- •Денсаулық адамның әлеуметтік өмірінің құндылығы мен негізі. Денсаулық өмір сүру стилі ретінде.
- •Экологияның денсаулыққа әсері. Әлеуметтік, экономикалық факторлардың денсаулыққа әсері.
- •Денсаулық сақтау жүйесінің халықаралық даму кезеңдері.
- •Антикалық кезеңнен бастап xiXғ. Дейін. Дамудың жаңа кезеңі. XX-XXI ғғ. Денсаулық сақтау.
- •Қазақстандағы халықтың денсаулығын сақтау саясаты. Денсаулық сақтау жүйесі бойынша жақсарту реформалары мен бағдарламалар.
- •Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі
- •Денсаулық сақтау жүйесіндегі мемлекеттік қорғаудың негізгі бағыттары: құқықтар мен кепілдемелер
- •Қазақстан Республикасындағы азаматтардың денсаулығын қорғаудағы негізгі заңдар.
- •Мемлекетпен кепілденген әлеуметтік қызметтер. Халықты тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, құқықтық, ұйымдастырушылық негіздер.
- •Денсаулық сақтаудағы әлеуметтік жұмыстың теориялық негіздері
- •Денсаулық сақтау мекемелері және олардың түрлері. Денсаулық сақтау жүйесіндегі әлеуметтік жұмыстың теориялық негіздері мен даму кезеңдері.
- •Шетелдегі халықты әлеуметтік қорғаудың жаңа үлгілері.
- •Әлеуметтік жұмыстың профессионалды қызмет түрі ретінде қалыптасуындағы мәселелер, денсаулық сақтау жүйесінде кадрларды дайындау.
- •Денсаулық сақтау жүйесіндегі әлеуметтік жұмыскердің кәсіби мінез-құлқы.
- •Денсаулық сақтаудағы әлеуметтік жұмыстың формасы мен әдістері
- •Әлеуметтік-медициналық жұмыстың негізі. Әлеуметтік-медициналық жұмыстың басты бағыттары.
- •Әлеуметтік-медициналық жұмыстың үлгері. Ауруға шалдығуды ескертудегі әлеуметтік қызметкердің рөлі.
- •Науқастардың реабилитациямен емделуіндегі нәтижелілікті қамтамасыз ету. Әлеуметтік бейімделу.
- •Денсаулық сақтау жүйесіндегі психологиялық-әлеуметтік қызметтің маңызы.
- •Денсаулық сақтаудағы әлеуметтік жұмыстың технологиясы
- •Денсаулық сақтау жүйесіндегі әлеуметтік жұмыстың мазмұны. Әлеуметтік технология түсінігі.
- •Әлеуметтік жұмыс технологиясының негізгі түрлері. Денсаулық сақтау жүйесіндегі әлеуметтік жұмыс технологиясы.
- •Қарт адамдармен әлеуметтік жұмыстың жаңа технологиясының жалпы сипаттамасы
- •Шетелдегі денсаулық сақтау жүйесіндегі әлеуметтік жұмыс
- •20 Ғ. Басындағы медициналық мекемелердегі бірінші әлеуметтік жұмыскерлер. Швеция ауруханаларындағы әлеуметтік қызметкерлер.
- •Гермениядағы медициналық әлеуметтік қызметкерлер. Дамыған мемлекеттердегі денсаулық сақтау мекемелеріндегі әлеуметтік қызметкерлердің ерекшеліктері (ақш, Швеция, Ұлыбритания).
- •Денсаулық сақтаудағы қарт адамдермен әлеуметтік жұмыс ерекшеліктері
- •Үлкен жастағы адамдармен әлеуметтік-медициналық жұмыс. Егде адамдарға көрсетілетін әлеуметтік-медициналық жұмыстың үлгісі.
- •Геронтологиялық орталықтар. Гериатриялық орталықтар. Геропрофилактикалық орталықтар.
- •Қарттар мен егде жастағы адамдарға қызмет көосететін әлеуметтік қызметкерлердің кәсібилігіне қойылатын талаптар.
Экологияның денсаулыққа әсері. Әлеуметтік, экономикалық факторлардың денсаулыққа әсері.
Экологияның денсаулыққа әсерін сипаттаңыз.Адам экологиясы, а н т р о п о э к о л о г и я — 1) биосфераның (оның құрамдас бөліктерінің) және адамзаттың (оның түрлі топтары мен жеке тұлғалардың) өзара қарым-қатынасындағы ортақ заңдылықтарды зерттейтін кешенді ғылым саласы. Адам экологиясы адамдардың бір-біріне, табиғатқа әлеум.-психол. және этол. қарым-қатынасын қамтып, ғылымның әр түрлі салаларының басын біріктіреді. Яғни, мұнда әлеуметтік, экономикалық және табиғи шарттардың барлығы адамның өмір сүруіне қажетті әрі оның мұқтаждықтарын жан-жақты қамтамасыз ететін орта ретінде қарастырылады. Адам тіршілігі үшін экологиялық қолайлы және қолайсыз аудандар.Кез келген экологиялық мәселелерді шешу үшін, адамдардың әрекетімен болып жатқан ғылыми жетістіктердін барлығын болашақ ұрпақтың сақталуына, денсаулығына, болашағына тұжырымдама беретін адам экологиясы. Бүгін күрт өзгерген экологиялық мәселелерді шешуде адамның өзі туындатып отырған күрделі ғылыми жетістіктерін ендігі жерде табиғи ортаны, адам баласының болашағын сақтау үшін, табиғатты қорғау және тиімді пайдалану керек. Себебі, адам мен қоршаған ортаның арасындағы байланыс XX ғасырдың ортасына дейін ғылымда қарастырылмаған. Ғылыми тұрғыдан адам экологиясын зерттеу кейінгі жылдары ғана қолға алынды. Себебі адамдардың өмір сүру деңгейін көтеру үшін қоршаған ортаның табиғатының бұзылуы, адам баласының денсаулығына зиян әкелгендігі аныкталды. Адам - табиғаттың туындысы, онсыз өмір сүре алмайды. Адам экологиясын ғылыми тұрғыдан қарастыруға, оны зерттеуге үлкен әсер еткен XX ғасырда өмірге келген«Қоршаған орта түсінігі». Соның нәтижесінде адамның өмір сүріп жатқан жері, оның үйі, сол үйдің тұрақты, таза болуы адамға байланысты. Егер оны адам қорғамаса, жағдай жасамаса, онда ертең құлауы мүмкін.Табиғат - адамзаттың тіршілік ететін ортасы, сондықтан оның көптеген сұраныстарын қанағаттандыратын шикізат көзі болып саналады. Қоршаған ортаның табиғат жағдайлары адамның шаруашылық әрекетінің түрін анықтайды. Мысалы, Қазақстанныңшөлейтті, далалы аймақтарында ежелден мал шаруашылығымен айналысқан, ал өзен бойларында суармалы егіншіліктіңошақтары орналасқан. Сонымен қатар қоршаған орта адам денсаулығына да әсерін тигізеді. Ауаның тазалығы, қоршаған ортаның басқа құрам бөліктеріндегі тепе-теңдіктің сақталуы адамның жұмыс қабілетіне, ұзақ өмір сүруіне жағдай жасайды. Тамаша табиғат көріністері адамның күш-қуатының қалпына келіп, тынығуына көмектеседі. Қазіргі кезеңде ғылым мен техниканың өркендеуінің нәтижесінде адамның қоршаған ортаға ықпалы артты. Мұндай ықпалдың зиянды жақтарының бірі - адам денсаулығына әсері.Өнеркәсіпті қалаларда және оған көршілес орналасқан елді мекендерде ауаның әр түрлі газдармен ластануы нәтижесінде халык арасында тыныс жолдары ауруларының саны артуда. Мысалы, Алматы тәрізді ірі калаларда автокөліктерден шыккан улы газдың молаюы байқалады. Көптеген елді мекендерде орталық су құбырлары жүйесінің болмауына байланысты тұрғындар асқазан, ішек ауруларына ұшырайды. Тұрғын халықты сапалы ауыз су - қамтамасыз етуді жақсартпаған жағдайда өндіріс қалдықтарымен, әр түрлі тыңайтқыш, пестицидтермен ластанған өзен суын пайдалану қауіпті. Соның нәтижесінде әр түрлі ауру туғызатын бактериялар көбейіп, сары ауру сияқты дертке шалдықтырады.Адам денсаулығына ядролық жарылыстардың да тигізетін зиянды әсері көп. Мысалы, космодромға көршілес аудандарда, ядролық полигон төңірегінде тұратын халык қатерлі ісік, қанның азаюы (анемия), ак қан (лейкемия) ауруларымен көп ауырады. Қазіргі кезде Байқоңырдан ұшырылып, апатқа ұшыраған зымырандардың сынығы, Орталық Қазақстан жеріне құлаған «Протон»қондырғылары халық денсаулығына өте зиян келтіруде.Сонымен, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған шаралар медицинамен тығыз байланысты. Сондықтан елімізде аурулардың аумақка таралу заңдылықтарын зерттейтін медициналық география ғылымын дамытудың маңызы зор. Бұл ғылым саласы адам денсаулығына қоршаған ортанын табиғат жағдайларының әсер етуін де зерттейді. Адам - табиғат карым-қатынасы өте күрделі. Бір жағынан адам табиғат қорларын тұтынушы болса, екінші жағынан, өзі өзгерткен ортада өмір сүріп, ондағы кері өзгерістердің зардабын тартушы ретінде саналады. Бұдан адам қоғамының табиғаттан тыс өмір сүре алмайтыны белгілі болады. Адамдардың тіршілік етуіне қолайлы және қолайсыз аудандардың болуы жергілікті табиғат жағдайларымен байланысты. Жаздың жылы, қыстың қоңыржай болуы және т.б. жағдайлар қолайлы болса, құрғақ, құмды шөлдер мен биік таулар, қатал қыс, аптапты жаз қолайсыз әсер етеді. Дегенмен табиғат жағдайларынан басқа адам әрекетінен болған табиғи ортаның өзгерістері де адам тіршілігіне әсер етеді. Бұл соңғы экологиялық жағдайларға байланысты. Мысалы, өнеркәсіпті қалаларға қарағанда шеткі ауылдарда ауа аз ластанған. Ал керісінше, орталықтандырылған су құбырлар жүйесінің болуына байланысты қалаларда ауыз судың сапасы жақсы. Әлеуметтік,экономикалық факторлардың денсаулыққа әсерін түсіндіріңіз.Қазіргі кездегі қала — күрделі әлеуметтік-экономикалық ағза. Ол демографиялық, экономикалық-географиялық, инженерлік-құрылыс, сәулеттік факторлардың әсерінен, қоршаған экономикалық кеңістік пен табиғи ортаның алуан түрлі өзара әсерлері нәтижесінде қалыптасады. Қала адамның өмірінің басты сапа көрсеткіші – оның денсаулығына қолайсыз әсер етеді. Атмосфераның, судың, азық-түлік өнімдерінің, күнделікті қажетті заттардың өнеркәсіп пен транспорттың қалдықтарымен ластануы, электромагниттік өріс, вибрация, шу, ауаның дезионизациялануы, тұрмыстың химияландырылуы, шектен тыс көп ақпараттардың ағыны, уақыттың жетіспеушілігі, гиподинамия, дұрыс тамақтанбау, зиянды әрекеттердің кеңінен таралуы – осылардың барлығы қосылып адамның денсаулығын нашарлатады.Адамның денсаулығының төмендеуін, ауруға шалдығуын ағзаның ортаға толық бейімделе алмауы мен қолайсыз әсерлерге берген теріс жауабы ретінде қарастыру керек. Антропогенді факторлар бұрын болмаған, жаңа техногенді ауруларды туғызуда.Денсаулыққа сонымен қатар әлеуметтік және экономикалық жағдайлардың әсері артып отыр. Табиғи және физико-химиялық тұрғыдан алғанда таза орта болса да, қолайсыз әлеуметтік-экономикалық жағдай ауру мен өлімнің артуына әкелетінін өмір көрсетіп отыр. Әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлауы адамның психологиялық күйі мен стресстік құбылыстар арқылы әсер етеді [38].Атмосфералық ауаның және тұрғын ғимараттардағы ауаның ластануына байланысты бронх демікпесінің таралуын зерттеген кезде ауру ағымының ауырлағандығы мен аурудың балаларда жиі кездесе бастағандығын анықтаған: 7 жасқа дейінгі балаларда – 55,3%, 1 жасқа дейінгі балаларда-26,7% кездеседі. Аурудың ауыр ағымы 55,2% ауруда анықталған болса, соның негізгі бөлігін балалар құраған (36,6%) [39,40,41].Балалар аурушаңдығын зерттеген кезде тыныс алу ағзалары аурулары ластанған аумақтарда тұратын балалар арасында 2-2,5 есеге дейін жиі кездесетіндігі белгілі болған [42]. Халықтың аурушаңдығы мен қоршаған ортаның сапасы арасында корреляциялық байланыстылық анықталған [43].Қоршаған ортаның қорғасынмен ластануынан денсаулыққа төнетін қауіпті бағалаудың әдістемелік ерекшеліктерін ескере отырып, ресейлік ғалымдар қорғасынмен ластану қаупі бар деген аймақта 124 баланың қан сынамасын жасау арқылы зерттеу жүргізген. Қан құрамында қорғасынның үлес салмағы 10 мкг/дл –ден артық балалар 48%-ды құраған. Қауіп факторын бағалау нәтижесі балаларда аурулардың дамуы және олардың психикалық дамуының тежелуі мүмкін екендігін растайды.
