Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПЕд.прак. 3 курс каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
30 Кб
Скачать
☆

I . Практика нәтижесі бойынша есептің кестесі:

  1. Студент арқылы жүзеге асырылатын кәсіби – педагогикалық практиканың міндеттері;

  2. Практика барысында жүзеге асырылған сыныптағы жұмыстың нәтижелілігі, жемістілігі, қиыншылықтары мен кемшіліктеріне мінездеме жасау;

  3. Пән бойынша сыныптан тыс тәрбие қызметтінің мінездемесі, оның мазмұны, формасы, жетістігі және қиыншылықтары;

  4. Сыныптағы тәрбие жұмысының бағытталғандығын, формаларын, жетістіктерін, қиындықтарын және кемшіліктерін мінездемелеу;

  5. Педагогикалық өзара қарым – қатынас және балалармен өзара қарым – қатынас сапасын мінездемелеу;

  6. Практикамен қанағаттану деңгейі, субьективтік кәсіби жетістіктері, кәсіби – педагогикалық білім мен дағдыны қалыптасуы;

  7. Нәтижелер және ұсыныстр.

II. Кәсіби – педагогикалық қызметі бойынша практиканттың әр апта сайын талдау жұмыстарының кестесі:

  1. Практиканың ағымдық аптадағы шешуге тура келетін міндеттері;

  2. Оқушылармен бірге жасыланатын оқу жұмысының міндеті;

  3. Сыныппен тәрбие жұмысының міндеті;

  4. Практикант қызметінің мазмұны;

  5. Оқу – тәрбиелік әрекеті (оқу сабағы, сыныптан тыс формалар, топтық және жеке тәрбие жұмыстары , педагогикалық жағдаят) талдау.

III. Тәрбиелік іс - шараның жоспар конспектінің кестесі:

  1. Тәрбиелік іс- шараның тақрыбы;

  2. Тәрбиелік іс – шараның (білімберушілік, дамытушылық, тәрбиелік) мақсаты;

  3. Тәрбиелік іс – шараның формасы;

  4. Тәрбие іс- шарасына дайындау жоспары;

  5. Тәрбие іс – шарасына дайындау жоспары және оның кезеңдері;

  6. Тәрбиелік іс – шараның (оны – өткізудің барысы) барысы;

  7. Тәрбиелік іс – шараның көрнектелігі;

  8. Тәрбиелік іс – шарада өзін-өзі бағалау, сыныптан тыс іс – шараны төмендегідей талдауға болады:

  • Сыныптан тыс іс – шараның мақсаты мен көзделген нәтижесіне мазмұны дұрыс келеді ме?

  • Сыныптан тыс жұмыс оқушылардың жас ерекшелігіне сай жүргізілді ме?

  • Кейбір оқушылардың жеке- дара мүмкіндіктері шара кезінде ескерілді ме, және қандай кезеңдерде?

  • Сыныптан тыс жұмыс қандай дәрежеде ұйымдастырылады?

  • Сыныптан тыс шара жүйелік болды ма, әлде бір – бірімен байланыспаған фактілерден тұрды ма?

  • Оқушылардың бұл шараға көзқарасы?

  • Бұл сыныптан тыс іс – шараға сыныптвың барлық оқушылары атсалысты ма?

  • Сіздіғ ойынша, балалардан кім белсене қатысты, кімнің белсенділігі сізге ұнады?

  • Қай оқушылардың мінез – құлқылары сізді алаңдатты?

  • Сыныптан тыс шара сынып оқушыларына қандай әсер қалдырды?

  • Сыныптан тыс шара өту барысында сыныпта қандай көңіл- күй болды?

  • Сыныптан тыс шараның қай сәті сізге ұнады және неге?

  • Сыныптан тыс шараның қай сәті сізге ұнамады, неге?

IV. Сыныппен жүргізілетін тәрбие жұмыстары талдауының үлгісі

  1. Мұғалім оқушылар тәрбиесіндегі перспективті жоспарды іске асырады ма?

Тәрбие жұмысы жоспарының құрылымы мен мақмұнын сипаттаңыз.

  1. Сынып жетекшісінің тәрбие жұмыстарында қойған мақсат – міндеттері қандай, олар сынып оқушыларының , олардың даму ерекшеліктеріне сай келе ме, оқушылардың әдептілік және ұжым үйлесімділігі ескерілді ме?

  2. Тәрбие жұмыстарының мазмұны алға қойған белгілі бір мақсаттарды шешуге көзделген бе?

  3. Мұғалімнің тәрбие жұмыстарының жоспарына қандай тараулар қосылған?

  4. Әрбір тараудағы тәрбие жұмыстарын мұғалім оқушылармен қандай бағытта жүргізетінің жоспарлады ма?

  5. Мұғалімнің тәрбие жұмыстарының жоспарында қандай іс – шаралар формасы көбіне қолданылады? Әр түрлі топтың формалардың көрсеткіштерін келтіріңіз. Тәрбие беру формаларының әр түрлі дәрежелерін бағалаңыз.

Өзіңіздің бағаларыңызды түсіндіріңіз.

  1. Осы айда жүргізілетін тәрбие жұмыстарының тақрыбы мен мақсаттары? Олар жылдық тәрбие жұмысының мақсаттарына сәйкес келе ме?

  2. Мұғалім оқушыларға қандай іс – шаралар түрлерін ұсынады және олар тәрбиелік міндет – мақсаттарға қаншалықты сәйкес? Мысал келтіріңіз.

  3. Мұғалім балалар коллективін ұйымдастыруда қандай жұмыстар жоспарлады, ол тұлғааралық қатынастар орнатуға, өз- өзін басқаруға қандай көмегін береді?

  4. Мұғалім ата – аналармен қандай формада жұмыс жүргізуді жоспарлады, бұл жұмыстар мұғалім мен ата – ананың тәрбие жұмыстарының мақсат – міндеттерін бірігіп шешуіне бағытталған ба? Мысал келтіріңіз.

  5. Мына критерийлер бойынша тәрбие жұмыстары жалпы алғанда қалай сипатталады: жүйелілігі, мазмұндылығы, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкестілігі, әдістемелік жан – жақтылығы.

Қорытындылар мен ұсыныстар, орындалған тапсырмалар жөніндегі есептер және талданған жоспарлардың үлгілері енгізіледі.

V. Тәрбиелік іс – шараларды талдаудың үлгісі:

  1. Мақсаттылығы :

  1. Жүргізілетін жұмыстың мақсаты тәрбие мақсатымен сәйкестігі;

  2. Іс – шараның жоспарланған мақсатын нақты құрастыру;

  3. Мақсаттың әдептілік дәрежелеріне сай болуы

  4. Тәрбие жұмыстары жүйесінде нақты осы шараның алатын орны

  5. Осы іс- шараны керекекенін, қажеттілігін оқушылардың өздерінің түсініп, сезінуі

  6. Мақсатына жүргізілетін әдіс – тәсілдердің сай келуі

  1. Мазмұндылығы:

  1. Іс жүргізілетін іс – шараның тақрыбының маңыздылығы;

  2. Мазмұнының тиімділігі ( жас ерекшелікті, көлемін, дайындық деңгейін ескеру)

  3. Ақпараттың жаңалығы

  4. Мазмұнының тәрбиелік мәні, эмоционалдық ірекет ету

  5. Оқушылардың өмірлік тәжірибелерімен мазмұнының байланысы

  6. Іс – шараны жүргізушілердің материалды игеруі, олардың осы сұраұтағы дайындық деңгейі

  1. Өткізу әдістемелігі

  1. Іс шараны жүргізу формасы, методикасын таңдауын түсіндіре алу, олардың міндет – мақсаттармен сәйкес келуі

  2. Ұйымдастырудағы мүлтіксіздік, уақытты тиімді пайдалана алу

  3. Оқушылардың белсенділіктері, өз- өздерін ұстай алулары және оны қамтамасыз ететін әдіс – тәсілдері. Өзін – өзі басқару органдарының рөлі

  4. Жаппай, топтық және жеке – дара орындалған жұмыстардың қатынасы

  5. Іс – шараның өтетін орнының. Безендірілуінің рөлі , эмоционалдық көңіл- күй орнату үшін қолданылған әдіс – тәсілдер.

  6. Ішкі және сыртқы көрнектіліктерді,ТСО

  7. Іс – шараның әр сатыда оқушыларды қызықтыратын, назарын аудартатын әдіс – тәсілдер

  8. Алдын – ала дайындалған материалмен импривизациялық сәйкестігі. Бұл сәйкестілік мақсаттылығы.

  9. Іс – шараны дайындаушылар мен оған қатысушылар арасындағы эмоционалдық байланыс.

  10. Ойын элементтерін қолдану, романтика принципін жүзеге асыру.

  11. Тәрбие жұмысының жүргізілу формасының ерекшелігін көрсету.

  12. Іс –шараның дайындығы мен жүру барысында педагог тұлғасының әсері

  13. Педагогтік қабілеттілік , педагогикалық техниканы меңгеру дәрежесі, мұғалімнің педагогикалық шеберлігі