи-ресурстық әлеуетінің мәнін ашыңыз. Әлемдік экономикадағы табиғи ресурстардың таралуының, оларды әлемнің жекелеген елдерінің өндіруі мен тұтынуының теңсіздігін түсіндіріңіз

  15. Әлемдік экономикадағы еңбек ресурстарының түсінігі мен құрылымын ашыңыз. Әлемдегі еңбек ресурстарының таралу теңсіздігі мен оларды дамыту мен пайдаланудың заманауи үрдісін түсіндіріңіз

  16. Әлемдік экономиканың қаржылық ресурстарының түсінігі мен құрылымын ашыңыз. Әлемнің қаржылық ресурстарын қайта бөлу механизмін түсіндіріңіз

  17. Әлемдік қаржы нарығының қызмет ету ерекшеліктерін түсіндіріңіз, оның құрылымын ашып, негізгі қатысушыларын атаңыз

  18. Әлемнің ғылыми ресурстарының мәнін түсіндіріңіз, олардың құрамдас элементтерін, елдер мен әлемдік ғылыми орталықтардың қамтамасыз етілу көрсеткіштерін атаңыз

  19. Әлемнің кәсіпкерлік ресурстарының мәнін түсіндіріңіз, олардың қалыптасу көздерін, әлем елдерінің қамтамасыз етілуі мен әлемдік экономиканың дамуындағы рөлін ашып көрсетіңіз

  20. Ашық ұлттық экономика түсінігін, мәні мен көрсеткіштерін түсіндіріңіз. Ұлттық экономиканың ашықтығының пайдасы мен мәселелерін атаңыз және оған баға беріңіз

  21. М.Портердің елдердің халықаралық бәсекеге қабілеттілік теориясының негізгі идеясының мәнін ашыңыз

  22. Елдің халықаралық бәсекеге қабілеттілігінің негізгі критерийлері мен көрсеткіштерін, сондай-ақ әлем елдерінің бүгінгі қолданыстағы халықаралық бәсекеге қабілеттілік рейтингін атаңыз

  23. Мемлекеттердің негізгі аймақтық интеграциялық одақтарын атаңыз және олардың әлемдік экономикадағы орны мен рөлін сипаттаңыз

  24. Еуразиялық экономикалық одақтың мәнін түсіндіріңіз, оның ерекшеліктерін, мәселелері мен даму перспективаларын анықтаңыз

  25. ТҰК түсінігін, негізгі критерийлері мен белгілерін ашыңыз. ТҰК пен КҰК-ң ортақ белгілері мен айырмашылықтарын анықтаңыз

  26. ТҰК-ң әлемдік экономикадағы орны мен рөлін ашып көрсетіңіз. ТҰК қызметінің негізгі салаларын анықтаңыз

  27. Халықаралық экономикалық ұйымдарды құру қажеттілігін түсіндіріңіз және олардың жіктемесін беріңіз

  28. Жетекші халықаралық экономикалық (сауда, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылықтық) ұйымдарды атаңыз және олардың негізгі қызметін ашып көрсетіңіз

  29. Негізгі халықаралық валюталық және қаржы-несиелік ұйымдарды атаңыз және олардың негізгі қызметін ашып көрсетіңіз

  30. Адамзаттың жаһандық мәселелерінің мәнін, пайда болу кезеңдері мен себептерін, негізгі түрлерін түсіндіріңіз. Әлемнің жаһандық мәселелерінің біреуінің мазмұнын ашып, шешу жолдарын көрсетіңіз

“Әлемдік экономика” базалық пәні бойынша ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

Негізгі:

1. Мировая экономика. /Под ред. А. С. Булатова. Изд., 2-е, перераб. и доп.- М.: Экономистъ, 2008.

2. Ломакин В.К. Мировая экономика. Учебник. - М., 2000.

3. Мировая экономика. Экономика зарубежных стран: Учеб. / Под ред. В. П. Колесова, М. Н. Осьмовой.- М.: Флинта, 2000.

4. Мировая экономика и МЭО: Учебник для вузов в 2-х частях/ Под ред. Хасбулатова Р.И. - М.: Гардарики, 2006.

5. Раджабова З.К. Мировая экономика: Учеб.- 2-е изд., перераб. и доп.- М.: ИНФРА-М, 2002

Қосымша:

1. Киреев А. Международная экономика. - М.: МО.- ч.1,2. - М., 2002.

2. Кругман П., Обстфельд М. Международная экономика. Теория и политика.- М., 2004.

3. Международные валютно-кредитные и финансовые отношения: [учеб. для студентов вузов / под ред. Л. Н. Красавиной.- Изд. 3-е, перераб. и доп.- М.: Финансы и статистика, 2008.

4. Мировая экономика в вопросах и ответах : учеб. пособие / под ред. И. П. Николаевой.- М.: 2006.

5. Герчикова И.Н. Международные экономические организации. Издательство АО «Консалтбанкир», Москва, 2000 г.

Пән II. Халықаралық экономика

«Халықаралық экономика» пәні халықаралық экономика саласының шаруашылық субъектілері, қағидалары, ережелері және ұлттық экономикалардың өзара экономикалық тиімділігі, мемлекеттер арасында экономикалық байланыстарды мемлекеттік және халықаралық реттеудің мақсаттары мен әдістерінің ерекшелігін білуге үйретеді. Көптеген үстем елдердің экономикасы әлемдік шаруашылық байланыстарға тартылып, оларға сезімтал болуына байланысты аталған пәнді оқу нәтижесінде алынған білім мен дағды, әсіресе әлемдегі жаһандану шаруашылығындағы үдерістерде өзекті болып табылады.

Бұл пәннен алынған білім қазіргі халықаралық экономикада қалыптасқан жағдайды, үдерістерді, құбылыстарды кәсіби бағалауға, жалпы ел экономикасына оның салаларына, кәсіпорындарға тигізетін салдарын бағалауға көмектеседі.

Курс мазмұны: Халықаралық экономика пәні мен әдісі. Халықаралық еңбек бөлінісі мен әлемдік нарық. Халықаралық экономикадағы өзара функционалды байланыс. Халықаралық сауданың классикалық теориясы. Халықаралық саудадағы неоклассикалық теория. Халықаралық саудадағы жалпы тепе-теңдік. Халықаралық сауданың стандартты моделі. Халықаралық сауданың баламалы теориялары. Сыртқы сауда саясаты мен оның құралдары. ҚР-дағы кедендік тариф саясатының дамуын талдау. ҚР-ның сыртқы саудасын талдау. Халықаралық капитал қозғалысының түрі мен формасы. Халықаралық еңбек миграциясының себебі мен салдары. Халықаралық технология айырбасы. Елдің төлем балансы. Жаһандану мен халықаралық интерграцияның себептері мен салдарлары. Халықаралық валюта-қаржылық жүйе. Әлемдік валюта-қаржы нарығы. Валюта курсы мен оны реттеу. Әлемдік қаржы нарықтары.

«Халықаралық экономика» пәні бойынша емтихан сұрақтары

  1. Халықаралық экономика теориясының пәні мен зерттеу әдістерін түсіндіріңіз. Халықаралық экономика теориясының экономикалық ғылымдар жүйесіндегі орнын ашып көрсетіңіз

  2. Халықаралық экономиканың қалыптасу кезеңдерін түсіндіріп, құрылымын ашып көрсетіңіз. Халықаралық микроэкономика мен халықаралық макроэкономиканың ортақ тұстары мен айырмашылықтарын түсіндіріңіз

  3. Халықаралық экономикадағы жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың ерекшеліктерін түсіндіріңіз. Саудаланатын және саудаланбайтын тауарлардың арасындағы айырмашылықтың мәнін ашыңыз

  4. Халықаралық сауда көлемінің қалай есептелетінін, оның соңғы онжылдықтағы даму қарқынын түсіндіріңіз. Халықаралық сауданың тауарлық және географиялық құрылымын талдаңыз

  5. Өндіріс факторларының халықаралық бөлінісі мен қозғалысын түсіндіріңіз. Халықаралық экономикадағы өндіріс факторларының функционалдық типтерін және олардың елдің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудегі мәнін түсіндіріңіз

  6. Меркантилизм теориясының негізгі ережелерін, Д.Юм мен А.Смиттің сындарының мәнін ашыңыз. Халықаралық сауданың дамуындағы меркантилистік теорияның мәніне баға беріңіз

  7. Халықаралық сауда саласындағы Адам Смиттің идеясын, оның абсолютті артықшылықтар теориясынның мәнін, сондай-ақ оның шектеулілігін түсіндіріңіз

  8. Д.Рикардоның салыстырмалы артықшылықтар қағидасын ашыңыз, оны модельдің (2 ел және 2 тауар) көмегімен түсіндіріңіз. Халықаралық сауда теориясының дамуындағы Д.Рикардо идеясының мәніне баға беріңіз

  9. Өндіріс факторларының ара қатынасы теориясының негізгі ережелерін ашып көрсетіңіз. Оның негізгі мазмұнын Хекшер-Олин моделінің көмегімен көрсетіңіз

  10. В.Леонтьев парадоксын, оны шешу тәсілдерін, сондай-ақ халықаралық сауда теориясының ары қарай дамуына әсерін түсіндіріңіз

  11. Өзара саудаласатын елдердің ішінде табыстарды бөлуге халықаралық сауданың әсерін түсіндіруші теориялардың негізгі идеяларын атап, мәнін ашып көрсетіңіз

  12. Халықаралық сауданың балама (альтернативті) теорияларының пайда болу себептері мен негізгі идеяларын ашып көрсетіңіз

  13. Халықаралық сауданың стандартты моделінің негізгі ережелерін суреттеңіз. Өзара саудаласатын елдердің толық маманданбауының себептерін түсіндіріңіз

  14. Айырбастан ұтыс және маманданудан ұтыс, халықаралық саудадағы «шағын» және «үлкен» елдер түсініктерінің мәнін түсіндіріңіз

  15. Елдің сауда шарты, оның өзгерісі және елдің әл-ауқаты мен экономикалық өсу типіне әсерін түсіндіріңіз

  16. Елдің сыртқы сауда саясатын жүргізу қажеттілігін, міндеттерін, түрлері мен құралдарын түсіндіріңіз. «Елдің сыртқы сауда режимі» түсінігінің мағынасын ашып, оның түрлерін атаңыз

  17. Кеден баждарының түсінігін, олардың рөлін түсіндіріп, негізгі түрлері мен атқаратын қызметтерін атаңыз

  18. Тарифтердің экономикалық рөлін түсіндіріңіз, тарифтерді енгізуден болатын әсерлерді (эффекты) сипаттаңыз. Тарифтерді «қолдайтын» және «қарсы» аргументтердің мәнін ашыңыз

  19. Сыртқы сауданы реттеудің тарифтік емес әдістерін түсіндіріп, олардың негізгі түрлерінің мәнін ашыңыз

  20. Капиталдың халықаралық қозғалысының мәні мен негізгі формаларын түсіндіріңіз. Ұлттық экономиканың дамуындағы шетелдік инвестициялардың рөлін сипаттаңыз

  21. Халықаралық несие мен қарыз алудың мәні мен формаларын ашыңыз

  22. Жұмыс күшінің халықаралық миграциясының мәнін, себептері мен түрлерін түсіндіріңіз

  23. Жұмыс күшін импорттаушы және экспорттаушы елдердің экономикалық пайдалары мен шығындарын түсіндіріңіз

  24. Мемлекеттің миграциялық саясатының мақсатын ашып, негізгі құралдарын атап, сипаттаңыз

  25. Халықаралық экономикалық интеграцияның мәнін, алғышарттары мен мақсаттарын түсіндіріңіз

  26. Әлем елдерінің интеграциялық бірлестіктерінің негізгі даму кезеңдерін атап, сипаттама беріңіз

  27. «Валюта» түсінігіне анықтама беріңіз, оның түрлерін атап, сипаттама беріңіз. Айырбасталатын валюта мен әлемдік резервтік валюталарды түсіндіріңіз

  28. Әлемдік валюта жүйесінің эволюциясының негізгі кезеңдерін атап, сипаттама беріңіз. Қазіргі заманғы әлемдік валюта жүйесінің қызмет етуінің негізгі мәселелерін түсіндіріңіз

  29. Валюта бағамы дегеніміз не? Оның негізгі режимдерін атап, сипаттама беріңіз

  30. Әлемдік валюта нарығының түсінігін, ерекшеліктерін, құрылымы мен қатысушыларын түсіндіріңіз

  31. Елдің төлем балансының мәнін, оны құрудың негізгі қағидаларын (әдіснамасын) түсіндіріңіз

  32. Төлем балансының негізгі тарауларын атап, сипаттаңыз, төлем балансы шоттарының өзара байланысын түсіндіріңіз

  33. Әлемдік қаржы нарығының түсінігін, ерекшеліктерін, құрылымы мен халықаралық экономикадағы рөлін түсіндіріңіз

  34. Әлемдік қарыздық міндеттемелер нарығының түсінігі мен негізгі құралдарын түсіндіріңіз

  35. Әлемдік акциялар нарығы мен қаржылық деривативтер нарығының қызметін түсіндіріңіз

“Халықаралық экономика” пәні бойынша ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

Негізгі:

  1. Киреев А. Международная экономика. В 2-х ч.- М.: МО - Ч. I, II . - М., 1998, 2000.

  2. Кругман П., Обстфельд М.. Международная экономика. Теория и политика - М., 1997; 2004.

  3. Миклашевская Н.А., Холопов А.В.Международная экономика- М.:МГУ, 1998

  4. Авдокушин Б.Ф. Международные экономические отношения . М. 2001.

  5. Фомичев В.И. Международная торговля. М.,2000.

  6. Хусаинов Б.Д. Международная миграция капитала и развитие национальных экономик. - Алматы: Экономика, 2005.-304 с.

  7. Мырзахметова А.М. ВТО и внешняя торговля Казахстана: Учебное пособие.- Алматы: Қазақ Университеті, 2009.-107 с.

  8. Киреев А.П. Международная экономика. В 2-х ч.: Учебное пособие для вузов. – М: Межд. отношения, 1998.- 416 с.

  9. Всемирная торговая организация / И.И. Дюмулен.- М: «Экономика», 2003.- 271 с.

Қосымша:

1. Михайлушкин А.И, Шимко П.Д. Международная экономика. – М.: Высшая школа, 2002.

2. Международные экономические отношения: Учеб. / Под ред. Н.Н.Ливенцова. – 2-е изд. М.: ТК Велби, Изд-во Проспект, 2005.

3. Толкачев С.А. Международная экономика: теория и практика. - М.: "Спутник", 2000.

4. Овчинников Г.П. Международная экономика. - Спб.: Издательство Михайлова В.А., Издательство "Полиус", 1998.

5. Международная экономика: учеб. пособие / Т.Н. Гоголева, В. Г. Ключищева, Ю.И. Хаустов. М.: КНОРУС, 2005.

6. Фаминский И.П. Современная международная торговля. М., 1991.

7. Фомишин С.В. Международные экономические отношения м.2004.

8. Международные экономические отношения.Учебник под редакцией В.Е.Рыбалкина.М.:ЮНИТИ-2004,С.35-82.

Пән IІІ. Кәсіпорынның сыртқыэкономикалық қызметі

«Кәсіпорынның сыртқыэкономикалық қызметі» пәні Қазақстандағы СЭҚ мемлекеттік реттеуін, СЭҚ нормативтік-құқықтық базасын, сыртқы сауда операцияларының жүзеге асырудың түрлі аспектілерін, осы қызметті ұйымдастырудың нысаны мен әдістерін жетілдіру және тиімділігін арттыру мәселелерін оқытады.

«Кәсіпорынның сыртқыэкономикалық қызметі» пәнінің мақсаты қазақстандық кәсіпорындардың сыртқы экономикалық қызметін, СЭҚ мемлекеттік реттеуін және ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың экспорттық-импрорттық операцияларының түрлі аспектілерін зерттеу болып табылады. Бұл пәнді оқу барысында студенттер кәсіпорындардың сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асырудың теориялық және практикалық сұрақтарымен танысады.

Курстың мазмұны: Мемлекеттің СЭҚ түсінігі, мәні. СЭҚ түрлері мен нысандары. ҚР СЭҚ мемлекеттік реттеуі. Мемлекеттің төлем балансы мен СЭҚ. Мәмілелерді жасау тәсілдері. Келісімдерді жүргізу. Келісім-шартты дайындау мен жасау. Келісім-шарттың құрылымы мен мазмұны.

Есептеудің халықаралық нысандары. Қарсы мәмілелердің түрлері мен нысандары. СЭҚ-тағы делдалдар. Жалдық операциялар. Биржалық және аукциондық сауда.