- •Консервативтік әдіс
- •Консервативтік әдіс
- •Консервативтік әдіс
- •Гиперкератоздану және паракератоздану белгілері
- •Көпқабатты жазық эпителий, базальды жарғақ
- •Абсцесс
- •Спонгиоздану
- •Лейкоплакия, веррукозды түрі
- •Консервативтік әдіс
- •Витальды экстирпациялау
- •Витальді экстирпациялау
- •Витальді ампутациялау
- •Консервативтік
- •Кистогранулема
- •Периодонттың созылмалы фиброзды қабынуы
- •Периодонттың созылмалы фиброзды қабынуы
- •Периодонттың созылмалы фиброзды қабынуы
- •Периодонттың жедел қабынуы, уыттану сатысы
- •Периодонттың созылмалы фиброзды қабынуы
- •1 Айдан кейін
- •Ортофосфор қышқылы
- •Қызыл жалпақ теміреткі
- •Эпителий ішінде
Қызыл жалпақ теміреткі
+Созылмалы қызыл жегі
Лейкоплакия
Екіншілік мерез
Туберкулез жегісі
125. Негізгі бөрткені эритема, орта бөлігінде гиперкератозды және атрофиялы ошақтардың пайда болуымен сипатталатын, терінің ашық аймағын жарақаттйтын коллагеноздар қатарына жататын ауру:
Миллиарлы-жаралы туберкулез
Қызыл жалпақ теміреткі
Туберкулез жегісі
+Созылмалы қызыл жегі
Екіншілік мерез
126. Ауыз кілегейлі қабығында және теріде меланининің артық мөлшерде түзілуінен пайда болатын элемент:
Геморрагиялық дақ
Қабынбалық дақ
Қантамырлық дақ
+Пигменттік дақ
Мүйізгектену дағы
127. Беткей орналасқан қантамырларының салдана кеңеюімен және жаңа қантамырлардың құрылуы нәтижесінде пайда болатын дақ:
Геморрагия
Экхимоз
+Телеангиэктазия
Пурпура
Петехия
128.Теріде және кілегейлі қабықта қан тамырлар қабырғасының өткізгіштігінің жоғарылауы немесе бүтіндігінің бұзылуы нәтижесінде пайда болатын дақ:
+Геморрагиялық дақ
Пигменттік дақ
Қабынбалық дақ
Қантамырлық дқ
Мүйізгектену дағы
129.Диаметрі 0.1-1,0 мм геморрагиялық дақ:
Пурпура
Телеангиоэктазия
+Петехия
Секпіл
Хлоазма
130. Диаметрі 3мм-ге жуық геморрагиялық дақтың аты:
Петехия
Секпіл
Хлоазма
+Пурпура
Розеола
131. Үлкен көлемді геморрагиялық дақ қалай аталады?
Петехия
Пурпура
+Экхимоз
Геморрагия
Розеола
132. Ауыз кілегейлі қабығының және терінің туа дамыған шамадан тыс пигменттенуінен пайда болған құрылым қалай аталады?
Витилиго
Ахромия
+Невус
Секпіл
Хлоазма
133. Терінің жүре дамыған шамадан тыс пигменттенуінен пайда болған бөрткен:
Невус
Витилиго
+Хлоазма
Пурпура
Петехия
134. Ауыз кілегейлі қабығын жарақаттайтын қандай ауру кезінде көпіршікті бөрткендер пайда болады?
Саңырауқұлақтар туындататын
Стрептококтар туындататын
Актиномикоздар туындататын
+Вирустар туындататын
Фузобактериялар мен спирохеталар
135.Акантолиздеуші кулбіреуікше кезінде кулбіреуікті бөрткендер орналасады:
Эпителий қабаты астында
Кілегейлі қабық астында
+Эпителий қабаты ішінде
Нағыз кілегейлі қабық ішінде
Кілегейлі қабықасты қабатында
136. Акантолиздемеуші күлбіреуікше кезінде күлбіреуіктер орналасады:
Эпителий ішінде
Эпителий үстінде
+Эпителий астында
Кілегейлі қабық қабатында
Кілегейлі қабық асты қабатында
137. Дәріден дамыған буллезді стоматит кезінде күлбіреуікті бөрткендердің орналасуы:
Эпителий ішінде
Эпителий үстінде
+Эпителий астында
Кілегейлі қабық асты қабатында
Нағыз кілегейлі қабық асты қабатында
138. Домбықпаның анықтамасы :
+Дерманың бүртікті қабаты немесе кілегейлі қабықтың нағыз дәнекертінді пластинасының бүртікті қабаттарында жедел домбыға қабынудан пайда болған және шектелген, жастыққа ұқсас қуыссыз құрылым
Диаметрі 5 мм дейін жарты шар тәрізді қуысты жалқықты құрылым
Диаметрі 5 мм-ден үлкен қуысты жалқықты құрылым
Диаметрі 5 мм-ге дейін қуысты іріңді жалқықты құрылым
Үлкен көлемді қуысты іріңді жалқықты құрылым
139. Күлбіреуіктің анықтамасы :
Диаметрі 5мм дейін сарысулы және сарысулы-іріңді құрамды қуысты бөрткен
Диаметрі 5мм дейін іріңді жалқықты қуысты бөрткен
3)+Диаметрі 5мм-ден үлкен сарысулы сұйықтықты қуысты бөрткен
4) Диаметрі 5мм-ден үлкен іріңді жалқықты қуысты бөрткен
5) Кілегейлі қабықтың терең қабаттарында іріңді жалқықтың жиналуынан пада болған қуысты бөрткен
140. 28 жастағы әйел адам жоғарғы сол жағындағы тісінің тағам қабылдағанда ауыратындығына шағымданады. Қарап тексергенде: 25 тістің шайнау бетінде жұмсарған дентинге толы терең тісжегі қуысы анықталды. Сүңгілеп тексергенде тісжегі қуысының табаны түгелдей ауырады.
Диагноз қою үшін төменде көрсетілген тексеру әдістерінің қайсысы жүргізген тиімді?
Кіреукені тікелей (витальды) бояу әдісі
+Электроодонтометриялық әдіс
Трансиллюминациялық әдіс
Рентгенографиялық әдіс
Қағып тексеру
141. Жасы 25-тегі әйел адам жоғарғы сол жағындағы тісінің тағам қабылдағанда ауыратындығына шағымданады. Қарап тексергенде: 27 тістің шайнау бетінде жұмсарған дентинге толы терең тісжегі қуысы анықталды. Сүңгілеп тексергенде тісжегі қуысының табаны түгелдей ауырады.
Диагноз қою үшін төменде көрсетілген тексеру әдістерінің қайсысы тиімді болады?
Витальды бояу әдісі
Рентгенографиялық әдіс
Трансиллюминациялық әдіс
+Температуралық тітіркендіргіштерге жауабын анықтау
Қағып тексеру
142. 29 жастағы әйел адам жоғарғы сол жағындағы тісіндегі температуралық тітіркендіргіштерден қысқа уақытқа созылатын ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: 26 тістің шайнау бетінде терең тісжегі қуысы анықталды. Сүңгілеп тексергенде тісжегі қуысының табаны түгелдей ауырады, қағып тексергенде ауырмайды, тістің электрқозғыштығы – 8 мкА.
Төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы дұрыс деп ойлайсыз?
Орта тісжегі
+Терең тісжегі
Ұлпаның жартылай жедел қабынуы
Ұлпаның созылмалы жай қабынуы
Периодонттың созылмалы қабынуы
143. 30 жастағы ер адам тісінің температуралық тітіркендіргіштердің әсерінен ауыратынына шағымданады. Қарап тексергенде: 37 тістің шайнау бетінде ұлпа маңындағы дентин деңгейіне дейінгі тереңдіктегі тісжегі қуысы анықталды. Зондпен сүңгілеп тексергенде қуыстың табанын түгелдей қамтыған ауыру сезімі бар.
Диагноз қою үшін төменде көрсетілген тексеру әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді?
Қағып тексеру
Трансиллюминациялық әдіс
Кіреукені витальды бояу әдісі
+Электроодонтометриялық әдіс
Сипап тексеру
144. 18 жастағы жігіт алдыңғы тістеріндегі косметикалық ақауға шағымданады. Қарап тексергенде: 22 тістің ұрт жақ бетінің мойын бөлігінде бор түсті күңгірт ақ дақ анықталды. Зондпен тексергенде беті кедір- бұдырлы.
Диагноз қою үшін төменде көрсетілген тексеру әдістерінің қайсысын қолданған тиімді?
+Витальды бояу әдісі
Температуралық тітіркендіргіштерге жауабын анықтау
Электроодонтометриялық әдіс
Ауру анамнезін жинау
Қағып тексеру
145. 25 жастағы әйел адам төменгі сол жағындағы тісіндегі қуысқа шағымданады. Қарап тексергенде: 36 тістің шайнау бетінде сауыт қуысымен байланыспаған терең тісжегі қуысы анықталды, іші ас қалдықтарына толы. Қуыстың табаны мен қабырғаларында тығыз пигменттелген дентин бар. Зондпен сүңгілеп тексергенде табанында ауыру сезімі анықталмайды, суыққа жауап бермейді.
Диагноз қою үшін төменде көрсетілген тексеру әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді?
Ауру анамнезін жинау
+Электроодонтометриялық әдіс
Витальды бояу әдісі
Трансиллюминациялық әдіс
Рентгенографиялық әдіс
146. 40 жастағы ер адам дәрігер стоматологқа ауыз қуысын санациялау мақсатымен келді. Қарап тексергенде: 37 тістің шайнау бетінде орта тереңдіктегі тісжегі қуысы анықталды. Кіреукедентин шекарасын зондпен жүргізгенде ауырады, табаны ауырмайды, Қағып тексергенде ауырмайды.
Диагноз қою үшін төменде көрсетілген тексеру әдістерінің қайсысы тиімді?
Сипап тексеру
+Температуралық тітіркендіргішке жауабын анықтау
Витальды бояу әдісі
Трансиллюминациялық әдіс
Рентгенографиялық әдіс
147. Жасы 35-тегі ер адам дәрігер-стоматологқа ауыз ішін сауықтыру мақсатымен келді. Қарап тексергенде: 37 тістің шайнау бетінде орта тереңдіктегі тісжегі қуысы анықталды. Кіреукедентин шекарасын зондпен жүргізгенде ауырады, табаны ауырмайды, Қағып тексергенде ауырмайды.
Төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы сәйкес келеді:
Жоғары тісжегі
+Орта тісжегі
Терең тісжегі
Ұлпаның созылмалы қабынуы
Бастапқы тісжегі
148. 32 жасар әйел жоғарғы жағындағы тісі тәттіден, қышқылдан аз уақыт ауыратынына шағымданады. Қарап тексергенде: 27 тісінің шайнау бетінде жабынды дентин деңгейінде тісжегі қуысы анықталды. Кіреуке–дентин шекарасын сүңгілеп тексергенде ауырады. Қағып тексергенде ауырмайды.
Төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы сәйкес келеді:
Жоғары тісжегі
Бастапқы тісжегі
+Орта тісжегі
Баяу дамыған терең тісжегі
Қарқынды дамыған терең тісжегі
149. 22 жастағы жас жігіт тісіндегі суықтан және ыстықтан қысқа уақытқа созылатын ауыру сезіміне шағымданып келді. Қарап тексергенде: 27 тісінің артқы бетінде іші жұмсарған ақшыл дентинге толы терең тісжегі қуысы анықталды. Сүңгілеп тексергенде табаны ауырады. Суыққа қысқа уақытқа созылатын ауыру сезімі бар.
Диагноз қою үшін төменде көрсетілген тексеру әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді?
Ауру анамнезін жинау
Қағып тексеру
Витальды бояу әдісі
+Электроодонтометриялық әдіс
Трансиллюминациялық әдіс
150. 25 жастағы жас жігіт тісіндегі суықтың әсерінен қысқа уақытқа созылатын ауыру сезіміне шағымданып келді, әсер тоқтаған кезде ауыру сезімі тез басылады. Қарап тексергенде: 37 тісінің алдыңғы бетінде шайнау бетін ала орналасқан, іші жұмсарған ақшыл дентинге толы, жиектері бор тәрізді өзгерген терең тісжегі қуысы анықталды. Сүңгілеп тексергенде табаны түгелдей ауырады, қағып тексергенде ауырмайды. Суыққа қысқа уақытқа созылатын ауыру сезімі бар.
Төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы сәйкес келеді?
Орта тісжегі
+Қарқынды дамыған терең тісжегі
Баяу дамыған терең тісжегі
Жоғарғы тісжегі
* Ұлпаның созылмалы қабынуы
151. 37 жастағы ер адам жоғарғы сол жақ тісіндегі температуралық тітіркендіргіштердің әсерінен туындайтын ауыру сезіміне шағымданып келді. Қарап тексергенде: 27 тісінің медиальды бетінде шайнау бетіне ауыса орналасқан, іші жұмсарған ақшыл дентинге толы, жиектері бор түстеніп өзгерген және салбырай орналасқан терең тісжегі қуысы анықталды. Сүңгілеп тексергенде табан аймағы түгелдей ауырады, қағып тексергенде ауырмайды. ЭОД- 13 мкА тең.
Төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы дұрыс деп ойлайсыз?
*+Қарқынды дамыған терең тісжегі
Ұлпаның созылмалы жай қабынуы
Ұлпаның жедел жартылай қабынуы
Баяу дамыған терең тісжегі
Орта тісжегі
152. 18 жасар жігіт алдыңғы тісіндегі эстетикалық ақауға шағымданады. Қарап тексергенде: 22 тісінің мойын бөлігінде анық пішінсіз, ақ түсті, беті – бұлыңғыр және кедір-бұдырлы дақ анықталды. 2% метилен көгі ертіндісімен боялады. ЭОД-2мкА.
Төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?
Жергілікті гипоплазия
Тіс флюорозы
Жүйелі гипоплазия
+Бастапқы тісжегі
Жоғарғы тісжегі
153. Жасы 19-дағы жігіт тісіндегі эстетикалық ақауға шағымданады. Қарап тексергенде: 11 тісінің мойын бөлігінде анық шекарасыз дөңгелек пішінді, ақ түсті, беті – бұлыңғыр, кедір-бұдырлы дақ анықталды.
Диагноз қою үшін төменде көрсетілген тексеру әдістерінің қайсысын өолданған тиімді?
Қағып тексеру
Электроодонтометриялық әдіс
Температуралық тітіркендіріштерге жауабын анықтау
+Витальды бояу әдісі
Өмір анамнезін жинау
154. 26 жастағы әйел адам төменгі оң жағындағы тісінің температуралық тітіркендіргіштерден ауыратынына шағымданады. Қарап тексергенде: 46 тістің шайнау бетінде іші жұмсарған пигменттелген дентинге толы терең тісжегі қуысы анықталды.
Диагноз қою үшін төменде көрсетілген тексеру әдістерінің қайсысын қолданған тиімді болады?
Ауру анамнезін жинау
Өмір анамнезін жинау
+Сүңгілеп тексеру
Витальды бояу әдісі
Рентгенографиялық әдіс
155. Жасы 30-дағы әйел адам төменгі оң жағындағы тісінің температуралық тітіркендіргіштерден ауыратындығына шағымданады. Қарап тексергенде: 46 тістің шайнау бетінде іші ыдыраған және жұмсарған дентинге толы тісжегі қуысы анықталды. Сүңгілеп тексергенде кіреуке-дентин шекарасы деңгейінде ауыру сезімі бар.
Төменде аталған алғашқы диагноздардың қайсысы сәйкес келеді?
Тістің қатты тіндерінің эрозиясы
Тістің қатты тіндерінің некроздануы
+ Қарқынды дамыған орта тісжегі
Беткей тісжегі
Периодонттың созылмалы қабынуы
156. 34 жастағы ер адам тісіндегі механикалық және температуралық тітіркендіргіштерден қысқа уақытқа созылатын ауыру сезіміне шағымданып келді. Қарап тексергенде: 16 тістің шайнау бетінде іші ақшыл жұмсарған дентинге толы тісжегі қуысы анықталды. Зондпен тексергенде қуыстың табаны түгелдей ауырады, қағып тексергенде ауырмайды. ЭОД – 12 мкА.
Төменде аталған алғашқы диагноздардың қайсысы сәйкес келеді?
Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы
Ұлпаның жртылай жедел қабынуы
Ұлпаның созылмалы жай қабынуы
+Қарқынды дамыған терең тісжегі
Периодонттың созылмалы қабынуы
157. 20 жастағы бойжеткен алдыңғы тісінің кіреукесінде ақ дақтың пайда болғанына косметикалық шағым айтады. Қарап тексергенде: 21 тісінің ерін жақ бетінің мойын бөлігінде ақ бұлыңғыр дақ анықталды. Сүңгілеп тексергенде беті кедір-бұдырлы. Дақ 2% метилен көгінің ерітіндісімен боялады.
Төменде аталған алғашқы диагноздардың қайсысы сәйкес келеді?
+Бастапқы тісжегі
Сына тәрізді ақау
Кіреуке эрозиясы
Жергілікті гипоплазия
Флюороз
158. Жасы 17-дегі бойжеткен алдыңғы тісінің кіреукесінде ақ дақтың пайда болғанына шағымдана келді. Қарап тексергенде: 21 тісінің ерін жақ бетінің мойын бөлігінде ақ бұлыңғыр бор түстес дақ анықталды. Зондпен сүңгілегенде бетінде шамалы кедір-бұдырлық анықталады. Дақ 2% метилен көгінің ерітіндісімен боялады.
Жарақат ошағына диагноз қою үшін қолданған әдіс қалай аталады?
Ауру анамнезін жинау
Рентгенографиялық әдіс
Температуралық тітіркендіргішке жауабын анықтау
+Витальды бояу әдісі
Ұлпаның электрқозғыштығын анықтау
159. 22 жасар келіншек жоғарғы оң жақтағы тісінің ас қабылдағанда ауырғанына шағымданады. Қарап тексергенде: 25 тістің шайнау бетінде ыдыранды дентинге және ас қалдықтарына толы тісжегі қуысы бар. .
Диагноз қою үшін төменде көрсетілген тексеру әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді болады?
Ауру анамнезін жинау
Перкуссиялау
Витальды бояу әдісі
+Сүңгілеп тексеру әдісі
Трансиллюминациялық әдіс
160. 26 жасар әйел адам ауыз ішін сауықтыруға келген. Қарап тексергенде 35 тістің ұрт бетінің мойын бөлігінде кіреуке деңгейінде ақау бар. Сүңгімен сүңгілегенде сүңгі тіреліп қалады және аздаған ауыру сезімі пйда болады.
Төменде қойылған алғашқы диагноздардың қайсысы сәйкес келеді?
Бастапқы тісжегі
+Жоғарғы тісжегі
Кіреуке эрозиясы
Тіс гипоплазиясы
Сына тәрізді ақау
161. Жасы 18-дегі бойжеткен ауыз ішін сауықтыруға келген. Қарап тексергенде 35 тістің ұрт бетінің мойын бөлігінде кіреуке қабатында ақау анықталды. Ыстық және суықтан ауыру сезімі мазаламайды.Сүңгімен тексергенде сүңгі тіреледі және қабырғаларының кедір-бұдырлығы анықталады. Жарақат ошағын тістің қатты тіндерінің төмендегі ауруларының біреуінен басқасынан ажырата білу керек: .
* Сынаға ұқсас ақау
Кіреукенің қышқылдан некроздануы
Кіреуке эрозиясы
+Тістердің патологиялық қажалуы
Кіреуке гипоплазиясы
162. 35 жастағы науқас 46 тісінң температуралық және механикалық тітіркендіргіштерден ауыратынына шағымданады. Қарап тексергенде 46 тістің шайнау бетінде жабынды дентин деңгейінде ас қалдықтары, ыдыранды дентинге толы тісжегі қуысы анықталды.Сүңгілеп байқағанда қабырғалары жұмсақ, кіреуке-дентин шекарасында аздаған ауыру сезімі бар.
Төменде аталған алғашқы диагноздардың қайсысын қойған тиімді?
Бастапқы тісжегі
Жоғары тісжегі
Қарқынды дамыған терең тісжегі
+ Қарқынды дамыған орта тісжегі
Баяу дамыған терең тісжегі
163. Жасы 39-ғы ер адам тісіндегі қуысқа және ас қалдығы жиналып, ыңғайсыздық туындататынына шағымданады. Қарап тексергенде: 46 тістің артқы бетінде шайнау бетін ала ас қалдықтары мен жұмсарған дентинге толы тісжегі қуысы анықталды.
Диагноз қою үшін төменде көрсетілген тексеру әдістерінің қайсысын қолданған тиімді болады?
Қағып тексеру
Рентгенографиялық әдіс
Витальды бояу әдісі
+Ұлпаның электрқозғыштығын анықтау
Трансиллюминациялық әдіс
164. 42 жастағы әйел адам ауыз ішін сауықтыруға келген. Қарап тексергнеде 36 тісінде терең және көлемді тісжегі қуыс анықталды. Зондпен сүңгілеп тексергенде табанында ауыру сезімі жоқ және сауыт қуысы жабық, температуралық тітіркендіргіштерге жауап бермейді, ұлпаның электрқозғыштығы 10мка.
Төменде аталған алғашқы диагноздардың қайсысы дұрыс деп ойлайсыз?
+Баяу дамыған терең тісжегі
Периодонттың созылмалы қабынуы
Ұлпаның созылмалы жай қабынуы
Орта тісжегі
Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы
165. 20 жастағы қыз бала алдыңғы тістерінің мойындары аймағындағы кіреуке бетіндегі ақ дақтарға шғымданады. Қарап тексергенде: алдыңғы тістердің ұрт жақ беттерінің мойын аймақтарында жылтыр емес бор түстес ақ дақтар анықталды, зондпен сүңгілегенде беттерінде кедір-бұдырлық байқалады. Дақтар 2% метилен көгінің ерітіндісімен боялады.
Төменде аталған емдеу шараларының қайсысын қолданған тиімді болады?
Дақтың бетін жылтырату
Егеп-тазалап, пломбылау
Патологиялық үрдістің барысын байқау
+Қайта минералдандырып емдеу
Егеп-тегістеу.
166. 35 жастағы ер адам тісінің температуралық тітіркендіргіштердің әсерінен туындайтын қысқа уақытқа созылатын ауыру сезіміне шағымданып келді. Қарап тексергенде: 45 тісінің дистальды бетінде іші жұмсарған ақшыл дентинге толы, жиектері бор түстенген және тісжегі қуысын жаба орналасқан терең тісжегі қуысы анықталды. Сүңгілеп тексергенде табаны түгелдей ауырады, қағып тексергенде ауырмайды. ЭОД- 12 мкА.
Төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді:
Ағымы баяу терең тісжегі
+Қарқынды ағымды терең тісжегі
Ұлпаның созылмалы жай қабынуы
Орта тісжегі
Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы
167. 35 жастағы ер адам ауыз қуысын сауықтыру мақсатымен келді. Қарап тексергенде 47 тістің алдыңғы бетінде пигменттелген көлемді дақ анықталды. Сүңгілеп тексергенде дақты ошақтың беті кедір- бұдырлы, сүңгі ілініп қалады.
Төменде аталған емдеу шараларының қайсысын қолданған тиімді болады?
Дақты бетін тегістеп жылтырату
+Дақты ошақты егеп-тазалап, пломбылау
Дақтың әрі даму барысын бақылау
Қайта минералдандырып емдеу
Фторлакпен дақтың бетін жабу
168. 20 жастағы бойжеткен – жоғарғы алдыңғы күрек тістеріндегі ақ дақтарға шағымданады. Қарап тексергенде: 11 және 21 тістердің ерін жақ беттерінде мойын аймақтарында күңгірт ақ бор түсті дақтар анықталды, зондпен сүңгілеп байқағанда беттері кедір-бұдырлы. Дақтр 2% метилен көгінің ерітіндісімен жақсы боялады.
Төменде аталған емдеу шараларының қайсысын қолданған дұрыс болады?
Дақтардың беттерін тегістеу
+Егеп-тазалап, пломбылау
Динамикалық байқау
Қайта минералдандырып емдеу
Фторлакпен дақтың бетін жаб у
169. 20 жастағы бойжеткен – жоғарғы алдыңғы күрек тістеріндегі дақтарға шағымданады. Қарап тексергенде: 11,12 және 21,22 тістердің ерін жақ беттерінің мойын бөліктерінде күңгірт ақ бор түстес дақтар анықталды, зондпен сүңгілегенде беттері кедір-бұдырлы. Дақтар 2% метилен көгінің ерітіндісімен жақсы боялады.
Төменде аталған дәрілік препараттардың қайсысын жалпылай ем жүргізу үшін тағайындаған тиімді болады?
+Кальцемин
Супрастин
Продектин
Кавинтон
Ципролет
170. Жасы 56-дағы ер адам соңғы кезде тістерінің қысқара бастағаныа және аздап ыстық зәне суықтан ауыра бастағанына шағымдана келді. Ауыз ішін қарап тексергенде: тістер тістемі тік, жоғарғы және төменгі алдыңғы тістер сауыты 3\1 биіктігіне қысқарып, тістеу қырлары жазық алаңға айналған. Сипатталған клиникалық көрініс төменде келтірілген аурулардың қайсысына тән?
* Cынаға ұқсас ақау*
* Кіреуке эрозиясы
* Бастапқы тісжегі
* + Патологиялық қажалу
* Кіреукенің қышқылдан некрздануы
