- •Д.И. Менделеев периодтық жүйенің негізін қалаушы ғалым.
- •Периодтық жүйенің ашылу тарихы.
- •Периодтық заңның маңызы.
- •2.1 Периодтық заң және атом құрылысы – мектеп химия курсының негізі.
- •2.2 Оқушыларды периодтық заңды оқып, үйренуге әзірлеу.
- •2.3 Периодтық заңды атом құрлысы тұрғысынан түсіндіру.
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
2.2 Оқушыларды периодтық заңды оқып, үйренуге әзірлеу.
Алғашқы сабақтарда ғылыми жіктелудің маңызы, оның химияда қалай жүзеге асқаны, элементтерді металдар мен бейметалдар деп жіктеудің жеткіліксіздігі, олардың арсында айқын шекара жоғын көрсететін амфотерлі элементтер бар екені жөнінде түсінік беріледі. Металдар мен бейметалдар түзетін жай заттардың физикалық және химиялық қасиеттері кесте түрінде жазылады. Онда сыныптан басқа металдардың қатты, металдық жылтыры болатыны, жылуды және электр тогын жақсы өткізетіні, пластикалылығы, созылғыштығы, негіздік оксидтер және негіздер түзетіні, ұшқыш сутекті қосылыстары болмайтыны көрсетіледі. Бейметалдар сұйық, газ және қатты, бірақ жылтыры болмайтын, көпшілігі жылуды және электр тогын нашар өткізетін, қышқылдық оксидтер, қышқылдар және ұшқыш сутектік қосылыстар түзетін заттар ретінде сипатталады.
Металдар мен бейметалдардың химилық қасиеттерін талқылағанда генетикалық байланыс сызбанұсқасы еске түсіріліп, реакция теңдеулері жазылады:
1 2 3
а) кальций кальций оксиді Кальций гидроксиді кальций хлориді
1 2 3
ә) күкірт күкірт (IV)оксиді күкіртті қышқыл кальций сульфаты
Оксидтер мен гидроксидтердің сипаты талданады. Талдау кезінде нағыз металдар түзетін қосылыстардың негіздік, нағыз бейметалдар түзетін қосылыстардың қышқылдық сипаты барына назар аударылады.
Бұдан соң мырыш гидроксидінің қышқылдар мен сілтілер ерітінділерімен әрекеттесуінің зертханалық жұмысы ұйымдастырылады. Жұмыстың нәтижесі «мырыш гидроксидін: а) қышқылдарға, ә) негіздерге жатқызуға бола ма? » -деген сұрақ бойынша қорытындыланады. Оқушылар мырыш гидроксиді қышқылмен әрекеттесәп негіздік, сілтімен әрекеттесіп қышқылдық қасиет көрсететіні жөнінде пікірге келеді, реакциялардың теңдеуін жазады. Мырыш оксидін алып тәжірибелер қайталанады, реакция теңдеулері жазылады. Бұл тәжірибелерден оқушылар қорытынды жасайды. Химиялық элементтер қосылыстарының амфотерлі қасиет білдіруі оның металдар мен бейметалдар арасынан орын алатынын білдіреді, металдардан бірітіндеп бейметалға ауысуы байқалады.
Химиялық элементтер түзетін жай заттар және химиялық қосылыстар туралы ұғым элементтердің табиғи топтарын өткенде дамытылады. Элементтер табиғи топтарға қасиеттерінің ұқсастығы және түзетін заттарының сипаты бойынша біріктірілген.
Сілтілік металдардың табиғи тобы туралы түсінік тәжірибелерге және оқулықтағы 10-11-кестелерге сүйеніп беріледі. Сумен және оттегімен әрекеттесу реакциялары көрсетіледі. Салыстырмалы атомдвқ массаларының артуына қарай физикалық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарына назар аударылады.
Галогендердің табиғи тобын қарастырғанда физикалық қасиеттері көрнекі көрсетіледі, кесте бойынша олардың өзгеру бағыттары анықталады. Сутегімен және металдармен әрекеттесу реакцияларының теңдеулері жазылып, талданады, түзетін қосылыстардың құрамына көңіл аударылады. Элементтердің табиғи тағы бір тобыинертті газдар туралы қысқа мағұлмат беріледі.
Әзірлік жұмыстары 20 элементтің карточкаларын дайындаумен және физикадан атом құрылысы туралы білетіндерін қайталап келуге тапсырма берумен аяқталады. Карточкалардың үлгісі оқулықта берілген. Әр карточкаға элементтің химиялық таңбасы, салыстырмалы атомдық массасы, оттегі және сутегі бойынша валенттілігі жазылады. Карточкалар білдіретін ақпараттың тиімділігін арттыру үшін металдар карточкасын көк түске, бейметалдардікін- қызыл түске, амфотерлі элементтер карточкаларының жартысын көк, жартысын қызыл түске бояйды, инертті элементтер карточкаларын ақ күйінде қалдырады[4].
