- •Түтікшелер қызметінің бұзылысы - тубулопатиялар
- •Несеп құрамының сапалық және сандық өзгерістері
- •Полиурияның патогенезі:
- •Протеинурия - несепте нәруыздың болуы
- •Несептің салыстырмалы тығыздығының өзгерістері ( Зимницкий сынауымен және жалпы зәр талданымымен анықталады)
- •Пиелонефрит түрлері
- •Пиелонефрит клиникасы
- •Диагностика
- •Екіншілік пиелонефриттің емі
- •Біріншілік пиелонефриттің емі
Протеинурия - несепте нәруыздың болуы
Шумақтық Шумақ қылтамырлары өткізгіштігінің жоғарылауы Қан плазмасының кесек молекулалы нәруыздарының несепке артық сүзілуі |
өзекшелік Бүйрек өзекшелерінің зақымдануы Ұсақ молекулалы нәруыздардың кері сіңірілуі бұзылуы |
Цилиндрурия – зәрде цилиндрлердің болуы. Цилиндрлер – бүйрек өзекшелерінің көшірме бедері.
ГЕМАТУРИЯ – зәрде эритроциттердің пайда болуы
Бүйректік Бүйрек шумақтарының қылтамырлары өткізгіштігінің жоғарылауы Зәрде өзгерген, сілтіленген эритроциттердің болуы |
Бүйректен тыс Несеп шығару жолдарының зақымдануы Зәрде жаңа эритроциттердің болуы |
Пиурия – зәрмен лейкоциттердің (іріңнің) көптеп бөлінуі
Несептің салыстырмалы тығыздығының өзгерістері ( Зимницкий сынауымен және жалпы зәр талданымымен анықталады)
Зәрдің салыстырмалы тығыздығы бүйректің қоюландыру қабілетін сипаттайды, ол еріген заттардың мөлшеріне ( мочевина, несеп қышқылы, тұздар, креатинин) байланысты.
Несептің салыстырмалы тығыздығы қалыпты жағдайдан 1,002 –ден (суды артық қолданғанда) 1,035 (құрғақ тамақ қабылдағанда) дейін ауытқып тұрады. Әдеттегі тамақтану кезінде 1,018 –1,025 құрайды.
Несептің салыстырмалы тығыздығының өзгеруі өзекшелер қызметінің бұзылуына байланысты.
Гипостенурия –зәрдің салыстырмалы тығыздығының төмендеуі (Зимницкий сынағының барлық бөлігінде 1,018 - ден аз)
Изостенурия - зәрдің салыстырмалы тығыздығының әрқашан біркелкі, алғашқы несеп тығыздығына (1,010 –1,012) тең, бұл бүйректің қоюландыру қабілетінің мүлдем жоғалуын көрсетеді.
Пиелонефрит – бүйректің түбекшесін, тостағаншаларын, милы және қыртысты затын қамтитын бейспецификалық-инфекционды қабыну үрдісі.
Пиелонефриттің дамуына бүйрекке бактерияның енуі және зәрдің зәр жолдары арқылыдұрыс ағуына кедергінің болуы әсер етеді. Микробтар гематогендік, лимфогендік және зәр жолдары арқылы енеді. Бактериялар бүйрекке түскенмен, бірден оны қабындырып жібере алмайды, себебі бүйрек жасушаларының микробқа қарсы иммунитеті сау бүйректе жоғары дәрежеде болады, тек әлсіреген бүйректе ғана микробтар қабыну үрдісін туындата алады. Аурудың дамуына қолайлы қосымша жағдайлар витамин жетіспеушілігі, бала денесінің тоңазуы, тұмаумен ауыруы, қатты шаршауы, жұқпалы аурулармен сырқаттануы, жалпы иммунитетінің төмендуі болуы мүмкін.
Пиелонефриттің дамуын тудыратын негізгі жергілікті фактор – обструктивті уропатиялар.
Зәр жүйесінің ауытқулары мен кемістіктеріне байланысты дамыған пиелонефритті обструктивті, ал зәр жолдарының іштен туған кемістіктері жоқ пиелонефриттіобструкциясыз пиелонефрит дейді.
Пиелонефрит түрлері
Бір жақты, екі жақты
Біріншілік, екіншілік
Жедел дамыған түрі:
Сірнелі
Іріңді
Іріп-шіріген некрозды
Паппилитті
Іріңді түрі:
Апостематозды бүйрек
Іріңді бүйрек
Сыздауықты бүйрек
Созылмалы қабынған түрі:
Қабынудың белсенді фазасы
Қабынудың жасырын фазасы, қабынудың басылу фазасы
Бүйректің бүрісіп семуі немесе іріңді бүйрекке айналуы
Біріншілік және екіншілік пиелонефрит
Біріншілік дамитын пиелонефрит деп зәр жолдарында туа біткен кемістік кеселдері жоқ, зәрдің кедергісіз ағуы бұзылмаған бүйрек қабынуын айтады.
Екіншілік дамитын пиелонефрит деп бұрыннан зәр жолдарының нефроннан бастап, үрпісінің сыртқы тесігіне дейінгі бөліктерінің бірінде зәрдің ағып шығуына кедергі жасайтын, іштен туа біткен кемістік кеселдері бар немесе функциялық өзгерістері бар бүйректің қабынуын айтамыз.
