- •Аспаптық болаттар
- •1.1 Кесте – Аспапты көміртекті болаттардың қасиеттері және қолданылуы
- •Аспапты легірленген болаттар
- •1.3 Кесте – Құрамалы кескіш аспаптардың денелері дайындалатын конструкциялық болаттар
- •1.4 Кесте – Тез кескіш болаттардың қасиеттері және қолданылуы
- •Металкерамикалық қатты қорытпалар
- •1.5 Кесте – Металкерамикалық қатты қорытпалардың қасиеттері және қолданылуы
- •Минералкерамикалық материалдар
- •1.6 Кесте – Минералкерамикалық материалдың негізгі қасиеттері және қолданылуы
1.3 Кесте – Құрамалы кескіш аспаптардың денелері дайындалатын конструкциялық болаттар
Аспаптар |
Қолданылуы |
Болаттар маркасы |
Тез кескіш болаттан дайындалған пластиналары бар токарлық кескіштер |
Өзекшесі (денесі) |
Ст6, сталь 45, 40Х |
Қатты қорытпалардан дайындалған пластиналары бар токарлық кескіштер |
Өзекшесі |
У7, У8, У9, сталь 40ХН, 45Х |
Құрамалы (пісірілген) бұрғылар |
Артқы бөлігі (құйрықшасы) |
Сталь 45, 50, 60, 45Х |
Қатты қорытпалардан дайындалған пластинамен жабдықталған бұрғылар |
Корпусы |
Х8, 9ХС, 45Х |
Құрамалы зенкерлер |
Артқы бөлігі |
Сталь 50, 40ХС, Ст6 |
Қатты қорытпалардан дайындалған пластинамен жабдықталған зенкерлер |
Корпусы |
Сталь 40Х, У7, 9ХС |
Құрамалы ұңғылар |
Артқы бөлігі |
Сталь 45, 45Х, Ст6 |
Отырғызбалы ұңғылар |
Корпусы |
Сталь 45, 40Х |
Қатты қорытпалардан дайындалған пластинамен жабдықталған ұңғылар |
Корпусы |
Сталь 40Х, 45Х, У7, 9ХС |
Құрамалы фрезалар |
Артқы бөлігі |
Сталь 45, 50, 40Х, 45Х |
Тез кескіш болаттардан және қатты қорытпалардан дайындалған тістері бар құрамалы фрезалар |
Корпусы |
Сталь 45, 50, 40Х |
Құрамалы таңбалағыштар |
Артқы бөлігі |
Сталь 45, 50, 40Х, Ст6 |
Бірінші топқа Р18, Р9, Р6М5, Р12 және т.б. маркалы болаттар жатады (1.4 кесте). Бұл болаттар 615-620 0С температура аралығында HRC 58 қаттылығын қамтамасыз ету керек.
1.4 Кесте – Тез кескіш болаттардың қасиеттері және қолданылуы
Болат-тардың маркалары |
Шынық-тырудан және жұмсар-тудан кейінгі қаттылығы, HRC |
Иілуге беріктік шегі σи, МПа |
Ыстыққа төзім-ділігі, 0С |
Қолданылуы |
Р18 |
63 |
3100 |
620 |
Көміртекті және легірленген болаттарды өңдеуге арналған кескіш аспаптарды дайындау үшін |
Р12 |
63 |
3200 |
620 |
|
Р9 |
63 |
3350 |
620 |
Конструкторлық материалдарды өңдеуге және көп көлемдегі ажарлауды қажет етпейтін қарапайым пішіндегі аспаптарды дайындауда қолданылады |
Р6М5, Р6АМ5 |
64 |
3400 |
620 |
Бұранда кескіштер және соққы жүктелумен жұмыс істейтін аспаптар дайындау үшін |
Р6М5Ф3 |
65 |
3400 |
630 |
Конструкторлық және легірленген болаттарды жартылай таза және таза өңдеуге арналған аспаптарды (ұңғы, фрезалар, күрделі пішінді кескіштер) дайындау үшін |
Р12Ф3 |
64 |
3100 |
630 |
Аустенитті жұмсақ болаттарды және абразивтік қасиеттері бар материалдарды таза өңдеуге арналған аспаптар үшін |
Р18М5Ф2 |
64 |
3100 |
640 |
Коррозияға және ыстыққа төзімді қорытпаларды қара және жартылай таза өңдеуге арналған аспаптар үшін |
Р9К5 |
65 |
3000 |
630 |
Коррозияға төзімді легірленген болаттарды қара және жартылай таза өңдеуге арналған аспаптар үшін |
Р6М5К5 |
65 |
3000 |
630 |
Ыстыққа және коррозияға төзімді легірленген болаттарды және қорытпаларды қара және жартылай таза өңдеуге арналған аспаптар дайындау үшін |
Р9М4К8 |
65 |
2500 |
630 |
|
Р2АМ9К5 |
65 |
2500 |
630 |
Екінші топқа күрделі легірленген тез кескіш болаттар жатады. Олардың құрамына легірлеуші элементтер ретінде көміртегі, вольфрам, ваннадий, хром, кобальт, молибден, никель, күкірт, фосфор және кремний кіреді. Бұл топқа Р12Ф3, Р9К5, Р9К10, Р10К5,Ф5, Р6М5К5, Р9М4К8 және т.б. маркалы болаттарды жатқызады. Бұл болаттардың қаттылығы 620-640 0С температура аралығында HRC 58-ден аз болмауы керек.
Жалпы, тез кескіш болаттардан дайындалған кескіш аспаптардың термиялық өңдеуден кейінгі қаттылығы HRC 62-65, ыстыққа төзімділігі 600-630 0С. Сонымен қатар, бұл аспаптардың тозуға төзімділігі жоғары және кесу жылдамдығы 100 м/мин-ке тең.
Кесу қасиеттері бойынша тез кескіш болаттар қалыпты және жоғары өнімділікті болаттар болып бөлінеді. Қалыпты өнімділіктегі тез кескіш болаттарға Р12, Р18, Р9, Р9Ф5, Р6М3, Р6М5 маркалы әмбебаб қолданыстағы вольфрамды болаттарды жатқызады. Жоғары өнімділіктегі тез кескіш болаттарға Р12Ф2, Р14Ф4, Р6М5К5, Р9М4К8, Р9К10, Р18К5Ф2 маркалы болаттарды жатқызады. Бұл болаттардан дайындалған кескіш аспаптар арнаулы ыстыққа берік болаттарды, титан қорытпаларын және басқа өңделуі қиын материалдарды өңдеуде қолданылады.
