Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Морфология 60.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
85 Кб
Скачать
☆

35.Тәуелдік жалғау және тәуелдік категориясы.

Бір заттың екінші бір затқа меншікті, тәуелді, қатысты болуы – тілдегі ақиқат құбылыс. Бұндай заттар арасындағы меншіктілік - тәуелділік қатынас қандай тілде болса да бар. Бірақ ондай ұғымдардың грамматикалық мәні мен сипаты, берілу амал-тәсілдері барлық тілдерде бірдей, біркелкі бола бермейді. Қазақ тілінде бұл мән (грамматикалық тәуелділік ұғым) тәуелдік жалғау арқылы (ілік септік пен тәуелдік жалғаулы сөздің тіркесінен немесе кейде ілік септікті сөз болмай, жалғыз тәуелдік жалғаулы сөзден, өйткені тәуелдік жалғаулы сөз сол жалғау арқылы әрі тәуелдік және жақтық мағынаны білдіріп, әрі өзіне қатысты ілік септікті сөзді меңзеп тұрады) және меншіктелуші зат атауы мен буын үндестігіне бағынбайтын -нікі, -дікі, -тікі қосымшалары сөздің тіркесі арқылы беріледі. Осы арқылы яғни жақ түрлеріне байланысты (қайшы грамматикалық мағыналар) тәуелділік (тектес бір мәнді) грамматикалық мағыналар жиынтығы парадигмалық жүйе болып табылатын белгілі грамматикалық формалар (әр жаққа байланысты бөлек-бөлек қосымшаның - грамматикалық тұлғаның болуы) негізінде берілуі

арқылы қазақ тілінде тәуелдік категориясы грамматикалық категория болып қалыптасқан.

36.Септік жалғау және септік категориясы.

Сөйлемде сөздердің арасындағы алуан түрлі синтаксистік қатынастарды көрсетіп, өзі жалғанған сөзге әр түрлі грамматикалық мағына үстеп, сөз бен сөзді байланыстыруда үлкен орын алатын зат есімнің парадигмалық түрлену жүйесінің бірі – септік жүйесі. Әдетте септік жалғау кейде тікелей өзі, кейде басқа тұлғалармен қабаттасып (мысалы, жіктік жалғаумен, тәуелдік жалғаумен қоса), зат пен қимыл, я зат пен зат (сын) арасындағы (субъектілік-предикаттық), тура және жанама объектілік, меншіктілік-қатынастық, мекендік-мезгілдік, көлемдік, амалдық-құралдық сияқты қатынастарды білдіреді. септік жалғаудың (категорияның) мәнін ашатындай тұжырымды бір анықтама беру қиын. Оның қиындығы септік жалғаудың әрі күрделі жеке түрлерінің, ортақтық сипатының өзгеше екендігінде.

Көптік (сан-мөлшер), тәуелдік жалғауларының (категорияларының) әрқайсысы өз ішінде бір-біріне қайшы мәндес мағыналардың жиынтығынан тұратын (мысалы, сан-мөлшер категориясында жекелік-жекеше және көпше, тәуелдік категориясында үш түрлі жақ: бірінші айтушы жақ, екінші тыңдаушы жақ, үшінші бөгде жақ және жекеше-көпше немесе оңаша-ортақ мәндер) бір ортақ категориялық мағынаны білдірсе, септік жалғау (категориясы) ондай ортақ категориялық мағынаны білдіре алмайды.

Септік жалғау түрлерінің басын біріктіріп, зат есімнің түрлену парадигмасының бір категориялық түрі етіп отырған – септік жалғауларының мағыналық ортақтығынан гөрі қызметтік (сөз бен сөзді байланыстыру сипаты), мағыналық-қызметтік (тек зат есім сөздерге жалғануы немесе басқа сөз табына жалғанса, оны заттандырып тұру) қасиеті.септік жалғауларына (категориясына) зат пен оның іс-әрекеті (қимылы), я зат пен заттың (сынның) арасындағы субъектілік, объектілік, меншіктілік-қатыстық, мекендік-мезгілдік, көлемдік, амалдық-құралдық, себеп-мақсаттық сияқты қатынастарды білдіріп, заттық мән үстеп тұратын түрлену тұлғасы деген анықтама беруге болады. Септік жалғау жүйесінің басқа жалғаулардан күрделілігі де осында.

Септік жалғаулардың күрделілігі септік түрлерінің тұлғалық формаларында бірізділік сақтала бермеуінен де көрінеді.

37.Грамматикалық және көлемдік септіктер Түркологияда септік жүйесін грамматикалық және көлемдік септіктер деп бөлу тәжірибесі бар. Оның неге сүйенетініне және ғылыми негізінің қандай екеніне назар аудармасқа болмайды.

Қазіргі қазақ тіліндегі септік жалғау жүйесі, жоғарыда көрсетілгендей, негізінен алғанда, бір жағынан, басқа да қазіргі түркі тілдеріндегі, екінші көне түркі тіліндегі септік жалғау жүйесімен бірсыдырғы сәйкес келетіндігі заңды құбылыс. Өйткені олардың төркіні, қалыптасу кезеңдері, сипаты көбіне ортақ болып келеді. Атап айтқанда, қазіргі түркі тілдерінің көпшілігінде атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс септік жалғауларының сыртқы тұлғалары да, білдіретін мағыналары мен қызметтері де негізінен ұқсас болып келеді. (ИСГТЯ, 45-50). Бұның өзі тіліміздегі септік жалғау жүйесі өте ерте кезде қалыптасып, оның сөз түрлендіру, парадигмалық сипаты, тұлғалық түрлері, әрқайсысының мағыналық шеңбері, сөйлемде атқаратын қызметі мен сөздер арасындағы грамматикалық қарым-қатынастары тұрақталып, кейін жекелеген түркі тілдерінде үлкен өзгеріске түспей енгендігін байқатады. Осы тұрғыдан қарағанда, қазақ тілінің өзіндік үлкен бір ерекшелігі көмектес септігі болып табылады, өйткені басқа түркі тілдерінде көмектес септік жалғаудың мағынасы көбіне септеулік шылау арқылы беріледі. Қазақ тіліндегі көмектес септік тұлғасы (-мен, -бен, -пен) да септеулік шылаудан қалыптасқан: бірлән, білән-бінән, мінән, бынан, мынан-менен, бенен, пенен-мен, бен, пен.

септік түрлерінің осындай екі жақты мағыналық және қызметтік ерекшеліктеріне қарап түркологияда септік жалғауларды екі топқа бөліп, атау, ілік, табысты грамматикалық септік, барыс, жатыс, шығысты және көмектесті көлемдік септіктер деп жіктеу дәстүрі бар

38.Грамматикалық форма және сөз формасыГрамматикалық форма деген ұғымға, ең алдымен, сөзге түбірге үстелетін қосымшалар, сондай-ақ префикстер мен жүйелі түрдегі ішкі флексия, супплетивтік тәсіл жатады.

39.Етістіктің  лексика-грамматикалық сипаты. Қазіргі қазақ тілінде етістік – ең күрделі сөз табының бірі. Бұл оның лексика-семантикалық ерекшелігінен, түбір тұлғасы мен оған үстелетін грамматикалық формаларының қат-қабаттылығынан және олардың арақатынасынан, грамматикалық категорияларының әр түрлілігінен, жаңа сөз жасау жүйесінен, қолданылу аясынан, сөйлемде атқаратын синтаксистік қызметінен т.б. лексика-грамматикалық қасиеттерінен байқалады. Етістіктің зат есім сияқты көне сөз табы екендігі, басқа сөз таптарын жасауға негіз болатындығы, яғни тарихи-генеологиялық ерекшеліктері өз алдына бір төбе.

Ең алдымен, етістік семантикалық жағынан тілімізде қимылды, процесті, әр түрлі өзгеріс, құбылысты білдіретін сөздер болып табылады.