Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қайрат Сөж.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
278 Кб
Скачать
☆

3 Тапсырма.

Белгілері

Елдер

Партиялар саны

Бір партияның мемлекетті, қоғамды және әрбір жеке тұлғаны толық қадағалайтын қатал диктаторлық режимнің орнауы

Қытай, КХДР, Куба

Бірпартиялық

Партиялық жүйелер

Билік үшін бәсекелестік ең ірі екі партияның арасында жүреді. Бір партия билік жүргізеді, ал екіншісі оппозицияда жүріп, оны сынайды және сайлау нәтижесінде оның орнына барады.

Екіпартиялық

АҚШ, Англия, Германия, Ұлыбритания

демократиялық мемлекетке тән.азаматтық қоғамның даму және өзін-өзі реттеу потециалын неғұрлым толық ашады және дағдарысты жағдайларда биліктің қажетінше жұмсақ болуын қаматамасыз етеді.

Италия, Голландия, Бельгия, Австрия

Көппартиялық

4 тапсырма. Қазақстандағы саяси партиялар

Саяси партиялар

Бағдарламасы

Көшбасшы

«АҚ ЖОЛ» Қазақстан демократиялық партиясы

Адам капиталының сапалық жағынан өсуін алға қояды. Қазақстанның басты құндылығы  мұнай мен металдар емес, біздің талантты халқымыз деп есептейді.

Азат Перуашев

«Әділет» демократиялық партиясы

Құқықтық мемлекетті күшейту жолымен, ұлтаралық қатынасты барынша күшейту мен саяси тұрақтылық, қазақстандықтарда шынайы патриотизм сезімін оятуды көздейді

Нәрікбаев Мақсұт Сұлтанұлы

«Ауыл» Қазақстан әлеуметтік- демократиялық партиясы

Аграрлық секторды мемлекеттік реттеуді және қолдауды күшейтуді; ауыл еңбекшілерінің мүдделерін қорғауды; азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыруды көздейді. 

Қалиев Ғани Әлімұлы

«Азат» жалпыұлттық социал- демократиялық партиясы

Демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет пен ашық қоғам құру. Тәуелсіз, гүлденуші, демократиялық, еркін Қазақстан құру үшін азаматтардың күш-жігерін шоғырландыру.

Әбілов Болат Мұқышұлы

Қазақстан Патриоттары партиясы

Қоғамның әлеуметтік белсенді топтарын қоғамдық және мемлекеттік істерді басқаруға араластыру

Қасымов Ғани Есенкелдіұлы

«Нұр Отан» ұлттық- демократиялық партиясы

жаңа Бағдарламасы саяси, идеологиялық және ұйымдастырушылық-партиялық жұмыс тәжірибесін қорытындылайды, партияның 2020 жылға дейінгі қызметінің негізгі кезеңдерін айқындайды. 

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

4.2. тапсырма. «Саяси партиялар туралы заңда » (2002ж.) алдыңғы Заңмен (1996 ж.) салыстырғанда қандай өзгерістер бар?

2002 жылғы 15 шілдеде «Саяси партиялар туралы» жаңа заң қабылданды. Онда бұрынғы заңның негізгі қағидалары сақталып, ішінара өзгерістер енгізілді:

  • Саяси партия ұғымының анықтамасы қайта қаралып, нақтырақ айтқанда «мемлекеттік билікті жүзеге асыруға өз өкілдері арқылы қатысу жолы мен азаматтардың саяси еркін білдіре алады» деген жолдар алынып тасталды.

  • Енді Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауына қатарынан екі рет қатыспаған саяси партия соттың шешімімен таратылатын болды.

  • Саяси партияларды құру, оны мемлекеттік тіркеуден өткізу талаптары күшейді.

  • Бұрынғы заң бойынша саяси партия құру үшін еліміздің қандай да бір жерінде тұратын 10 адамның бастамасы жеткілікті болса, жаңа заң бойынша (2002 жыл) саяси партия Қазақстан Республикасы азаматтары тобының (бір мың адамнан кем емес, саяси партияның құрылтай съезін шақыратын және облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен астананың үштен екісінің атынан өкілдік ететін) бастамасы бойынша құрылатын болды.

Саяси партияны мемлекеттік тіркеу талабындағы тағы бір өзгеріс, оның партия мүшелерінің санына байланысты болды. 1996 жылғы «Саяси партиялар туралы» заң бойынша саяси партияны мемлекеттік тіркеу үшін оның қатарында 3000 мүшесі (Қазақстан Республикасы облыстарының жартысынан астамы атынан өкілдік ететін) болса жеткілікті еді. Жаңа заң бойынша саяси партияның құрамында партияның барлық облыстардағы республикалық маңызы бар қала мен астанадағы әрқайсысында кемінде 700 партия мүшесі бар құрылымдық бөлімшелерінің атынан өкілдік ететін кем дегенде 50 000 партия мүшесі болуы міндеттелді.

Осы өзгерістер партиялық алаңнан кейбір партиялардың кетуімен қатар жаңа талаптарға сәйкес 12 саяси партияны дүниеге әкелді.

4.3. тапсырма.Халықаралық қатынастар саясаттануы

Төмендегі халықаралық саяси ұйымдардың мақсатын анықтаңыз.

Аббревиатура (қысқартылған атауы)

Толық аты

Негізгі мақсаты мен мұраты

БҰҰ

Біріккен Ұлттар Ұйымы

Бүкіл әлемді бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау, ұлттар арасындағы достық қатынастарды дамыту.

БҮБМҰ

(ЮНЕСКО)

БҰҰ˗ның білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымы

Бейбітшілік пен қауіпсіздікті елдердің білім мен ғылым, мәдениет саласына БҰҰ құрылымын жалпыға бірдей құрметпен қарау.

САӘҰ (НАТО)

Солтүстік Атлантикалық Келісім Ұйымы

Шартқа қатысушы мемлекеттің саяси ынтымақтастық және ұйымдық қорғаныс негізінде тәуелсіздікті, егемендікті құрылымдық сыртқы агресиядан қорғау.

ТМД

 Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы

Басты мақсат өзара экономикалық интеграциялау. 

ЕвразЭО (ЕвразЭС)

Еуразиялық Экономикалық Одақ

 Шетелдік одақпен жалпы экономикалық одақты реттеуге қатысуы үшін құрылған.

ҰҚК (ДКБ)

Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті 

 Жүктелген міндеттерді тиімді шешу, халықтың мүддесін қорғау

ШЫУ (ШОС)

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы 

 Мемлекеттік сенім, достық, (территорияға) террорға қарсы күресуге бірігу.

АӨСББ

Азиядағы өзара әрекеттестік пен сенім бойынша жиналыс

Тұрақтылық пен аумақтықтағы қауіпсіздікті Азияның ынтымақтастық пен серіктестік орнату

15