Дүкенде
Сәлеметсіз бе? Маған алма керек еді.
Бізде әр түрлі алма бар. Қандай алма аласыз?
Қандай алмалар бар?
Апорт, Семиренко, Салтанат, Голден т.б.
Апорт алмасы дәмді ме?
Иә, дәмді. Қанша кг өлшейін?
1кг Апорт, 1 кг Голден өлшеңіз.
Тағы не аласыз?
Қияр мен қызанақ беріңіз.
Салат жасайсыз ба?
Иә, салат жасаймын.
Ас болсын! Сау болыңыз. Келіп тұрыңыз.
Рақмет! Сау болыңыз.
Ата-анаңның парызы
«Атыңа ауыр жүк артпа, анаңа ауыр сөз айтпа» деген халық мақалын қалай түсінесің?
Анаңның парызын өтеу – сенің қарызың. Сондықтан анаңды ренжітпе.
Сен үшін ата-анаңның орны қандай?
Мен үшін ата-анамның орны ерекше.
Ата-анаңның парызын өтеуге дайынсың ба?
Әрине, өтеуге тырысамын.
Ата-анаңның алдындағы парыздан басқа қандай адамдық парыздарың бар деп ойлайсың?
Ата-анамның алдындағы парызымды өтеп, халыққа пайдам тисе деп ойлаймын.
Қазақстан суретшілері
Сен қандай Қазақстан суретшілерін білесің?
Мен Әбілхан Қастеев, Е. Сидоркн, Г. Ысмайылова т. б. суретшілерді білемін.
Ә. Қастеев қайда білім алды?
Ә. Қастеев Алматыдағы Н.Г. Хлудовтың көркемсурет студиясында білім алды.
Ә. Қастеевтің шығармалары қандай?
Ә. Қастеевтің шығармалары әр түрлі.
Қандай шығармаларын білесің?
«Менің Отаным», «Гүл ашқан алма», «Сүт машинасы» т.б.
Оның қандай атағы бар?
Ол Қазақ ҚСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақ ҚСР-інің халық суретшісі.
Көркемсурет мұражайы
Қазақстанда қанша мұражай бар?
Қазақстанда 154-ке жуық мұражай бар.
Қандай мұражайлар бар?
Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайы, Археология мұражайы, Кітап мұражайы, Ұлттық вальюта мұражайы т. б.
Қандай мемориалдық мұражайлар бар?
Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени мұражайы, Қ. Сәтбаевтің, Ш. Уәлихановтың мұражайлары.
Теміртауда қандай мұражай бар?
Теміртауда Тұңғыш Президент мұражайы бар.
Жас қазақ әйелінің портреті
Портрет деген не?
Портрет дегеніміз суретшінің модельден жеке адамды, тұлғаны көруі.
«Жас қазақ әйелінің портретін» кім жазды?
Николай Хлудов жазды.
Қай жылы жазды?
1921 жылы жазды.
«Жас қазақ әйелінің портретіне» сипаттама берші?
Портретте жас, тартымды әйел мұңая қарап отыр.
Саған бұл портрет ұнады ма?
Өте үлкен әсер қалдырды.
Мұражай топтары
Қандай мұражайлар болады?
Ескерткіштер, өнер туындылары, мәдени құндылықтар, мұралар.
Мұражай қандай топтарға бөлінеді?
Тарихи, көркемөнер, жаратылыстану, техникалық, кешенді, мемориалды.
Мұражай ісінің қандай бағыттары бар?
Мұраларды жинау, есепке алу, жүйелеу, қайта қалпына келтіру.
Тағы қандар мұражай топтары бар?
Көрмелер, тақырыптық дәрістер, ғылыми-тәжірибелік конференциялар т. б.
Теміртау қаласындағы Тұңғыш Президент мұражайы
Сен қайда тұрасың?
Мен Теміртауда тұрамын.
Теміртауда қандай мұражайлар бар?
Теміртауда өлкетану мұражайы мен Тұңғыш Президент мұражайы бар.
Сен Тұңғыш Президент мұражайында болдың ба?
Иә, болдым.
Мұражай қандай?
Мұражайда екі үлкен зал бар, мұражай жаңа техникалармен жабдықталған.
Мұражда не бар?
Мұражайда ҚР Тұңғыш Президентінің жастық шағынан бастап, барлық өмір жолы туралы айтып береді. Жаңа Қазақстан туралы білдім.
Мұражайдан патриоттық сезіммен шығасың.
