Қан дайындау тәсілі
Қоспа заттармен сақталуға лайықты қан дайындау 2 кезеңде жүргізіледі.
І кезең – ыдысты және сақтандырығыш заттың қоспа түрін дайындау.
ІІ кезең – қанның өзін алу.
Ыдыс сабынмен, хром қышқылымен жуылады, буланады, сонан соң автоклавқа залалсыздандыруға салады да қайтадан алып, сақтандырғыш (консервант) қоспамен қанға толтырылып автоклавқа қайта салады.
Сақталатын қанды залалсызданған шыны ыдыста (құты түтікше) асептика заңдарын сақтай отырып тоңазытқышта +4, +6ºС салқындықта сақтайды. Қан құжатында шыны құтыға жабыстырып, донор мен дәрігер фамилиясы, қан тобы, дайындалған күні мен сақталу мерзімі, мөлшері мен сақтандырғыш қоспа түрі көрсетіледі. Қан тобына сәйкес әртүрлі таңбалау жүргізіледі. І қан тобында ешқандай түсті сызық болмайды, ІІ топта – 2 көк жолақ, ІІІ топ – 3 қызғылт жолақ; ІV топ – 4 сары жолақпен белгіленеді.
Қан арнайы жабдықталған қобдишада (контейнер) тасымалданады, үйткені тасығанда қан шайқалмау керек. Сілкілеу және шайқау эритроциттердің соғылып, ыдырауына, бұзылуына әкеледі және қан тез жарамсызданып, қолдануға жарамай қалады.
Қан жарамдылығын анықтау
Қан құяр алдында оның жарамдылығын анықтайды. Шыны құтыда қан 3 қабатқа бөлінеді:
Жоғарғы, плазманың мөлдір қабаты.
Одан кейін лейкоциттер мен тромбоциттердің қабаты.
Ең төменгі эритроциттер қабаты.
Егер плазма мөлдір болса, онда қан құюға жарамды. Егер плазма бұлыңғыр қабатты болса, онда бұл оның жарамсыз екенін көрсетеді.
Құйылған қанның әсері
Құйылған қанның әсер ету ерекшелігі әр түрлі:
Орын толтыру (заместительное)
Қан тоқтату (гемостатическое)
Түрткі салып, жетілдіру (стимулирующее)
Усыздандыру (дезинтоксикационное)
Емдік және қоректендіру (лечебное и питательное)
Қан жоғалтқан кезде құйылған қан-қан айналу көлемін арттырады да қан ағу жылдамдығы артады, жүрек жұмысы жақсарады, артериялық қысым жоғарлайды, тіндердегі газ алмасу жақсарады, қышқылды – сілтілік тепе –теңдік қалыпты жағдайға келеді. Қан алмастыру мақсатында 250-500 мл көлемінде қан құю пайдалы келеді.
Қан құюда қан ағуды тоқтататын әсер тромбокиназа, фибриноген, протромбин, тромбоцит сияқты құрамдарының өзара әрекеттеріне негізделген. Бұл тромб пайда болуына қабілетті ықпал жасайды.
Денеге түрткі салу және жетілдіру әсері дененің иммунды жұйесінің күшеюіне бейімделген. Қан құйылғаннан кейін лейкоциттердің әр түрлі заттарды сіңіру, жою белсенділігі күшейеді, кері дене пайда болуы жақсарады. Қанмен бірге дайын кері денелер және ақуыздар жеткізіледі.
Усыздандыратын яғни құйылған қанның зиянсыз әсері қан айналу көлемінің көбеюіне, улы заттар қосындысының азаюына, бүйрек пен тері арқылы улы заттардың сыртқа шығуының жақсаруымен негізделген. Қан құю тотықтыру үрдістерін күшейтеді, улы заттардың тотығуын жылдамдатады. Донор қанының эритроциттері улы заттарды өзіне сіңіреді.
Сонымен, құйылған қанның қоректендіру әсері денеге биологиялық ақуыздарды, майларды және жеңіл құрылымды көмірсуларды еңгізуге негізделген.
Қан құюға лайықты көрсеткіштер
Қан құюға лайықты көрсеткіштер әр түрлі болады, бірақ олар белгілі себептерге байланысты азаяды. Қан өмірлік немесе негізгі көрсеткіштер бойынша құйылуы керек. Қан құюға ең лайықты көрсеткіштер болып табылатындар мыналар:
1. Жедел қаназдылық тек қан жоғалтумен байланысты дамиды. Қан құюға қажеттілік қан жоғалту кезінде пайда болады. Бүл кезде гемоглобин 2,5 г/л дейін немесе АҚ 80 мм, с.б. төмендейді. Мұндай қан мен қысым көрсеткіштерінде аурудың тіршілік өміріне байланысты құйылған қан мөлшері 500 –ден 3000 мл және одан да көпке өзгеруі мүмкін.
2. Естен тану (шок) – жарақаттық немесе операциялық әрекеттерден қалыптасады. Құйылған қан мөлшері бұл кезде 500 мл –ден 1500 мл-ге дейін болады. Бұл науқастың естен тану түріне байланысты жүргізіледі.
3. Операцияға дейінгі кезең. Ауруды ауыр жарақатты операцияға жетілдіріп дайындау кезінде, әсіресе әлсіздік пен қаназдылық бар кезінде жүргізу.
4. Ішкі улану, денеде іріңді үрдістердің бар болуымен байланысты (перитонит, сепсис, күйіктер және т. б.) қолдану.
5. Операцияда көп мөлшерде қан жоғалтқан кезде шок пен жедел қан аздылыққа ұласу қаупі тууы мүмкін. Қан құю көлемі операция ерекшеліктеріне байланысты жеке анықталады.
6. Операциядан кейінгі кезеңде ішкі улану мен қан аздылық қалыптасуға байланысты қолдану.
7. Созылмалы қан аздылық, қайталанған қан ағу мен аурудан әлсіреген науқастарға емдік қоректендіру үшін қолдану.
