Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жер срсп 2.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
70 Кб
Скачать
☆

3 Вариант: Жер даулары қандай сұрақтар бойынша пайда болады? (баяндама)

Жер даулары дегеніміз- жер қатынастары екі немесе бірнеше субъектілер белгілі бір жер құқықтары мен заңды мүдделерін иеленуге қамтамасыз етуге және жүзеге асыруға байланысты келіспеушілік жер дауларын меншік құқығының және жер пайдалану құқығының, жерге өзге де құқықтардың өзгеруі тоқтатылуы және жүзеге асыру бойынша туындайды. Жер дауларын жіктеу әртүрлі негіздерге байланысты жүзеге асырылады:

Қарастыру тәртібі бойынша;

Сипаты бойынша;

Даудың субъектісі бойынша;

Пәні бойынша;

1. Қарастыру тәртібі мен сипаты бойынша:

- сот тәртібімен қарастырылатын жер даулары;

- сотқа дейін қаралуды талап ететін жер даулары;

- сотта қаралуды талап етпейтіе жер даулары:

2. Субъектісі бойынша:

- азаматтар арасындағы жер даулары;

- азаматтар мен заңды тұлғалардың арасындағы жер даулары;

- азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекеттік өкілетті органдар арасындағы жер даулары;

3. Объектісі бойынша:

- жер учаскелерімен байланысты жер даулары;

- жер учаскесіне құқықпен байланысты жер учаскелері;

- жерге басқа да құқықтармен байланысты жер даулары;

4. Жер дауының сипатына байланысты:

- жер учаскелерін берумен байланысты жер даулары;

- жер учаскесін беру процесінде пайда болатын жер даулары;

14 Тақырып.

1 Вариант: Жер кодексінің 10 тарауы бойынша глоссарий құрастыру

Мелиорациялық жүйе — атқаратын қызметі бір-бірімен байланысты болатын гидротехникалық инженерлік құрылыстар мен құрылымдар жинағы.

Егiстiк - жүйелi түрде өңделетiн және көп жылдық шөптердiң егiстiгiн қоса алғанда, ауыл шаруашылығы дақылдарының егiстiгiне пайдаланылатын жер учаскелерi, сондай-ақ сүрi жер. Алдын ала егiлетiн дақылдардың егiстiгi орналасқан (үш жылдан аспайтын уақыт аралығында), түбегейлi жақсарту мақсатында жыртылған шабындықтар мен жайылымдардың жер учаскелерi, сондай-ақ бақтардың егiске пайдаланылатын қатар аралығы егiстiкке жатпайды.  Тыңайған жер - бұрын егiстiк құрамында болған және күзден бастап бiр жылдан аса ауыл шаруашылығы дақылдарын егуге пайдаланылмайтын және пар айдауға әзiрленбеген жер учаскесi.        Көп жылдық екпелер - жемiс-жидек, техникалық және дәрi-дәрмек өнiмдерiнiң түсiмiн алуға, сондай-ақ аумақты сәндеп безендiруге арналып қолдан отырғызылған көп жылдық ағаш, бұта екпелерiне пайдаланылатын жер учаскелерi.        Табиғи шабындықтар мен жайылымдар - шөп шабуға және жануарларды жаюға жүйелi түрде пайдаланылатын жер учаскелерi.        Түбегейлi жақсартылған шабындықтар мен жайылымдар - шөп егу арқылы жаңадан отайған шабындық және жайылым учаскелерi.        Суландырылған жайылымдар - тиiстi мал басын сапасы ойдағыдай сумен қамтамасыз ете алатын су көздерi (көлдер, өзендер, тоғандар, апандар, суару және суландыру каналдары, құбырлы немесе шегендi құдықтар) бар жайылымдар.