Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
srsp_usynys_khat.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
25 Кб
Скачать
☆

5. Құрметті ..........................................

«Рахат» АҚ-ның 60-жылдан артық тарихы бар, Қазақстандағы кондитер өнімдерін шығаратын ірі өндіріс орындарының бірі.

Бүгінгі күні АҚ өзінің өнімдерін Қазақстанның барлық аймақтарымен қатар,ТМД елдеріне, жақын және алыс шетелдерге(Ресей, Германия, Қытай,Өзбекстан т.б.) экспортқа шығарады.

«Рахат» АҚ төмендегідей кондитер өнімдерін ұсынады:

  • Карамель

  • Шоколад

  • Ирис

  • Мармелад

  • Агар зефирі

  • Печенье

  • Вафли

  • Қантсыз өнімдер

  • Какао ұнтағы

«Рахат» АҚ-ында ИСО 9000 сериясы стандарттары негізінде сапа менеджменті жүйесі(СМЖ) әзірленді және енгізілді. АҚ СМЖ – нің ҚР СТ 9001-2001 талаптарына сәйкестігі «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы «АҚАФ» сертификатымен расталған.

2010ж.компания өнімдері «Мінсіз» сапа куәлігі мен халық белгісін алды.

Компания «Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқауында «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясында бірінші орын алды.

Біздің мекен-жайымыз: Алматы қаласы,Зенков көшесі 2а

Байланыс телефондары: 386-26-65, 397-73-28

«Рахат» АҚ-ның бас менеджері Қ.А.Сұлтанов

Сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Ұсынысхаттың тақырыбы қандай?

2.АҚ туралы сендіру құралдары мәтінде қалай берілген?

3. «Рахат»АҚ тұтынушыларға қандай өнімдерін ұсынады?

Жауап:

  1. Ұсыныстың тақырыбы - «Рахат» АҚ

  2. «Рахат» АҚ туралы сендіру құралдары мәтінде АҚ-ында ИСО 9000 сериясы стандарттары негізінде сапа менеджменті жүйесі(СМЖ) әзірленгені және енгізілгені, АҚ СМЖ – нің ҚР СТ 9001-2001 талаптарына сәйкестігі «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы «АҚАФ» сертификатымен расталғандығы, «Мінсіз» сапа куәлігі мен халық белгісін алғандығы, «Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқауында «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясында бірінші орын алғандығы арқылы берілген.

  3. «Рахат»АҚ тұтынушыларға карамель, шоколад, ирис, мармелад, агар зефирі, печенье, вафли, қантсыз өнімдер, какао ұнтағы секілді кондитер өнімдерін ұсынады.

6. Бос орындарға көмекші сөздердің қайсысын қойған дұрыс?

Қажетті сөздер: жөнінде, үшін, арналған, туралы, бойынша, жағдайда.

1.Ұсынысты қабылдаған жағдайда мына телефонға хабарласыңыз.

2.Сұрақтар бойынша мына телефонға хабарласыңыз.

3.Тапсырыс түрлері туралы алдын-ала мына телефонға хабарласыңыз.

4.Осы жөнінде өз ұсыныстарыңызды жіберуді сұраймын.

5.Балаларға арналған киімдерді біздің дүкенімізден сатып алыңыздар.

6.Футболдан әлем чемпионатын көргіңіз келе ме? Ол үшін теледидарыңызды біздің арнаға келтіріңіз.

7. Дұрыс қосымшаны қойып, сөйлемдерді оқыңыз.

1.Бізді сіздің ұсынысыңыз қызықтырады.

2.Тапсырысты орындау үшін 1тәулік қажет.

3. Сізден 1 күнді мерекеге арнауды сұраймыз.

4. Біздің сұрақтарға жауап беруіміз қажет.

5.Бізден осы сұрақтар бойынша жауап беруіңізді сұрайды.

6. Тапсырыс қабылданған жағдайда төлемақы уақытында төленеді.

8. Төмендегі хабарландыру мен жарнамалар бойынша қандай ұсынысхат жазар едіңіз?

1. Баршаның назарына... Барша "Алма - ТВ" абоненттерінің қараша айы бойы кабельді телевидениенің барлық телеарналарын көруге мүмкіндігі бар! Ол үшін тек өз теледидарыңызды арналар тізбегіне келтірулеріңіз ғана қажет.

Ұсынысхат

  1. Құрметті көрермендер!

"Алма - ТВ" өз абоненттерінің қараша айы бойы кабельді телевидениенің барлық телеарналарын көруге мүмкіндік жасады. Ол үшін тек өз теледидарыңызды арналар тізбегіне келтірулеріңді ұсынамыз.

Ізгі ниетпен "Алма - ТВ" ұжымы

  1. Құрметті қала тұрғындары!

"Тау-Дастархан" отбасылық демалыс кешені қала тұрғындарына бір күндік курортта дем алуға мүмкіндік береді. "Тау-Дастархан" отбасылық демалыс кешені классикалық бассейн (хауыз), Өлі теңіз суы мен Жерорта теңіз суы бар бассейн, балаларға арналған жылы суы бар бассейн; тұзды және күкіртті, сутекті ванналар, Альпі саунасы және түрік моншасы, табиғи отқа қызатын монша, ұлттық грузин асханасын ұсынады. Сондай-ақ тәулік бойы және жыл бойы ең дәмді және нағыз грузин асханасының тағамдарын ұсынады.

Біздің мекен – жайымыз: Алматы қаласы, "Алмаарасан" шатқалы "Тау-Дастархан" отбасылық демалыс кешені. Байланыс телефондары: + 7 (3272) 705-729, 705-720, 705-646, факс 759-141

  1. Құрметті қала тұрғындары!

"Дастархан" мейрамхана жүйесі өз меймандарының сүйікті тағамдарына 10% жеңілдікпен аптаның кез келген күні және кез келген сағатта тапсырыс жасай алатын мүмкіндіктер жасады. Ол үшін құны 1500 теңге тұратын жарамдылық мерзімі 1 жылға тең "Дастархан" мейрамхана жүйесінің дисконтты (қызыл) картасын иеленуді ұсынады. Оны "Дастархан" жүйесінің барлық мейрамханалары және супермаркеттерінде алса болады.

Ізгі ниетпен: "Дастархан" мейрамханасы басқармасы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]