Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kurs_2104.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
231 Кб
Скачать
☆

1 Химия өнеркәсібі

Базалық мұнай-химия өнiмiн алу жөнiндегi аталған өндiрiс негiзiнде одан әрi полиэтилен және полипропилен, полистрол, этилбензол және олардан жасалатын түрлi өнiмдер (құбырлар, құрылыс материалдары, химиялық талшықтар, халық тұтынатын тауарлар және т.б.) өндiру жөнiндегi мұнай-химия кәсiпорындары құрылатын болады.

Арнайы экономикалық аймақтың басымдықтарын дамытудың қалқалау қағидатымен бiрге пайдалана отырып Атырау облысында Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркiн құру жөнiндегi iс-шаралар әзiрленуде, яғни шикiзаттан газ тарату жөнiндегi қондырғысының оңтайлы схемасы бойынша орналасатын нүктелi географиялық аумақтардың арнайы экономикалық аймағын енгiзу. Арнайы экономикалық аймақтың мәртебесi мен құрылымы дамудың қалқалау қағидатымен бiрге мұнай-химия өндiрiстерiн және мемлекеттердiң қатысу кезiнде тиiстi инфрақұрылымды құру мен дамыту жөнiндегi капиталды қажетсiнетiн инвестициялық жобаларды iске асыру үшiн барынша қолайлы жағдайлар жасайды.       "Атырау облысындағы Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркi" арнайы экономикалық аймағын құру кезiнде қазақстандық экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiгiн қамтамасыз етуге ықпал етуi тиiс Ұлттық технопарктiң моделi пайдаланылатын болады.

Химия өнеркәсібінің перспективалық бағыттары Қазақстан Республикасының химия өнеркәсібін дамытудың перспективалық және басым бағыттарына: экспортқа бағдарланған салалар; елдің шикізат ресурстарына негізделген өндірістер жатады.

Фосфор саласын дамытудың басымдықтары: рудалық базаны дамыту;

Германияда шығарылатын фосфор өнімдеріне («Қазфосфат» ЖШС-нің қазақстандық брендін құру);

«Қазфосфат» ЖШС-і, Жаңажамбыл фосфор зауыты филиалының кәсіпорындарын жаңғырту, қайта жаңарту;

электротермадан фосфор қышқылын гидрометаллургиялық әдістермен (бұл әдіс Кингисепп қаласы фосфорит ӨБ-де сынақтан өтті) алуға бірте-бірте көшуді қарау;

қосылған құны жоғары – триполифосфат, фосфор қышқылының тұзы өнімдерін ұлғайту;

бес күкіртті фосфорды, майлау майлары мен флотореагенттерге қоспаларды ұйымдастырудың мүмкіндігі;

фосфор өндірісінің қалдықтарын қайта өңдеуге қосу;

химиялық реагенттер (тұз тұнбасының ингибиторларын және т.б.);

шығаратын кәсіпорындар мұқтаждықтары үшін полимерлік фосфаттар өндірісін құру [1].

1.1 Минералдық және органикалық минералдық тыңайтқыштар өндірісі.

Минералдық және оргоминералдық минералдық тыңайтқыштар саласындағы минералдық және оргоминералдық тыңайтқыштар саласын дамытудың басымдықтары:

минералдық тыңайтқыштар өндірісінің көлемін ұлғайту;

күкірт қышқылы мен аммиак өндірісі бойынша қуаттылықтарды құру;

халықаралық стандарттарға жауап беретін, бәсекеге қабілетті минералдық тыңайтқыштар сортоменттерін кеңейту;

фосфориттерді, минералдық тыңайтқыштар алудың ескірген технологияларын олардың бәсекеге қабілетін көтеретін инновациялық технологияларға ауыстыра отырып, қайта өңдеу технологияларын жетілдіру (аммонданған калцийфосфат, аммосерфос, фторсыздандырылған аммофос мен аммофосфат және т.б.);

«Қазфосфат» ЖШС-нің тыңайтқыштар алу саласындағы ҒЗТКӘ әзірлеу;

жаңа буындағы (биологиялық кешенді микробиологиялық органотыңайтқыштық және микротыңайтқыштар) тыңайтқыштар шығару, соның ішінде, қайта өңдеуге теңгерілген шикізатты (қоңыр көмірді) және қайталама қалдықтарды (фосфориттік ұнтақтар, әк қождарын және басқаларын) тарту жолымен, көректік жинақтауыштың жоғары жиынтығы бар көп жақты қолданылатын оргоно-минералдық тыңайтқыштар алша отырып, тыңайытқыштарды шығару жөніндегі өндіріс құру [2].

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]