Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
есетер1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
900 Кб
Скачать
☆

1.7 Ілмелі талшықты-оптикалық кабель,ерекшеліктері

Ілмелі талшықты – оптикалық кабельді басқа оптикалық кабель түрлерімен салыстырғанда бірнеше артықшылықтары бар:

- Мүдделі ұйымдармен келісу және кабельге арнайы жерлерді бөліп беру қажеттілігінің жоқтығы;

- Құрылыс мерзімінің азаюы;

- Қалалық және өнеркәсіптік салаларындағы зақымдану саны аз;

- Қатты топырақ жерлерді пайдалану мен капиталдық шығынның аздығы;

Ілмелі талшықты – оптикалық кабельдерді қойылған дайын тіректер бойымен жүргізеді және автокөлік трасса жолдарын мұқият алдын – ала дайындықты талап етпейді.Жер астына кабельді салу технологиясына қарағанда жеңіл болып келеді.

Байланыс желісінде жарық өткізгішті ілмелі кабельдерін 1978 жылы қолдана бастады.Алғашқы ілмелі кабельдің конструкциясы 2.7.суретте көрсетілген.

2.7-сурет. Алғашқы ілмелі оптикалық кабельдің конструкциясы

1) Оптикалық – талшық

2) Орталық күштік элемент

3) Жылуға оқшауланған қабыршақ

4) Жылуға төзімді резеңке

Қазіргі уақытта талшықты-оптикакалық бельдердің төрттен үші жер асты арқылы төселетіндігіне қарамастан кабельдерді тіректерде немесе бағаналарда монтаждау жарқын болашаққа ие.Ол қала ішінде және сонымен қатар қаладан тыс сәтті пайдаланыла алады, себебі оптика-талшықты кабель орнатылып қойған бағаналарға, яғни дәстүрлі коммуникациялық бағаналарға асыла салады.Бұл келесідей жүзеге асырылуы мүмкін:

1. Телефондық және телеграф байланыс бағаналарына;

2. Электр сымдары бағаналарына (ЭСБ);

3. Темір жол электр желілері байланыстық бағаналарына.

Кабельді жер беті арқылы жүргізу салыстырмалы жеңіл.Кабельді монтаждау бағаналардың ұзын кесіндісінде жылдам жүзеге асырылады. Әдетте ол ілмелі кабельдің бүкіл ұзындығы бойынша жүргізіледі (3-6 шақырым), ол үшін керу деген тәсіл қолданылады.Бағаналарға арнайы роликтер ілініп және солар бойынша бастапқыда жеңіл полимерлі трос асылады, ал одан кейін сол полимерлі тросс көмегімен кабель асылады.Арнайы машиналар мұнда кабельдің бірқалыпты керілуін қамтамасыз етеді.Осыдан кейін кабель бүкіл ұзындыққа ілінген соң, ол роликтер түсіріліп және бекіту элементтерімен бекітіледі.Электр желілері бағаналарында оптикалық талшықты кабельді ілу жеке назар аударуды қажет етеді. Мұнда үш мүмкіндік қарастырылған:

1. Арнайы найзағай әсерінен қорғайтын тросс өзіне салынған оптика-талшықты кабельмен жүргізу;

2. Өздігінен ұстасатын кабельді тіректер арасына асып кою.

3. Кабельді фазалық немесе найзағайдан қорғайтын сымдар арқылы жүргізу.Кабельді найзағайдан қорғайтын қаптама ішіне салу кез келген электр тогы желісін жүргізудегі міндетті шарт болып табылады, ол бірден бір сенімді және ұзаққа жарамды шешім болып табылады (жұмыс істеу мерзімі 40-60 жыл).Бірақ мұнда найзағайдан қорғағыш қаптаманың құны да және оны монтаждау құны да жоғары болып табылады.Сондықтан оптика-талшықты сымдары бар найзағайдан қорғағыш қаптамаға ие тростарды пайдалану жаңа электр желілері құрылысын салуда тиімді тәсіл болып табылады. Оптикалық - талшықты кабельдің найзағай разрядынан шыдамдылық температурасы 200-300ºС – тан аспауы керек.

Өздігінен ұстасатын кабельдерді пайдалану, яғни бағаналарға фазалық сымдармен бірге асылатын кабельдерді пайдалану бірқатар артықшылықтарға ие: ол найзағай әсерінен зақымдалмайды немесе қысқа тұйықталулар орын алмайды.Екінші жағынан кабельдің бұл түрі анағұрлым сенімді және кернеуі 150 кВ жоғары болып келетін электр желілерінде пайдаланыла алады.Кабельді фазалық және найзағай әсерінен қорғайтын қаптама ішіне салу – бүгінгі күні ең үнемді және кабельді дайын тұрған бағаналар арқылы жүргізудің ең жылдам және тиімді тәсілі болып табылады.Оптика – талшықты кабель сымдарға механикаландырылған құрылғылар көмегімен салынады.Қызықтысы, мысалы, радио арқылы басқарылатын орау машинасы «Фокас» фирмасы, кабельді сымдар ішіне 1 м/с жылдамдықпен салуға мүмкіндік береді (мұнда бағананы айналып өту бөліктерін есептемегенде).Бағаналарды айналып өтуде машиналарды желінің келесі кесіндісіне өткізу қажет.Бұл процедура өз кезегінде 40 минуттай уақыт алады, ал кабельді сым ішіне салу жылдамдығы жеткілікті жоғары – жалпы алғанда күніне орташа 3 км қашықтықты жасауға болады. Бірақ бұл тәсілде де өзіне тән кемшіліктер бар.Ол кернеу шамасы 175 кВ жоғары болатын желілер үшін пайдаланыла алмайды және сымдарды алмастыру кезінде кабельді қайтадан салып шығу қажеттігі туындайды.

Оны қозғалыстың орнату құралдары көмегімен орындауға болады (кабельді арба), оны кабельді тарту немесе басқа бір шарттарға байланысты орындауға

болады.Артық жүктемені ескерсе, егер ТОК дұрыс таңдаса, түрлі ұзындықтағы секцияны пайдалануға болады.Əуе сызығын орналастыру үшін, сызық астында қозғалмалы үлкен габаритті құралдардың өтуімен байланысты кедергіні болдырмас үшін, тіректерде ең жоғарғы позицияны қолдану керек.

Тасушы троста ілмегі бар кабель.ТОК жерде тасушы тросқа бекітіледі немесе ілінеді.Тасушы трос тығыз созылады, ол кабельдің тым ұзаруын болдырмайды.Бұл процедура кезінде кабельді бүлдірмес үшін, ТОК-де тасушы кабельдің қатты созылуы əсерінен, белгілі бір шараларды пайдаланады.ТОК ілінбестен бұрын тасушы трос түзетілуі керек, егер тасушы трос оған ТОК–не бекіткенге дейін тіректерге ілінсе орындалады.

ИКА...М... -  самонесущий подвесной оптический кабель на основе модульной конструкции

Оптические кабели марки ИКА… предназначены для подвески на опорах линий связи, контактной сети железных дорог, опорах линий электропередач в точках с максимальной величиной потенциала электрического поля до 12 кВ, между зданиями и сооружениями. Допускается подвешивать кабель в точках с максимальной величиной потенциала электрического поля до 25 кВ

(ИКА...М... - модулдiк конструкцияның негiзiнде өзiн көтеретiн аспалы оптикалық кабель.

Ика маркасының оптикалық кабелдерi 12 квке дейiн нүктеге электр өрiсiсiнiң потенциалының ең жоғары шамасымен байланыс тораптарының тiректерi, темiр жолдардың түйiсу торабы, электр берiлiсi желiлерiнiң тiректерiндегi салпыншағы үшiн арналған, ғимарат және имараттардың арасындағы. 25 квке дейiн нүктеге электр өрiсiсiнiң потенциалының ең жоғары шамасымен кабелдi iлiп қоюға рұқсат етiледi)

5.1 кестесінде ОК пайдалану сипаттамасы берілген.

ТОБЖ – ӘЖ құрылысы кезінде ОК таңдау (кабельдік жүйенің артықшылығы мен кемшіліктері, іріктеу критерийлері)

Сипаттамалары

ОКГТ

ОКНН найзағайдан қорғайтын сым

ОКНН фазалық сымы

ОКСН

Толық жұмыс істеу құны

100%

60%

65%

90%

Монтаждалу құны

100%

50%

50%

80%

Монтаждалу жылдамдығы

100%

20%

20%

50%

Ограничения по напряжению ВЛ,кВ

-

-

<175

<150

Механикалық жүктемесі

жоғарлануы 20% - ке дейін

1% - ке жоғарлайды

1% - ке жоғарлайды

8-13% аралығында жоғарлайды

Іргелес тіректері арасындағы қашықтық

Диаметріне тең

<1000

<1000

<900

Көктайғақ

Диаметріне тең

мұздың қалыңдығы қалыңдаған сайын есепке алмаймыз.

мұздың қалыңдығы қалыңдаған сайын есепке алмаймыз.

мұздың қалыңдығы қалыңдаған сайын иілу биіктігі ұзарып,фазалық сымдар бүркеледі.

Жөндеу жұмысының құны

100%

50%

50%

80%

Электрлік сипаттамасы

Ілмелі талшықты – оптикалық кабельдің конструкциясында металл элементтері кездесетін болса, келесi талаптарға қанағаттануы керек:

- 8кВ сыналатын кернеуіне төзу;

- Полиэтиленнен жасалынған сыртқы қабықша кедергісі кемінде 2000 МОм/км ие болу;

- 5 с ішінде 20 кВ кернеуіне немесе жиілігі 5 Гц, 10 кВ айнымалы кернеуіне төзу;

- Импульстік ток әрекетіне төзімді болу, яғни 105 кА импульстік тоғының ағу күшінің ұзақтығы 60 мкс-ке төзу.

Ілмелі талшықты – оптикалық кабеліне орнатылған найзағай әсерінен қорғайтын троссы мынадай талаптарға қанағаттануы керек:

- Сыртында оралған металдан жасалған сымдардың меншікті кедергісі 0,11-ден 0,8 Ом/км дейін болуы керек;

- Сыртқы металдық орамы 1 с ішінде 25 кА қысқа тұйықталу ток, жоғары тығыздықта болуы тиіс;

- 85 Кл-дық найзағай разрядына төзмді болу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]