Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
все отв каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

1) Жеңіл автокөліктер

р.н.

Жеңіл автокөлік қозғалтқышының көлемі (текше см)

Салық ставкасы (Анлық есептік корсеткіш (АЕК))

Салық сомасының 7 теңгеғе көбеюі (2-тарау 367-бап)

1.

1100-ге дейін коса алғанда

1,0

-

2.

1100-ден жоғары 1500-ді қоса алғанда

2,0

-

3.

1500-ден жоғары 2000-ды қоса алғанда

3,0

Қозғалтқыш көлемінің молше- рі, жоғары 1500*7 теңге

4.

2000-нан жоғары 2500-ді қоса алғанда

5,0

Қозғалтқыш көлемінің мол- шері, жоғары 1500x7 теңге

5.

2500-ден жоғары 3000-ды коса алғанда

8,0

Қозғалтқыш көлемінің мөлше- рі, жоғары 1500x7 теңге

6.

3000-нан жоғары 4000-ды коса алғанда

15,0

Қозғалтқыш көлемінің молше- рі, жоғары 1500x7 теңге

7.

4000-нан жоғары

117,0

2) Жүк көтергіш автокөліктер

3) өздігінен жүретін машиналар мен пневматикалықжүрістегі механизмдер, шынжыр табанды машиналар мен механизмдерді қоепағанда. Салық ставкасы - 3 айлық есептік корсеткіш.

4) Автобустар

р.н.

Отыратын орын саны

Салық ставкасы (айлык есептік көрссткіш )

1.

отыратын 12 орынға дейін коса алғанда

9

2.

отыратын 12-ден жоғары 25 орынды коса алғанда

14

3.

отыратын 25 орыннан жоғары

20

5) Мотоциклдер және мотороллерлер

р.н.

Қозғалтқышының қуаттылығына байланысты

Салық ставкасы (айлық есептік көрсеткіш)

1.

55 кВт-қа дейін қоса алғанда

1

2.

55 кВт-тан асатын

10

  1. Қаржының функциялары және оның ролі.

  2. Банк активтерін басқару әдістері.

  3. Мүлік салығы: төлеушілер, салық салу обьектісі, салық базасы, салық кезеңі

1. Қазіргі уақытта қаржының бөлгіштік және ұдайы өндірістік тәрізді екі тұжырымдамасы танылып отыр. Бұл тұжырымдамаға сәйкес қаржы екі функция орындайды: бөлу және бақылау. Бөлу функциясы қаржы құралдарын қоғамдық жалпы өнім мен оның аса маңызды бөлігі – ұлттық табысты, сондай-ақ ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлу процесінде пайдаланған кезде көрінеді. Қаржы көмегімен ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу екі әдіспен жүзеге асырылады: Қаржылық-бюджеттік әдіс. Ол бюджетке табыстарды алғанда және бюджеттен қаражаттарды қайтарусыз тәртіппен бергенде қолданылады; Кредиттік-банктік әдіс. Ол уақытша бос қаржы ресурстарын жұмылдыруды және қайтарымдық негізде кредиттер беруді білдіреді. Ұдайы өндірістік тұжырымдамасы жақтаушыларының қаржының мәнін осылай кеңінен ұғынуына сәйкес олар қаржыға мына функцияларды береді: 1.ақшалай табыстар мен қорларды жасау; 2.ақшалай табыстар мен қорларды пайдалану; 3.бақылау функцясы. Қаржы көмегімен мемлекет өзінің иелігіне метериалдық өндіріс сферасында жасалған қоғамдық жиынтық өнім құнының бір бөлігін алады. Бұл процесс қаржының - ақша қорларын жасау арқылы жүзеге асады, бұл өзінің нақты түрдегі практикалық көрінісін, ең алдымен, мемлекеттің салық саясатында табады. Бақылау функциясы қаржылық бақылауда – жалпы ішкі өнімді тиісті қорларға бөлуге және оларды мақсатты арналым бойынша жұмсауға бақылау жасауда көрінеді

2.   Активтер мен пассивтерді басқарудың басты мақсаты болып тәуекел мөлшер тиімді болатын пайда көлемін оптимизациялау немесе маржа мөлшерінің тұрақтылығы арасындағы үйлесімділік табылады. Коммерциялық банк тәжірибесінде көптеген әдістер түрі қолданылады, осыған орай олар банктің клиенттер базасына тәуелді болып келеді.

Екінші деңгейлі банктер активтік операцияларын жетілдіру үшін өтімділік, табыстылық және де тәуекелдің қажетті деңгейінде бөлу тұрғысынан, активтік операциялардың өзге түрлерінің немесе қаражат салымын жүзеге асыруда банк қызметінің сәйкес жағын реттеуші заң актілерін қатаң түрде сақтай отырып жүзеге асыруы қажет.

Отандық банктер тәжірибесінде бүгінгі күні өтімділікті басқару жоғарыда аталған бастапқы екі әдістің көмегімен іске асырылуда:

  • жиынтық қор әдісі, яғни бұл әдіс басымдықтармен қолданылуда;

  • конверсиондық әдіс, яғни бұл әдіс жекелеген жағдайларда ғана қолданылуда.

Жиынтық қор әдісі бұл банктің өтімді қаражаттарға деген жалпы қажеттілігін, банктің өзінде бар барлық өтеу көздерімен салыстыруды сипаттайды. Ол үшін банктің балансының өтімділігін бағалау көрсеткіштері қолданылады. Әр түрлі көздерден алынған банктің барлық қаражаты туралы ақпарат жинақталып, банктің өзінде бар жиынтық қор ретінде қарастырылады. Сөйтіп, өтімділікті қамтамасыз ету мақсатында алғашқы және қосымша резервтер құрылады.

Алғашқы резервтер құрамына жоғары өтімді қаражаттар: касса және ҚҰБ-гі шоттағы қаражаттар кірсе, ал қосымша резервтер құрамына да тез сатуға болатын банктің өтімді активтері, соның ішінде мемлекеттің қысқа және ұзақ мерзімді қаражаттары жатады. Егер де ұзақ валюталық ұстанымнан банк ұзақ мерзім ішінде табыс алатын болса, онда қосымша резервке шетел валюталары да жатуы мүмкін. Банктің күнделікті операциясына қажетті немесе өтімділік мәселесі туындай қалған кезде шешуге қажетті ақшалай резервінің болуы қажет.

Екінші әдіс, яғни конверсиялау әдіс банктің қаражаттарын көздеріне және бағыттарына қарай байланыстыруда қажет етеді. Бұл әдісті қолдану барысында, біріншіден, банктер қаражаттарды қалыптасу көздеріне қарай және оларды қайтарылу мерзімдеріне қарай орналастыруға тиіс, екіншіден, әрбір қаражат көзін тиісті қаржыландыру бағытына бөлуі қажет. Аталған әдістің жекелеген элементтері белгілі бір бағдарламалармен (ЕҚДБ-нің несиелік желісі, АДБ-нің ауылшаруашылық бағдарламалары) тартылған қаражаттарды орналастыру барысында қолданылады.

3. ҚР салық салу объектiсi бар жеке тұлғалар жеке тұлғалардың мүлiк салығын төлеушiлер болып табылады.

Жеке тұлғаларға меншік құқығымен тиесілі Қазақстан Республикасының аумағындағы тұрғын үйлер, үйлер, саяжай құрылыстары, гараждар және өзге де құрылыстар, ғимараттар, үй-жайлар, сондай-ақ аяқталмаған құрылыс объектілері қоныстану, пайдалану күнінен бастап мүлік салығын салу объектісі болып табылады.

Салық базасы

 Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган әрбір жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша белгілейтін, мынадай тәртіппен айқындалатын салық салу объектілерінің құны жеке тұлғалар үшін тұрғын жайлар, саяжай құрылыстары бойынша салық базасы болып табылады:

      Қ = Қ б х S х К физ х К функц х К айм х К аек. өзг.

      Құқықтарын мемлекеттік тіркеу ағымдағы салық кезеңінің 1 қаңтарынан кейін жүргізілген, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган осындай тіркелген жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша белгілейтін, мынадай тәртіппен айқындалатын құн жаңадан салынған тұрғын жайлар, саяжай құрылыстары бойынша салық базасы болып табылады:

      Қ = Қ б x S x К функц х К айм.       Осы тармақтың мақсаты үшін:       Қ - салық салу мақсаты үшін мүлік құны,       Қ б – тұрғын жайдың, саяжай құрылысының бір шаршы метрінің базалық құны,       S – тұрғын жайдың, саяжай құрылысының шаршы метрмен көрсетілетін пайдалы алаңы,       К физ - физикалық тозу коэффициенті,       К функц - функционалдық тозу коэффициенті,       К айм – аймаққа бөлу коэффициенті,       К аек. өзг - айлық есептік көрсеткіштің өзгеру коэффициенті.

Салық кезеңi

Жеке тұлғалардың мүлік салығын есептеу мен төлеу үшiн 1 қаңтар – 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл салық кезеңi болып табылады.

  1. Бюджет балансы, тапшылығы және бюджеттік процесс.

  2. Банк меншікті капиталының жіктемесі.

  3. Жер салығы: Төлеушілер, салық салу обьектісі, салық базасы, салық кезеңі.

1. Бюджет тапшылығы инфляция басылғаннан кейін ел экономикасының шешуші проблемалары бола бастайды.

Бюджет тапшылығы сөз жоқ, инфляция, дағдарыс, жұмыссыздык сияқты «жағымсыз экономикалық категориялар» деп аталатындарға жатады, алайда олар экономикалық жүйенің ажырағысыз элементтер: болып табылады.

Бюджетті әзірлеу кезінде негізгі мәселе мемлекеттің ақшалай түсімдері мен шығыстарының балансына - тепе-теңдігіне жету болып табылады. Әр бюджетте оның кіріс жэне шығыс бөлігін теңестірген, яғни баланстаған дұрыс.

Жалпы түсінікте кірістердіц шыгыстардан асып түсуі бюджет артыгын - профицитті, ал шыгыстардыц кірістерден асып түсуі мемлекеттік бюджеттің тапшылыгын кұрайды.

Бюджет тапшылығы экономиканың жай-күйін бейнелеп көрсетеді, ал оның болуы мына себептерге байланысты:

  1. елдің экономикасында ондірістің жалпы құлдырауы;

  2. қоғамдық өндіріс шығындарының өсуі;

  3. айналысқа тауар жиынымен жабылмайтын ақшаны шектен гыс шығару;

  4. бюджеттің шығыстарында экономиканың даму деңгейіне сэйкес келмейтін едэуір әлеуметтік шығыстардың басьімдығы;

  5. эскери-онеркэсіп кешенін ұстауға жұмсалатын эскери шыгыстарды, басқару шығыстарын қаржыландырудың қомақты аукымы;

  6. «көлеңкелі» экономиканың ірі ауқымды айналымы;

  7. ұлттық шаруашылықтағы өнімсіз шығыстар мен ысыраптар.

Қазақстанда ақша эмиссиясы есебінен бюджет тапшылығын

жабуға болмайды. Бюджет тапшылығын жабудың негізгі нысандары мыналар болып табылады:

- мемлекеттік қарыздар шығару;

- кредиттік ресурстарды пайдалану.

Тапшылықты азайту немесе оны жою мақсатымен секвестр - ағымдағы қаржы жылының қалған уақыты ішінде барлық баптар бойынша (қорғаландарынан басқа) белгілі бір пайыздарға мемлекеттің шығыстарын үйлесімді қысқарту пайдаланылады.

Бюджеттік қаражаттарды тиімді басқару тікелей бюджеттік үдеріспен байланысты.

Бюджеттік үдеріс - Қазакстан Республикасының бюджет заңнамасымен бюджетті жоспарлау, карау, бекіту, атқару, нақтылау жэне түзету, бюджеттік есеп пен бюджеттік есептемені, бухгалтерлік есеп пен қаржылык есептемені жүргізу, мемлекеттік қаржылык бакылау, бюджеттік мониторинг жэне нэтижелерді бағалау бойынша регламенттелген мемлекеттік органдардың кызметі. Бюджеттік үдерістің барлық стадиялары өзара байланысты жэне қоғамның экономикалық үдерістерін ғана емес, сонымен бірге саяси өмірінің тікелей бейнеленуі болып табылады.

Бюджеттік үдерісте мына құжаттар пайдаланылады:

1) республиканың немесе өңірдің элеуметтік-экономикалык дамуы мен бюджеттік параметрлерінің болжамы.

2) республикалык бюджет туралы заң, жергілікті бюджет туралы иәслихат шешімі;

  1. мемлекеттік органдардың стратегиялык жоспарлары;

4) операциялық жоспарлар.

2. Банктің меншікті капиталы банктің тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды. Банктің бастапқы құрылуы барысында меншікті капитал көмегімен банк қызметіне байланысты алғашқы шығындар: жер, ғимарат, құрал-жабдық, жалақыға жұмсалатын және т.б. шығындар жабылады. Себебі, меншікті капиталсыз банктің қызметін бастау мүмкін емес. Осы меншікті капитал есебінен банкте қажетті резервтер құрылды. Сонымен қатар, банктің меншікті капиталы ұзақ мерзімді активтерге жұмсалымдардың басты көзі.

Меншікті және тартылған коммерциялық банк ресурстары Ұлттық банкте ашылатын корреспонденттік шотта көрсетіледі.

Сонымен, қазіргі коммерциялық банктердің меншікті капиталы мынадай баптар құрайды:

• жарғылық капитал;

• резервтік капитал;

• қосымша капиталдар;

• банк операциялары бойынша тәуекелдерді төмендету мақсатында құрылған қорлар (резервтер);

• бөлінбеген банк пайдасы.

Банктің жарғылық капиталы банктің заңды тұлға ретінде міндетті түрде құрылуын және өмір сүруінің экономикалық негізін құрайды. Жарғылық капиталдың төменгі мөлшері Қазақстан Ұлттық банктердің пруденциялық нормативтерімен реттеліп отырады. Банктің жарғылық капиталы, оның құрылтайшыларының қосқан жарналары немесе пайлары сомасынан тұрады.

Қазақстанда екінші деңгейлі банктер төмендегідей екі ұйымдық формаларда құрыла алады:

• акционерлік банк формасында;

• пай қосу арқылы, яғни жауапкершілігі шектеулі серіктестік формасында;

Пай қосу арқылы құрылған банктің жарғылық капиталы құрылтайшылық құжатта мөлшері анықталған пайшыларының жарнасынан құралып, олар қосқан жарналары көлемінде жауапты болып саналады. Мұндай банктердің жарғылық капиталын ұлғайту, тек қана пай қосушылардың қосымша қосқан жарналары және пай қосушылардың санының өсуі есебінен жүзеге асырылады. Алайда, акционерлік банктер өздерінің жарғылық капиталын ұлғайту үшін қосымша акцияларын эмиссиялайды, сол сияқты бұрынғы шығарылған акцияларының бағасын өсіреді.

Меншікті капиталдың құрамдас бөлігі - акционерлік капитал. Бағалы қағаз (акция) шығару есебінен құрылған банктің жарғылық капиталын банктің акционерлік капиталы деп атайды. Акционерлік капитал көлемі акцияны ұстаушылар – акционерлер қосқан жарналардан құралады. Акционерлік банктің акциясы - банктің жарғылық капиталына үлес қосқандығын куәландыратын және дивиденд алуға және банкті басқару ісіне араласуға құқық беретін бағалы қағаз.

Акционерлік капиталдың құрылымы әр банктерде әр түрлі келеді. Акционерлік капитал келесідей түрлерге бөлінеді:

а) меншікті акционерлік капитал, яғни бұл жай және артықшылығы бар акцияларды сатудан түскен қаражаттардан, үнемделген капитал және бөлінбеген пайдадан тұрады;

б) банктік резервтер, яғни алдағы уақыттағы әр түрлі шығындарды жабуға, дивиденттер төлеуге, қайтарылмаған қарыздың орнын жабуға арналады;

в) банктің ұзақ мерзімді міндеттемесі (ұзақ мерзімді вексельдері, облигациялары).

Резервтік қор – банк қызметінде пайда болуы мүмкін зияндардың орнын жабу мақсатында құрылған қаражат қоры.

Келесі қорға жекелеген банктік операциялар бойынша тәуекелді төмендету мақсатында құрылатын арнайы резервтер жатады. Мұндай резервтерге: несиелік тәуекелді жабуға және бағалы қағаздардың құнсыздануына байланысты құрылған резервтер жатады.

Бөлінбеген пайда – акциялар бойынша дивидентті төлегеннен кейін және резервтік қорға аударғаннан қалған пайданың бөлігін білдіреді.

Қосымша капиталдар - негізгі құралдардың тозуына байланысты аударылған аударымдар есебінен және белгілі мақсатқа бағытталатын пайданы бөлу нәтижесінде құрылатын қаражаттар.

Арнайы қорлар - негізгі қорларды қайта бағалау негізінде, валюталық қаражаттарды қайта бағалау қоры, яғни ұлттық валюта мен шетел валюталары арасындағы айырма нәтижесінде құрылады.

3. Қазақстан Республикасы Жер кодексіне сәйкес, Қазақстан Республикасында жерді пайдалану ақылы. Жер салығы ҚР Салық кодексіне сәйкес төленеді.

Жер салығы 1992 жылы енгізілген. Оның мақсаты - жерді тиімді пайдаланудың экономикалық әдістерімен жабдықтау жэне топырақтың құнарлылығын көтеру, оны қорғау, әртүрлі шараларды жүзеге асыру, сондай-ақ әлеуметтік мәдениеттің дамуы үшін бюджет кірістерін қалыптастыру.

.

Салық салу мақсатында барлық жерлер козделген мақсат бойынша мынадай санаттарға:

  1. ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге;

  2. елді мекен жерлеріне;

  3. өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жэне өзге де ауылшаруашылығы емес мақсаттағы жерлерге (өнеркәсіп жерлері);

  4. ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлеріне, сауықтыру, рекреациялық жэне тарихи-мәдени мақсаттағы жерлерге

  5. орман қорының жерлеріне;

  6. су қорының жерлеріне;

  7. босалқы жерлерге тиесілігіне қарай қарастырылады.

Жер салығы бастапқы 3 категорня бойынша алынады, бірақ орман қорының жерлерін ауылшаруашылығы мақсатында қолданса, онда салық ауылшаруа- шылығы мақсатындағы жерлердің негізгі ставкасы бойынша, егер су қорының жерлері өнеркәсіптік мақсатта пайдаланылса, онда салық өнеркәсіптік жерлердің негізгі ставкасы бойынша, егер онеркәсіптік жерлерді ауылшаруашылығы мақсатында қолданса, онда салық ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлердің негізгі ставкасы бойынша салынады.

Жер салығын төлеушілер

Жер салыгын есептеуге мыналар негіз болып танылады:

  • жер меншігіне кұқық, жерді пайдалану меншігіне құқық, жерді гұракты пайдалану меншігіне құқық жэне т.б. кұжаттар;

  • әр жылдың 1 қаңтарында Жер ресурстарын басқару комитетіне ұсынылатын мемлекеттік сандық жер есебінің мэліметтері;

  • ҚР Салық кодексі.

Сөйтіп жер салығын төлеушілерге келесідей салық салу объектісі бар заңды жэне жеке тұлғалар кіреді:

  • жеке меншік құқығындағы;

  • тұрақты жер пайдалану құкығындағы;

  • бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану кұқығындағы.

Жер учаскесі салық салу объектісі болып табылады. Салық базасы жер салығын айқындау үшін жер учаскесінің алаңы.

Есепті кезең - ағымдағы жыл.

Жеке түлғалар төлеуге жататын жер салығын есептеуді салык органдары тиісіі салық ставкалары мен салық базасын негізге ала отырып, 1 тамыздан кешіктір.мв жүргізеді. Ал салық төлеушілер 1 қазанға дейін төлеуге міндетті.

  1. Қаржылық бақылаудың мәні, міндеттері және қағидалары.

  2. Есеп айыоысу операциялары және олардың жіктелуі.

  3. Бюджетке төленуге тиісті ҚҚС соммасын есептеу механизімі.

1. Мемлекет пен муницишщдық кұрылымдардың каржылық қызметінің ажырағысыз кұрамды бөлігі каржылык бақылау болып табылады. Қаржылық бақылау - қаржы жүйесінің барлық буындарының каржылық ресуртарын жасаудың, бөлудің жэне оларды пайдаланудың негізділігін тексеруге багытталған айрықшалық қызмет жэне қаржыны басқарудың функциялық элементтерінің бірі. Ол басқарудың қаржылық жоспарлау, қаржыны оперативті басқару сияқты басқа элементтерімен тығыз байланысты жэне бір мезгілде жүзеге асырылады.

Ғылыми негізделген қаржылық саясатты, тиімді қаржылық механизмді қалыптастыруға жәрдемдесу қаржылық бақылаудың мақсаты болып табылады. Қаржылық бақылаудың көмегімен каржы жоспарларының орындалуы, қаржылық-шаруашылық қызметтің ұйымдастырылуы тексеріледі.

Қаржылык бақылаудың өзіндік өзгешелігі - оның ациіалай нысанда жүзеге асырылатындығында.

Мемлекеттік каржылық бақылауды жүргізу құпиялылық режімді қамтамасыз ету ескеріле отырып, тәуелсіздік, объективтілік, анықтық, ашықтық, құзырлылық, жариялылық қагидаттары міндетті түрде сақталып жүзеге асырылады.

Тәуелсіздік қағидаты - мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының жэне олардың жүмыскерлерінің қызметті жүзеге асыру ксезінде тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін кез келген араласушылыққа жол бермеу.

Бақылаудың объективтілік қағидаты - бақылауды Қазақстан Республикасы заңнамасына, мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарына қатаң сәйкестікпен жүргізу, мүдделер қақтығысын болдырмау.

Анықтық қағидаты - бақылау нәтижелерін бухгалтерлік, банктік кұжаттармен, бақылау объектінің өзге құжаттарымен растау.

Бақылаудың ашықтық қағидаты - бақылау нәтижелерін баяндаудың айқындығы, мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының Қазақстан Республикасы Президентіне, Үкіметіне, мәслихаттарға, жұртшылыққа есеп берушілігі.

Құзырлылық қағидаты - мемлекеттік қаржылық бақылау органдары жұмыскерлерінің бақылауды жүзеге асыруы үшін қажетті кәсіби білімдер мен дағдылардың жиынтығы.

Жариялылық қағидаты - құпиялылық режімді, қызметтік, коммерциялык жэне заңмен корғалатын өзге қүпияны қамтамасыз етуді ескере отырып, мемлекеттік каржылық бақылау нәтижелерін міндетті жариялау.

2. Есеп айырысу операциялар мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:

Есеп айырысу субъектілеріне қарай:

  1. банктік емес секторлар (шарушылык субъектілері) арасындағы банктер арқылы есеп айырысулар;

  2. жеке сектор - үй шарушылыктарының банктер аркылы есеп айрысулары;

  3. банктік сектор - банкаралық есеп айырысулар.

Есеп айырысу объектілеріне қарай:

  1. тауарлы операциялар бойынша есеп айрысулар;

  2. бюджет жэне баска бюджеттен тыс қорлармен аударымдар;

  3. банк ссудалары, вексельдері жэне басқа да міндеттемелері бойынша төлемдер.

Есеп айырысу аумагына қарай:

  1. мемлекет ішіндегі есеп айрысулар, соның ішінде:

  2. бір қаланың ішінде;

  3. қаладан тыс жерлерде, аудандарда, ауылда және т.с.с.

  4. мемлекет арасында (халықаралық) есеп айырысулар.

Есеп айырысу уақытына қарай:

  1. сауда операциясы басталғанға дейінгі (аванстық) төлемдер;

  2. мәміле жасалган соң, мерзімді төлемдер;

  3. коммерциялық несие шартында, яғни мәміле жасалған соң белгілі бір уақыттан кейінгі төлемдер;

  1. мерзімінен бұрын, яғни келіскен мерзімге дейін;

  2. ашык шот бойынша (жоспарлы), яғни тауарларды алған сайын үздіксіз төлемдер;

  3. мерзімі кейінге қалдырылған, яғни бастапқы белгіленген мерзімін ұзарту жолымен;

  4. мерзімі өтіп кеткен төлемдер, яғни төлем уакыты кешіктірілген.

Есеп айырысу жүйелеріне царай:

  1. пошта байланыеы арқылы;

  2. телеграф-телетайп байланысы арқылы;

  3. телефон байланысы арқылы;

  4. электрондык байланыстар аркылы;

  5. SWIFT (Дүниежүзілік банкаралық телекомуникация қоғамы) жүйесі арқылы

Есеп айырысу формаларына қарай:

  1. қолма-қолсыз аударымдар (банктік), соның ішінде:

  2. кредиттік;

  3. дебеттік;

  4. ашық шот арқылы;

  5. аккредитив;

  6. инкассо;

  7. Қолма-қол ақшалар (банкнота жэне монеталар) арқылы.

Есеп айырысу тәсіліне қарай:

  1. толық есеп айырысулар;

  2. жартылай есеп айырысу;

  3. өзара талаптар мен міндеттемелерді есепке алу (клиринг) арқылы есеп айрысулар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]