- •1.Биологиялық мембрананың қызметтері және негізгі қасиеттері
- •2.Биологиялық мембрана арқылы заттардың тасымалы.
- •3. Биологиялық мембрананы зерттеу әдістері: оптикалық микроскопия, электрондық микроскопия.
- •4.Биологиялық мембрананы зерттеу әдістері: рентген сәулесінің дифракциясы, люминесцентті әдіс, ямр және эпр әдістері.
- •5. Тыныштық поетнциалы
- •6. Әрекет потенциалы
- •7. Сұйықтардың қасиеттері
- •8.Беттік керілу. Тамшының үзілу әдісі.
- •9.Медика-биологиялық ақпаратты алу, тіркеу және жеткізудің құрылымдық сызбасы. Электродтар.
- •10.Датчиктер. Датчиктер түрлері.
- •11. Датчиктердің қолданылуы.
- •12. Рентген сәулесі, табиғаты, электромагниттік толқындар шкаласындағы орыны.
- •13.Рентген түтікшесінің құрылысы
- •14.Рентген сәулелерінің түрі
- •15. Рентген сәулелерінің заттармен әсерлесуі кезінде жүретін үрдістер
- •16. Рентген сәулелерінің әлсіреу заңы. Рентген сәулелерін медицинада қолданудың физикалық негіздері
- •17. Рентген сәулелерін медицинада қолдану әдістері
- •18. Aтом мен атомдық ядро құрылысы. Ядролық күштер. Атом ядросының байланыс энергиясы
- •19. Радиоактивтілік құбылысы. Радиоактивті ыдырау түрі.
- •20. Радиоактивті ыдырау заңы. Жартылай ыдырау периоды
- •21. Иондаушы радиоактивті сәулелену мен оның биологиялық әсері.
- •22. Жұту дозасы және экспозициялы доза. Доза қуаты. Өлшем бірліктері. Салыстырмалы биологиялық тиімділік.
- •23. Жүрек. Жүректің биофизикалық қасиеттері (өткізгіштік, қозғыштық және т.Б.)
- •24. Жүрек ырғағы. Жүрек қызметінің көрсеткіштері. Жүрек тондары
- •25. Миокард жасушасының электрлік белсенділігі.
- •26.Электрокардиограмма. Негізгі тармақтары
- •27. Электрокардиограмманың негізгі тісшелері
- •28. Эгк кезінде электродтарды орналастыру. Негізгі тармақтары
- •29. Электроэнцефалография.
- •30. Ээг негізгі ырғақтары
- •31.Электроэнцефалограмманы жазудың әдістемесі
- •33. Люминесценция және оның түрлері
- •34. Еріксіз (индукцияланған) сәулелену. Лазер
- •35. Лазер сәулесінің биологиялық ұлпаларға әсер ету механизмі.
- •36. Лазер сәулесінің қолданылуы (жилс, тилс)
- •37.Спектрофотометрия.
- •38.Жарықтың шашырауы
- •39. Жарықтың жұтылуы. Бугер заңы
- •40.Бугер-Ламберт- Бер заңы. Оптикалық тығыздық және заттың өткізгіштік коэффициенті.
- •41. Ерітінділердің концентрациясын анықтау әдістері. Графикті калибрлеу әдісі және салыстыру әдісі.
- •1. Графикті калибрлеу әдісі.
- •42.Жарықтың поляризациясы. Табиғи және поляризацияланған жарық.
- •43. Сәуленің қосарланып сыну құбылысы. Дихроизм
- •44.Поляризациялық жарықта микроқұрылымдарды зерттеу
- •46.Жарық микроскопиясының арнайы әдістері (жарық және қараңғы өріс әдістері)
- •48.Интерференциялық контраст әдісі. Люминесцентті жарықта зерттеу әдісі
- •49.Микроскоп құрылысы. Микроскоптың сипаттамалары
- •50.Бұлшық ет ұлпасының түрлері және қасиеттері
- •51.Бұлшық еттің жиырылғыштық аппараты
- •52.Жылжымалы жіпшелер үлгісінің негізгі қағидалары
- •54.Бұлшықеттердегі электромеханикалық түйіндесу
- •57.Сыртқы тыныс алудың биомеханикасы
- •58. Өкпелердің вентиляциясы. Дем тарту және дем шығару сәттері
- •59.Өкпелердің созылғыштық күші
- •60.Өкпе резистанты. Созылғыштық
- •61.Бернулли теңдеуі. Статикалық
- •62.Сұйықтың тұтқырлығы. Ламинарлық және турбуленттік ағыстар.
- •63.Горизонталь құбыр арқылы сұйықтың ағысы. Пуазейль заңы
- •64.Қан ағысының жылдамдығын анықтау
- •65.Реографияның физикалық негіздері
- •66.Гемодинамика. Қан ағысының көлемдік және сызықтық жылдамдықтары
- •67.Қан тамырлар жүйесінің физикалық үлгісі. Қан ағысының үзіліссіздігі
- •68.Қанның қысымын анықтаудың клиникалық әдісінің физикалық негіздері
- •69.Систолалық және диастолалық қысымдар, қанның пульсті қысымы. Пульсті толқын
- •70.Жүректің жұмысы
- •71.Қан ағысының систолалық және минуттық көлемі
- •72.Аортаның биофизикалық ерекшеліктері. Пульсті қысымның артерия қабырғасымен таралуы. Көк тамыр пульсі
- •73.Интроскопия. Оның түрлері
- •74.Компьютерлік томография
- •75. Магниттік- резонансты томография
- •76.Ультрадыбыстық диагностика
- •77.Электромагниттік өрістердің әсері
- •78.Жоғары жиілікті тербелістердің жылулық әсері. Диатермия, дарсонвализация, ужж-терапия, индуктотермия
- •79.Физиотерапия. Ултрадыбыстық терапия. Микротолқынды терапия
- •80.Амплипульс терапия. Микротокты терапия. Магнитотерапия. Лазерлі терапия.
- •81.Иондардың қозғалғыштығы. Электрофорез. Электрофорез түрлері
- •82.Дәрілік электрофорез
- •83.Гальванизация
- •84.Электрлік қауіпсіздік
- •85.Фотобиологиялық үрдістердің алғашқы кезеңдері
- •86.Фотохимиялық реакциялар
- •87.Хемилюминесценция және оның диагностикалық мәні
- •88.Ультракүлгін сәуленің адам ағзасына әсері (ақуыздар мен нуклеин қышқылдарына
- •89.Модельдеу (үлгілеу). Модельдеудің негізгі кезеңдері
- •90.Модельдеу (үлгілеу). Модель түрлері
26.Электрокардиограмма. Негізгі тармақтары
Қозудың жұмыс миокардының аса көп жасушаларын қамтуы осы жасушалардың бетінде теріс зарядтардың пайда болуын тудырады. Жүрек қуатты электр генераторына айналады. Жоғары электрлік өткізгіштігі бар дене ұлпалары жүректің электрлік потенциалын дене бетінен тіркеуге мүмкіндік береді. Жүректің электрлік белсенділігін зерттеудің В. Эйтховен, А.Ф. Самойлов, Т.Льюис, В.Ф. Зеленин және т.б. ұсынған осындай әдістемесі электрокардиография деген атқа ие болды, ал оның көмегімен тіркелетін қисық электрокардиограмма (ЭКГ) деп аталады. Электрокардиография жүректе қозудың таралу динамикасын бағалауға және ЭКГ-ң өзгеруі кезінде жүрек қызметінің бұзылуын жорамалдауға мүмкіндік беретін медицинада кең таралған диагностикалық әдіс болып табылады. Қазіргі кезде арнайы құралдар – электронды қүшейткіштері және осцилографтары бар электрокардиографтар қоланылады. Қисық сызықтар қозғалмалы қағаз жолағына жазылады. Бұлшықеттің белсенді қызметі кезіндегі және алыстағы зерттелетін объектіден ЭКГ жазатын құралдар жасалған. Бұл құралдар- телеэлектрокардиографтар деп аталады және олар радиобайланыстың көмегімен ЭКГ-ны арақашықтыққа тарату принципіне негізделген. Осындай тәсілмен жарыс кезінде спортшылардың, ғарыштағы космонавтардың және т.б ЭКГ-сы тіркеледі. Жүрек қызметі кезінде пайда болатын электрлік потенциалдардың телефон сымдары арқылы беріліп, ЭКГ-ны пациенттен үлкен қашықтағы арнайы орталықта тіркейтін құралдар жасалған.
Кеудеде жүректің белгілі бір орында орналасуы және адам денесінің өзіндік бір пішінінің болуы салдарынан жүректің қозған (-) және қозбаған бөліктері арасында пайда болатын электрлік күштік сызықтары дене бетінде бірқалыпты таралмайды. Сол себепті электродтардың орналасуы жеріне байланысты ЭКГ түрі және оның тістерінің вольтажы әртүрлі болады.
ЭКГ- ны тіркеу үшін аяқ- қол мен кеуде бетіндегі потенциалдардың тіркелімі (тармағы) жүргізіледі. Әдетте үш түрлі стандартты тіркелім әдісі қолданылады:
І-тіркелім: оң қол - сол қол;
ІІ-тіркелім: оң қол - сол аяқ;
ІІІ-тіркелім: сол қол - сол аяқ
Сонымен қатар Гольдбергер бойынша үш униполярлы күшейтілген тармақтар тіркеледі: aVR; aVL;aVF. Стандартты тіркелімдерді тіркеу үшін қолданылатын екі электродты күшейтілген тіркелімдерді тіркеу кезінде біріктіріп, осы біріккен электродтар мен белсенді электродтар арасындағы потенциалдар айырмасы тіркеледі. Мысалы, aVR кезінде оң қолға байланған электрод белсенді болып табылады, ол aVL кезінде- сол қолға, aVFкезінде- сол аяққа байланған электрод белсенді болып табылады. Вильсон кеудеде 6 тіркелімді тіркеуді ұсынды.
27. Электрокардиограмманың негізгі тісшелері
ЭКГ-ны талдау кезінде тістердің амплитудасы мВ (mV)-пен анықталады, олардың өту уақытын, сегменттердің ұзақтылын секундпен өлшейді. Сегмент дегеніміз көрші тістер мен белгілі бір тіс пен оған іргелес сегменті бар интервалдар арасындағы изопотенциалды сызықтың бөлігі.
ЭКГ- ң қалыптасуы (оның тістері мен интервалдарының) жүректе қозудың таралуын және осы үрдісті білдіреді. Қозатын жүйенің бөліктері арасында потенциалдар айырмасы болған кезде, яғни жүйенің қандай да бір бөлігі қозып, екіншісі қозбаса, тістер пайда болып, дамиды. Изопотенциалды сызық қозатын жүйеде потенциалдар айырмасы болмаса, яғни барлық жүйе қозбаса немесе керісінше қозса, пайда болады. Тіркелген ЭКГ жүрекше мен қарыншаның жиырылғыш миокардының тізбектелген қозумен қамтылуын білдіреді.
Р тісі жүрекшелердің қозуға ұшырағынын білдіреді және жүрекше тісі деген атқа ие болды. Әрі қарай қозу жүрекше-қарынша түйіншегі арқылы таралып, қарыншалардың өткізгіштік жүйесі арқылы таралады. Осы кезде электрокардиограф изопотенциалды сызықты тіркейді (екі жүрекше толығымен қозған, екі қарынша әлі қозбаған, ал қарыншалардың өткізгіштік жүйесі арқылы қозудың таралуы электрокардиографпен сезілмейді ( ол ЭКГ-ғы PQ сегменті).
Жүрекшелерде қозу көбінесе жиырылғыш миокард бойымен көшкін түрінде синусты –жүрекше бөлігінен жүрекше- қарынша бөлігіне қарай тарайды. Жүрекше ішіндегі арнайы шоғырлар арқылы қозудың таралу жылдамдығы жүрекшенің жиырылғыш миокарды арқылы қозудың таралу жылдамдығына шамамен тең болғанда қалыпты болады, сондықтан жүрекшелердің қозумен қамтылуы көпфазалы Р тісімен кесінделеді.
Қарыншалардың қозумен қамтылуы қозудың өткізгіштік жүйенің элементтерінен жиырылғыш миокардқа берілуі арқылы жүзеге асырылады, бұл қарыншалардың қозумен қамтылуын айқындайтын QRS жиынтығының сипатының күрделілігін білдіреді. Осы кезде Q тісі жүректің төбесінің қозғанын, оң емізікше бұлшықетінің, қарыншалардың ішкі бетінің қозғанын білдіреді.
R тісі– жүрек түбінің және қарыншалардың сыртқы бетінің қозғанын білдіреді. Қарыншалар миокардының қозумен толық қамтылу үрдісі S тісінің қалыптасуы аяқталғанда аяқталады. Енді екі қарынша да қозып, ST сегменті қарыншалардың өткізгіштік жүйесінде потенциалдар айырмасының жоқтығы салдарынан изопотенциалды сызықта болады.
Т тісі реполяризация үрдісін көрсетеді, яғни миокард жасушаларының қалыпты мембраналық потенциалының қайта орнауын білдіреді. Осы үрдістер әр жасушаларда қатаң синхронды пайда болмайды. Осының салдарынан миокардтың әлі де¬поляризацияланған бөліктері ( яғни теріс заряды бар) мен өзінің оң зарядын қалпына келтірген миокард бөліктері арасында потенциалдар айырмасы болады. Осы потенциалдар айырмасы Т тісі түрінде тіркеледі. Осы тіс ЭКГ-ң ең өзгермелі бөлігі. Т тісі мен келесі Р тісі арасындағы изопотенциалды сызық тіркеледі, өйткені осы кезде қарыншалар миокардында және жүрекшелер миокардында потенциалдар айырмасы болмайды. Жүрекшелер реполяризациясын білдіретін сәйкес тістің кескіні ЭКГ-да жоқ, себебі ол уақыт бойынша қуатты QRS жиынтығымен сәйкес келіп, олармен жұтылады. Әрбір Р тістің QRS жиынтығымен сүйемелденбеген кезінде, жүректің көлденең қоршауы кезінде жүрекшелердің реполяризациясын білдіретін жүрекше тісі Т (T-атриум) байқалады.
Қарыншалалардың электрлік систоласының жалпы ұзақтығы (Q—T) механикалық систоланың ұзақтығымен шамамен сәйкес келеді (механикалық систола электрлікке қарағанда біршама кеш басталады).
Электрокардиограмма жүректе қозудың таралуының бұзылу сипатын бағалауға мүмкіндік береді. Р—Q ( Р тісінің басынан Q тісінің басына дейін) интервалының шамасы бойынша жүрекшеден қарыншаға қозудың қалыпты жылдамдықпен таралуы туралы жорамалдауға болады. Қалыпты жағдайда осы уақыт 0,12—0,2 с- қа тең. QRS жиынтығының жалпы ұзақтығы қарыншалардың қозумен қамтылу жылдамдығын білдіреді және ол 0,06—0,1 с құрайды.
