Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тіс және тіс қатары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
46 Мб
Скачать
☆

Тістем, тістем түрлері

Тістем – орталық окклюзияда тіс қатарларының қабысу сипаты. Тістем түрлері қалыпты және қалыптан тыс, яғни аномалиялық болып бөлінеді.

13- сурет. Тістем түрлері: қалыптағы (7), ауыспалы (2 – 5), қалыптан тыс (6 – 10): 1 – ортогнатиялық; 2 – тік; 3 – ортогнатиялық күрек тістердің терең жабылуымен; 4 – ортогнатиялық алдыңғы тістер ретрузиясымен; 5 – ортогнатиялық алдыңғы тістер протрузиясымен; 6 – қиылыспалы; 7 – дистальды; 8 – медиальды; 9 – терең; 10 – ашық тістем.

Олардың арасында айқын жік байқалмайды, қалыпты болып саналмайтын, бірақ қалыпсызға да жатпайтын тістем түрлері болады. Бұл ауыспалы немесе шектес тістемдер (В. Н. Трезубов, 1994).

Қалыпты болып ортогнатиялық (нормогнатиялық) тістем саналады. Ол толыққанды шайнау, сөйлеу, жұтыну қызметін қамтамасыз етіп, эстетика тұрғысынан оңтайлы келеді.

Қалыптан тыс тістем шайнау, сөйлеу, жұту қызметін нашарлатып, сыртқы түрге де нұсқан келтіреді. Бұл дистальды және мезиальды, терең, ашық, қиылысты тістемдер.

Тістемнің ауыспалы түрлеріне тән морфологиялық және қызметтік өзгерістер адам ағзасының тіршілік іс-әрекетіне белгілі әсер етпейді. Мұндай тістем түрлерін түзету қажет емес.

Ауыспалы не шектес түрлеріне мыналар жатады:

- тік тістем;

- ортогнатиялық тістем, күрек тістердің терең жабылуымен;

- ортогнатиялық тістем, алдыңғы тістер протрузиясымен;

- ортогнатиялық тістем, алдыңғы тістер ретрузиясымен.

Мұндай бөлу белгілі дәрежеде шартты да тұрақсыз, себебі қалыпты тістем, мысалға, жартылай тістен айырылғанда, уақыт өткен соң патологиялық күйге ауысуы мүмкін.

Протрузия - алдыңғы тіс сауыттарының вестибулярлы жазық жатуы, осы жайдың салдарынан аталған тістер сыртқа шығыңқы болады.

Ретрузия - алдыңғы тіс сауыттарының тік не ауыз ішіне қарай орналасуы.

Патологиялық жағдай – организм үшін биологиялық теріс мәні бар нормадан салыстырмалы түрде тұрақты ауытқу.

Қалыпты (ортогнатиялық) тістем

Ортогнатиялық тістем анатомиялық және қызметтік тұрғыда тіс қатары жымдасуының ең жетілген түрі. Қазіргі еуропалықтарда ол ең кең тараған тістем.

Орталық окклюзияда тіс қатары қабысуын зерттегенде оны үш өзара перпендикуляр жазықтықта: көлденең, сагитальды және фронтальды өлшемдерде қарастырады. Мұнда қабысудың бір белгісі барлық тістерге, басқалары тек алдыңғыларға, үшінші белгісі тек бүйірлік тістерге қатысты келеді.

Барлық тістерге қабысудың мынадай түрлері тән. Әрбір тіс әдетте қарама-қарсы тіспен түйіседі, оның бірі - басты тіс, ал екіншісі - жанама тіс деп аталады. Бір ғана қарама-қарсы тіске тек қана жоғарғы даналық тістері және төменгі орталық күрек тістер ие. Әрбір жоғарғы тіс аттас төменгі және оның артындағы тістермен қабысады, ал әрбір төменгі тіс аттас жоғарғы және оның алдындағы тіспен түйіседі. Бұл жай жоғарғы орталық күрек тістердің төменгілерге қарағанда енділеу келуімен түсіндіріледі. Сондықтан төменгі тістер жоғарғы тіс қатарына қатысты мезиальды ығысқан. Жоғарғы ақыл тіс төменгіге қарағанда енсіз, сол себепті төменгі тістер қатарының мезиальды қысқаруы ақыл тістер аймағында теңеліп, олардың дистальды беттері бір жазықтықта жатады.

Алдыңғы тістердің қабысу белгілері сөз болғанда алдымен олардың жабылу ерекшеліктеріне тоқталады. Жоғарғы алдыңғы тістер төменгілерді шамамен сауыт биіктігінің 1/3-не жабады. Төменгі алдыңғы тістер өзінің тістейтін шеттерімен жоғарғылардың таңдай бетімен түйіседі. Бұл қырлы-төбешікті түйіспе. Тіс қатары түйіскенде жоғарғы және төменгі жақ сүйектері орталық күрек тістері арасындағы сызықтар сагитальды жазықтықта жатады. Бұл эстетикалық үйлесім береді.

Бүйір тістердің түйісу ерекшеліктері:

- трансверзальды жазықтықта жоғарғы бүйір тістердің ұрт төбешіктері төменгі тістердің төбешіктерінен тыс орналасады. Осыған байланысты жоғарғы тістер таңдай төбешіктері төменгі тістер жырашықтарында бойлай орналасқан. Жоғарғы алдыңғы және бүйірлік тістердің төменгілерді жабуы жоғарғы тіс доғасының енді келуімен түсіндіріледі.

- тістер қатары түйісуінің осы бір ерекшелігі ұрт бағытында еркіндік беріп, төменгі жақ сүйегінің бүйірлік қозғалысын ауқымды қылып, окклюзиялық алаңды, яғни окклюзиялық беттің бөлігін, шайнау актісіне қатысатын пайдалы алаңын кеңітеді.

- шайнау тістерінің алдыңғы-артқы (сагитальды) бағытта қабысуын әдетте бірінші тұрақты молярлардың түйісу ерекшеліктері бойынша зерттейді. Ортогнатиялық тістемде бірінші жоғарғы молярдың алдыңғы ұрт төбешігі төменгі бірінші молярдың ұрт бетінде, оның ұрт төбешіктерінің көлденең жырашығында орналасады. Бүйірлік тістердің қарама-қарсы төбешіктерінің сагитальды жазықтықта өзара орналасуы кейде мезио-дистальды арақатынас деп аталады.