- •31.Зейіннің қасиеттері Зейін тітіркендіргіштердің келесі қасиеттерімен ынталандырылады:
- •32.Зейін туралы психологиялық теорияларғ сипаттама ә. Зейіннің аударылуы
- •35.Кеңестік пен уақытты қабылдау
- •1. Психикалық белсенділікке қарай:
- •2. Мақсатқа қарай:
- •3. Материалды есте сақтау ұзақтығына қарай:
- •39. Ойлау формалары мен операциялары Ойлау формасы[өңдеу]
- •50.Қазіргі психология ғылымындағы компютеризация
- •52.Абайдың психологиялық көзқарастарының мәні
- •53.Психология ғылымының дамуындағым ж.Аймауытүлының қосқан үлесі
39. Ойлау формалары мен операциялары Ойлау формасы[өңдеу]
Ойлау формасы болып табылатын ұғымдар, категориялар, идеялар мен теориялар танымның субъектісі мен объектісінің арасын байланыстырып тұрған қоғамдық тәжірибенің негізінде, қоғамдық-тарихи процесте қалыптасып дамиды және заттар мен нәрселердің сезімдік таным формаларында (түйсік, қабылдау, елес) берілмейтін мәнді байланыстары мен қатынастарын өрнектейді. Осының арқасында адам дүниенің заңдары мен заңдылықтарын танып білуге мүмкіндік алады, алды-артын болжап, болашағын айқындап, алдына саналы мақсаттар қойып, соларға жету жолдарын саралайды, табиғатты өзгертеді және өзі де өзгереді. Адам өмірінде, тәжірибелік және танымдық қызметінде шешуді қажет ететін мәселелер туындап, соларды қою және шешу барысында oйлау қабілеті де түрленіп, шығармашылықпен дамып отырады.
40.Ойлаудың әрекет теориялары\А.Н леонтьев,П.Я.Гальперин,В.В Давыдов,О.К Тихомиров\ Ойлау тарихы адамның пайда болып, дамуының тарихымен байланысты. Ойлау – қоғамдық-тарихи қалыптасқан адам миы қызметінің жемісі. Ойлау мен тіл өзара терең байланыста, тіл – адам ойлауының құралы. Адам ойы сөз арқылы өрнектеледі, сөздің ар жағында ой жатады. Сөз бен ойды теңестіруге болмайды, алайда сөзсіз ойлау іске аспайды, ой айтылмай, үнсіз тұншығады. Ойды үнсіз іштегі сөз деп, тілді дыбысталған ой деуге болады. Ойлау тек табиғи тіл арқылы ғана емес, жасанды тілдер (мысалы, абстрактылы математика тілі немесе нақтылы-бейнелі “өнер тілі”) арқылы да іске асады. Ойлау күрделі тарихи-әлеуметтік құбылыс болғандықтан, оны зерттеумен көптеген ғылымдар – психология, логика, таным теориясы, лингвистика, кибернетика, физиология, т.б. шұғылданады. Философияда ойлау белсенділігі, логикасы туралы мәселелер қарастырылып, оның ақиқаттылығының өлшемі зерттеледі. Бұл мәселелер философия тарихында әр түрлі тұрғыда (материалистік және идеалистік, рационалистік және эмпирикалық, априорлық және апостериорлық, диалекттік және метафизикалық, т.б.) зерделеніп, ойлау жөнінде әр түрлі ілімдер орын алған. Ойлау тек адамға ғана тән қабілет ретінде оның шынайы адами болмысының қайнар көзі әрі басты құралының бірі, адам еркіндігінің мүмкіндігі мен шындығының кепілі болып табылады.[1][2][3]
Педагогикада[өңдеу]
Педагогикалық ойлау - кез келген педагогикалық құбылысты тікелей немесе жанама түрде белгілі бір көзқараспен ой елегінен өткізу бойынша жасалатын әрекет. Оның мәні - білімнің мазмұны, мұғалімнің және оқушының қызметі сияқты үш бөлшектің сәйкестігінде.
41.Қиял туралы ұғым .Қиялдың әлуметтік табиғаты Қиял дегеніміз — сыртқы дүние заттары мен қүбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өндеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс: «...барлық жан қуаттарын (рухани күштерді) тек қиял ғана өзіндік сақталатынсөзімдік заттарды модельдендіре алады» (әл-Фараби). Адамда қиял пайда болған кезде ми қабығында бүрын жасалған уақытша байланыстар түрлі комбинацияларға туседі де, жаңа нәрселердің бейнесі туып отырады. Уақытша байланыстарды қайта жасап, өндеу процесінде екінші сигнал жүйесі шешуші рөл атқарады. Адамдардың қиялына тән кейбір ерекшеліктерді төмендегіше топтастыруға болады: 1) әр адамның қиял ерекшеліктері оның жеке қызығулары мен қасиетгеріне, алдына қойған мақсатына байланысты болып келеді. Бүл арада суды аңсап шөлдеген жолаушының қиялы мен екі-үш күннен кейін емтихан тапсыратын студенттің машинасының тетігін жетілдіруді ойлап жүрген инженердің қиялын салыстырып көруге болады; 2) қиялдың мазмүны мен формасы адамның жас және дара ерекшеліктеріне де, білім тәжірибесіне де байланысты. Мәселен, көргені де, түйгені де көп, өмір тәжірибесі мол, әр тарапты білімі бар ересек адамның қиялы мен енді ғана өмірге аяқ басайын деп түрған жеткіншектің қиялын бір өлшемге салуға болмайды; 3) қиял адамның өскен ортасына, этностық ерекшелігіне, табиғат, жер-су қоршауына байланысты да көрініп отырады. «Жаратылыстың қүшағында,—деп жазады М. Жүмабаев, — меруерт себілген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде, күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран далада түрып өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиісті». 4) қиял адамның барлық психикалық құбылыстарымен ұштасып жататын процесс. Мәселен, алға қойған мақсатты жоспарлап, жүзеге асырудың жолдарын іздестіру қиялсыз мүмкін емес. Бұл - қиялдың ерікпен байланысына жақсы мысал. Қиялдың ойлау процесінде алатын орны ерекше. Өйткені ойлау белсенділігі адамды шығармашылық әрекетке жетелейді. Ал ондай әрекет қиялдың өте күшті дамуын қажет етеді. Ойлау мен қиял бір-бірімен тығыз байланысты. Жан қуаттарының осы екеуі де мәселені шешуге, сұраққа жауап беруге қатысады. Бірақ қиялда мәселені шешудің өзіндік ерекшелігі болады. Қиял — мәселені суреттеу, жанды көрініс арқылы шешсе, ойлау оны тірі суретсіз жалпылай, ұғым, пікір, тұжырым түрінде шешеді; 5) адам қиялы еңбек процесінде, іс-әрекет үстінде жарыққа шығып, дамып отырады. Мұндағы негізгі шарт: саналы мақсаттың болуы, болашақты болжай алу, істейтін еңбектің нәтижесін күні бүрын көре білу, яғни оны өңдеп, өзгертіп, елестете алу — адам қиялына тән негізгі белгілер. Қиялда адамның дүние жөніндегі әр түрлі таным-түсінігі әртүрлі формада қиюласып, жаңа сапаға ие болады. Қиял бейнелері адам қажеттігінен тәуелді бола түрып, оны белсенді кызметке итермелейді,творчестволық ісіне күш-жігер қосады. Қиял тек теориялық және практикалық қызметте ғана емес ол адамның бүткіл рухани өмір жүйесінде елеулі орын алады. Кісінің өмір жолы, жеке басының ойдағыдай дамуы, даралық қасиеттері, іс-әрекетінің қүрылымы, өмір салтының қалыптасуы мүнсыз мүмкін емес. Адам санасының жануар психикасынан басты айырмашылығы адамда ойлаумен қатар қиял әрекетінің олғандығында. Айдаһардың бейнесін Италияның атақты суретшісі Леонардо да Винчи қиял арқылы былайша суреттейді: «Көкжал аңшы иттің не жай иттің басын аламы , оған басқа мысықтың көзін саламыз, құлағы үкінікі болады, мұрыны тазынікі секілді, қасы арыстандікі, самайы — әтештікі, мойны суда жүзетін тасбақанікі сияқты». Осы бейненің өзі шындықта бар нәрселерді топтастыру арқылы туып отыр. Бірақ осы топтастыру нәтижесінде келіп шыққан тұтас образдың өзін көре білу үшін адамға ең күшті, өрен жүйрік қиял қажет. Қиял процесінің адам әрекетінің қандай саласында болмасын зор маңызы бар. Қиялдың өзі осы әрекет арқылы өзгеріп, дамып отырады. Тіпті бала қиялындағы фантастикалық образдардың өзі де оның танымын кеңейтетіндігі, қоғамдық тәжірибені меңгеруге жағдай жасайтыны, мұның өзі баланың психологиясына қатты әсер ететіні байқалады. А. П. Чехов «Үйде» деген әңгімесінде осы жайлы өте жақсы көрсеткен. Шылым шегіп әдеттенген жеті жасар балаға ешбір сөз әсер етпей қойған. Бірде әкесі оның қиялына әсер етуді ойлайды. Ол баласына мынадай әңгіме айтады: «Кәрі патшаның патшалыққа мұрагер болатын жалғыз ғана ұлы болыпты,— өзі дәл сен сияқты кішкентай бала екен. Өзі жақсы бала екен. Еш уақытта өкпелемейді, ерте жатады, столдағы нәрселерге тимейді екен... өзі ақылды болыпты... Оның бір ғана кемшілігі — шылым тартады екен... Патшаның баласы шылымнан көкірек ауру болып жиырма жасында өліпті. Қаусаған ауру шал ешбір қолғанатсыз қалыпты. Мемлекетті басқарып, сарайды қорғайтын ешкім болмапты. Жау келіп, шалды өлтіріп, сарайды қиратып тастапты, сонымен, енді бақша да, шие де, құстар да, қоқыраулар да қалмаған...». Эмоциялы әсерге толы осы әрекеттің оған күшті әсер еткендігі сонша, бала «қараңғы терезеге ойланып сәл қарап отырып, селк етті де, мұңайған дауыспен: — Мен енді шылым тартпаймын...— деді» ... Қиялдың адам қажетіне асуы, оның шындықпен байланысты болып келуі адамға ерекше қанат бітіріп, оның ілгері өрлеуіне себепші болады. Халық «Қыран жетпеген жерге қиял жетеді» деп өте тауып айтқан. Бір кезде талантты орыс ғалымы Қ. Э. Циолковский (1857-1935) космосқа ұшуды армандап еді. Космос кораблімен аспан әлеміне тұңғыш жол салған Ю. Гагарин мен қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің және басқаларының ерліктері осындай шындықпен тығыз байланысты қиялдың іске асуы болып табылады.
42.Қиял түрлері және қасиеттері Қиял актив, пассив болып екіге бөлінеді. Қиялдық бүтіндей пассивтік түрінің шегі - түс көру. Түс көрудің физиологиялығын жан-жақты түсіндіріп берген И. П. Павлов болды. Ұйқы кезінде ми клеткаларының бәрі тежелмейді, кейбір бөлімдері қозу жағдайында болып жүмыс істей береді. Мидың мүндай бөліктерін «күзетші пункт» деп атайды. Осы «күзетші пункттердең біздің бүрын қабылдаған, көрген, естіген, қолға үстап, дәмін татқан заттарымыздың бейнелері мида қайтадан «тіріледі». Түсте небір ақылға сыйымсыз образдардың жасалатыны белгілі. Өйткені бүл кезде мидағы сигнал жүйелерінің арасындағы байланыс әлсірейді, мүнда негізінен бірінші сигнал жүйесі ғана қызмет істейді. Екінші сигнал жүйесінің қызметі толық тежелуге үшырайтындықтан, адамның ойлау қабілеті өте төмен болады. Сөздік сигаалдардың әсер етпеуі мида кездейсоқ образдардың пайда болуына жағдай жасайды да, соның нәтижесінде түске қайдағы «кереметтер» кіреді. И. М. Сеченов осындай түстерді «болған әсерлердің болып көрмеген қиысулары» деп сипаттаған. Түсте реалдық образдар мен нәрселердің фантастикалық түрде қосылуынан ғажайып образдар жасалады. Үйқы кезіндегі осындай ғажап фантазиялық бейнелер де өмірде бар нәрселердің жиынтығынан қүралған. Бұлардың негізі — адамның ояу кезіндегі басынан кешкен оқиғалары, ойы мен мақсаты, тілегі мен арманы, естіген-көргендері, істеп жүрген қызметі, басқалармен қарым-қатынасы т. б. үйқыдағы адамның түс көруіне себепші болатын фактілердің есебі жоқ. Мәселен, ми клеткаларына көшедегі транспорттың тарсылы да, ағаш жапырағының сылдыры да, иттің шәуілдеп үргені де, есіктің ашылып-жабылуы да әсер етіп отырады. Тіпті организмнің ішкі мүшелерінің (жүрек, өкпе, асқазан т. б.) жүмысына бір жайсыздық түссе, бүл да адамның түсіне қай-қайдағы бірдеңелерді кіргізеді. Мәселен, үйқыдағы адамның жүрегіне бір салмақ түссе, оның жүрегі қатты соға бастайды. Осыған орай адам мынадай түс көреді. Өзін қуған біреуден қашады, бүдан ол ентігіп, булығады да. Түс көрудің мазмұны адамның, көбінесе, қызығуына, талғамына орайлас келіп отыратындығы да шындықпен жанасымды факт. «Егер иттің түсіне сүйек кірсе, саудагердің түсіне ақша кіреді» деген мақал да біздің осы пікірімізді қуаттайды. Өмірде ешбір естімеген, көрмеген нәрселер түске кірмейтіндігін ғылым дәлелдеп отыр. Мәселен, іштен соқыр болып туған адамның түсіне көзге көрінетін «бейнелер кірмейді, оның басқа сезім мүшелері арқылы (иіс, дәм, есіту т. б.) қабылдаған нәрселері еніп отырады. Егер соқырлық кейінірек пайда болса, онда сол адамның түсіне бүрын көзімен көрген заттарының бейнелері кіре береді. «Барлық адамдардың түсі, -деп жазды И. П. Павлов, — бірінші сигналдардың бейнелі, нақты және эмоциялық түрде жандануы». Актив қиялдың ерекше бір түрі — арман
43.Қиялдың жасалу жолдары Қиял — сыртқы дүние заттары мен қүбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өндеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс: «...барлық жан қуаттарын (рухани күштерді) тек қиял ғана өзіндік сақталатынсөзімдік заттарды модельдендіре алады» (әл-Фараби). Адамда қиял пайда болған кезде ми қабығында бүрын жасалған уақытша байланыстар түрлі комбинацияларға туседі де, жаңа нәрселердің бейнесі туып отырады. Уақытша байланыстарды қайта жасап, өндеу процесінде екінші сигнал жүйесі шешуші рөл атқарады. Адамдардың қиялына тән кейбір ерекшеліктерді төмендегіше топтастыруға болады:
әр адамның қиял ерекшеліктері оның жеке қызығулары мен қасиетгеріне, алдына қойған мақсатына байланысты болып келеді. Бүл арада суды аңсап шөлдеген жолаушының қиялы мен екі-үш күннен кейін емтихан тапсыратын студенттің машинасының тетігін жетілдіруді ойлап жүрген инженердің қиялын салыстырып көруге болады;
қиялдың мазмүны мен формасы адамның жас және дара ерекшеліктеріне де, білім тәжірибесіне де байланысты. Мәселен, көргені де, түйгені де көп, өмір тәжірибесі мол, әр тарапты білімі бар ересек адамның қиялы мен енді ғана өмірге аяқ басайын деп түрған жеткіншектің қиялын бір өлшемге салуға болмайды;
қиял адамның өскен ортасына, этностық ерекшелігіне, табиғат, жер-су қоршауына байланысты да көрініп отырады. «Жаратылыстың қүшағында,—деп жазады М. Жүмабаев, — меруерт себілген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде, күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран далада түрып өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиісті».
қиял адамның барлық психикалық құбылыстарымен ұштасып жататын процесс. Мәселен, алға қойған мақсатты жоспарлап, жүзеге асырудың жолдарын іздестіру қиялсыз мүмкін емес. Бұл - қиялдың ерікпен байланысына жақсы мысал. Қиялдың ойлау процесінде алатын орны ерекше. Өйткені ойлау белсенділігі адамды шығармашылық әрекетке жетелейді. Ал ондай әрекет қиялдың өте күшті дамуын қажет етеді. Ойлау мен қиял бір-бірімен тығыз байланысты. Жан қуаттарының осы екеуі де мәселені шешуге, сұраққа жауап беруге қатысады. Бірақ қиялда мәселені шешудің өзіндік ерекшелігі болады. Қиял — мәселені суреттеу, жанды көрініс арқылы шешсе, ойлау оны тірі суретсіз жалпылай, ұғым, пікір, тұжырым түрінде шешеді;
адам қиялы еңбек процесінде, іс-әрекет үстінде жарыққа шығып, дамып отырады. Мұндағы негізгі шарт: саналы мақсаттың болуы, болашақты болжай алу, істейтін еңбектің нәтижесін күні бүрын көре білу, яғни оны өңдеп, өзгертіп, елестете алу — адам қиялына тән негізгі белгілер. Қиялда адамның дүние жөніндегі әр түрлі таным-түсінігі әртүрлі формада қиюласып, жаңа сапаға ие болады. Қиял бейнелері адам қажеттігінен тәуелді бола түрып, оны белсенді кызметке итермелейді,творчестволық ісіне күш-жігер қосады. Қиял тек теориялық және практикалық қызметте ғана емес ол адамның бүткіл рухани өмір жүйесінде елеулі орын алады. Кісінің өмір жолы, жеке басының ойдағыдай дамуы, даралық қасиеттері, іс-әрекетінің қүрылымы, өмір салтының қалыптасуы мүнсыз мүмкін емес. Адам санасының жануар психикасынан басты айырмашылығы адамда ойлаумен қатар қиял әрекетінің олғандығында.
Айдаһардың бейнесін Италияның атақты суретшісі Леонардо да Винчи қиял арқылы былайша суреттейді: «Көкжал аңшы иттің не жай иттің басын аламы , оған басқа мысықтың көзін саламыз, құлағы үкінікі болады, мұрыны тазынікі секілді, қасы арыстандікі, самайы — әтештікі, мойны суда жүзетін тасбақанікі сияқты». Осы бейненің өзі шындықта бар нәрселерді топтастыру арқылы туып отыр. Бірақ осы топтастыру нәтижесінде келіп шыққан тұтас образдың өзін көре білу үшін адамға ең күшті, өрен жүйрік қиял қажет. Қиял процесінің адам әрекетінің қандай саласында болмасын зор маңызы бар. Қиялдың өзі осы әрекет арқылы өзгеріп, дамып отырады. Тіпті бала қиялындағы фантастикалық образдардың өзі де оның танымын кеңейтетіндігі, қоғамдық тәжірибені меңгеруге жағдай жасайтыны, мұның өзі баланың психологиясына қатты әсер ететіні байқалады. А. П. Чехов «Үйде» деген әңгімесінде осы жайлы өте жақсы көрсеткен. Шылым шегіп әдеттенген жеті жасар балаға ешбір сөз әсер етпей қойған. Бірде әкесі оның қиялына әсер етуді ойлайды. Ол баласына мынадай әңгіме айтады: «Кәрі патшаның патшалыққа мұрагер болатын жалғыз ғана ұлы болыпты,— өзі дәл сен сияқты кішкентай бала екен. Өзі жақсы бала екен. Еш уақытта өкпелемейді, ерте жатады, столдағы нәрселерге тимейді екен... өзі ақылды болыпты... Оның бір ғана кемшілігі — шылым тартады екен... Патшаның баласы шылымнан көкірек ауру болып жиырма жасында өліпті. Қаусаған ауру шал ешбір қолғанатсыз қалыпты. Мемлекетті басқарып, сарайды қорғайтын ешкім болмапты. Жау келіп, шалды өлтіріп, сарайды қиратып тастапты, сонымен, енді бақша да, шие де, құстар да, қоқыраулар да қалмаған...». Эмоциялы әсерге толы осы әрекеттің оған күшті әсер еткендігі сонша, бала «қараңғы терезеге ойланып сәл қарап отырып, селк етті де, мұңайған дауыспен: — Мен енді шылым тартпаймын...— деді» ... Қиялдың адам қажетіне асуы, оның шындықпен байланысты болып келуі адамға ерекше қанат бітіріп, оның ілгері өрлеуіне себепші болады. Халық «Қыран жетпеген жерге қиял жетеді» деп өте тауып айтқан. Бір кезде талантты орыс ғалымы Қ. Э. Циолковский (1857-1935) космосқа ұшуды армандап еді. Космос кораблімен аспан әлеміне тұңғыш жол салған Ю. Гагарин мен қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің және басқаларының ерліктері осындай шындықпен тығыз байланысты қиялдың іске асуы болып табылады.
44.Оқу әрекетінің психологиясы Оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларын меңгеруін жетілдіру, ой-өрісін кеңейту, мәдени деңгейін көтеру, танымдық қабілеттерін дамыту, оқу процесін ізгілендіру, демократияландыру, ұлттық және аймақтық ерекшеліктерді ескеру, даралап және саралап оқыту сияқты қағидаларды жетекші орынға шығарды. Бұл оқушыларға өз әрекетінің барысын, нәтижесін тексеру әдіс- тәсілдерін меңгертуді талап етеді. Жалпы білім беретін мектептің бастауыш білім мазмұны тұжырымдамасында оқушы әртүрлі оқу тапсырмаларын өздігінен шешіп орындаудың ортақ тәсілдерін, өз әрекетін бақылап бағалау нәтижесін эталонмен салыстыра меңгеруі /1/ қажетті төл Ол бірінші кезекте оқу әрекетін қалыптастырудың негізінде жеке тұлғаны тәрбиелеу мақсатына жеткізуді көздейді. Әрі оқушыны ынталандырып, шығармашылық әрекетке жетектейтін байланыстарды, өзара тәуелділікті, заңдылықтарды өздігінен меңгеруін қалыптастыруы талап етеді. Адамның тұлға ретінде қалыптасуы – үздіксіз және күрделі үрді. Ол білім алудың белгілі сатысымен шектелмейді. Болашақта да білім қажеттілігі адамның белсенді өмірін қамтиды. Сондықтан жастардың бүгінгі білімі өз білімін жетілдірудің және өз бетімен білім алуларының тек қана негізі. Олай болса бастауыш мектептен бастап оқушыларының оқу әрекетіне деген рефлексивті қатынасын қалыптастыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі болмақ. Сондықтан оқу әрекеті, рефлексия табиғаты мен байланыстары туралы ұжымдық аңғартады. Ал оқу әрекетінің негізгі құрамына жататындар: оқу міндеттері (оқу тапсырмалары); оқу тәсілдері (оқушылардың қолданатын нақтылы практикалық және ой – тәсіл амалдары); бақылау( оқушылардың өзін-өзі қадағалап, тексеріп отыруы); бағалау (сырттай және өзін-өзі бағалауы); Оқу әрекетінің құрамына оқушылардың өзін-өзі қадағалап, тексеріп, бағалап отыруы кіретіндіктен оқу әрекетіне деген рефлексивті қарым қатынасын қалыптастыру ең басты мәселелердің бірі болады. Осындай күрделі құралдағы оқу әрекетіне байланысты оқушылардың сәйкесті ойлау қабілеті қалыптасады. Ал ойлау сөйлеумен тығыз байланысты. Ол белсенді сөйлеу әрекеті арқылы жүзеге асады. Білім алу іскерлік пен дағдыны қалыптастыру өзін-өзі тексеру, өзін-өзі бағалау тек оқу әрекетінде ғана болады деп біржақты түсінуге болмайды. Ол басқа әректетерге де тән. Бірақ ол оқытуда бағытта жүргізіліп, басқа жағдайда өте баяу жүреді әрі ұзақ уақытты талап етеді. Оқу әрекетінің қалыптасуы білім мазмұнын теориялық деңгейін көтеру ұстанымымен тығыз байланысты. Бұл білім мазмұнындағы ғылыми ұғымдардың үлесін арттыруды қажет етеді.
45.Кіші мектеп жасындағы оқушы тұлғасының юағыттылығы Қазіргі кездегі психологияда барлық аймақтарда жұмыс сапасының арту мәселсі Үлгермеушілікті жеңу тек ғана педагогтардың мәселесі ғана емес, Қазақстандық зерттеушілер К.А. Бегалиева, А.Д. Жұмабаева, Л.В. Лысенко, Мектеп оқушысының үлгермеуіне оқушы мен мұғалімнің өзара қарым-қатынасындағы әлеуметтік Зерттеудің өзектілігі: Мектептегі үлгермеушілік мәселесі қазіргі таңда барлық Зерттеудің мақсаты: мектеп оқушыларының үлгермеуіне мұғалімнің қарым-қатынас стилінің әсерін Зерттеудің міндеті: мектептегі үлгермеушіліктің туындауына мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынас стилінің Зерттеудің пәні: мұғалімдер мен оқушылар арасындағы қарым-қатынас жағдайлары. Зерттеу обьектісі: жасөспірімдер мен мұғалімдер. Болжамы: мұғалімдердің оқушылармен қарым-қатынас стилдері және оқу көшіру қолданылады. Бұл әдіс оқушылардың өздерінің және олардың ата-анасының Үлгермеушіліктің негізгі симптомдары ретінде педагогтар мен психологтар келесі сипаттамаларды - өз қатарластарымен салыстырғанда оқуға, санауға немесе басқа мектеп - тапсырманың уақытында орындалуына көңіл бөлмеу; - мектептегі көптеген пәндерден нашар баға алуы; - үй тапсырмасын орындауға деген ұмытшақтық; - бала үй тапсырмасын орындамаса да, оның орындалғаны туралы - бала сабаққа жеңіл қарайды; - бала жаман бағалары бар күнделікті көрсетуді «ұмытып қалады»; - бала істі бастаса, оны толығымен аяқтамайды; - оқушы мектепке барудан бас тартады; - мектепке барып тұрып, сабаққа қатыспайды; - мектепте «ауырдым» деп өтірік айтады; - тапсырмаларды түсінуді қиналады және оқымайды; - тұйық, оның достары өте аз; - өзінің жастық деңгейіне сай келетін тапсырмаларды жүйелеуге қабілетсіз; - мұғалімдердің көмегінсіз және қолдау тарапынсыз тапсырманы өзінің жасына Жоғарыдағы көрсетілген симптомдардың көпшілігі оқушыда мүмкіндігінше онда мектеп Теріс мінез-құлқының қалыптасуының бірінші және ең маңызды фактор ретінде Тұрақты үлгерімі төмен оқушылардың ата-анасына деген аналогиялық Мұғалімдер мен ата-аналардың үлгерімі төмен оқушылардың арасындағы конфликттерден кейін Ал, енді оқу үлгермеушілігінің психологиялық себептерін қарастыратын болсақ, жалпы, Бірінші топ себептер: • ата-аналарының педагогикалық мәдени деңгейінің төмендігі; • жанұядағы жайсыз жағдайлар (дау-жанжалдық адамгершіліктерге жат ата-анасының мінез-құлқының • баланың жанұядағы іс-әрекетінің және өмірінің нақты ұйымдастырылуының жоқтығы, • балаға қойылған талаптардың бірыңғай жүйелілігінің бұзылуы; • балаға деген бұрыс қарым-қатынас (тұлғаны басып тастау физикалық • баланы мектепке оқуға дайындаудағы талаптарды білмеу немесе орындамау, Екінші топ себептер: • жанұядағы баланың тәрбиелену жағдайын педогогтардың аз білуі. • ата-аналарды психологиялық-педагогикалық дайындауы мен аз жұмыс істеуі. • оқушыларды мектепке дайындығы жеткіліксіз дифференсациясы (білім алуының ұйымдастырылуы) • оқушының өнегелік дамуында және мінез-құлқындағы ауытқуын жеңудегі • олардың мінез-құлқымен іс-әрекетін жағымсыз ынталандыратын әдістеменің көптігі. • баланың ауырлықты жеңілдетін эмоциялық күйінің ескерілмеуі. • топтағы (сыныптағы) тұлғааралық қатынастардың басшылығының кемшілігі. • жанұяның, бала-бақшаның, мектептің бала үлгермеушілігін жоюдағы байланысының жүйесіздігі. Үшінші топ себептер: • баланың (оқушының) жалпы дамудағы артта қалуы (кемтарлық) қоршаған • науқастық; • өнегенің тәрбиеленбеуі; • мінез-құлықтағы және қарым-қатынастағы білімнің, ептіліктің, дағдының кемшілігі, жетекші Бөлініп алынған әлеуметтік-психологиялық, педагогикалық себептер топтарына медициналық сипаттағы себептерді • ойынның кемтарлығы; • анализаторлардың парциалды деффектілері (есту, сөйлеу, моторика, дисграфия); • ой жұмысы қабілетінің бұзылуы (церебрастениялық күйлердің нәтижесінде). Бұл Алғашқы кезеңде, яғни кіші мектеп жасындағы үлгермеушіліктің жағымды жағы Ал, жасөспірімдік шақтағы үлгермеушілік дегеніміз – бұл оқушының оқу Жоғары сынып оқушылары оқу сабақтарына, мұғалімдеріне тәуелсіздігін көрсетеді. Көбінесе Үлгермеушіліктің негізінде жатқан психологиялық себептердің көпшілігін 5 топқа біріктіреміз. 1 топ – жүйке жүйесіндегі жекедара психикалық ерекшеліктер; 2 топ - таным әрекетіндегі жетіспеушілік; 3 топ – мотивациялық сфераның дамуындағы кемшіліктер; 4 топ - өзін-өзі бағалау мен талаптану деңгейінің теңсіздігі; 5 топ – оқуға басқалардың жағымсыз әсерінің болуы. 1. Оқудағы қиындықтар факторы ретінде жүйке жүйесінің жекедара психологиялық Баланың табиғи ерекшеліктері тікелей оқудағы артта қалуының себебі емес, Жүйке жүйесінің күші оның тітіргендіргіштіктерге төзімділік, кедергіге төзгіштік, жұмысқа Оқушының табиғатынан әлсіз инертті болуы оқу үлгеріміне кері әсерін 1) материалдарды әлсіз меңгеру, қателерді жиірек жіберу, тез шаршау 2) бақылау және өзіндік жұмыстарын жазғандағы жауапкершілік, жүйке жүйесінің 3) кейбір жағдайда мұғалім оқушыларға жоғары темппен сұрақ қойғанда, 4) жұмыс шартында кейде мұғалімдер оқушыларға көптеген жағдайда сұрақ 5) сәтсіз жауаптың соңынан жағымсыз баға алынады; 6) мұғалімнің жұмыс жағдайында жоғары талапты қоюы; 7) жұмыс кезінде зейіннің бөлінуін талап етеді, мысалы, мұғалім 8) жұмыс кезінде шудың болуы. 9) жұмыс кезінде оқушы мен мұғалімнің ұрысуы; 10) оқу процесінде педагогтың сабақты дұрыс басқармауы. 2. Оқу іс-әрекетінің жетіспеушілігіне танымдық кемшіліктердің тәуелділігі. Екінші топтың себептерін талдай отырып, біз оқушының нашар түсінгендігі, Екінші топтың арасынан екі психологиялық себептерді бөліп қарастырамыз: 1) оқу іс-әрекетінде оқу тәсілдердің қалыптаспауы. 2) баланың психикалық процестерінің дамуында ойлау сферасындағы кемшіліктердің болуы. Оқу іс-әректеінің ережелерінің дұрыс қалыптаспауы, оқушының үлгермеушілігінің ерекшеліктерінің айырмашылықтарын Үлгермеушілік оқу жұмысының адекватты әдістерімен байланысты таңдамалы сипатқа ие - Мұғалім сыныпқа тапсырманы әр түрлі мағынада немесе түрлі - Мұғалім сыныпқа жоғары темппен нақты түсіндірсе, онда ол - Жұмыс мерзімінің шектелгендігі, тапсырманың дер кезінде орындалмағаны оқушының - Оқушы мен мұғалімнің бір-бірімен келіспеуі. - Сабақ кезінде зейіннің басқаға аударылуы. Бұл үлгерімінің психологиялық себептері бақылаушыда ашық және жабық түрде
46.Психология ғылымындағы зерттеу әдістерінің бірі юақылау Балалар психологиясын зерттеудің негізгі әдістері — бақы лау және эксперимент.
Бақылау. Бақылау кезінде зерттеуші баланын мінез-кұлқын табиғи жағдайда белгілі бір мақсат көздей отырып кадағалай-.ды және көріп байқағандарын көзден таса қылмай есепке алады. Бақылаудың табысты болуы оның мақсатының қаншалықты дұрыс тұжырымдалғандығына байланысты. Егер зерттеуші бақылау басталмас бұрын бала мінез-құлқынын қай жағына көбірек көңіл аударуы керек екенін анықтап алмаса, онда әсері бытыраңқы, тұрақсыз болады. Бала жақтағы бөлмеден бұл әйнек айна сияқты болып көрінеді де, бақылаушы жақтан терезеге үқсайды. Жасырын бақылау үшін телевизиялық қондырғылар да пайдаланылады.
Бақылау процесінде зерттеуші бала мінез-құлқындагы сыртқы белгілерді ғана оның әр түрлі заттармен іс-әрекетін, сөйлеген сөздерін, мәнерлі қимылдарын т. б. қадағалай алады. Бірақ психологты сыртқы көріністер ғана емес, сонын астарында жасырынған психикалық процестер, сапалар, көңіл күйлер де қызықтырады. Өйткені белгілі бір көріністердін, өзі түрлі ішкі жай-күйде білдіруі мүмкін ғой. Мысалы, қандай да бір-жағдайда бір бала қалжыңға күлуі, ал екінші бала жолдасына еліктеп қана күлуі мүмкін. Бақылаулар жүргізгендегі ең қиын нәрсе б;ала мінез-құлқындағы ерекшеліктерді елеп қана қоймай, он ыдұрыс түсіндіру болып табылады.
Жақсы бақылаушылар бақылаулар материалы мен оны түсіндіруін арасын қатақ шектейді. Өйткені түсіндіру қате болып қалуы да мүмкін. Ол үшін бақылау парақ қағаз екі бөлімге бөлініп жазылады. Сол жақ бөліміне баланын. сыртқы белгілерін жазады да, он. жағына оны өзінше түсіндіреді.
Жаппай және ішінара бақылаулар болады. Жаппай бақылаулар ұзақ уақыт бойы жүргізіледі де, бала мінез-құлқының көп жағын қамтиды. Ол бір немесе бірнеше балаға қатарынан жүргізледі. Әрине баланың әр қимылын, әр сөзін қалт жібермей есепке алып отыру мүмкін емес. Жаппай бақылаулар әрқашан азды-көпті іріктеліп жасалады: бақылаушыға манызды көңіл аударарлық болып есептелгендер, баланың жаңа сапасы мен мүмкіндігін көрсететіндер ғана жазылып отырылады.
Жаппай бақылаулар нәтижелері әдетте күнделік ретінде сақталады, олар баланың психикалық даму заңдылықтарын анықтау үшін пайдаланылатын фактілердің маңызды қайнар-көзі болып табылады. Көптеген белгілі психологтар өз балаларының даму күнделіктерін жүргізген. Неміс психологи В. Штерн (1871 — 1938) әйелі (К. Штерн) екеуі жүргізген күндедігіндегі жазбаларды баланың психикалық дамуына әсер ететін себептер жөніндегі болжамына талдау жасауға және көркемдеп көрсетуге пайдаланған. Белгілі швейцар психологы Ж. Пиаже (1896 жылы туған) сәбилік шақтағы балалардын ақыл-ойының даму кезеқдерін бөліп көрсете отырып, немерелерін бақылау қорытындыларына жиі сүйенеді. Совет зерттеушісі Н. Н. Ладыгина-Коте (1889—1963) кішкентай шони шимпанзе мен өз ұлы Рудиге жүргізген ыждағатты бақылаулар нәтижесінде бала мен жануарлар балалары дамуынын ерекшеліктерін салыстырды. Маман-психологтар сияқты, ата-аналар да күнделікті жиі жүргізеді. Бүл күнделіктерді, әдетте психологтар мен педагогтар жиі пайдаланады (мысалы, А. Д. Павлованың, Э. И- Станчинскаяныңкүнделіктері)
Ішінара бақылаулардың жаппай бақылаулардан айырмашылығы сол, мұнда баланың мінез-құлқының бір жағы немесе онын белгілі бір мерзімдегі (мысалы, тек онын кезіндегі, тек тамақтану кезіндегі) мінез-құлқы есепке алынады. Ч. Дарвиннің өз ұлынын эмоцияларды білдіруін бақылауы ішінара бақылаудың классикалық үлгісі болып табылады. Осындай алынған материалдар «Адам мен жануарлардың сезім білдіру белгілері» (1872) деген кітапта пайдаланылды. Екінші мысал — совет лингвисі А. Н. Гвоздев өз ұлының тілі шығуын сегіз жыл бойы күн сайын бақылап, содан кейін «Балада орыс тілінің грамматикалық құрылысының қалыптасуы» деген кітап жазды (1949).
Фактыларды алғаш рет жинақтау үшін бақылау әдісі өте тиімді. Бірақ ол уақыт пен күшті көп жұмсауды қажет етеді. Баланың психикалық өмірінін оны қызықтыратын фактылары қатаң өзінен-өзі пайда болғанынша зерттеушінің күтуіне тура желеді. Оның үстінде (ең маңыздысы да осы) бала өмірі мен тәрбиесіндегі күрделі жағдайлар кейбір мінез-құлықтың себебін ашуға мүмкіндік бермейді. Көптеген зерттеушілер біз бакылау жүргізе отырып, өзіміз білетіндерімізді ғана көретінімізді, ал белгісіз нәрселердің әлі де назардан тыс қалатынын байқаған
47.Эксперимент психология ғылымындағы негізгі зерттеу әдісі ретінде Педагогика бұл-адамзат ғылымының ең ежелгі және қоғам дамуының ажырамас саласы болып табылады. Себебі: педагогикалық білім ұғымы ұрпақты білімге дайындау немесе тәрбиелеу мен байланысты адам әрекетінің ерекше аймағына кіреді. Педагогика барлық ғылымдар сияқты философия ғылымы аясында қарастырылды. Ежелгі грек философтарды Гераклит, Демокрит,Фальс, Сократ, Аристотель, Платон, т.б. ғылымдарының педагогикаға қосқан үлесі зор. «Педагогика» деген ұғым көне грек елдерінде б.э.б. 2,5 жылда пайда болған дейді. Педагогика деген сөз, яғни тәрмин, көне грек тілінен шыққан, ол балаларды ертіп жүру, баланы жетектеп мектепке апаруы деген сөз. Анығырақ айтатын болсақ, "Педагогика" термині гректің екі сөзінен: "пайс" - балалар және "эгейн" - баланы басқару, тәрбиелеу, жетектеу, бағу ұғымдарынан шыққан. Адам өмір бойы тәрбиеленеді және қайта тәрбиеленеді. Педагогика - бала жайындағы ғылым, олай болса ол ұрпақ тәрбиесі жайындағы ілім. Адам баласының ұрпағы үнемі жаңарып, өзгеріп отырғандықтан, педагогика ілімі де үнемі өзгеріп отырады. Қазіргі кезде тәрбиенің ықпал жасау аясы кеңейе тусуде. Сондықтан "педагогика - бала тәрбиесі жайындағы ғылым", -деп шек қоюға болмайды. Педагогиканың ғылыми таным саласы - тәрбие. Педагогика қоғамдық өмірдегі тәрбиенің мәні мен рөлін анықтайды. Педагогика - жалпы адам тәрбиесі жайындағы ғылым . Ал тәрбие - жастарды әлеуметтік өмірге және еңбекке даярлап, оларға қоғамдық тарихи тәжірибені үйрету процесі. Педа¬гогика пәнін (зерттейтін) толық түсіну үшін ең алдымен негізгі педагогикалық ұғымдарды қарастырайық. Әрбір ғылымның өзіне тен зерттейтін саласы және ғылыми ұғымдары бар. Мысалы, философиядағы ұғымдарға "болмыс", "материя", "қозғалыс"; саяси экономияда- "қоғамның өндіргіш күштері мен өндірістік қатынастары", ал педагогикада - "тәрбие", "білім беру", "оқыту"жатады. Педагогикалық ұғымдар арқылы педагогикалық құбылыстарды, олардың байланысын танимыз. Педагогикалық ұғымдардық бірі - тәрбие. Тәрбие дегеніміз - адамдарды қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамдық-тарихи тежірибені беру процесі. Тәрбие ұғымы кең мағынада әлеуметтік қоғамдағы құбылыс ретінде барлық тәрбие салаларын, атап айтсақ: отбасы, мектепке дегіінга мекеме, оқу тәрбие орындары, еңбек ұжымы, ақпарат құралдары, баспа орындарын қамтиды. Біздің мемлекетте бұл салалар қоғамдық, мемлекеттік мақсатқа қызмет етеді. Кең мағынада деген ұғымда бүкіл сыртқы әсерлердің, адамды қоршап тұрған, табиғи және әлеуметтік ортаның, тәрбиешілердің мақсатты іс-әрекеттерінің ықпалымен адамды қалыптастыру. "Тәрбие" ұғымы тар мағынада "Тәрбиеші тәрбиелейді", кең мағынада "Өмір тәрбиелейді' деп қолданудық тәрбие жайлы ұғымды анықтауда зор мәні бар. Тәрбие - тар мағынада жеке тәрбиелік міндетті шешуге, жеке адамның белгілі бір қасиетін қалыптастыруға, меселен, эстетикалық талғамын тәрбиелеуге бағытталған жұмыс. Тәрбие жаңа ұрпақты өмірге, еңбекке дайындау арқылы коғамның алға қарай дамуын қамтамасыз ететін процесс. Тәрбие -педагогикалық кең мағынада қоғамның арнайы бөлінген адамдары - мұғалім, педагог, тәрбиешілердің басқаруымен жүргізілетін мақсатты үрдіс. Олар арнайы тәрбие жұмысын ұйымдастырып, жеке адамның қалыптасуына ықпал жасайтын жиынтық факторларды пайдалана отырып әрекше әдіс-тәсілдерді қолданады. Тәрбие жайлы әр түрлі теориялар мен пікірлер айтылып келеді. Тәрбиені әресек адамдардық балаларға ықпал жасауы деп түсіндіруінілер де бар. Бұл жағдайда бала енжар объект түрінде қарастырылады. Ол педагогикалық процестің субъектісі бола алмайды, яғни, өздігінен ойланып, белсенді іс-әрекет жасай алмайды. Бұдан тәрбиеге бір жақты анықтама беру байқалады. Білім беру - табиғат пен қоғам жайында жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруі және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуі. Білім беру ұғымын педагогикаға тұңғыш енгізген И. Песталоцци. Білім беру - оқыту мен тәрбие жұмысын біріктіретін және жеке бастық дамуына ықпал жасайтын процесс. Оқыту - білім берудің негізгі жолы. Оқыту екі жақты, бір текті процесс: 1. Оқытушы оқушыларға білім берін, іскерлік, дағдыға үйретеді. 2. Оқушы таным міндеттерін жете түсініп, жаңа білімді, іскерлікті, дағдыны игереді және оларды өмірде колданады. Ал адамның білім алуы тек оқыту процесінің нетижесі емес, оның; білім алуына көпшілік ақпарат құралдары кино, радио, телехабар, т.б. ықпал жасайды. Сонымен бірге адамның "жетілуі", "даму", "өзін-өзі тәрбиелеу" ұғымдары да педагогиканың зерттейтін меселелері саласын толықтырады. Жеке адамның дамуы - бұл ішкі және сыртқы, басқарылатын, басқарылмайтын және факторлардың ықпалымен жеке адамның қалыптасып жетілу процесі. Жеке адамның дамуы мен жетілуінде мақсатты түрде жүргізілетін тәрбие және оқыту шешуіні рөл атқарады. Жеке адамның қалыптасуында өзін-өзі тәрбиелеудің маңызы зор. өзін-өзі тәрбиелеу - адамның саналы түрде, белгілі бір мақсат көздеп өзінің бойына қалыптастыратын қасиет, мінез-құлық дағдысына бағытталған жұмыс. Негізгі педагогикалық, ұғымдар – тәрбие, білім беру, оқыту біріне-бірі теуелді, табиғи байланысты. Бұл ұғымдар жастарды өмірге, тәжірибеге дайындаудың басты құралы.
48.Психологиялық тестер әдісінің тарихы ,маңызы және келешегі Педагогиканың шығуы және дамуы. Қандай да болмасын ғылым салаларының дамуы қоғамның өмірлік мұқтаждығынан, талабынан туады. Педагогиканың пайда болуы қоғамның жас ұрпақты тәрбиелеудің тиімді жолын табу мақсатынан және де өндірісті дамыту талабынан туған. Тәрбие ұрпақ пен ұрпақты байланыстыратын дәнекер болып саналады. Педагогика ғылымы ұзақ тарихи даму жолынан өтті. Алғашқы педагогикалық ой-пікірлер әртедегі шығыс елдерінің (Мысыр, Вавилония, Унді, Қытай) философиялық жүйесінде дамып, кейін біртіндеп өз алдына жеке ғылым болып дами бастады. Ежелгі дуние философиясы әртедегі шығыс елдерінің қорытып жиыстырған білім мұрасын дамытқан еді. Сократ, Платон, Аристотель, Демокрит саясат, тәрбие, мемлекет, жеке адам тәрбиесінің мақсаттары мен мазмұны және әрекшелігі сияқты педагогикалық мәселелерді қарастырады. Феодалдық қоғамда (орта ғасырда) тәрбиеге деген көзқарас мүлдем өзгәрді. Әрте дүние педагогтары ұсынған адамның рухани және дене күштерінің қатар дамуы көзқарасының орнына "о дүниелік өмірге" дайындауды ұсынған пікірлер қалыптасты. ХУ-ХУI ғасыр педагогикасы орта ғасыр педагогикасын сынады. Адамның жеке басының тәрбиесін оның дамуы ойшылдарды толғандырды, мәдениет пен педагогикалық бағыт "гуманизм" деп аталды (Ф.Рабле, Т.Мор, Т.Кампанелла). Гуманистәр жаңа дәуір үшін жаңа адам қажеттігін дәлелдеді. Феодализмнен капитализмге өту деуірінде дін шығармауындағы ғылымдар дамып, жеке бөлініп шыға бастайды. Осы кезде педагогика да өз алдына ғылым ретінде бөлініп шықты. Сол ғасырда педагогиканың жеке ғылым ретінде мәртебесі чех халқының ұлы педагогы Ян Коменскийдің (1592-1670) "Ұлы дидактика" еңбегімен беки түсті. Батыс Еуропада ағылшын философы Джон Локк (1632-1704) "Тәрбие туралы ойлар" деген еңбегінде тәрбиенің психологиялық негіздеріне, адамгершілік тәрбиесіне көбірек көңіл бөлді. Ол баланы "таза тақтаға" теңеді. Францияда Жан-Жак Руссо (17і2-1778) баланы табиғат арқылы, табиғаттай жетілдіре тәрбиелеуге көңіл бөліп, баланы жазалауға қарсы болды, қатаң таяқ төртібіне қарсы "әркін тәрбие" идеясын ұсынды. Швейцарияның педагог-демократы И.Пестолоцци "Лингард и Гәртруда" деген еңбегінде білім беруге демократиялық көзқарасты, тәрбиенің гуманитарлық сипатын балаға шын пейілмен көңіл бөлуді жақтады. Ресейде революқиялық-демократияшыл ойдық негізгі салушылар: А.Н.Радищев, В.Г.Белинский, А.Н.Гәрцен; XIX ғасырдық 60-ы жылдарында Н.Г. Чернышевский, Н. А. Добролюбов; XIX ғасырдық екінші жартысында демократияшыл тәрбиенің идеяларын ұсынушылар: Н.И.Пирогов, К.Д.Уінинский, Л.Н.Толстой, т.б. болды. Н.К.Крупская (1869-1939) кеңестік педагогика ғылымын дамытуға зор үлес қосып, еңбек және политехникалық білім беру, идеялық-саяси тәрбие мәселелерін ғылыми-теориялық негізде талдады. Н.К. Крупскаяның айырықша көңіл бөлген мәселелерінің бірі - оқыту теориясы. Сонымен катар кеңес мектебінде оқушылардың өзін-өзі басқарудағы мақсаты мен міндеттерін белгіледі. Оның еңбектерінде отбасы тәрбиесі, балалардың қоғамдық ұйымдарының қоғамда алатын рөлі және міндеттері көрсетілді. Көрнекті кеңес педагогы Антон Семенович Макаренко (1888-1939) жастарды қайта тәрбиелеудегі өзінің бай тәжірибесіне сүйелік, оқу-тәрбие жұмысын жүргізудің жүйелі теориясы мен әдістемесін құрды. Макаренконың тәрбие мен оқу жайлы еңбектері, оның жеті томдық педагогикалық шығармаларында жинақталған. Олар: "Ата-аналар кітабы", "Балаларды тәрбиелеу жайлы дәрістер , "Тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістемесі", "Кеңестік мектеп тәрбиесінің мәселелері”, "Педагогикалық поэма", "Мұнара үстіндегі тулар". Бұл енбектерінде Макаренко тәрбиенің мақсаттары мен міндеттерін, әдістері мен негізгі принциптерін, балалар ұжымы мен оқушыға қойылатын біріңғай педагогикалық талаптарды зерттеп, жинақтады. Көрнекті педагог Василий Александрович Сухомлинский (1918-1970) өзінің педагогикалық жүйесіпде әрбір оқушының басынын жан-жақты дамуының, дара ерекшеліктерінің, бейімділігінің, қызығуінылығының, тағы басқа кабілеттерінің жетілуіне бағытталған оқу-тәрбие процесін ұйымдастырды. "Павлыш ортамектебі, "Балаға жүрек жылуы", "Ұжымның құдіретті күші", "Мектептің жас директорымен сырласу", "Ұлыма хат", тағы басқа күнді еңбектері арқылы В.А.Сухомлинский жас урпавда тәрбие мен білім берудің ұлы ісінің жалғастырушысы болды. Қазақстанда ағартушылық идеяны көтергендердің бірі -Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (1835-1865). Ағартуіны-ғалым қазақ даласындағы оқу, мектеп ісін ғылыми негізде құрып, оқу білімінің табиғат сырларын ашуға бағытталуын, туған халқының алдықғы қатарлы мәдениетті елдерді қуып жетуін ақсады. Діни бағыттағы медреселер мен ел билеуіні әкімдер, тілмаштар дайындайтын мектептердің мақсатын сынай келіп, жалпы білім беретін мектептердің ашылуын көздеді "Тек ақиқат білім ғана адамға күдік тұғызбайды, ол өмірді бағалауға, тұрмыс құруға үйретеді', - деді Шоқан. Қазақтық аса көрнекті ағартушы-педагогы Ыбырай Алтынсариннің (1841-1889) демократиялық-ағартушылық бағыты оның педагогикалық көзкарастарынан айқын көрінеді. Бүкіл өмір жолын мектеп ашуға, қазақ, балаларын оқуға тартуға, дүние ғылымдарын үйретуге, оқу құралдарын жазуға, тәлімгер-ұстаз дайындауға, оларға ғылыми әдістемелік басшылық жасауға, өз кезеңіндегі қазақ халкының қоғамдық өміріндегі саяси-әлеуметтік мәселелерді жан-жақты қамтып, жазуға жұмсады Ы.Алтынсарин қазақ жастарының мамандық алуына жол ашты. Торғайда – қөленер, Қостанайда - ауыл шаруашылығы училищелері, Ырғызда - қазақ қыздарына арнап мектеп-интірнат ашылуына зор ықпал жасады. Қазақ халкының ұлы ойшыл ақыны Абай Қунанбайұлыңың (1845-1904) поэтикалық шығармалары мен "Гадлия" сөздері педагогикалық ой-пікірлерге толы. Табиғаттық санадан тыс, тәуелсіз өмір суруі, өмір ақиқатының туйсікпен қабылдануы, адамдар жаратылысының бірдегі еместігі, ғылымның ақылмен, жан құмарымен алынатындығы оның көрінісі. Ақынның педагогикалық көзкарасының қоғамдық қатынастар тұрғысындағы пікірлері, жастарды халқының әдеп-ғұрпы, салт-санасы, дәстурінен тәлім-тәрбие алуға шақыруы дүниежузілік педагогика классиктерінің ой-пікірлерімен үндеседі. Ағартушы-педагог Ахмет Байтұрсынов (1873-1937) мол педагогикалық мұра калдырды. А. Байтұрсынов бүкіл саналы өмірін қазақ, қоғамында білім-ғылымының дамуына, мектеп ағартушылық ісінің жанданып, кемелденуіне бағыштайды. Ол ауыл мектебінде, семинарияларда бала оқытты, оқу-тәрбие жұмыстарын жетілдіру саласында көп ізденді. А. Байтұрсынов "Қазақ" газетіндегі (1914 ж) "Мектеп керектері' деген мақаласында: "Ең әуелі мектепке керек - білімді, педагогика, методикадан хабарлар оқыта білетін мұғалім. Екінші - оқыту ісіне керек құралдардық қолайлы әм сайлы болуы. Үшінші - мектепке керегі белгіленген бағдарлама. Әр іс көңілдегідегі болып шығуы үшін оның үлгісі, я мезгілді өлшеуіші болуы керек. Үлгісіз я өлшеусіз істелген іс - ол я артық, я кем шықпақшы", - деп оқытудық дидактикалық принциптерін| ғылыми тұрғыда белгілеп берді. А.Байтұрсынов ұсынған жаңа әліпби 1913 жылдардан бастап мусылман медреселері мен орыс-қазақ мектептерінде қолданыла бастады. Қоғам алдына ол қазақ даласында оқу-ағарту ісі дұрыс жолға қойылсын, ол үшін ауыл мектептерінде балалар қазақша сауат ашатын болсын, оқу ана тілінде жүргізілсін деген талаптарды бастауіны болды. Міржакып Дұлатов (1885-1935) Ы. Алтынсариннің ұстаздық идеяларын әрі қарай дамытып, А.Байтұрсынов сияқты оқу-тәрбие мәселелерін ғылыми түрғыдан қараған, шәкірттәрдің жаңа бағдарламалар арқылы білім алуына, мұғалімдердің ғылыми дидактикалық қағидаларға сәйкес сабақ жүргізуне әрекше мән берген педагогтардың бірі. Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931) педагогика, психология саласында құнды ғылыми-зерттеу еңбектерімен қатар, бірнеше оқулықтар, оқу құралдарының авторы болған ірі тұлғалардың бірі. "Тәрбиеге жетекші" атты еңбегінде (1924 ж.) педагогиканың дидактика саласын ғылыми негіздеген. Қазан төңкерісінен кейін тәлім-тәрбие ғылымына тәрең үңілгендердің бірі - Мағжан Жумабаев (1893-1938). Оның "Педагогика" атты еңбегі соң кезеңдегі ана тілімізде жазылып, ғылыми әлемді елең еткізген туынды болды. Қазақ педагогика ғылымының тұңғыш профессоры Шәрапи Әлжановтың (1901-1938) тәлім-тәрбие саласында әр түрлі тақырыптың төңірегінде жазған жиырмадан астам еңбегі жарық, көрді. Ол "Ес және есте сақтау меселелері', "Ой мәселелері", "Дағдылану мәселелері' атты еңбегінде (1936 ж.) шәкірт психологиясының жас және дара ерекшеліктері жайлы соз қозғайды, сол салада жүргізгілген сараптамалық зерттеулердің нетижесін оқырман назарына ұсынады. Қазақтық белгілі педагогы Әбдіхамит Сембаевтың (1905-1989) қаламынан сексеннен астам қомақты ғылыми-педагогикалық еңбектер шықты. "Қазақстанда Советтік мектептің даму тарихы" (1962 ж.) атты монографиялық еңбегінде мектептердің көптеп ашылуын, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдардық жасалу жолдарын, мұғалім кадрларын даярлау ісіндегі қол жеткен табыстарды нақтылы дәректермен ғылыми тұрғыда дәлелдеді. Сұлтанбек Қожахметов (1910-1945) дидактика меселелерімен жан-жақты айналысқан педагогтардың бірі өзінің "Педагогика мәселелері' (1940 ж.), - деген атпен шыққан кітабында шәкірт меңгеретін білімнің саналылығы мен жинақтылығының өлшемдәрі баланың өз бетімен оқу дағдысын қалыптастыру, оқушының эстетикалық (сұлулық) талғамдарын дамытып қа-лыптастыру, оның алған білімі мен дағдысын, іскерлігін бағалай білудің ғылыми негіздерін қарастырады. Қартбай Бержанов (1924-1976) - педагогика ғылымдарының докторы, профессор. Педагогика ғылымының дамуына елеулі үлес қосқан ғалым-ұстаз.
49.Математикалық әдістердің психологиялық маңызы Психология ғылымының салалары мен тармақтары. Қазіргі кезде психология ғылымы — көптеген салалар мен тармақтарға бөлініп, ілгері дамып отырған өрісі кең ғылыми тән. Бұл салалар мен тармақтар дамуы мен калыптасуы жағынан адамның түрлі тәжірибелік іс-әрекеттерін қамтитын әр килы сатыда тұр. Оларды топтастырьш, жік-жікке ажырату жіктеу (классификация) деп аталады.
Енді осы мәселенің сырын ашуға кірісейік. Біз психиканың дамуын жіктегенде, ең бірінші, осы пәннін, зерттейтін объектісін, екінші. адамның іс-әрекет түрлерін негіз етіп аламыз. Үшінші, адамның өзін даму мен іс-әрекет несі деп санап, оның әлеуметтік ортаға қатынасын алып қарастырамыз.
Адамның нақты іс-әрекеттеріне сүйене отырьш, оның психикасының дамуын темендегіше жіктейміз.
I. Тәлім-тәрбие (педагогикадық) психологиясы. Бұл пәннің зерттейтіні — адамды оқыту мен тәрбислеу ісіндегі психологиялық зандылықтар. Ол оқушылардың акыл-ойы мен ойлау жүйесін, дағдыларын қалыптастырудың, олардың тиісті оқу материалдарын меңгеруі мен ұстаз-шәкірт арасындағы өзара қарым-катынастарды зереттеудің түйінді мәселелерін қарастырады. Сөйтіп, оқушылар ұжымындағы өзара қатынастармен, олардың психологиялық даралык ерекшеліктерімен санасып отырудың мүмкіндіктерін іздестіреді. Оқу-тәрбие жұмыстарын және балалардың психологиялық ерекшеліктерін қарастырып, бірқалыпты даму заңдылықтарынан ауытқыған балалармен тәлім-тәрбие жұмысын жүргізу әдіс-тәсілдерінің психологиясын зерттейді. Сондай-ақ, ересек адамдармен жұмыс істеудің ерекшеліктерімен және оларды қалай оқыту мәселелерімен де щұғылданады.
